Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет63/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

сапырды, белдесулерін техникалық тұрғыдан тамаша өткізе білді, ал
Ж.Үшкемпіров, Г.Райков, С.Миглакс, Ф.Кочиш, Г.Корбан және
А.Колчинскийлер тамаша техникалық әдіс пен тактикалық жоспарларын
ғаламат дене күштерімен ұштастырғандар ("Лениншіл жас", 1981, 18
тамыз); Ал, кәсіпқойлар кірісіп те кетті, ... білектерін түрініп. "Аннан
қашқан, мыннан кашқандардың басын кұрап әкеліп отырған Америка
Құрама Штаттарының командасы бұл турнирге әлемнің бар бұрышына
"ақша табуға кеткен" бұратана ұлдарын түгел жиып келген шведтерді
3;1 есебімен шемішкеше шағып тастады ("Лениншіл жас", 1981, 4
қыркүйек).
104


Газет жанрлары, әсіресе хроника, көркем очерк, репортаж тілі
бағалауыш қасиеті жоғары сөздерге, оның соны түрлеріне үнемі
"зәру" күйде болады. Соның өтеуі ретінде кейбір авторлар газет
бағаналарына түбін түсіру, судай сапыру, шемішкеше шағу дегендерді
тартынбай қолданады. Шындығында, бұл типтес қарапайым
фразеологизмдердің экспрессиялық-эмоциялық реңкі, бағалауыштық
қасиеті жоғары болғанмен, мазмұны бәсеңдеу көрініп тұрады. Бұлар
тұрмыстық аядағы сөз болғандықтан, кітаби тіл реңкіндегі
контекспен (дала кемелері жұмыстың түбін түсіреді дегенді
салыстырыңыз) реңк жағынан үйлеспей тұрады. Міне, мұндай
функңионалдық-экспрессиялық
ерекшелікті
ескермеу
фразеологизмдерге тән нормадан жөнсіз ауытқуға жол береді.
Бұл айтылғандар сөйлеу тілі реңкіне ие экспрессиялық-эмоциялық
құралдардың көркем тіл кестесіне лайық жұмсалмай, "шикізат" күйінде
қолданылғандығын көрсетеді.
Сондай-ақ, осы жайтқа керісінше, кітаби тіл реңкіндегі тілдік
құралдарды сөйлеу тілі контексінде (диалог, монолог) лайықсыз жұмсау
тәрізді нормадан жөнсіз ауытқудың түрлері кейбір авторлардың прозалық
шығармаларында жиі кездесіп отырады. Ондайда кітаби тіл
фразеологизмдеріне тән көтеріңкілік интеллектуалдылық мазмұн
қарапайым тұрмыстық аядағы сөйлеу тілі элементтерімен үйлесім таппай,
селкеуленіп тұрады. Өйткені кейбір сөздердің, грамматикалық тұлғалар
мен синтаксистік құрылымдардың қалыптасқан стиль аясы бар. Ал оны
сезінбей, я болмаса ескермей, екінші бір стильде, мысалы көркем проза
тілінде жұмсай беру, түптеп келгенде шығарманың тіл өрнегіне нұқсан
келтіреді. Мысалы: Сақабай төрені мал сойып, конақасы беріп
аттандыру қамында екен. Ысқақ "мені үйлендіру мәселесі не болды?" деп
ешкімнен сұраған жоқ (Қ. Исабаев. Серт); Былтыр ол үйші Қырықбайдың
үйінде жатты да, құба төбел ауылдың бір шылдаханасында
жиналғандарға ұсыныс жасады (Сонда); Бөкейге Жәңгір ұсынысы
ұнамады (Соңда); ...Онда арифметика, алгебра, геометрия және
артиллерия мен әскери жер жұмыстары жөнінде сабақ жүреді;
...Үшіншісі төмендегі дәрежеде санау әріп тану және намаз сабақтары
жүретін болады (Сонда). Әдетте мәселе сөзімен тіркесіп келетіндер
(мысалы, шешімін таппаған мәселе, күн тәртібіндегі мәселе, негізгі
мәселелердің бірі т.б.) іс қағаздарына тән сипат үстейді, сөзге ресми реңк
береді.
Ал сабақ жүреді деген қолданыс газет, радио тілінде жиі айтылатын
хабар жүргізді, әңгіме, сұхбат жүргізді дегендерді еске түсіреді. Кітаби
тіл реңкіндегі тіркестер, бәлкім, өз "аулында", орынды да шығар. Ал
ондайлардың Шоң би туралы тарихи романда кездесуі үйлесімсіздеу
көрінеді. Әңгіме жиналыс өткізіп, қаулы қабылдап жатқандар жайында
болса, бәлкім, жиналғандарға ұсыныс жасады, Жәңгір ұсынысы
105


дегендерді арашалап алуға да болар еді. Бірақ бұл жерде де сөз орынды
болмаған соң, қонымды да емес. Бөгде стильдік элементтерді жазушы
белгілі бір мақсатқа орай әдейі жұмсап, стильдік бояуларды "дәл" бере
білсе, көркем шығарма тілінің жарасымы арта түседі. Сонда ғана бұл тәсіл
көркем сипатқа ие болып, шығарма тілінде тартылған жаңа желідей
көрінеді.
Ал әр түрлі стильдердің парқын ажыратпай, әйтеуір осылай екен
деген желеумен көркем әдебиет тілінде колдана беру автордың тіл
түйсігінің төмендігін көрсетеді. Әдеби тілдің жүйеге түскен стильдік
нормасымен санаспай, әр басқа стильдік элементтерді көркем шығарма
тілінде мақсатсыз араластырып жіберу – эклектизм. Тіл бояуы бұзылған
ондай шығарма өмірдің, шындықтың көркем суретін дұрыс бере алмайды.
Әдетте сөз мағынасына жете мән бермей қолдану, тігісі теріс тіркес
құру немесе жалған метафора, жасанды теңеуге бой ұру тәрізділердің
көркем тіл өрнегіне мүлдем жат екендігі белгілі. Сондықтан да кейбір
жазушылардың тілінде ұшырайтын мұндай олқылықтар ара-тұра орынды
сыналып, кемшіліктер дәл көрсетіліп те жүр. Ал әр түрлі стильдік
элементті көркемдік мақсатқа сай жұмсамай, араластырып жіберу де
сөздің стильдік өрісін білмей жұмсау да, сайып келгенде, тіл көркемдігін
мүлдем төмендететін дерттер. Бірақ мұндай кемшіліктер шығарма тілін
талдаған сын, мақала, рецензияларда көбіне сын қаламына ілінбей,
жабулы күйде қалып жүр. Ал баспа беттерінде жарық көріп жатқан
әңгіме, повесть, романдардың қайсы бірін оқып отырсақ, кейбір
авторлардың сөздің стильдік бояуына мән бермей жұмсайтындығы
байқалады. Әр түрлі стильдік элементтер жөнсіз араласқан ондай
шығарманың тілі ала-құла көрінеді.
– Естідің бе, естімедің бе, өзің көрген Шырын жеңгең мен жалғыз ұлым он


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет