Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет45/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

мынау елді көрдің ғой... Өліспей беріспейді. Мен солай ет дедім. Тек
соқтағып көр, арындаған Ырғызбай артың ашылады. Басыңа қызыл
тақия киіп, бөксеңе шақпақ таңба соқтырып қайтасың. Осылай етуді
мен бұйырамын, мынау айыпсыз жылаулар болған жұртыма... Тек қазір
кейін қайт та, үш кісі жіберіп сөзге кел, – деді. Мұндағы қызыл тақия
кигізу, арты ашылу деген жаргон, қарапайым фразеологизмдер кейіпкер
тілінде зорлықшыл топқа қарата айтылып, оларды ажуалау үшін
қолданылған ащы мысқыл екендігін оқырман іштей сезіп, танып отырады.
Жазушы кейде мұндай сөздердің белгілі бір әлеуметтік топқа қатысы
бар жаргон екендігін кейіпкердің сөзімен де айқын аңғартып кетеді. Осы
жайтты каторгада әр түрлі әлеуметтік топтың өкілдерімен бірге болған
Базаралының мына сөзінен де аңғарамыз: Орыста "қызыл қораз" дейтін
болады. Мүжик ортасында кекті болған байдың үй-мүлкін өртегенді
айтады (М.Әуезов. "Абай жолы").
Бейәдеби фразеологизмдерді эстетикалық мақсатта жұмсаудың әр
түрлі үлгілерін өзге де жазушылардың тіл кестесінен кездестіріп
отырамыз:
– Үйіне жолаушылап барған болып, сәбізін бітіру керек, – деді Олжеке.
– Жоқ, – деп қарсыласты Жәңгір.
– Әуелі оны бір қараның қолымен құртайық та, артынан өрені өлтірген деп
ананың өзін де ... (Қ. Исабаев. "Серт").
Бұл контексте сәбізін бітіру деген жаргон фразеологизмнің
кейіпкердің әлеуметтік болмысына жанасымды алынғаны байқалып
тұрады. Былайғы жұрт түсіне бермейтін, өздеріне түсінікті тілде
"шүйіркелесуі" кейіпкердің әлеуметтік сипатын ашуға жәрдемдесіп тұр.
Бұл айтылғандар сөйлеу тіліне тән фразеологиялық оралымдардың
(олардың әдеби және бейәдеби түрлерінің) кейіпкер тілінде жұмсалу
ерекшеліктеріне қатысты. Бұдан сөйлеу тілі фразеологизмдері тек кейіпкер
тілінде ғана қолданылады, ал олардың автор сөзінде жұмсалуы
эстетикалық нормаға қайшы келеді деген ұғым тумауы керек. Сөйлеу тілі
фразеологизмдерін әр сөзінде қолданудың өзіне тән көркемдік кызметі бар.
Мұнына мәтіндегі фразеологизмнің қолданылу ерекшелігінен байқауға
болады. Мысы құрыған Жиренше де жақындап кетті. Ит сен текедей
боп, иегі мен сақалын омырауына тыға түседі. Екіін ежірейте қарап
тыңдап қапты (М. Әуезов. "Абай жолы").
Жазушы қаламының дәл осы контексте ит көрген текедей деген
фразеологизмге жіп тағуының екі түрлі себебі болуы ықтимал. Біріншісі,
контекске лайық "дайын" образ рстінде таңдауы. Өйткені бұл
75


фразеологизм "оқыстан елере үріккен" жанның бейнесін дәл береді (Абай
мен ел жуандарының арасындағы дау күтпеген жерден Абайдың
пайдасына шешіледі).
Екіншіден, әдетте сөйлеу тіліне тән фразеологизмдердің
бағалауыштық сипаты күшті болып, олардың хоштау, ұнату, кекету,
ұнатпау тәрізді мәні айқын сезіліп тұрады. Сөйлеу тілі
фразеологизмдерінің мұндай коннатативтік реңкін жазушы авторлық
позицияны білдіру үшін кәдеге жаратады. Жазушы белгілі бір оқиғаны
суреттеп қана қоймайды, ол жайында авторлық позициясын да сездіріп
отырады. Мұндайда сөйлеу тіліне тән ұнамды немесе ұнамсыз реңктегі
фразеологизмдерді (мысалы, ит көрген текедей
65
) автор тілінде қолдана
отырып жазушы оқырманды бейтарап қалдырмай, авторлық позицияны
жақтаушы етіп, "өз" жағына шығарып алады. Сөйлеу тіліне тән
фразеологизмдер осылайша автор сөзінде көркемдік кызметте жұмсалады.
Сондай-ақ бәйәдеби қарапайым фразеологизмдердің сөзге сатиралық
реңк үстемелеу мақсатында көркем фельетон жанрында жұмсалуы
ықтимал. Мысалы елемеді деген бейтарап сөздің жалпыхалықтық тілде
көзіне ілмеді (сөйлеу тілі), бит шаққандай көрмеді (әдеби қарапайым тіл),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет