Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет39/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

жүректі бауыздады дейді: Ақыл әнге апармайды, ән ақылға апарады.
Жанның дірілін, жаурағанын, тасығанын – иек артқанмен, сөзді
арқаланбай-ақ қалтықсыз жеткізетін ән. Ән кезегі сөз таусылғанда.
Ақыл дәріс ми мен санаға ұрса, ән-әуен жүректі бауыздайды. Жүрегі
бауыздалмаған мал харам (А.Сүлейменов. "Адасқақ")
Алдыңғы сөйлемдегі тұрақты тіркес соңғы сөйлемдегі еркін
тіркеспен астасып жатыр. Жүректі тілді – деп айтылатын
жалпытілдік нұсқаның "көкіректі қарс айырды" деген бейнелі
мағынасы авторлық түрлендіруде де сақталғаны контексте айқын
байқалады.
А.Сүлейменовтің "тентектеу" қаламы тұрақты тіркестердің
"мұртын басып" қоймай, "басын жарып, көзін шығарады" (бұл
63 Жүрек тілді, жүректі сара тілді деп келетін фразеологиялық тіркестің фоны (өмір шынлығымен 
нақты байланысы) жоқ тәрізді, сондықтан оның ішкі формасы метафораға құрылған сияқты көрінеді. 
Шындығында, бұл фразеологизмнің жасалуы этнографиялық салт-дәстүрмен банланысты. Қазақ 
салтында малды бауыздайды да, бауыздалған малдың жүрегін ортасынан сара (тік) тіліп, қанын ағызады 
(фразеологизмге осы көрініс негіз болған). Мұны жүрек бауыздау дейді.
64


сөздерді жағымды мағынада айтып отырмыз – Н.Уәлиұлы).
"Адасқақты" оқып отырып, оқырман контекстен фразеологизмнің
өзін "көрмейді" де, "бейнесі" бар екенін оймен сезіп отырады.
Мысалы: Сөз бен әуеннің бауырына бүккен қызыл қырғын әсерін, кекіл
жарар арын-екпінін, тегеуірін-тепкісін домбырамен жан алынып, жан
берердей болған с-о-н-о-у боп келетін бозбас іңірінен бастап індетін ұғып
жүрген Біржан, мына бәлемен – ажалмен бастас болмаған екен
(А.Сүлейменов. "Адасқақ") Жазушының ажалмен бастас деген қолтума
алогизм оқырман үшін әрі таныс, әрі бейтаныс. Бейтаныс болатыны –
тіркес мүлде тосын, ал таныс болатыны – оқырманның түйсігінде
батыр қандас, би құлақтас, бай бастас деген фразеологиялық тізбек
тұрады. Мына бір контексте де фразеологизмнің өзі "жоқ" та, образы
"бар": Езуінен күлкі қашып көрмеген сен, Жәңке, – деді Біржан – Басқаны
мақтауға бардың, өзін мақтауға жоқтың өзі екенін сенен көрдім.
Ондайлар – аз. Сарала қаздың құмайындай ілуде біреу. Сол мыңның бірдің
бірі – сен. Кезінде көрдім, бірі – Абай (А.Сүлейменов. "Адасқақ"). Теңеу
түріндегі тіркес оқырманның бәріне бірдей түсінікті болмауы
ықтимал.
"Құстың (сарала қаздың) құмайы болушы ма еді?" деген күдік
көңілде тұрады. Жалпыхалықтық тілде тегі жағынан фольклорлық
үлгіге жататын сан-алуан фразеологизмдер бар. Солардың
бірсыпырасы мифологиялық ұғыммен байланысты. Олар көбіне
түйенің жампозы, иттің сырттаны, қойдың құтпаны, тазыңың кұмайы
түрінде айтылады. Мифтік ұғымда "құмай тазының қолтығында
қанаты болады, тазы баурын жазып қатты жүгіргенде қанаты
жазылып, ұшқан құстай аяғы жерге тимейді", "құмай иттен тумайды,
сарала қаздың (итала қаздың) жұмыртқасынан жарып шығады екен"
дейді. Міне, тазының құмайы деген фразеологиялық тіркес контексте
кездеспегенімен, оның бейнелі мағынасы сарала қаздың құмайы деген
авторлық жаңғыртуда бар екендігі сезіліп тұрады. Әрине, мұндай
түрлендірулер жазушының тіл кестесін күрделендіре түседі. Жазушы
оқырманның эстетикалық тәрбиесіне, тіл түйсігіне арқа сүйейді. Ал
тәжірибесі аз оқырман тілі күрделі бұндай шығармалардан
эстетикалық әсер ала алмауы мүмкін.
Көркем тіл кестесіндегі фразеологизмдер – өзінің айшықты
мағынасымен қымбат. Суреткер қаламы дайын бейнені пайдалана
отырып реалистік сурет салады. Бірақ олардың кейбірінің мағынасы
қазіргі жас оқырманға бейтаныс та болуы ықтимал
Жерің анау – шала илеген терідей,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет