өмірдегідей қабылдайды. Жазушы оқырманның сезім түйсігіне (бес сезім
мүшесі: көру, есту, иіс, дәм сезу және тері сезім мүшесі) арқа сүйейді.
Ал ғылыми тексте кездесетін
қайыңда мұндай деректі сипат жоқ. Ол
"терезенің алдындағы", "өзеннің бойындағы"қайың емес, ой-сана
(рассудок) арқылы түйсінілетін қайың. Ғалым сипаттап отырған
қайыңдағы қасиет тек терезе алдындағы қайыңға емес, күллі қайың
атаулыға тән.
Суреткер қаламы бейнелі сөзге иек артады.
Ауыл жым-жырт,
ауыл тыныштықта дегеннен гөрі
ауыл мызғып, қалғып тұр деу көркем
тіл кестесі үшін әлдеқайда дәл, әлдеқайда деректірек. Өйткені
"мызғып", "қалғып" тұрған нәрсені, тыныштықта деген сөзбен
салыстырғанда, айқынырақ елестетуге болады:
"Көгал сайда отырған
бес-алты үйлі аз ауылдың түңлігі тегіс жабық. Ай астында ақ үйлер де
мызғып, қалғып тұр" (М.Әуезов. "Абай жолы"). Ассоциация арқылы
оқырман санасында "мызғып, қалғып тұрған" жанды нәрсенің елесі
пайда болады да, түнгі ауылдың бейнесін шындықтағыдай көз
алдыңа келтіреді. Енді бір суреткердің талантты қаламы тіпті
оқырман ойламаған тұстан қысқы ауылдың түнгі бейнесін тың әрекет
аркылы береді де экспрессиялық әсерді арттыра түседі:
Аязды түнде ақпанда,
Ит үрмей, тауық шақырмай.
Арқасын сүйеп ақ тауға,
Қымтанып ауыл жатты жай.
Бұл – суреткер қаламының адам сезіміне (сезімдік
қабылдауына) тұтқиылдан әсер етуі.
Ауыл тыныштық құшағында,
ауыл ұйқыда дегендерге оқырман сезімінің "еті үйренген" болса,
арқасын сүйеп, қымтанып жатқан адам әрекетіндегі қысқы ауылдың
түнгі бейнесін М.Мақатаев қаламы салған соны сурет, жанды бейне
арқылы елестетеміз. Міне, осылайша көркем тіл кестесіндегі сөз
деректі сезімдік қабылдау түрінде болады.
Сөз – күрделі категория. Тілдегі сөздердің бір алуаны деректі
ұғымды
(қайың, қарға, қоян) білдірсе, енді бір алуаны дерексіз ұғымда
жұмсалатындығы белгілі
(аң, құс, өсімдік). Бұлардың көркем тіл
кестесіндегі орны бірдей емес. Сондықтан
дәннен гөрі сұлы, құстан
Достарыңызбен бөлісу: