1980, № 3) деп қолдану сөздің контекстегі мағына үйлесімін бұзады
(
бір топ атты-жаяудың қара құрымдай болмайтыны белгілі).
Әрине, осылайша бірер қате қолдану шығарманың көркемдік
сапасын ойсыратып кетеді деуден аулақпыз.
Бірақ ғимарат келісті
болса, бір кірпіштің қисық түскенінде тұрған не бар деп, сөз
селкеулігін елемей кету мәдениетті сөзге лайық емес. Мүсіншінің
негізгі құралы – мәрмәр, ал суретшінікі – бояу. Алайда мәрмәрді
мүсінші, бояуды суретші ғана қолданса, тілді бүкіл халық болып
колданады. Оның үстіне
соңғы жылдарда құрыққа сырық жалғап
дегенді
сырыққа құрық жалғап деп инверсия жасау немесе
барар жер,
басар тауым жоқ деп аталатын тұрақты тіркесті логикаға салып,
басар жерім, барар тауым жоқ деп өзгерту,
айрандай аптап тәрізді
тұрақты тіркестердің грамматикалық тұлғасын
айранын аптап деп
орынсыз түрлендіру,
қапталдан салса, төске озған деп жаңсақ қолдану
жиілей түсті.
Фразеологиялық сөз орамдарының
лексикалық құрамын
өзгертудің контаминацияға жататын тағы бір типі бар. Екі түрлі
фразеологизмдердің кейбір сыңарларын эллипсиске ұшырату арқылы
бір бүтін жасап, тұрақты тіркестің мазмұнын кеңейте жұмсаудың
көркем шығарма тілінде небір сәтті үлгілері бар екені жоғарыдағы
тарауда айтылды. Контаминацияланған фразеологизмдердің
мағынасы бір-бірімен тоғысып, лексикалық
құрамдары жымдасып
жатуы керек. Ондай болмаған жағдайда контаминация теріс
қолданысқа айналады да, нормадан жөнсіз ауытқуға жатады.
Мысалы:
Автобус келгенде, олар алдыңғы, Еркебұлан артқы есіктен
кіріп, орта тұстағы бос орындыққа қарай қарсы жүргенде, қыз кілт
Достарыңызбен бөлісу: