жасалмайды. Тілдегі дайын күйінде сөз (речь) материалына
айналады.
Фразеологиялық бірліктің құрамына енген сөздер метафоралық
қолданысқа түсетіндіктен де актуализацияланады да, бір тұтас
мағынаға ие болады. Мысалы,
қол ұшын берді
деген
фразеологизмдердің сыңарлары да актуализацияланып, біртұтас
мағынаны білдіріп тұр, яғни «
көмектесті» деген фразеологиялық
мағына
қол,
ұшы, бер деген жеке сөздердің лексикалық мағыналарынан
туындап тұрған жоқ. Бұл жағынан да фразеологизмдер жеке
сөздердің қасиетіне ұқсас. Сөйлеуші не тыңдаушы
егіншілік, өнеркәсіп
деген сөздерді түрлі морфемалардың мағынасына мүшелеп
жатпайды, мағыналық бір бүтін ретінде ұғынады. Алайда
фразеологизмдердің семантикалық тұтастыққа ие болуы, яғни
идиомалану дәрежесі олардың барлығында бірдей болмайды. Кейбір
фразеологизмдердің семантикалық тұтастығы өте жоғары болса, енді
бірінің
идиомалануы бәсең, тіпті нөлдік деңгейде болуы ықтимал.
Мұның өзі фразеологизмдерді семантикалық тұтастығына қарай
бірнеше топқа бөліп қарастыруды қажет етеді.
Қазақ тілінде бір алуан фразеологизмдердің идиомалану
дәрежесі өте жоғары. Мысалы:
кағанағы қарқ, сағанағы сарқ; жауырды
Достарыңызбен бөлісу: