Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет58/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

алдына түсіп, Гүлдария соңында, екеуі кұйғытып кетті. Әудем уақыт
өткенде Еркебұлан оларды қарсы алдындағы биік төбе басынан, кұлама
ылдиға кұйылған құс секілді қатар құлдырап түсіп келе жатқанда көзі
шалды (М.Қуанышбаев. «Табысу»). Әудем уақыт дегеннің мағынасыз
96


тіркес екендігі оқырманға бірден байқалады. Жалпыхалықтық тілде
кеңістік мәнде қолданылатын әудем жер деген фразеологиялық тіркес
бар. Мағынасы – «дауыс жетер жер». Мұндағы жер өзге сөзбен еркін
байланысқа түсіп, жай тіркес құрай беретін болса, әудем сыңарында
мұндай қабілет жоқ, тек жер–мен мағыналық байланысқа түсіп,
жұбын жазбай тұрады. Тап осы тәрізді фразеологиялық тіркестегі
бесінауды деген өзге сөздермен еркін байланысқа түсе бермейді.
Сондықтан фразеологизмнің тұрақты құрамын өзгертіп, бесінді бөтен
сөзге телу лайықсыз көрініп тұрады: Бесін төмен түскенмен
ыстықтың беті қайтпаған. Сағым көтеріп бұлаңытқан дала ереуілдеп,
алдамшы көрініспен көзді арбайды (Ө.Кәріпов. Жаза. «Соцалистік
Қазақстан», 1985). Фразеологизм сыңарларының жұбын жазбайтын
қасиеті мына тәрізді контексте де жөнсіз бұзылған: Әлгілер тайлы-
тұяғы қалмай түгелімен маған қарай жүгірді (Э.Распе. Мюнхаузеннің
хикаялары. Аударған О.Әубакіров); Өткен 1981 жылдың желтоқсан
айының басы болатын. «Червонный» совхозы орталығының тайлы–
тұяғына дейін бөлімше бухгалтері Ғарифолланың үйіне тойға жиылды
(«Лениншіл жас», 1982, І5 қыркүйек).Фразеологизмнің тілдегі дұрыс
нұсқасы – тайлы-таяғына дейін, тайлы-таяғы қалмастан. Әуелде тай
мінген бала, таяқ ұстаған кемпір-шалына дейін деген фразеологиялық
тіркес ықшамдала келіп, тайлы-таяғына дейін деген фразеологиялық
түйдекке айналған.
Фразеологизмдердің лексемалық құрамын жөнсіз жаңғыртудың
сөз колданыстағы тағы бір жиірек кездесетін типі – «түр» атауын
білдіретін сөздерді «тек» атауын білдіретін сөздермен алмастыру.
Мысалы: Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда дейді халық
мәтелінде («Лениншіл жас», 1983, 2 ақпан). Өз етігің тар болса, дүниенің
кеңдігінен не найда дейтін байырғы мәтелді бұлайша бұрмалау мақал-
мәтелге тән дәлдік пен нақтылыққа нұқсанын тигізген. Аяқкиім –
дерексіз ұғымдағы сөз, етікті, мәсіні киюге болар, ал «ақкиімді»
киюге болмайды. Сондай-ақ халық аузында күн бір жауса, терек екі
жауады дейтін мәтел де бар, күн бір жауса, ағаш екі жауады демейді.
Өйткені ағаш дерексіз ұғымдағы сөз, тектік мағынаны білдіреді.
Мақал-мәтелдердің мазмұны деректі ұғымдарды білдіретін сөз ер
арқылы нақты сипатқа ие болады. Фразеологизмдерде (мақал-
мәтелдерде) нақтылық, дәлдік тәрізді сапа басым болады да, нұсқалы
ойды білдіреді.
Фразеологизмдердің лексикалық құрамын абстракті ұғымдағы
сөздермен мақсатсыз алмастыру, көркем проза, газет жанрлары т.б.
айтпағанның өзінде, тіпті тіл ұстартатын оқулықтардың өзінде де
кездесіп калады. Мысалы, олақтан салақ жаман деген мақал «Ана
тілі» (I кл., 1987). оқулығында олақтықтан салақтық жаман түрінде
берілген. Шындығында, әңгіме олақтық пен салақтық ұғымы туралы
97


емес. Мақалдың халықтық нұсқасы «қолынан іс келмейтін жанға
(олаққа) дауа жоқ, ал қолынан іс келе тура, салақ болу кешірімсіз»
деген нұсқалы ойды аңғартады.
Фразеологизмге тән тағы бір қасиет – ойдың нұсқалығына қоса
сөздің қысқалығы. Олай болса фразеологизмдердің лексикалық
құрамын мақсатсыз жаймалап қолдану да олардың ықшам,
жинақылығына кері әсерін тигізеді.
Фразеологизмдердің қалыптасқан құрылымын мақсатсыз
бұзудың жиі кездесетін тағы бір типі – олардың лексикалық
құрамындағы сөздерді дыбысталуы жағынан ұқсас келетін сөздермен
жаңғырту. Нормадан жөнсіз ауытқудың бұл түрі дыбысталуы
тұрғысынан ұқсас, бірақ мағынасы әр басқа сөздерге жете мән
бермеуден болады. Мысалы: Одан бері де жылжып жылдар өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет