Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


КІТАБИ ТІЛ РЕҢКІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата29.12.2016
өлшемі0,6 Mb.
#710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

КІТАБИ ТІЛ РЕҢКІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Кітаби реңктегі фразеологизмдерге паш етті, шалқар шабыт, тарих
сахнасына шықты, баянды бейбітшілік, алғы шепте, тартылыс заңы,
ақ халатты абзал жан, өмір майталмандары, болат жол, т.б. жатады.
Кітаби   тіл   реңкіндегі   фразеологизмдер   тек   жазба   тілде   ғана
қолданылмайды, сонымен қатар ауызекі тілде де (шаршы топтағы сөз,
радио   телевизия   хабарлары   тілінде,   т.б.)   жұмсалып,   сөзге   көтеріңкі,
салтанатты   немесе   интеллектуалды   сипат   береді.   Фразеологизмдердің
мұндай   экспрессиялық-стильдік   топтарына   қатысты   сөздерді   тұрмыс
жағдайындағы сөйлеу тіліне араластыру сөздің шырқын бұзады. Сөйлеу
тілін табиғи реңкінен айырып, жасанды көрсетеді. Көркем проза тілінде,
әсіресе диалогте, мөлшерден тыс көп қолданылса, кейіпкер сөзі құлаққа
нанымсыз   естіледі,   жазушы   ділмарсып   кеткендей   көрінеді.   Әр
кейіпкердің   іс   әрекетіне   орай   сөйлеген   сөзі   де   оларды   бір-бірінен
өзгешелеп   тұрады.   Ұлы   суреткер   М.Әуезовтың   «Дос-бедел   досында»
(М.Әуезов.   Шығармалар.   10   т.   1969,   429-484   б.)   кейіпкердің   тілдік
мінездемесі   әртүрлі.   Жазушы   әр   кейіпкерді   өз   мінезіне,   өз   әрекетіне
лайық нанымды сөйлетеді. Бедел терең пайыммен, толғамды оймен сөз
айтса, Жаппас байбаламшыл, жала жауып, күйе жағып сөйлейтін, дөрекі
тілді, домбытпа  сөзді.  Жазушы  кейіпкерлер  тілін бұлайша даралаумен
шектелмей,   шығарманың   композициялық   иініне   орай,   өзге   стильдік
арналардан да бояу тартып, шындықты өз өңімен, шын сырымен шебер
өрнектейді. 
Кеңес  дәуірі кезіндегі  социалистік мәдениет,  тарихи диалектизм,
тарихтық документ, коммунистік тәрбие, маркстік-лениндік ілім,  т.б.
кейіпкер   тілінің   интеллектуалдық   сипатына   тән   бояуды   аша   түссе,
революцияның   нұр   күні   тоңдарды   жібітіп,   мұздарды   ерітіп   отыр,
78

адамзат   көктемін   әкелгені   кәне...  тәрізді   афоризм   публицистикалық
қолданысқа   тән   реңк   үстейді.   Ал  құттықтау   телеграмдар,   жолдас
ғылыми кеңестің бастығы, күн тәртібіндегі мәселе, т.б. ресми сипатты
танытатын функционалдық-стильдік бояулар. 
Дүнияуи, жаһил, мағлум, мәтбуғат, мәсжид, мужтаһид, тауарих,
уәзифа,   шәһәр,   һәмәндә,  т.б.   сөздерді   жазушы   кейіпкерлер   аузына
кездейсоқ   салып   отырған   жоқ,   мұндайлар   кейіпкер   сөзіне   ескіше   өң
беретін   тілдік   маскалар.   Орфографиялық   қағидадан   әдейі   ауытқи
отырып, жазушы көнелік реңкті графикалық тәсілмен де беріп отырады:
ғауым-қауым,   хазір-қазір,   хиянат-қиянат,   фиғыл-пиғыл,   шарафат-
шарапат, әлбеттә-әлбетте т.б.
Саналы   түрде,   көркемдік   мақсатқа   орай   алынған   мұндай   бөгде
стильдік элементтер оқиғаның қай дәуір, қандай әлеуметтік ортада өтіп
жатқанын, соған тән бояуларды көрсетеді. Кейіпкер  тіліне әлеуметтік-
типологиялық мінездеме береді. Суреткер бөгде стильдік элементтерді
таза   коммуникациялық   мақсатта   жұмсамай,   эстетикалық   қызметке
жеккен.   Жазушының   стиль   тезіне   түскен   (стилизацияланған)   мұндай
қолданыстар   өзге   сөздермен   «тіл   табысып»   барып,   шығарма   тілінің
көркемдік кестесін құрайды.
Қазіргі  тілімізде толып жатқан жарыспалы сөздер бар:  байымда –
пайымда, нысан – нышан, қария – кәрия, т.б. Бұл – кемшілік емес, тілдің
жаңғырып,   қайта   түлеп   отыруының   бір   белгісі.   Өлі   тілде   ғана   ондай
тіршілік   нысаны   болмайды.  Халал   –   адал,   харам   –   арам,   дұспан   –
дұшпан,   мақсұт   –   мақсат  тәрізді   варианттар   бір   кезде   жарыса
қолданылған. Бұл сыңарлардың ескі кітаби тіл реңіндегі алдыңғылары
тіл   майданынан   ығысып,   соңғылары   әдеби   тіл   нормасы   ретінде
қалыптасқандығы ешбір дау туғызбайды. Әдеби тіл межесінен тысқары
қалған мұндай көне кітаби элементтерді кейде қаламгерлеріміз көркем
тіл кәдесіне жаратып отырады.
– Жол ұзақ, ұйқы ашар болсын деп ойлап ем, ғайыпқа бұйырмаңыз,
Жұмеке (М.Әуезов. Абай жолы).
Тек дұрыстықты көздесе, бәлкім, жазушы  айыпқа бұйырмаңыз  деп
қолданған болар еді. Бірақ жазушы қаламы тек дұрыстықты қаламаған.
Бұл – қаладан ауылға алып ұшып келе жатқан бала Абайдың ғана емес,
медреседен дәріс алып қайтқан шәкірт Абайдың сөзі екенін еске алсақ,
жазушының   ескі   реңдегі   кітаби   сөзге  (ғайып)  тегін   жіп   тақпағанын
79

байқаймыз.   Әдеби   тіл   межесінен   тысқары   жатқан   мұндай   варианттар
мысалы,  мақсұт,   дүния,   дұспан  т.б.   қосымша   жүк   арқалап   тұрмаса
(мұны   лингвистикада   сөздің   эстетикалық   қызметте   жұмсалуы   дейді),
ғайыпқа бұйырмаңыз деу орынды көрінбес те еді.
Тағы   бір   мысал,  бейбіт   қатар   өмір   сүру  –  таптық   күрестің   бір
формасы. Бұл терминнің 80-жылдардағы қоғамдық саяси әдебиетте жиі
жұмсалатындығы мәлім. Ал жазушы қаламы сөзді үйреншікті ортасынан
тыс контексте (ғылыми-публицистикалық жанрда) жұмсай отырып, сөзге
айрықша   әсер   дарытады:  Көреген   де   батыл   сынның   көмегіне   ділгер
шығарма  бізде әлі де көп. Олай болса,  көркемдік  құны  төмен,  барып
тұрған   идеясыз   шығармамен   бейбіт   қатар   өмір   сүру   тәсіліне   енді
мүлде   көнуге   болмас   еді  (Ғ.Мүсірепов).  Жазушының   бөгде   стильдік
элементті   бұлайша   қалам   ырқына   бағындыра   қолдануы   –   тіл
шеберлігінің бір қыры.
Әдеби тiлдiң стиль жігі қатаң сақталып, нормасы айқындала түскен
сайын   мұндай   көркемдiк   тәсілдің   оқырманға   тигізер   әсері   ерекше
болмақ.
Ғабит Мүcipепoвтiң қалам өрнегіне тән көріктеуіш тәсілдердің небір
құнарлы   түрлері   бар.   Суреткердің   әдеби   тілдің   әр   стильдерінен   бояу
алып, өрнек салуы да, бiздің байқауымызша, шебер жасалған сан тарау
көркем үлгілердің бipi. Осындай үлгі жазушының «Болашаққа аманат»
деп   аталатын   тарихи   драмасынан   да   (Жұлдыз,   №   1,   1981)   айқын
байқалады.   Драмадағы   негiзгi   тұлға   –   Сырым.   Оқиғаның   өрістері
шеніндегі Сырымның ханмен сөз қақтығысы халық ұғымындағы тарихи
Сырымның шешендігін еске түсіреді:
Хан  –  Те
г
і,   бала   жасынан   би   атан
ғ
ан   Сырым   қырыққа
жете   бере   қартаяйын   деген-ау,   сірә!   Ханмен   жауласпаймын
хандығымен   жауласамын   деген   сөз   бола   ма   екен?   Ханы   бар,  
хандығы жоқ ел болғанын қайдан естіп жүрсің?
Сырым  –  Тегінде,   екінің   бiрi   дұрыс   болар:   не   мен   қырыққа
жете   қартайған   болармын,   не   кейбіреулер   қырыққа   жеткенше
қырқынан шыға алмай қойған болар...

Сырым   бейнесі   бұдан   әpi   қарай   да   осылайша   шешендік  
тілмен   даралана   түсуге   тиiс   тәрізді   көрінеді.   Бірақ,   оқушы  
күтпеген   жерден   тiл   контрасына   тап   болады.   Жаңағыдай   ұтқыр
80

уәжбен   ұтымды   сөйлейтін   шешен   Сырымның   сөз   желісі   өзге  
мәнерге ауысып отырады: 
Жер-су   мәселесі   әділетпен   шешілмеген   болса,   халық   кеңесі  
өз   міндетін   атқара   алмаған   болар   еді...   Халық   кеңесінің   кезекті  
жиналысын   ашық   деп   жариялаймын...   Мал   шаруашылығының
ыңғайымен т.б
Сөз   желісінің   бұлайша   өзгеріп   отыруының   өзіндік   көркем  
шешімі   бар.   Бұдан   түйсiнерiмiз   –   жазушы   Сырымды   бастан   аяқ
ескі   бидiң   мақамымен   сөйлете   бермейді.   Сырым-батыр,   шешен  
ғана   емес,   ел   билеудің   ескі   тәсілі   –   хандыққа   қарсы   шыққан  
күрескер.   Ол   халық   кеңесінің   төрағасы.   Әсіресе   ресми   сипаттағы  
бөгде   стильдік   қолданыстар   кейіпкер   тіліне   ел   басқарудың  
демократиялық түріне лайық мазмұн үстеп тұр. Жазушының тiл акварелі
осындай идеяға бағынған.
Сөйлеу   тілі
66
  фонында   шешендік   тілге   тән   сөз   орамдары:
  қар
а
қанж
а
р қайраулы, ер жүрекmiң шайы
л
ған
ы, е
р 
Сы
р
ы
мның тайынғаны,
еркелеттің   уандым,   жан   серігім   дедің,   бұрын   естімей   жүргендей
қуандым  т.б.;   дипломатиялық   мәнердегі   сөз   өрнектері:  Губернатор
–   . . . Е ң  алдымен халық кеңесі деген ел басқарудың жаңа түрін тапқан,
Сырым   би,   сізді..,   ...сіздің   осындай   пікірді   аянбай   жақтаған   сіздің
халқыңызды   құттықтаймын...   Бұдан   былай   Россия   халықтарының
арасында достық күшейте беруіне халық өкіметі тізе қосар деп үміт
етеміз.   Сырым   –   Рахмет,   барон,   мырза,   мен   барлық   халқымыздың
атынан рахмет айтып, Сізді құттықтағым келеді... Сізге деген біздің
алғысымызды да ауызбен айтып жеткізу маған да оңай болып тұрған
жоқ;  кейіпкер   тіліне   ескілік   сипат  үстейтін   гримдер:  улуғ   мәртебелі;
мархаматыңызға мауафих; Кіші жүз халықтарының бахытына хурмет
уағиззатын   бағышланмыш  т.б.   әр   түрлі   стильдік   бояулар   контраст
тудырып, шығарма тілінің көркемдік сипатын аша түсуге септігін тигізіп
тұр.   Жазушы   тілінің   бір   сарынды   болмай,   сөз   бояуының   бір   өңкей
көрінбейтіні   де   сондықтан.   Бояуы   бөтен   бөгде   стильдік   элементті
жазушының   сезімтал   қаламы   сөйлеу   тіліне   жанастырып   "тірілтіп»
66
Көркем   әдебиеттегі   сөйлеу  тіл   мен   өмірде   қолданылатын   сөйлеу  тілі   дәлме-дәл   болмайды.
Персонаж тілі өмірдегі сөйлеу тілінің таза көшірмесі емес. Әр автордың алдына қойған мақсатына
орай, сөйлеу тілі табиғатын сезінуіне қарай, жазушы сөйлеу тілін шығармада әр қилы беруі ықтимал.
Көркем   әдебиеттегі   сөйлеу   тілі   қаламгердің   шығармашылық   әрекетінің   жемісі  (О.Б.Сиротнина.
Современная разговорная речь и ее особенности. М., 1974, 39-6.).
81

отырады (шала піскен мәселе, күйіп тұрған мәселе т.б.).
Жазушы өзге стильдік элементтерді дайын күйде «көшіре» салмай,
қауызынан   айырып   қолданады.   Сондықтан   бөгде   стильдік   элементтер
негізгі   қызметінде   (коммуникациялық   функцияда)   жұмсалмай,
эстетикалық мәнге ие болғанда, көркем тіл кестесіне лайық түрге енеді.
Көркем   әдебиет   стилінің   ерекшелігіне   бағынып,   жазушы   идеясына
тәуелді болады.  Ал оларды  «шикізат» күйінде жұмсау шығарма тілінің
көркемдік өрімін бұзады.
Сөзді   бірыңғай,   бір   сарынмен,   бір   өңмен   құра   бермей,   әр   түрлі
стильдерден бояу ала біліп, өмір шындығын дәл бейнелеу – реалистік
шығармаға тән тәсілдердің бірі.
Стильдік   контраст   –   кейіпкер   тілін   даралаудың   бір   тәсілі.   Оның
айқын көрінетін жері – көркем диалог. Көркем диалог – драманың негізгі
компоненті болса, ал прозалық шығарманың құрамдас бөлігі. Сондықтан
стильдік контраст тек драмалық туындыларда ғана емес, көркем проза
жанрларында кездесуі заңды.
Көркем   әңгімеде   стильдік   контраст   жасай   білудің   әсері   айрықша.
Енді   жазушының   «Атақты   әнші   Майра»  (Қазақ   әдебиеті,   27.2.1981)
әңгімесіндегі мынадай диалогті еске түсіріп көрейік:
– Шешей! – деп бастады Ержан... 
–  Шешей,   біз   арнаулы   мемлекеттік   жұмыстармен   Орынбордан
Керекуге келе жатқан суденттер едік. Ең алдымен...
Әйел оның сөзін бөліп жіберді. 
– Бұл конақ түсетін үй емес, – деді үзілді-кесілді.
Ержан да бөгелген жоқ. 
– Ең алдымен сіздің үйге кездескенімізге қуанып тұрмыз. Өйткені...
Оның қуанғанына әйелдің іші жібімеген екен. 
– Қуанып тұрғандай бұл үйде не нагашың, не жиеніңді көріп тұрған
жоқ шығарсыңдар! Көз барда сол нағашыларыңды тауып алғандарың
дұрыс болар! – деп, өзі шыққан есікті қаттырақ жауып жіберді.
Ержанның   батылдығы   әлі   мойырылған   жоқ   екен.   Тағы   сөйлеп
келіпті. 
–  Өйткені,   шешей,   Қазақстан   қызыл   тулы   ел   болып,   өзінің
экономикалық   байлығын,   ұлттық   рухани   байлықтарын   жаңа   жинап
жатқан  дәуірінде, –  дей  берді  де  тілі  байланғандай  оқыс  тоқталып
қалды.
82

Сырт қарағанда осы келтірілген микротексте мен мұндалап тұрған
«әшекей» (автор қаламына тән метафора, теңеу, эпитет т.б.) жоқ, бірақ
әсері   айрықша.   Ержан   үй   иесі   қартаң   әйелдің   алдында   митинг
мінбесінде тұрғандай афоризммен сөз бастайды. Асқақ сөзбен әсер етем
деуі   –   еріксіз   езу   тартқызады.   Егер   Ержан   жиында,   топ   алдында   дәл
осылай   сөйлесе,   әсері   өзгеше   болып,   басқаша   эффект   тудырар   еді.
Өйткені сөздің  дағдылы ортада қолданылуы бар да, тосын ортаға тап
болуы   бар.  «Мемлекеттік   жұмыстар...   Қазақстан   қызыл   тулы   ел
болып, өзінің экономикалық, рухани байлықтарын жаңа жинап жатқан
дәуірде»  тәрізділер   публицистика  стилінде   қолданылса,   бұл   –   мұндай
сөздердің   дағдылы   үйреншікті   ортасы.   Ал   бұл   тәрізді   патетикалық
тізбектердің   сөйлеу   тілі   ыңғайында   құрылған   көркем   диалогта
қолданылуы сөздің тосын ортаға тап болуы. Сөздердің, сөз тізбектерінің
стиль өрісін ауыстырып, стильдік бүтін ретінде осылайша бөтен ортада
жерсіндіре   отырып,   нәзік   юмор   жасауы   –   суреткер   қаламына   тән
ерекшеліктің   бірі.   Осылайша   «сөз   жезін   алтындай   қылып   келістіру»
шебер жазушы болмаса, екінің бірінің қолынан келе бермейтін құпия.
Сонымен сөздің бөтен ортада тосын жұмсалуы айрықша экспрессия
тудырады.   Сөздің   эмоциялық-экспрессиялық   қуатын   арттырады.
Жазушы   қаламы   осылайша   сөздің   жайшылықта   көрінбейтін   отын
тұтандырады.
Әр   түрлі   стильдік   арналардың   бояуын   дәл   бере   түсіп,   тіл   реңін
ашатындай   контраст   жасау   өзге   де   әйгілі   қаламгерлеріміздің
туындыларында,   қазіргі   әдебиетіміздің   жаңа   бір   бұтағы   саналатын
кейінгі буын жазушыларымыздың тіл көріктеуінде де кездесіп отырады.
Бөгде   стильдік   бояуларды   эмоциялық   әсер   тудыру,   кейіпкер   тілін
даралау, тілдік паспорт беру т.б. мақсатта, көркем тіл талабына лайық
қолданып отыру қаламгердің көркемдік арсеналын кеңейте түседі.
Енді   өзге   де   жазушылардың   тілінде   кездесетін,   осындай   үлгіге
саятын   қолданыстың   біріне   назар   аударып   көрейік:  Қазіргі   әйел   от
басы, ошақ қасының адамы емес. Ол – адал жар, мейірімді ана, белсенді
қоғам   қайраткері.   Сонымен   бірге   ол   қала   мен   ауыл   мәдениетінің
арасындағы алшақтықты жоюшы бірден-бір қозғаушы күш. Пістекүл
–   менің   ұғымымда   сол   деңгейден   табылатын,   бүгінгі   заманға   лайық
әйел, – деді (Дулат Исабеков. Есеп шот, түйетауық және домино. Әңгіме.
Қазақ   әдебиеті.   26.6.1981).  Бұл   үзіндіні   ауыл   клубындағы   концерттен
83

қайтқан   қатар-құрбылардың   өзара   әңгімесі   емес,   газет-журналдағы
мақалалардың сөзіне көбірек ұқсатар едік. Автор публицистика стиліне
тән   бояуды   әдейі   қолданған.   Кейіпкер   сөзін   әдеттегі   сөйлеу   стилінен
мүлдем бөлек құрған. Әнгімеде бір көрінер жанама кейіпкер үй арасы,
қатар-құрбы ортасында «қағаздағыдай сөйлейтін» ерекшелігімен оқушы
есінде қалады. Осылайша сөздің публицистикалық реңкі жұмсақ юморға
айналады. Сонымен өзге стильге тән тізбекті көркем тіл өрнегіне ендіру
айрықша эспрессия тудырады. Мұндай тәсіл тек кейіпкер тілінде  ғана
емес, авторлық баяндауда да ұшырайды. Жазушының әр түрлі стильдік
бояуларды   дұрыс  қолданып,  нәзік айырымдарын  дәл  бере  білуі  – төл
әдебиетімізде дәстүрге айналған көркемдік тәсіл. Мұндай тәсіл жалпы
әдеби тілдің функционалдық стильдерінің одан әрі саралана, айқындала
беруіне көп әсерін тигізеді. Сөйтіп, көркем шығармада көрінген стильдік
бояулар,   функционалдық   стиль   бедерін   оқушы   санасында   да
қалыптастыруға белгілі дәрежеде ықпал етіп отырады. Көркем әдебиет
оқушының эстетикалық талғамын жетілдіріп қана қоймай, сөзді стильдік
өрісіне   сай,   талғап   жұмсауға   үйретеді.   Функционалды   стильдердің
реңкін,   нақышын   дәл   сезінуге   оқушының   тілдік   сезім-түйсігін
тәрбиелейді. Ал әр текті стильдердің небір нәзік айырымы дәл берілмей,
бояуы бұзылып жатса, бұл – бір жағынан,жазушы тілінің көркемдігіне
айтарлықтай қаяу   түсірсе, екінші  жағынан,  әдеби   тілдің қалыптасқан,
немесе қалыптасып келе жатқан стильдік құрылымына нұқсан келтіреді.
Көркем   тіл   кестесінде   кездесетін   кітаби   тіл   реңкіндегі   лексика-
фразеологиялық   бірліктер,   жоғарыда   айтылған   мысалдарға   назар
аударсақ,   өзінің   құрамы   жағынан   әр   түрлі   қайнар   көзге   саяды   деуге
болады: 1) ауызша әдеби тіл үлгілеріне тән (ХV-ХVІІІ ғғ.) сөздер мен сөз
орамдары; 2) ескі кітаби тіл үлгілеріне тән сөздер мен тұрақты тіркестер
  шаһбаз,   мәтбұғат,   дүнияуи,   құжат,   ғайыпқа   бұйырмаңыз,   сынып
т.б.;   3)  қазіргі жазба тілге тән, сөйлеу тіліне қарама-қарсы сипаттағы
көтеріңкі   үн,   интеллектуалдық   мазмұнға   ие   стандартты   құрылымдар
М.Әуезов,   Ғ.Мүсірепов,   Ғ.Мұстафин   т.б.   көркем   сөз   шеберлері   осы
арналардағы кітаби тіл элементтерінің түрлі коннотативтік реңктеріне:
(асқақтық, интеллектуалдық, ресмилік т.б.) көңіл бөле отырып, оларды
жалаң   коммуникативтік   мақсатта   жұмсамай,   эстетикалық   жүк   арта
қолданады.   Мысалы,   жоғарыда   айтылғандай,   М.Әуезов   ескі   кітаби
сөздерді   қаһармандарын   әлеуметтік   ортасын   көрсету   мақсатында
84

қолданады. Ғ.Мүсірепов қазіргі кітаби тілге тән шаршы топта айтылатын
асқақ сөз орамдарын екеуара сөзде кейіпкердің аузына салып, нәзік юмор
жасайды  (Атақты   әнші   Майра).  Ғ.Мұстафин   кейіпкерлерін   дәстүрлі
шешендік   үлгіде   құрылған   сөз   орамдары   арқылы   көтеріңкі   леппен
сөйлетеді.   Сөйтіп,   көркем   сөз   шеберлері   қазақ   проза   жанрында
көркемдік норманың жаңа бір өрнекті түрін қалыптастырды және қазақ
фразеологизмдерінің қорын байытып, құрамын кеңейте түсті. Тұрақты
сөз   бірліктерін   мағыналық,   тұлғалық,   стильдік   жақтан   контекске
бейімдеп түрлендірудің көркем үлгілерін жасады.
СӨЙЛЕУ ТІЛІ РЕҢКІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Қазақ   әдеби   тілінің   сөздік   қорында   сөйлеу   тілі   реңкіндегі
фразеологизмдер   өте   көп   кездеседі.   Бұл   жерде   тілдің   лексика   мен
фразеология   жүйесінде   диалектикалық   байланыс   бар   екендігі
байқалады. Мысалы, қазақ тілінің лексикалық қорында стильдік жақтан
бейтарап сөздердің саны стильдік реңкке ие сөздерден гөрі әлдеқайда
басым.   Тіпті   оларды   сан   жағынан   салыстыруға   келмейді.   Міне,   осы
олқылықтың орнын тілдің фразеологиялық қоры толықтырып тұрғандай
болады,   Өйткені   бейтарап   реңктегі   фразеологизмдердің   саны   аз,   ал
эмоционалдық-экспрессиялық реңктегі фразеологизмдер әлде қайда мол.
Соған   қарағанда,   фразеологизмдерді   жеке   сөздердің   экспрессиялық-
стильдік эквиваленті деуге болады. Мысалы: тез – қас қаққанша, көзді
ашып жұмғанша; жас – ернінен емшек табы кетпеген; момын – қой
аузынан шөп алмас, шөккен түйеге міне алмас; сараң – жұмыртқадан
жүн   қырыққан;   қу   бастан   қуырдақтық   ет   алған;   Шықбермес
Шығайбай; уайымдады – сары уайымға салынды; асанқайғыға түсті
т.б.
Сөйлеу   тіліне   тән   тілдік   құралдар   (фразеологизмдер)   бейтарап
элементтерге   қарағанда   экспрессиялы,   ал   кітаби   тіл   элементтеріне
қарағанда   мазмұны   жағынан   бәсеңдеу   көрінеді.   Мысалы,  бала
(бейтарап),  жасөспірім,   жеткіншек  (кітаби),  ер   қара  (сөйлеу   тілі).
Мысалы, сөйлеу тілінде баланы елеусіздеу түрде айтқысы келсе,  қара
борбай, қара домалақ дейді. Бұларды әдеби қарапайым фразеологизмдер
деп   атауға   болады.   Бұдан   әрі   қарай   осы   ұғымды   білдіретін   сөздерді
горизонталь бойымен тізе берсек, оның бейәдеби қарапайым атаулары
басталады.   Мысалы:  қара   сирақ,   боқмұрын,   баллар,   балдар.  Мұндай
85

атаулар   әдеби   тіл   аймағынан   алшақтай   түскен   сайын   экспрессиялық
реңкі   күшті,   мазмұны   дөрекілеу   сезіледі   немесе   дыбыстық,   тұлғалық
жақтан «жарымжандау» болып келеді.
Сондай-ақ   горизонталь   түзуді   бұдан   әрі   жалғастырсақ,   баланың
жалпытілдік   қолданысқа   жатпайтын,   территориялық   жақтан   шектеулі,
бірақ   экспрессиялық   реңкі   күшті  бозымбай  (диалект),   әлеуметтік
қолданысы жағынан шектеулі боқмұрын деп аталатын параллельдері бар
екендігін   байқаймыз.   Әдеби   тілдің   публицистикалық,   ғылыми,   іс
қағаздары стильдері әдетте тұйық системаға жатады. Басқаша айтқанда
осы   аталған   стильдерде   жалпыхалықтық   тілдің   әдеби   тіл   аймағынан
алшақ   жаткан   диалектизм,   бейәдеби   қарапайым   тіл,   жаргон   тәрізді
формаларына   тән   элементтердің   қолданылу   ыктималдығы   жоққа   тән
болады.   Ал   көркем   әдебиет   стилі   –   ашық   система.   Сондықтан   бұл
стильде әдеби тіл аймағындағы сөздермен бірге одан тысқары жатқан
бейәдеби   қарапайым   атаулар,   диалектизмдер,   жаргон   сөздердің
қолданылу ықтималдылығы жоғары болады Әрине, жазушы қаламының
мұндай   мүмкіндікті   пайдалануы   әдеби   тіл   нормасын   бұзу   деп
танылмауға   тиіс.   Көркем   әдебиет   тілі   саласында   жүріп   жатқан   бұл
процесс   жалпыхалықтық   тілдің   қойнауында   жатқан   бейәдеби   кейбір
элементтерді   әдеби   тіл   деңгейіне   көтеруге   мүмкіндік   жасайды.
Жетпісінші   жылдары   алдымен   көркем   очерк   тілінде   қолданыла   келіп,
мердігер,   мердігерлік  тәрізді   диалектизмдер   әдеби   тіл   нормасына
айналды. Сондай-ақ үптеу (әуелде ұрылар жаргоны) сөзінің қазіргі кезде
«кража» мағынасында қолданыла бастағаны байқалады.
Жалпыхалықтық   тілден   сөз   талғап,   сурет   салуға   жазушы   қаламы
алдымен бағалауыш қасиетке ие тілдік құралдарға, атап айтқанда кітаби
тіл және сөйлеу тілінің әдеби және бейәдеби элементтеріне (солардың
бірі   фразеологизмдер)   жіп   тағады.   Бұл   жайт   көркем   проза   тіліндегі
фразеологизмдерді   кітаби   тіл   фразеологизмдері,   сөйлеу   тілі
фразеологизмдері деп үлкен екі топқа жіктеп, оларға жеке-жеке тоқтала
кетуді қажет етеді.
Көркем шығармада сөйлеу тілі реңкіндегі фразеологизмдер негізінен
кейіпкер   тілінде   қолданылады.   Өйткені   экспрессиялы,   образды
фразеологизмдердің жасалып, шыңдалып шығатын дүкені – сөйлеу тілі.
Сол   себепті   олардың   көркем   шығармада   кейіпкер   тілінде   (диалог,
монолог) кездесуі табиғи нәрсе. Суреткер оларды екі мақсатта – кейіпкер
86

сөзіне сөйлеу реңкін үстеу үшін және персонаждың тілдік мінездемесін
ашу үшін қолданады деуге болады.
Жазушы   әсіресе   әдеби   тіл   айналымынан   тысқары   жатқан   жаргон,
қарапайым   тіл,   диалектизмге   жататын   сөйлеу   тілі   фразеологизмдерін
кейіпкердің аузына салу арқылы оның қандай әлеуметтік топтың өкілі
екендігін   байқататындай   эстетикалық   қызметке   жегеді.   Қазаз   тілінде
әдеби   тіл   нормасынан   тысқары   тұратын   жаргон   фразеологизмдерді,
бейәдеби   қарапайым   фразеологизмдерді,   диалект   фразеологизмдерді
жазушы әр түрлі мақсатта жұмсауы мүмкін. Бұлар бейәдеби болса да,
эстетикалық қызметке жегілгенде, жазушының сөз бояуын әр алуан етіп
көрсетіп,   шығармаға   реалистік   сипат   береді.   Бейәдеби
фразеологизмдерді   қолдануда   өзгелерден   гөрі   әсіресе   жазушы   қаламы
еркін   болады.   Тіпті   жаргон   сипатындағы   фразеологизмдердің   өзін
оқырман жағымды кейіпкердің аузынан естуі де ғажап емес. Мысалы,
қызыл тақия кигізу  «басын жару, соққыға жығу»,  қызыл  қораз жіберу
«өрт салу», сәбізін бітіру «өлтіру» деген жаргон фразеологизмдердің әр
түрлі   контекстегі   кызметіне   назар   аударайық.   М.Әуезовтың   «Абай
жолында» жатақтарға қарсы қол жиып, зорлық көрсетпек болған өктем
күшке   Абай   қарсы   келіп:   –  Әй,   Ырғызбай,   мынау   елді   көрдің   ғой...
Өліспей беріспейді. Мен солай ет дедім. Тек соқтығып көр, арындаған
Ырғызбай артың ашылады. Басыңа қызыл тақия киіп, бөксеңе шақпақ
таңба   соқтырып   қайтасың.   Осылай   етуді   мен   бұйырамын,   мынау
айыпсыз жылаулар болған жұртыма... Тек қазір кейін қайт та, үш кісі
жіберіп сөзге кел, – деді.  Мұндағы  қызыл тақия кигізу, арты ашылу
деген жаргон, қарапайым фразеологизмдер кейіпкер тілінде зорлықшыл
топқа қарата айтылып, оларды ажуалау үшін қолданылған ащы мысқыл
екендігін оқырман іштей сезіп, танып отырады.
Жазушы кейде мұндай сөздердің белгілі бір әлеуметтік топқа қатысы
бар жаргон екендігін кейіпкердің сөзімен де айқын аңғартып кетеді. Осы
жайтты каторгада әр түрлі әлеуметтік топтың өкілдерімен бірге болған
Базаралының мына сөзінен де аңғарамыз:  Орыста қызыл қораз дейтін
болады. Мүжик ортасында кекті болған байдың үй-мүлкін өртегенді
айтады (М.Әуезов. Абай жолы).
Бейәдеби   фразеологизмдерді   эстетикалық   мақсатта   жұмсаудың   әр
түрлі   үлгілерін   өзге   де   жазушылардың   тіл   кестесінен   кездестіріп
отырамыз: 
87

–  Үйіне   жолаушылап   барған   болып,   сәбізін   бітіру   керек,   –   деді
Олжеке.
– Жоқ, – деп қарсыласты Жәңгір. 
–  Әуелі оны бір қараның қолымен құртайық  та, артынан төрені
өлтірген деп ананың өзін де ... (Қ. Исабаев. Серт).
Бұл   контексте  сәбізін   бітіру  деген   жаргон   фразеологизмнің
кейіпкердің   әлеуметтік   болмысына   жанасымды   алынғаны   байқалып
тұрады.   Былайғы   жұрт   түсіне   бермейтін,   өздеріне   түсінікті   тілде
шүйіркелесуі кейіпкердің әлеуметтік сипатын ашуға жәрдемдесіп тұр.
Бұл айтылғандар сөйлеу тіліне тән фразеологиялық оралымдардың
(олардың   әдеби   және   бейәдеби   түрлерінің)   кейіпкер   тілінде   жұмсалу
ерекшеліктеріне   қатысты.   Бұдан   сөйлеу   тілі   фразеологизмдері   тек
кейіпкер тілінде ғана қолданылады, ал олардың автор сөзінде жұмсалуы
эстетикалық нормаға қайшы келеді деген ұғым тумауы керек. Сөйлеу тілі
фразеологизмдерін әр сөзінде қолданудың өзіне тән көркемдік кызметі
бар.   Мұны   мына   мәтіндегі   фразеологизмнің   қолданылу   ерекшелігінен
байқауға   болады:  Мысы   құрыған   Жиренше   де   жақындап   кетті.   Ит
көрген текедей боп, иегі мен сақалын омырауына тыға түседі. Екі көзін
ежірейте қарап тыңдап қапты (М.Әуезов. Абай жолы).
Жазушы   қаламының   дәл   осы   контексте  ит   көрген   текедей  деген
фразеологизмге жіп тағуының екі түрлі себебі болуы ықтимал. Біріншісі,
контекске   лайық   дайын   образ   ретінде   таңдауы.   Өйткені   бұл
фразеологизм оқыстан елере үріккен жанның бейнесін дәл береді (Абай
мен   ел   жуандарының   арасындағы   дау   күтпеген   жерден   Абайдың
пайдасына шешіледі).
Екіншіден,   әдетте   сөйлеу   тіліне   тән   фразеологизмдердің
бағалауыштық   сипаты   күшті   болып,   олардың   қоштау,   ұнату,   кекету,
ұнатпау   тәрізді   мәні   айқын   сезіліп   тұрады.   Сөйлеу   тілі
фразеологизмдерінің   мұндай   коннатативтік   реңкін   жазушы   авторлық
позицияны білдіру үшін кәдеге жаратады. Жазушы белгілі бір оқиғаны
суреттеп қана қоймайды, ол жайында авторлық позициясын да сездіріп
отырады. Мұндайда сөйлеу тіліне тән ұнамды немесе ұнамсыз реңктегі
фразеологизмдерді (мысалы, ит көрген текедей
67
) автор тілінде қолдана
67
 Ит көрген текедей деген жалпыхалықтық үлгідегі фразеологизмнің образын еш бұзбастан
ала отырып, Абай оның формасын ит көрген ешкі көзденіп деп қайта құрады:
Ит көрген ешкі көзденіп,
Елерме жынды сөзденіп,
88

отырып жазушы оқырманды бейтарап қалдырмай, авторлық позицияны
жақтаушы   етіп,   өз   жағына   шығарып   алады.   Сөйлеу   тіліне  тән
фразеологизмдер   осылайша   автор   сөзінде   көркемдік   кызметте
жұмсалады.
Сондай-ақ бәйәдеби қарапайым фразеологизмдердің сөзге сатиралық
реңк   үстемелеу   мақсатында   көркем   фельетон   жанрында   жұмсалуы
ықтимал. Мысалы  елемеді  деген бейтарап сөздің жалпыхалықтық тілде
көзіне   ілмеді  (сөйлеу  тілі),  бит   шаққандай   көрмеді  (әдеби   қарапайым
тіл),  мәу   демеді  (бейәдеби   қарапайым)   деген   функционалдық-
экспрессиялық эквиваленттері бар.
Сатиралық эффекті тудыру үшін осылардың ішінде сөздің бейәдеби
қарапайым түрі контексте  орынды көрінуі ықтимал.  Мысалы:  Бүгінде
нейтрон бомбасы десе жаны түршікпейтін адам жоқ. Ал осы сұрқия
бомбаның «әкесі» Самюэл Коэн бұған тіпті мәу демеді. Оның жағасы
жайлауда, екі езуі құлағында (Социалистік Қазақстан, 1981, 1 қазан).
Кезінде ұлы суреткер М.Әуезов Кеңес одағы халықтары әдебиетіне
талдау  жасай   келіп,   былай   деп   пікір   түйген   болатын:   «Қырғыз,   қазақ
әдебиеттері   жазба   дәстүр   жағынан   жас   әдебиеттер   болғандықтан,
бұлардағы   ұлттық   традиция,   әрине,   көбінше   ауызша   сақталған   тіл
мәдениеті   –   фольклор   дәстүрі   ретінде   болған.   Бұл   романдардың
(Т.Сыдықбеков   пен   Ғ.Мұстафиннің   романдары   –   Н.У.)   тілдері   бай,
көрікті. Көпшілік оқушыға түсінікті болғанда жазба әдебиет пен ауызша
сөйлем тілдің халық  дәстүріндегі  жігі соншалық  ажыраспаған  кезеңді
анғартады. Бірақ солай бола тұрса да сол жазушының өзді-өзі арасында
және де айырмастары бар.
Сыдықбеков   халықтың   мақал-мәтел,   шешендік   өрнектерді,   сөйлем
орамдарды сол халықтық  үлгіден көп өзгертпей  алады.  Ал Мұстафин
халықтық   үлгіні   еске   алумен   қатар   өз   жанынан   тың,   шебер,   шешен
Жасынан үлгісіз шіркін
Не қылсын өнер ізденіп.
Сөйтіп,   Абай   авторлық   фразеологизмнің   классикалық   үлгісін   жасайды.   Авторлық
фразеологизм немесе окказионал фразеологизмдер суреткердің қолтумасы ретінде тиісті сөздіктерде
беріліп   отырады.   Осы   аталған   авторлық   фразеологизм   проф.  І.Кеңесбаевтың  «Қазақ   тілінің
фразеологиялық   сөздігінде»   тіркелген.   Бірақ,   бір   өкінішті   жері,   бұл   фразеологизмнің  (ит   көрген
текедей)  жалпыхалықтық   қолданыстағы   нұсқасы   сөздікке   енбей   қалған.   Қазақ   тілінің   түсіндірме
сөздігінде де  ит көрген ешкі көзденіп-тің берілуін мақұлдауға  болады. Бірақ авторлық деген белгі
керек.
89

афористік   үлгілер   тудырып   отырады.   Бірақ   осы   екі   жазушының
геройларының ішінде қартаң адамдары шешенірек сөйлейді»
68
.
М.Әуезов,   Ғ.Мүсірепов,   Ғ.Мұстафин   т.б.   суреткерлер
жалпыхалықтық   тілде   кездесетін   фразеологизмдерді   әр   қырынан
қолданып   қана   қоймай,   жұртшылыққа   кеңінен   танымал   мақал-
мәтелдердің   үлгісін   пайдаланып,   тыңнан   сөз   орамдарын   жасады.
Ғ.Мұстафинде кездесетін  жақсы қаулы – жарым іс  деген орам  жақсы
сөз   –   жарым   ырыс  дсген   мақалдың   моделі   бойынша   жасалған.   Осы
тәрізді өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы бол деген мәтел түріндегі
фразеологиялық тізбектің моделіне ұқсас сөз орамын М.Әуезовтың тіл
кестесінен   де   кездестіреміз:   –  Ай   Бегеш-ау,  бұл   айтқан   сөзіңнің   бәрі
дұрыс   болғанда,   қалып   жатқан  қасірет   тағы   бар   ғой.   Қарамықтың
дәні   болғанша,   бидайықтың   сабаны   бол.   Жаман   қауымның   жақсысы
балғанша, жақсы қауымның жаманы бол десе не дейсің? – деп Бегешті
біраз аңыртып тоқтатып қалды (М.Әуезов. Абай жолы). Ел зиялылары
арасындағы   сөз   қақтығысын   анғартатын   мұндай   контексте   қарапайым
немесе тұрмыстық сөйлеу тілі аясында қолданылатын фразеологиялық
тізбектен   гөрі  (өгіздің   аяғы   болғанша,   бұзаудың   басы   бол)  кітабилеу
реңктегі сөз орамы орындырақ көрінеді. Сондықтан жазушы белгілі бір
мақал-мәтелдердің   моделін   пайдалана   отырып,   сонымен   мазмұндас,
бірақ реңкі жағынан контекске кірігіп тұратын сөз орамдарын жасайды.
Фразеологиялық   сөз   орамдарының   көркем   тіл   кестесіне   түсуі   тек
бергі   кезде   ғана   пайда   болған   жоқ.   Ауызша   әдеби   тіл   дәстүрінде
жасалған көркем үлгілерде фразеологиялық сөз орамының алуан түрін
ұшыратуға болады: ауыр қылыш; ала білек оқ; қанды көбе; ала балта;
он екі құрсау жез айыр; төменді бұзу; дұшпанның көзін қамау; жауды
сықтау;   байрақты   алдыру;   атқан   оғын   оздыру,   дұшпанның   тобын
тоздыру; сындырау арқа, сырт жұрт, қом су т.б.
Көркем   сөздің   көрнекті   өкілдері   –   жырау,   ақындар,   топжарған
шешендер фразеологизмдердің фольклорлық үлгілерін, жалпыхалықтық
түрлерін   кезінде   молынан   қолдана   отырып,   сол   модельдер   бойынша
тұрақты тіркестер жасап, әдеби тілдің құрамы мен қорын байыта түсті
69
.
68
Әуезов М., 20 томдық шығармалар жинағы. 19-т., 425-б.
69
Белгілі   бір   мақал-мәтелдердің   модельдері   бойынша   фразеологиялық   тізбектер   жасау
жыраулар поэзиясында, шешендік сөз үлгілерінде жиі кездеседі:
Пайдасыз болса, байдан без,
Панасыз болса, сайдан без,
Қайырымсыз болса, ханнан без,
90

Олар фразеологиялық сөз орамдарының құрамын ықшамдау, кеңейту,
тіркес   арасына   сыналап   сөз   ендіру   тәрізді   өзгерістерді   де   қолданып
отырды. Бірақ бұлардың бәрі негізінен алғанда жалпытілдік қолданысқа
тән түрлендірулер болды.
Әдеби тілдің лексика-фразеологиялық қоры мен құрамын байытып
отыру   әр   кезде,   әр   дәуірде   болып   отыратын   жағдай.   Сонымен   қатар
әдеби   тілдің   әрбір   дәуірінің,   әрбір   кезеңінің   өзді-өзіне   тән   көркемдік
нормалары болады. Мысалы, қазақ әдеби тілінің жазба дәуірге дейінгі
кезеңдерінің көркем нормалары алуан түрлі болғандығын көрсете келіп,
Р.Сыздықова   өзінің  «XVIII-ХIХ   ғғ.   қазақ   әдеби   тілінің   тарихы»  деген
монографиясында көркемдік амал-тәсілдер мен көріктеуіш құралдардың
басты-басты   түрлерін   жинақтап,   көркем   тіл   нормаларының   негізгі
типтерін әдеби тіл дамуының кезеңдері (жыраулық, жыраулық-ақындық
және ақындық) мен дәуірлері бойынша жүйелеп береді. Олар қысқаша
айтқанда мыналар: параллелизмдер, образдардың символ түріне берілуі,
реалистік сөз қолданыс, персонифкация, перифразалар т.б.
Әр түрлі дайын үлгілердің штамп, клишелердің бұзылуы, сапалық
өзгерістерге түсуі немесе жаңа түрлерінің пайда болуы, сөйтіп, көркем
тәсіл   ретінде   дүниеге   келуі   алдымен   суреткер   заманына   байланысты
болады.   «Заман   сырын   ұғуға   тырысқан,   заманамен   ілесе   отырған
ақындар өз заманында туған жаңа ағымдарды атауға,  жаңа образдарды
сол  заман   түсінігіне   сай   түрде   жасауға   ұмтылады».   «Заманмен   ілесіп
отыру дәстүрлі шарттылықты бұзу деген сөз, стандарт пен штамптарды
ығыстырып,   жаңа   атаулар,   жана   фразеологизмдер,   жаңа   поэтикалық
құралдар туғызуға жол ашу деген сөз. Демек, бұл стильге, оның әдеби
түріне сапалық белгі беретін әрекет. Осы процесс XIX ғасырдың орта
Өткелсіз болса, сайдан без,
Асусыз болса, таудан без.
Жер жұтуға тоймайды,
От отынға тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды,
Көз көруге тоймайды,
Кісі ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.
Мырзалық қонаққа пайда, малға қас,
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас,
Өтірік сөз о дағы пайда, иманға қас,
Өткір пышақ қолға пайда, қынға қас.
91

тұсында   батылырақ   жүре   бастағаны   басталады»
70
.   Міне,   осы   аталған
кезеңнен бастап фразеологиялық сөз орамдарының көркем тіл кестесінде
структуралық   семантикалық,   лексикалық,   лексика-грамматикалық
жақтан түрлендірулер мен стильдік реңктерін жаңғырта қолдану жазба
әдеби тілдің көркем проза, көркемдік тәсілі ретінде қалыптасты, сөйтіп,
көркем сөз шеберлерінің дербес тіл өрнегіне айналды.
Көре алмай қалдым қалқамның,
Дәл екі жыл қызығын.
Жүректегі жазылмай,
Тағдырдың салдың сызығын (Абай).
Тағдырдың   маңдайдағы   жазуы 
деген   діни   мазмұндағы
фразеологиялық   тіркесті  тағдырдың   сызығы  деп   өзгертіп,   «маңдайға
сызат түсті» деген мағынада қайта жанғыртады.  Екі қыз кетіп, бір күн
қалды   Әзім,   Салған   жоқ   қыздар   оның   көңіліне   ажым   –  дейді   Абай.
Ажым   түсірді  дегенді   тосын   сөзбен   тіркестіріп   барып   мағынасын
жанғыртады. Фразеологизмдерді бұлайша түрлендіру Дулат Бабатайұлы
шығармашылығында көріне бастағанмен, Абайға дейінгі дәуірде жүйелі
сипат ала қойған жоқ.
Әуелде,   жоғарыда   М.Әуезов   айтқандай,   «Жазба   әдеби   тіл   мен
ауызша сөйлем тілінің (ауызекі сөйлеу тілінің – Н.У.) жігі ажыраспаған»
болса, ендігі жерде жазба әдеби тілдің (оның көркем проза жанрының)
өзіндік   белгілері   мен   ерекшеліктері   жинақтала   бастады.
Жалпыхалықтық   тіл,   оның   ішінде   әдеби   тіл   айналымындағы
фразеологияны   (фразеологизмдердің   жиынтығы)   сапалық   жақтан
түрлендіру,   яғни   семантикалық   структуралық   құрылымын
модификациялау,  тосын   контекст,   дағдыда   жоқ   тіркес   іздеу,   стильдік
контраст жасау, негізінен жазба әдеби тілдің ерекшеліктерін көрсететін
белгілердің бірі деуге болады. Сонымен қатар түрлендірулерді әдеби тіл
дамуының   ұлттық   дәуіріне   тән   ұлттық   көркем   нормаларды   құрайтын
арсеналдың бірі деп танимыз.
Көркем   прозалық   шығармалардағы   кейіпкер   тілі   мен   авторлық
баяндауды салыстыра қарасақ, кейіпкер тілінде көркемдік мақсатқа орай
қолданылған   бейәдеби   лексика   (диалектизмдер,   мазмұны   бәсең
қарапайым   сөздер,   тосын   қолданыстар,   өзге   тілдік   элементтер   т.б.)
әлдеқайда жиі кездеседі. Бұл көркем шығарма тіліндегі дәстүрлі тәсіл.
70
Сыздықова Р. XVIII-XIX ғғ. қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1984, 33-б.
92

Ал соңғы жылдарда бейәдеби лексиканың көркем тіл кестесіндегі орны
кеңейе түсті деуге болады. Оның басты екі себебі бар. Біріншісі –  кейбір
қаламгерлеріміздің   өмір   шындығын   кейіпкер   көзімен   суреттеуіне,
кейіпкер атымен баяндауға байланысты болса, екіншісі – жергілікті сөз,
қарапайым   лексика,   өзге   тілдік   элементтерді   жазушының   сөйлеу   тілі
белгісі   ретінде   қолдануына   байланысты.   Орнымен   жұмсалған   ондай
орынды ауытқулар автор мен оқырман арасындағы байланысты күшейте
түседі.
Көркем   проза   тіліндегі   мұндай   құбылыс   әдеби   тілдің   лексикалық
нормасына   әсер-ықпалын   тигізуі   мүмкін.   Бірақ   бұл   жалпы   әдеби   тіл
нормасының іргесін шайқалтып, көбесін сөгу деген сөз емес.
Соңғы   жылдардағы   кейбір   әңгіме,   повестерде   көріне   бастаған
ерекшелік   –   әдеби   емес   формалардың   көркем   шығарма   контексінде
авторлық баяндаудан гөрі кейіпкер тілінде белсендірек қызмет атқаруы.
Тіл өрнегі негізінен диалогке құрылған ондай шығарманың түп қазық
идеясын   оқырман   алдымен   кейіпкерлердің   сөзінен   іздейді.   Әрине,
жазушы  мұндайда  диалогті   сөйлеу  тілі ыңғайында   беретіндігі  белгілі.
Сәл ұзақтау болса да мынадай бір үзіндіге назар аударып көрелік: 
–  Әкең күйлі ме? – Әңгіменің ретіне қарай есіне түскен соң сұрай
салды. 
– О кісі күйлі болмаса, осынша сыра ішіп отырар ма едік, Сәке, а? 
– Бопты. Сол қойда ғой. 
– Жоқ. Министр боп кетті. 
–  Бопты. Әкесімен қалжыңдай ма екен... Әй, сендерді де баламыз
бар деп жүрміз-ау. Менің жүгермегім де мені сыртымнан дәл сендей
қонжитып жататын шығар-ау?
Олар   алып-қашты   әңімемен   ұзақ   отырды.   Кеш   батуға   таянған.
Екеуі де орындарынан тұрды.
 – Әй, ұл, сенде ақша бар ма ? – Бар. 
–  Онда,   балам,   маған   бір   жартылыққа   ақша   бере   тұр.   Осы
зарплатта қайтарам (Р.Сейсембаев. Майдан әндері).
Міне,   автордың   құрған   диалогі   осылайша   өрби   береді.   Әнгіме
кейіпкері   Садырдың   аузы  бопты  сөзіне   үйір.   Сондай-ақ,  жүгермек,
жартылық,   қонжиту  тәрізді   мазмұны   бәсең   сөздер,  зарплат  тәрізді
өзге   тілдік   элементтер   кейіпкер   тілінің   «мінездемесі».   Бірақ   бұл   әлі
кейіпкерлердің   даралануын   көрсететін   белгілер   емес.   Өйткені   мұндай
93

сөздер әңгіме Садырдың ғана емес, тіршілік әрекеті, тағдыры ұқсастау
белгілі бір әлеуметтік топтың тіліне де тән. Осындай характерологиялық
белгілерді еске алсақ, Садыр мен Төлегеннің де репликасы интонация
жағынан   айтарлықтай   дараланып   тұр   деуге   болмас   еді.   Садыр   мен
Гүлбаршын арасындағы диалогте мына тәрізді: 
– Рюмка ала отыр. 
– Маған құймаңыз, Сәке. 
– Неге? – Ішпей-ақ қоямын. 
– Болмайды. 
–  Онда   кішкене   ғана.   Болады...   болады,   –   Гүлбаршын   оймақтай
рюмкасын өзіне қарай тартып алып кетті.
Бұл   диалогтегі   сырт   қарағанда   сөйлеу   тіліне   ұқсамайды   деп   айта
алмайсыз. Бірақ өмірдегі сөйлеу тілі мен көркем шығармадағы сөйлеу
тілі (стилі) бір емес. Көркем сөз шеберлерінің тәжірбиесіне қарағанда,
жазушы өмірдегі сөйлеу тілін қаз-қалпында көшіре салмай, көркемдік
електен өткізе отырып, сөйлеу тіліне тән интонацияны дәл беруге тиіс.
А.Толстой жұрт аузынан естіген фразаларды жазып алуға арнайы дәптер
арнағанын   айта   келіп:   «Сол   сөздерді   әңгіме   кестесіне   сол   күйінде
жапсырып байқап едім, марқұм адамның мұрны суретшінің портретке
жапсырғанындай болып шықты», – дейді.
Көркем   шығармалардың   көпшілігінде   бөгде   элементтерін   қолдану
тәсілі аз кездеспейді. Кейіпкерлер орысша, қазақша сөздерді араластыра
сөйлейді.   Т.Әлімқұлов   кейіпкерлерінің   аузына  отчет,   оратор  деген
сөздерді  салып, Ә.Тарази безобраз  деп сөйлетеді. М.Асылғазин слушай,
крупный   мәселе  дегендерді   диалогте   арнайы   қолданады.   Мұндай
тәсілден   оқырман   кейіпкердің   кім   екендігін   анғарып   отырады.   Тілді
шұбарлау – кейбіріміздің дағдымызға сіңген, өмірде болатын сырқауға
арналған   құбылыс   екендігі   рас.   Көркем   шығармада   ондай   жағымсыз
құбылыстың   сыналуы   оқырмандарға   аз   өнер   берген   жоқ.   Тіл
шұбарлаудың   мүкістік   екендігін   аңғарып,   әркім   өз   сөзіне   де,   өзгенің
сөзіне де «қарауыл» қоя бастады.
Алайда кейіпкерлер тіліне мінездеме берудің осы тәсіліне бұл күнде
оқырмандардың еті әбден үйренген тәрізді. Ендігі жерде кейіпкерлерді
бұлай сөйлетудің оқырман үшін пәлендей әсері бола қояр ма екен деп
ойлайсың. Көркем шығармада кейіпкердің тілі қашанғы  безобраз  деген
ескі   «паспортпен»   жүреді.   Осы   күнде   тіл   шұбарлаудың   жаңа   сорты
94

пайда болды. Болашақ кейіпкерлерінің сөзіне құлақ түрген қаламгерлер
ондайды көркемдік тәсіл ретінде қолдана бастады. 
– Мереке карсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі
өтеді.   Соған   жатпай-тұрмай   дайындалып   жатырмын.   Былтыр
финалда   ұтылып   калғамын.   Биыл   қайтсем   де     қайтару   керек.
Жасөспірімдер   тобы   бойынша   бірінші   разрядым   бар...   (М.Қабанбаев.
Бауыр. Әңгіме).
Бұл   реплика   бетпе-бет   сөйлесіп   отырған   екі   адамның   арасында
айтылатын   сөзден   гөрі   газет   тілін   еске   түсіреді.   Әңгімедегі   тағы   бір
кейіпкер қасындағы адамға микрофон алдында тұрғандай сөйлейді:
... Жоғары кластың оқушылары кала іргесіндегі жеміс совхозында
қияр,   помидор   теріп   жүр.   Қали   секілді   спортшы   балаларды   алып
қалғамыз. 7 ноябрь мерекесінің қарсаңында қала мектептері спорттың
әр түрінен дәстүрлі жарысқа шығады. Күні-түні алас ұрып, соған ақ
тер, қара тер дайындалып жатыр. Былтыр бірінші орынды алғамыз.
Биыл да бәйгені бермейміз деген талабымыз таудай.
Тіл   шұбарлаудың   жаңа   «сортын»   кейіпкер   тілі   арқылы   жазушы
айқын көрсете білген.
Қалауын   тауып   қолдана   білсе,   эстетикалық   қызметте   жұмсалатын
сөздердің   бір   алуаны   –   диалектизмдер.   Әдетте   пәлен   жазушының
қаламы   диалект   сөздерге   үйір   деп   сын   айтылып   жатады.   Ал   оларды
автор неге, не мақсатпен қолданып отыр деген сұрауға жауап аз. Қазіргі
көркем шығармалардың қамтитын тақырыбы сан алуан. Жазушы диқан,
шопан,   жұмысшы,   мұғалім   т.б.   өмірін   шынайы   бейнелеуді   көздейді.
Сондықтан қаламгер  өз шығармаларындағы  кейіпкерлердің  іс-әрекетін
ғана   емес,   сөзін   де   әлеуметтік   ортасына   сай   кәсіп,   қызметіне,   білім-
танымына   лайық   етіп   беруді   мақсат  етеді.   Ондай   шығармалардың   тіл
кестесінде әдеби тіл нормасынан тысқары жатқан диалект, қарапайым
сөздер,   архаизмдер   де   кездесіп   отыруы   заңды.   Өйткені   әдеби   тілден
тысқарылау тұрған жергілікті ерекшеліктер кейіпкерге мінездеме беру,
олардың   білім   дәрежесін,   ой   өрісін,   мәдени   деңгейін   көрсету   үшін,
кейіпкер   сөзіне  сөйлеу тіліне  тән  сипат  беру  мақсатымен   жұмсалады.
Кейбір   жазушыларымыздың   қаламы   диалектизмдерге   неге   іш   тартып
тұрады деген сұраудың бір жауабы, міне, осыған саяды. Бірақ бейәдеби
қолданыстарды   тек   құбылыс,   зат   атауы   ретінде   жұмсау   (жалаң
комммуникациялық   қызметте   қолдану)   жеткіліксіз.   Мысалы:  Аттың
95

жайылуынан тұруы көп. Ауыт-ауыт оттауын доғара койып, күнмен
бірге көтерілген даланың анау-мынау қозыдай дәубас көк соналарымен
айқасып   кетеді  (С.Асылбеков,   Құлтай.   «Жұлдыз»,   1981,   №1).  Әкесі
құдықтың   жанындағы   цемент   науаға   өлермендене   топылған
саулықтарды таяғымен мошқап қойып тәртіп орнатып жүр (85-бет).
Авторлық   баяндаудағы   мұндай   қолданысты   қазіргі   талғамы   биік
оқырманның қанағат тұтпайтын себебі, әдеби тілде ауыт-ауыт, топыл,
мошқап  сөздерін  ауыстыра алатын  баламасы  бар. Ал диалектизмдерді
әдеби   тіл   нормасының   фонында   эстетикалық   қызметке   жеге   отырып
жұмсаудың,   мысалы   кейіпкер   тілінің  мінездемесі   ретінде   қолданудың,
еш бөтендігі жоқ. Қайта, автор тілінен кейіпкер сөзін даралай түсудің бір
тәсілі болар еді.
Диалектизмдердің көркем шығарма тілінде қолданылуының тағы бір
себебі – қаламгер соны сөз іздейді. Тіл қойнауының тыңында жатқан,
жалпы жұртқа беймәлім сөздер (мысалы: балықтың мәлігі «ұрпағы», қан
шілде  «нағыз   шілде»,  құс   қанаты  «көктемде   болатын   соңғы   қарлы
жауын-шашын») өз сонылығымен оқырман назарын аудармай қоймайды.
Өйткені   әдеби   тілде   баламасы   ұшырай   бермейтін,   жоқтың   орнын
толтыратын ондай сөздердің соны қолданыс ретінде әсері оқырман үшін
айтарлықтай. Бірақ амал не, кейбір роман, повестерді оқып отырсаңыз,
шығарма авторы бейәдеби элементтерді стильдік зәруліктің немесе сөзге
мұқтаждықтың   өтеуі   ретінде   қолдануға   көп   көңіл   бөле   бермейді.
Нәйеті, ексемдеп,  әлімәлі, кермалдасып,  шеккі  емес,  бәткерде  қылды,
мәнейі, аңыстама т.б. тәрізді. Жергілікті маңызы бар сөздердің арқалап
тұрған   жүгі   болмаса,   қазіргі   оқырмандарды   баурай   қоюы   екіталай.
Әрине, жазушы (К.Ахметбеков. Егіз қайың. «Жалын», 1985. №5) нәйеті
мен мәнейілердің бәрімізге түсінікті әдеби тілдегі баламаларын білмеген
деуден аулақпыз. Алайда дағдыда бар сөзден (әдеби тілде баламасы бар
атаулардан) қаламын аулақ салып, автордың экзотикалық лексика іздеуін
сәтті дей аламыз ба? Мұндайлар көбіне ауылдастың сөзі жерде қалмасын
деген ниетпен төркіндес тәрізді көрінеді.
* * *
Әдетте   көркем   шығарма   тілі   тілге   тиек   бола   қалса,   әңгіме   көбіне
диалектизмдердің   орынды   немесе   орынсыз   қолданылуына   тіреледі.
96

Әрине,   көркем   шығарманың   тіл   кестесі   бұлардан   өзге   де   лексикалық
құбылыстармен   астасып   жатады.   Солардың   бір   алуаны   –   көркем
шығарма   тілінде   көріне   бастаған   этнографиялық   лексика   мен   кәсіби
сөздер легі.
Әлеуметтік диалектизмдерді, оның ішінде кәсіби сөздерді әдеби тілге
тән   өзге   жүйедегі   сөздерге   қарама-қарсы   қоя   отырып,   эстетикалық
мақсатта   жұмсау  20-30   жылдарда,   мысалы,   Ж.Аймауытовтың   «Баушы
мен бала» әңгімесінде («Жас алаш», 1992, сәуір) айқын аңғарылады: 
– Бау-бақша деген немене? 
– Жеміс егетін жер емес пе? 
– Бауда қандай жеміс өседі? 
– Алма өседі, кауын-қарбыз өседі. Үзім өседі.... 
– Білмедің, балам, білмедің. 
– Неге? 
– Неге екенін айтайын, бау бір басқа, бақша бір басқа. Бауда алуан-
алуан жеміс ағаштары өседі: алма, өрік, мейіз, үзім, жиде, тұт, бадам
сияқты. Міне, мұны бау дейді (...)
– Ал бақша деген немене? 
–  Башада   қауын,   қарбыз,   буылдық,   сәбіз,   қияр,   пияз,   карпосте.
памадор, қабақ, күнге бағар сияқты жемістер егетін жерді айтады.
– Мен

бау-бақша дегенді бір сөз екен деп ойлаушы ем. 
– Сен білмейсің. Өйткені біздің Арқада бау болмайды. Бау – әкесі де,
бақша – баласы. Сіздің жақта тайынша дейді. Біз тана дейміз. Сөздің
әкесі – Сырда, баласы – қырда, Арқада ғой (...).
Шағын   әңгімеде   жазушы   кейіпкер   сөзі   мен   жергілікті,   кәсіби
сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, жалпыхалықтық сипат ала
қоймаған   кәсіби   лексиканың  можа   болу  (ағаштың   қартайып,   мүжіле
бастауы),  қыл   буыттау  (ағашты   екі   жағынан   керте   шабу),  тұжыру
(жайыла   өсу   үшін   тораңғы   сияқты   ағаштардың   басын   қырқу)  тәрізді
түрлерін   қолданады.   Жазушы   мұндай   бейтаныс   сөздерді   оқырман
жатырқамас   үшін   контекст   арқылы,   мәндес   сөздермен   қабаттастыра
қолдана   отырып,   олардың   мағынасын   аңғартып   отырады.   Сөйтіп
бейтаныс сөздерді етене таныс сөздерге айналдырады.
Кейіпкер тілінің лексикалық құрамы, әсіресе соңғы жылдарда кәсіби
сөздермен,   этнографизмдермен   байи   түсті.   Жазушы   қарамағындағы
97

мұндай пассив лексиканың түрлері кейіпкер сөзінің дәл, нақты болуына
қызмет етті.
Сендерге өтірік, маған шын, осы жасымда аяғына көз (қан түсуден
пайда болған түйін-түйін беріш), қан түсу, тұяғының көбісі сөгіліп, ақ
бас болу, доғала, тышқан, қыршаңқы, мандам, маңқа сияқты ауруларға
жылқы   бермеген   едім...   Оның   (Көкжалдың    Н.У.)   білім-білім   болып
желі тартып кеткен мандамын неше жерден қиып, анжы өткіздім, –
тоқтамады (Н.Қазыбеков. Көкеңнің Көкжалы. Әңгіме).
Қазіргі   көркем   шығарма   тілінде   кездесіп   отыратын   сөздердің   бір
алуаны – ел ішіндегі байырғы кәсіпке, шаруашылыққа қатысты кәсіби
лексика.   Қазақ   тілі   лексикасының   бұл   тобына   жататын   сөздердің
жалпыхалықтық   сипат   алғандары   бар   да,   тіліміздің   шеткері
қойнауларында қалып қойғандары да бар. Үйші, ерші, зергер, саятшы
т.б.   кәсіп,   өнер   иелерінің   былайғы   жұртқа   мәлім   емес,   тек   өзара
қолданатын   кәсіби   сөздері   қаншама.   Қиюын   тауып,   орынды   сөйлете
білсе, ұмыт бола бастаған ондай байырғы атаулардың шығарма тіліне
шынайылық   үстеп   тұратын   қасиеті   де   болады.   Сол   сөздер   арқылы
оқырман өзіне бейтаныс құбылысты ашады. 
–  Тозаңын   ала   ғой,  –   дейді   ұста.  Тозаңды   ең  әдемі   аппақ   ұн  деп
ойлаған шайтан итаяқты ұрып қозғалтып тұратын шақылдақ жасап
беріпті... Әйтеуір, диірменді таныстырып тауыспадым. Білмегенімді
диірмен   тісеп,   жөндеп   жатқан   атамның   қасына   келіп   сұраймын
(Ә.Бөриев.   Алматы   әңгімелері.   1979).  «Мейір   гүлдеген   жерде»   деп
аталатын   бұл   повесте   жазушы  диірменнің   пәресі,   итаяқ,   еркек   тас,
ұйық, шот, балға  (диірмен тасын тістейтін құрал) т.б. кәсіби сөздерді
қолдана   отырып,   олардың   оқырмандарға   түсінікті   болу   жағын   да
ескерген.
Байырғы   кәсіп,   қол   өнері,   шаруашылық   салаларына   қатысты
қолданылатын   арнаулы   сөздердің   техника   тілінде   қайта   жанғырып,
терминдік мәнге ие болуы – әдеби тіл лексикасындағы жаңалықтардың
бірі. Мысалы: шанақ (диірменнің шанағы) – комбайн шанағы (бункері);
қалбағай  (омыртқаның  түрі)   –  комбайн   қалбағайы  (мотовилка);
білектеу  (киіз  білектеу)   –  білекте  «кулачить»   (тех. термин);  диірмен
пәресі  (су ағысының күшімен айналатын шығыршық) –  пәре  (турбина)
т.б. Мұндай процесте көркем шығарма арнасы арқылы әдеби тілімізде
98

орнығып   жататын   сөздер   аз   кездеспейді.   Дегенмен   қазіргі   оқырман
осыны қанағат тұтып қоя ма?
Белгілі бір кәсіп аясында жүрген сөздердің тағы бір сыры бар. Кәсіп
иелері   мсн   хас   шеберлер   қолданатын   сөздердің   бірсыпырасы,   байқап
қарасақ, халық тілінде мүлде жаңа сапаға көшіп отырған. Кәсіптік аяда
айтылатын бірер сөзді еске түсіріп көрейік: мық «ағаш шеге», тегеуірін
«қыран   құстың   жембасарына   қарама-қарсы   біткен   артқы   саусағы»,
маймөңке  «өрмек  құралы»  екендігі  кәсіп, өнер иелеріне жақсы таныс
болғанмен,   былайғы   жалпақ   жұрттың   бәрі   біле   бермейді.   Бірақ,   бір
ғажабы, мұндай арнаулы сөздер кәсіптік аяда қалып қоймай, халық тілі
талқысынан   өте   отырып,   образды   сипатқа   ие   болған.  Мық  дегеннін
«шеге» екені қазіргі кезде  екінің бірі түсіне бермесе  де  мық шегедей
тіркесінің   нендей   мағынаны   анғартатынын   жұрттың   бәрі   біледі.
Мәймөңкелеу сөзін «жағымпаздану» деген мағынада түсінсе, тегеуірінді
сөзінің «аса күшті, қуатты» дегенді аңғартатынын да бірден байқайды.
Халық шығармашылығында сөз осылайша образды өң алып, кең өріске
шықты. Кәсіби сөздер небір бейнелі сөз орамдарының жасалуына негіз
болды:  Өрмектің   жүзі   ауғанда  «жарым-жартыдан,  бел   ортадан
асқанда»;  тік   сандалдай  «мүсінді,   тұлғасы   келісті»;  текеметтің
суындай  «жарасымды,  үйлесімді»,  қарпуы  қанық  «кондициясына
жеткен»  деген   мағынада.   Сөз   игерудің,   тіл   көркемдеудің   халық
шығармашылығындағы   осы   дәстүрі   қазіргі   көркем   шығарма   тілінде
жаңғыра түсті дей аламыз ба? Осы тұста іркіліс бар тәрізді.
Автор   қаламы   кейде   қолдану   жиілігі   жоғары   сөздерді   де
дағдыдағыдай жұмсамай, өзгертуге бейім тұратындығы байқалады. Кей
тұста ондай түрлендіру жібі түзу сияқты көрінгенмен, құйрығын тигізді,
назар   жықты,   көз   жықты,   саңлақтанды,   сауқаттасты  тәрізділерді
оқырманның ілтипатпен қарсы ала коюы қиын.
Аға   буын   жазушыларымыздың   тіл   кестесіне   зер   салсақ,   сөз
сонылығын тек қана әдеби тілден тысқары жатқан тұстардан іздемейді.
Жазушы қаламы арқылы жай ғана танымал сөздің өзі жаңа бейнеге ие
болып, тосын күйге түседі. Ондай сөз оқырманды сонылығымен баурап
алады.   Мәселен,  қалам  сөзінің   пәлендей   сиқыры   жоқ,   бар   болғаны   –
жазу әбзелі ғана. Ал қаламшы деу ше? Бұлай деу – дағдыда жоқ. Бірақ
сөздік   құрамда   жоқ   қолданыстардың   қаламгер   тілінде   кездесіп
отыратынын   да   байқаймыз: 
Жаман-жұман   шығармасын
99

ағайыншылықпен   шығарып   алып,   сол   бытпылдығына   Әуезовтың,
Мүсіреповтың пікірін тосқан қаламшыларды да көргенбіз (Ғ.Мүсірепов.
Алдымен   азамат  болайық.   «Социалистік   Қазақстан»,   1983,   4   қараша).
Әдетте  -шы,   -ші  жалғанатын   сөз   кәсіп   иесін   білдіретіндігі   белгілі.
Жазушы қаламы қосымшаның тап осы қызыметіне заряд берген. Қалам
ұстауды кәсіпке айналдырған жазушыны  қаламшы  деп, нысанаға сауыт
бұзар   жалғыз-ақ   жебе   жұмсайды.   Бірқолданым   сөзде   (окказионал),
осындай жаңа астар болса, соны қолданыстың әсері айырықша болады.
Көріктеудің мұндай тәсілі көркем шығарма тіліне де жат емес. Дағдыдан
жөнімен   ауытқи   отырып,   сөзді   контексте   түрлендіру   кейінгі   буын
қаламгерлеріміздің   тіл   кестесінде   мол   кездеседі   дей   алмас   еді.   Аз   да
болса, бірер мысал:
Қожайын Отанға өзі,
заманға өзі,
Бағытының баянды
боп жанар кезі.
Даңғайыр, дала маңдай
қаламдозы,
Өрлеткен   өнерімен   қазақ   даңқы,–  дейді   ақын  (Ж.Жақыпбаев.
«Жұлдыз», 1980, № 4). Контекске көтеріңкі леп беріп тұрған қаламдоз –
шабан+доз  сөздерінің   буданы.   Орыс   тілінде   американ   әкімшілігінің
ядролық   қаруды   кейбір   Европа   елдеріне   орналастыру   саясатын
әшкерелейтін  Евросима  (Европа  сөзінің алғашқы буыны мен  Хиросима
сөзінің соңғы буыны арқылы жасалған сөз) тәрізді будан (гибрид) сөздер
бар. Бұндайлар өз кезінде зертеушілердің пікір елегінен өтіп отырады
(Русская речь, 1983, № 6, 63-65 б.). Әрине, жаңа мазмұн, соны бояуға ие
мұндай бірқолданымдар да жазушының сөз байлығы деп танылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет