Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата29.12.2016
өлшемі0,6 Mb.
#710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

қолдану.   Айрықша   шеберлікті   керек   ететін   бұл   тәсіл   негізінен
фразеологизмнің   контекстегі   мағынасын   дәлдеу,   эмоциялық-
экспрессиялық  реңкін  күшейту үшін  және  фразеологизмнің  мазмұнын
кеңейту мақсатында қолданылады. Мысалы, құрық берді, тамырындай
таныды, үкі (тана) тақты  деген фразеологиялық шоғырдың құрамын
жазушы жаймалап, сөз үстеп қолданады:  Бірнеше жыл бәйгесін өткізе
алмай   жүрген   орындар   қос-қосарлап   үкі-танасын   түгел   тақты
(М.Әуезов). Осы түнде. Әзімхан төре ойға келмес сұмдыққа өз қолымен
құрық   берді  (М.Әуезов).  Фразеологиялық   сөз   орамдарының   құрамын
жаймалап   қолдану   арқылы   жазушы   экспрессиялық   әсерді   күшейте
түседі: Амантайдың бір басқан жеріне бір айға дейін шөп шықпайтын
(Ғ.Мұстафин).  Басқан   ізіне   (жеріне)   шөп   шықпайды  деген
фразеологиялық шоғырды жаймалау арқылы (бір айға дейін), бұл жерде
үстеме сөз фразелогизмнің мазмұнын уақыт жағынан дәлдеп тұрған жоқ,
контекске жеңіл әзіл, жылы юмор дарытқан. 
Көркем   проза   контексінде   кездесетін   контаминация   тәсілінің
стилистикалық   қызметі   ерекше.   Мұндайда   екі   түрлі   фразеологизмнің
сыңарлары   сыйыстырыла   қолданылады.   Мысалы,  ағаш   атқа   мінгізді
деген фразеологизмнің мағынасы – жаманат хабар таратты; ал сан саққа
жүгіртті  деген фразеологизм  әр түрлі алыпқашпа сөзге таңды дегенді
69

білдіреді.   Жазушы   сол   екі   фразеологизмді   контаминация   түрінде
жұмсап, мазмұнын кеңейте түседі: Ел іші Құнанбай Омбыға кетеді екен
дегенді   естігенде,   айдалады,   жазаланады   деп   түсінді.   Жігітек,
Бөкеншілер: «Құнанбай кесіліп кетіпті. Итжеккенге барады» деп бір
сөйлеп,   «жоқ,   Тескентауға,   Темірхан   шораға   кетеді»   деп   бір   лаулап,
неше саққа мінгізіп жатты (М.Әуезов. Абай жолы).
Ұзын   арқан,   кең   тұсауға   салды;   қысқа   жіп   күрмеуге   келсе   де,
байлауға келмейді  деген фразеологиялық сөз орамдарының сыңарларын
түсіріп,   ықшамдау  арқылы   контаминацияның   ерекше   түрін   жасайды:
Ұзын   арқан,   кең   тұсау   бұнда   болғанда,   қысқа   жіп   күрмеуге   келмес
менмін (М.Әуезов).
Болымсыз   мағынадағы   фразеологизмдерді   болымды   етіп
жұмсаудың да айырықша әсері бар. «Кейде әбден қалыптасқан тұрақты
сөз   тіркестерін   белгілі   мақсатқа   лайық   өзгертіп   те   қолдануға   болады.
Мысалы, Сәбит Мұқанов  құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас
болмас  деген   мақалды   өзінше   өзгертіп  құм   жиылып   тас   болды,   құл
жиылып бас болды
62
 деп болымды мағынада қолданады.  Саналы түрде
өзгеріс   енгізуге   байланысты  өткен   күнде   белгі   жоқ  деген   болымсыз
мәндегі фразеологизм әсіресе көркем публицистикада, керісінше, өткен
күнде   белгі   бар  түрінде,   болымды   мағынада   жұмсалып   жүр.
Фразеологизмнің мазмұнын полярлық қарама-қарсы мағынада өзгертудің
әсері   айрықша.   Өйткені   жұрт   құлағы   үйренген   үйреншікті   сөзді,
аксиомаға айналған ұғымды бұлайша терістеу оқырман назарын бірден
өзіне аударады.
Сайда   саны   жоқ,   құмда   ізі   жоқ
63
  деген   фразеологиялық   түйдек
көбіне адамға қатысты айтылып «көп болғанмен берекесі, сапасы жоқ»
деген   мағынаны   білдіреді.   Осы   фразеологизм   мына   контексте   еркін
тіркес түріне айналған: Даланың алыс түкпірінде жиналған техниканың
62
Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы, 1984,  123-б.
63
Сайда саны  жоқ,  құмда ізі  жоқ  деген  фразеологиялық түйдектің ішкі  формасы айқын
емес, яғни «неге бұлай айтылатындығы» қазіргі кезде түсініксіз. Біздің жорамалдауымызша,
бұл фразеологизм әуелде жұмбақ түрінде айтыла келіп, фразеологиялық түйдекке айналған.
Сайда саны жоқ  деп жұмбақтап отырғаны - су, сайда есепсіз көп те, құмда ізі жоқ, сіңіп
кетеді.   Мұндағы   сай   -   өзен   -   мағынасындағы   сөз.   Сайдың   өзен   мағынасы   кейбір
фразеологиялық   тізбектердің   құрамында   сақталып   қалған:  бай   байға   құяды,   сай   сайға
құяды, жаман сайға су бітсе, өткел бермес кешкелі т.б.
70

«денсаулығын»   мезгіл-мезгіл   түзеп   отыру   –   қазіргі   күннің   үлкен
проблемасының бірі ғой. Қаншама тығыз, шапшаң дайындалып жатыр
дегеннің   өзінде,   жергілікті   орындарда   маман   механизаторлар   мүлде
жетіспейді.   Шалағай   мамандар   техниканы   тез   істен   шығарып
тастап, сайда  саны,  құмда ізі калып,  не бір керемет машиналардың
басына   құс   саңғып   жатқанын   әлі   де   көресің  (Ғ.Қайырбеков.   Ағаның
ауылында. «Қазақ әдебиеті», 1981, 7 тамыз). Автор болымсыз мәндегі
фразеологизмді өзгеше тұлғаға көшіріп, экспрессиялық әсерді күшейте
түскен.
  Сондай-ақ  жағымсыз   мәндегі   фразеологизмді  (адам   айтқысыз)
жазушының жағымды мазмұнда қолдануы да тап осы тәрізді тосын әсер
тудырады. Бұл тәсіл әсіресе әзіл әңгіме, юмор жанрындағы контекспен
жақсы үйлесіп тұрады:  Жол-жөнекей біз жынды көбелек секілді ұшып
жүрген бірнеше әйелден басқа керемет дейтіндей ештеме көрмедік. Ал
ауа-райы адам айтқысыз тамаша болып тұрды (Э.Распе. Мюнхаузеннін
хикаялары. Аударған О.Әубәкіров).
Жазушы   кейде   фразеологизм   сыңарларының   дағдылы   орнын
ауыстырып,   инверсия   жасайды.   Көбіне   еркін   тіркестерге   тән   мұндай
тәсілді жазушы фразеологиялық орамдарда қолданып, оның мазмұнын
кеңейте түседі: Ақжелкеден жаңалық хабарын естіп, жинасқан жерде
тұмсығымен   сүйкесіп,   жай-күйді   танысатын   бір   илеудің
құмырсқасындай іштей ұғысып, бір-біріне ым қағып тарасқан болатын
(М.Әуезов. Қилы заман). Дағдылы қолданыста илеудің құмырсқасындай
емес,   керісінше,  құмырсқаның   илеуіндей  деп   айтылатындығы   белгілі.
Инверсия   жасау   арқылы   жазушы   «өріп,   құжынап   жүр»   дегенге   қоса
«сыбайлас»   деген   жаңа   сема   үстемелеп   тұр.  Немесе   түйенің   үлкені
өткелде   (көпірде)   таяқ   жейді  дегенді  өткелде   түйенің   үлкені   таяқ
жейді деп өзгертудің де өзіндік мәні бар: Енді сені мен менің заманымда
Албан баласы мынаған кез болды, батыр... Өткелде түйенің үлкені таяқ
жейді... Айтсаң да, айтпасаң да тұйыққа келіп қамалдың  (М.Әуезов.
Қилы   заман).  Бұл   жерде   «түйенің   үлкеніне»   баса   мән   беріліп   отыр.
Өткел – қиын-қыстау кез де, «түйенің үлкені» – Ұзақ сияқты ел азаматы,
батырлар.
Фразеологизмдердің   сыңарларына   тән   тұрақтылықты   әдейі   бұза
отырып   жазушы   оның   мағынасын   қарама-қарсы   мазмұнда   өзгертеді.
Мысалы:  Тіленшідей атадан сені керең құлақ қып туғызған мен емес,
71

шүленнен   шөл   туғызған   мен   деп   пе   ең?   –   деп   кейіспен   кекетті
(М.Әуезов.   Абай   жолы).  Мысалдағы  шүленнен   шөл   туғызған  деген
фразеологиялық шоғыр «атақты кісіден тар кеуде туды» дегенді білдірсе,
шөлден   шүлен   туған  деп   өзгертуден   мүлде   қарама-қарсы   ұғым   пайда
болады.   Мұндайда   байқалатын   ерекшелік   –   фразеологизмнің
образдылығына   нұқсан   келмейді,   яғни   бірінші   иллюстрацияда
фразеологизм литотаға, ал екіншісінде гипербола түріндегі айшықтарға
(фигураларға) негізделген.
Фразеологизм   сыңарларының   дәстүрлі   орын   тәртібін   стильдік-
мазмұндық   мақсатта   өзгерте   жұмсаудың   тағы   бір   жарқын   мысалын
мынадай   контекстен   де   байқауға   болады:  Қызтуған   сайын   ұл   тілей
береді деген секілді көп тілекті үйе бермейік. Осыны орындасақ та аз
болмас. Бірақ ұл тілеген сайын қыз таба береді деп, тілек біткен жерде
қалмасын  (Ғ.Мүсірепов).  Осылайша   фразеологиялық   тізбектердегі
сыңарлардың орнын алмастыру арқылы суреткер қаламы қаламбурдың
ерекше   сирек   үлгісін   көрсеткен   және   бір   фразеологизмнің   екі   түрлі
формасын жарыстыра жұмсау арқылы градация жасап, сөздің әсерлігін
күшейте түскен.
Жалпытілдік   қолданыста  арпа   ішінде   бір   бидай  деп   айтылатын
фразеологиялық   шоғырдың   мағынасы   «топ   ішіндегі   таңдаулы,   елеулі,
ала   бөтен   ерекше   көрінетіні»   дегенді   білдіреді.   Жазушы
фразеологизмнің құрамындағы сөздердің  дағдылы орнын алмастырып,
сөзге   басқаша   мазмұн   береді:  Ал   Құланоты   аулында   соңғы   кезеңде
сексеннің   табалдырығынан   аттаған   жалғыз   Сырым   болды.   Қалың
бидайдың   ішінде   жалғыз   арпа  (Ш.Мұртазаев.   Кәрі   солдат).
Фразеологизмді   бұлайша   өзгертуден   оның   образдылығы   әлсіремейді.
Фразеологизмнің   семантикалық   структурасындағы   «таңдаулы»,
«іріктеулі» тәрізді семалар салғырттанып (деактуализацияланып) кетеді
де «оқшау», «алабөтен» деген семалар актуализацияланады. «Бір бидай
арпа, өзің біл қалқа»  деп келетін халық өлеңіндегі бір бидай арпаның
неге бұлай айтылатындығы қазіргі кезде белгісіз. Ал, шындығында, бұл
тіркес  арпа ішінде бір бидай-дың жаңғырған түрі
64
.    Фразеологизмнің
формасы жаңғырғанмен, образ тұрақты болады. Мысалы, «топ ішіндегі
64
Арпа ішінде бір бидай деген фразеологиялық тіркес ертеректе балалардың ойынында да айтылған.
Бөтен ортаны жатырқаған баланы қатарлары ортаға алып, түрткілеп әзіл түрінде  «арпа ішінде бір
бидай, шоқып алды бір торғай» деп, «етін үрететін» болған.
72

таңдаулы, қадірлі» деген образды мағына фразеологизмнің жалпытілдік
үлгідегі түріне де, контекстегі түрленген нұсқасына да ортақ.
Жазушы   қаламы   кейде   фразеологиялық   орамдардың
мағыналарындағы  образдылықты  сақтай отырып, олардың  лексикалық
құрамын   әрі   грамматикалық   мағынасын   да   өзгертіп   қолданады.
Жалпыхалықтық   тілде  ел   ішін   ала   тайдай   бүлдірді  деген
фразеологиялық   түйдек   бар,   «жұртты   дүрліктірді»   деген   мағынада
жұмсалады. Енді осы аталған фразеологизм көркем тіл кестесіне енгенде
өзгеше   структуралық,   грамматикалық   өзгеріске   түседі:  Тура   қойылған
сұрақтан тұра қашқысы келген Біржан ала тайдай бұзылған аспанға
қарады. – Көк айныды. Мынаусы жаңбыр ғой (А.Сүлейменов. Адасқақ).
Жалпытілдік   қолданыста   етістік   мағынасында   жұмсалатын
фразеологизм сындық мәнге көшіп, аспанның анықтауышы болып тұр.
Мұндай   түрлендіру   сындық   сапаның   интенсивтілігін   күшейте   түскен:
«Көк   жүзі   көшкен   жұрттай   әбігерге   түскен».   Фразеологизмнің   сырт
тұрпаты деформацияланғанмен, образды мағынасы бұзылмаған.
Көркем шығарма тілінде жиі жұмсалатын, эмоционалдық реңкке ие
бір алуан фразеологизмдер бар:
Ойлану – кейде наркескен
Жүректі сара тіледі.
Ойланбасаң жаның жай,
Қысыла қында жүреді (І.Жансүгіров). 
Жүректі тілді, жүректі сара тілді
65
  деген фразеологиялық тіркесті
жалпытілдік   үлгіде   алуды   жазушы   қаламы   місе   тұтпай,  жүректі
бауыздады  дейді:  Ақыл әнге апармайды, ән ақылға апарады. Жанның
дірілін, жаурағанын, тасығанын – иек артқанмен, сөзді арқаланбай-ақ
қалтқысыз жеткізетін ән. Ән кезегі с-з таусылғанда. Ақыл дәріс ми мен
санаға ұрса, ән-әуен жүректі бауыздайды. Жүрегі бауыздалмаған мал
харам (А.Сүлейменов. Адасқақ).
Алдынғы   сөйлемдегі   тұрақты   тіркес   соңғы   сөйлемдегі   еркін
тіркеспен астасып жатыр.  Жүректі тілді –  деп айтылатын  жалпытілдік
65
  Жүрек   тілді,   жүректі   сара   тілді  деп   келетін   фразеологиялық   тіркестің   фоны   (өмір
шындығымен нақты байланысы) жоқ тәрізді, сондықтан оның ішкі формасы метафораға құрылған
сияқты   көрінеді.   Шындығында,   бұл   фразеологизмнің   жасалуы   этнографиялық   салт-дәстүрмен
байланысты. Қазақ салтында малды бауыздайды да, бауыздалған  малдың  жүрегін ортасынан сара
(тік) тіліп, қанын ағызады (фразеологизмге осы көрініс негіз болған). Мұны жүрек бауыздау дейді.
73

нұсқаның   «көкіректі   қарс   айырды»   деген   бейнелі   мағынасы   авторлық
түрлендіруде де сақталғаны контексте айқын байқалады.
А.Сүлейменовтің «тентектеу» қаламы тұрақты тіркестердің «мұртын
басып» қоймай, «басын жарып, көзін шығарады» (бұл сөздерді жағымды
мағынада   айтып   отырмыз  –  Н.Уәлиұлы).   «Адасқақты»   оқып   отырып,
оқырман   контекстен   фразеологизмнің   өзін   көрмейді   де,   бейнесі   бар
екенін оймен сезіп отырады. Мысалы: Сөз бен әуеннің бауырына бүккен
қызыл   қырғын   әсерін,   кекіл   жарар   арын-екпінін,   тегеуірін-тепкісін
домбырамен жан алынып, жан берердей болған с-о-н-о-у боп келетін
бозбас іңірінен бастап індетіп ұғып жүрген Біржан, мына бәлемен –
ажалмен бастас болмаған екен  (А.Сүлейменов. Адасқақ).  Жазушының
ажалмен бастас  деген қолтума алогизм оқырман үшін әрі таныс, әрі
бейтаныс. Бейтаныс болатыны – тіркес мүлде тосын, ал таныс болатыны
– оқырманның түйсігінде батыр қандас, би құлақтас, бай бастас деген
фразеологиялық тізбек тұрады. Мына бір контексте де фразеологизмнің
өзі жоқ та, образы бар: Езуінен күлкі қашып көрмеген сен, Жәңке, – деді
Біржан – Басқаны мақтауға бардың, өзін мақтауға жоқтың өзі екенін
сенен көрдім. Ондайлар – аз. Сарала қаздың құмайындай ілуде біреу. Сол
мыңның бірдің бірі – сен. Кезінде көрдім, бірі – Абай  (А.Сүлейменов.
Адасқақ).  Теңеу   түріндегі   тіркес   оқырманның   бәріне   бірдей   түсінікті
болмауы ықтимал.
Құстың   (сарала   қаздың)   құмайы  болушы   ма   еді?"   деген   күдік
көңілде тұрады. Жалпыхалықтық тілде тегі жағынан фольклорлық үлгіге
жататын   сан-алуан   фразеологизмдер   бар.   Солардың   бірсыпырасы
мифологиялық   ұғыммен   байланысты.   Олар   көбіне  түйенің   жампозы,
иттің   сырттаны,   қойдың   құтпаны,   тазының   құмайы  түрінде
айтылады. Мифтік ұғымда «құмай тазының қолтығында қанаты болады,
тазы бауырын жазып қатты жүгіргенде қанаты жазылып, ұшқан құстай
аяғы   жерге   тимейді»,   «құмай   иттен   тумайды,   сарала   қаздың   (итала
қаздың)   жұмыртқасынан   жарып   шығады   екен»   дейді.   Міне,  тазының
құмайы  деген фразеологиялық тіркес контексте кездеспегенімен, оның
бейнелі   мағынасы  сарала   қаздың  құмайы  деген   авторлық   жаңғыртуда
бар екендігі сезіліп тұрады. Әрине, мұндай түрлендірулер жазушының
тіл   кестесін   күрделендіре   түседі.   Жазушы   оқырманның   эстетикалық
тәрбиесіне,  тіл түйсігіне  арқа сүйейді. Ал тәжірибесі  аз оқырман  тілі
күрделі бұндай шығармалардан эстетикалық әсер ала алмауы мүмкін.
74

Көркем   тіл   кестесіндегі   фразеологизмдер   –   өзінің   айшықты
мағынасымен   қымбат.   Суреткер   қаламы   дайын   бейнені   пайдалана
отырып   реалистік   сурет   салады.   Бірақ   олардың   кейбірінің   мағынасы
қазіргі жас оқырманға бейтаныс та болуы ықтимал:
Жерің анау – шала илеген терідей,
Желің мынау – дарымшының деміндей.
Көлің анау – насыбайлы түкірік,
Күнің анау – ауылнайдың мөріндей (І.Жансүгіров).
Өлеңнің эстетикалық сапасын көтеріп, ақынның сезімін дәл жеткізіп
тұрған фразеологиялық тіркестердің образды мағыналары. Шала илеген
терідей  –  қыртысы   жазылмаған,  дарымшының   деміндей  –  сасық,
жағымсыз,  ауылнайдың   мөріндей  –  бедері   кеткен,   әлсіз,  насыбайлы
түкірік – жасылдың көкпен былғанып, ақ араласқан түрі, міне, алдымен
осындай   образдарды   дұрыс   қабылдау   арқылы   реалистік   суреттен
эстетикалық   әсер   алып,   ақынның   көңіл   күйін,   жан   сезімін   тереңірек
ұғуға болады.
Осыған   қарағанда   жазушы   тілінің   байлығы   тек   сөз   санының
молдығымен ғана өлшенбейді. Қаламгер белгілі бір көркемдік мақсатқа
сай жалпыхалықтық тілдің қойнауынан алуан түрлі сөз алып, шығарма
тілінің   байлығын   еселей   түсуі   мүмкін.   Сонымен   бірге   сөзге   жаңа
мағыналық реңк, өзгеше мазмұн беру арқылы да тіл қазынасын байытып,
қорабасын молайтып отырады. Сондықтан жазушының тіл байлығы, бір
жағынан ана тіліміздің сөздік қорын қаншалықты игерді, пайдалана білді
деген сандық өлшеммен бағаланса, екінші жағынан, қаламгердің сөзге
дағдыдан тыс мағына үстеуі, мазмұн беруі, сөзді жаңа қызметке жегуі
тәрізді сапалармен де бағаланады. Осылардың барлығы, түптеп келгенде
жазушы тілінің байлығы болып есептеледі.
Көркем   әдебиет   тілінде   жұмсалатын   метафора,   эпитет,   теңеу,  сөз
мағыналарын   ауыс   мәнде   құбылта   қолдану   т.б.   ертеден   келе   жатқан
көріктеуіш тәсілдер. Сөз кестелеудің бұл тәрізді дәстүрлі түрлерінің ауыз
әдебиеті мен байырғы әдеби тіл мұраларында және жаңа әдеби тілімізде
жасалған небір айшықты, классикалық үлгілері бар. Көріктеу қуаты мол,
қолдану мүмкіндігі шексіз мұндай өміршең дәстүрлі тәсілдермен қатар
кейінгі кездердегі әдеби процестерде пайда болған, көркем қолданысқа
айнала   бастаған   тәсілдер   де   жоқ   емес.   Олар   әдеби   тілдің   стильдік
салаларының саралана түсуіне орай пайда болды.
75

Қоғамдық қызметінің өрістеуімен байланысты әдеби тіліміз көркем
әдебиет   стилі,   публицистикалық   стиль,   ғылыми   стнль,   ресми   стиль
делініп, стильдік арналары саралана түсті. Осы үрдіс жаңа бір көркем
тәсілдің пайда болып, көркем үлгі ретінде сөз шеңберлерінің қаламында
өңделе түсуіне бірден-бір түрткі жайт болды. Көркем әдебиет тіліне тән
тіл ресурстарын  (экспрессиялы-эмоциялы  сөздер,  эстетикалық  мәндегі
образды   қолданыстар,   фразеологиялық   тіркестер,   мақал-мәтелдер   т.б.)
көріктеуіш   тәсілдің   дәстүрлі   үлгілерін   асқан   шеберлікпен   қолдана
отырып, әйгілі қаламгерлеріміз өзге де функционалдық стильдерден тіл
бояуының соны түрін, сөз өрнектерінің жаңа нақышын тапты.
Көркем   проза   тіліндегі   сөз   табиғатын   айтқанда   олардың   кейбір
қасиеттерін   әдеби   тілдің   өзге   де   функционалдық   стильдерімен
(публицистика стилі, іс қағаздары стилі, ғылыми стиль, сөйлеу тілі стилі)
байланысты қарауға тура келеді. Өйткені тілдік құралдардың (сөз, сөз
тұлғалары,   синтаксистік   құрылымдар)   кейбірі   белгілі   бір   стильдік
тармақтарға тән таңбаға ие болса, енді бір саласы барлық стильге ортақ
болып келеді. Осы ортақтық әдеби тілдің тұтастығын сақтайды. Бұлар
бейтарап реңктегі тілдік құралдар деп те аталады. Бірақ әдеби тіл қарым-
қатынас қызметін өтеу барысында тұтастығын сақтауға да (интеграция),
іштей сала-тармақтарға жіктелуге де (дифференциация) бой ұрады. Бұл
үрдіс   қарама-қарсылықтың   бірлігі   мен   күрес   заңы   деп   аталатын
диалектикалық зандылықты еске түсірсді. Әсіресе  жіктеліс процесінің
нәтижесінде кейбір тілдік құралдар мен амал-тәсілдер қоғамдық өмірдің
белгілі бір саласында  жиі әрі белсенді жұмсала  келіп, сол салаға  тән
сипат   алады.   Осылайша   көркем   әдебиеттің,   публицистикалық
әдебиеттің, іс қағаздары тілінің, сөйлеу тілінің өзді-өзіне тән белгілері
қалыптаса түседі де, бұл белгілердің барлығы тағы бір ортақ системаға
топтаса келіп, сөйлеу тіліне қарама-қарсы тұратын кітаби тіл (книжная
речь)   жүйесін   түзеді.   Кітаби   тіл   жүйесіне   жататын   тілдік   құралдарға
негізінен   көтеріңкі   леп,   асқақ   үн   (публицистикалық   стиль),
интеллектуалдылық   (ғылыми   стиль),   пунктуалдылық   немесе   дәлме-
дәлдік   (іс-қағаздар   стилі)   тәрізді   функционалдық-стильдік   реңктер
басым болып келеді. Ал сөйлеу тілі реңкіне тән тілдік құрылымдардың
кітаби тіл реңкіндегі элементтермен салыстырғанда мазмұны бәсеңдеу,
экспрессиялық   реңкі     күшті   болып   келеді.   Енді   осы  айтылғандарға
76

күнделікті   өмірдегі   тіл   жұмсау   дағдыларынан   бірер   мысал   келтіруге
болады.
Әдетте   амандасуымыздың  аман-есенсіз   бе,   сәлеметсіз   бе,
ассалаумағалейкум, армысыз тәрізді синонимдік қатары бар. Оларды тіл
жұмсауымызда   ретіне   қарай   қолдана   береміз.   Ал   радио,   теледидар
дикторлары   соңғы   хабарды  армысыздар!,   ассалаумағалейкум!  деп
бастамайтыны  белгілі.  Сәлеметсіздер ме, құрметті жолдастар!, Кеш
жарық! немесе Қайырлы таң! тәрізді сөз орамы радио, телевизия тілінің
дәстүріне айналды. Микрофон арқылы өзгеше амандасу құлаққа мүлде
жат естілер еді. Сондай-ақ  -уда  тұлғасы  «Цех коллективі шикізатты
тиімді   пайдалануда»,   «Механизаторлар   жасыл   орақты
ұйымшылдықпен   өткізуде»  тәрізді   газет   хабарларында,   радио
репортаждарында   жиі   жұмсала   келіп,   публицистика   стилінде   орныға
түсті.   Ал   мұндайларды   үйреншікті   ортасынан   «көшіріп»,   өзге   жерге
(стильге)   «қондыру»,   болмаса   газет   бағанасынан   мүлде   аластау  көпе-
көрнеу зорлық тәрізді көрінер еді.
Немесе   баяндауыштың   құрамында   айтылатын  болып   табылады,
болып есептеледі, бірінен саналады тәрізді етістіктерді ресми жағдайда,
ғылыми   баяндауларда   орынды   болғанымен,   оларды   көркем   шығарма
немесе   сөйлеу   тілінде   жұмсаудың   ешбір   лайығы   жоқ.   Ешбір   адам
сөйлеуде жігіт көркі сақал болып табылады, сөздің көркі мақал болып
табылады демес еді. 
Бұл айтылғандардан байқарымыз – әдеби тіл стильдерінің өзді-өзіне
тән қалыптасқан немесе қалыптасып келе жатқан тілдік амал-тәсілдері
бар.   Солар   арқылы   стильдік   жіктеліс   тереңдей   түспек.   Олай   болса,
стильдік жіктелісті қазіргі әдеби тіліміздің дамуындағы негізгі бағыттың
бірі деуге болады. Бұл үрдістің көркем шығарма тіліне де тікелей қатысы
бар.   Өйткені,   кейбір   сөздердің,   грамматикалық   тұлғалар   мен
синтаксистік   құрылымдардың   қалыптасқан   стиль   аясын   сезінбей,   я
болмаса  ескермей екінші бір стильде, мысалы көркем әдебиет тілінде
жұмсай берсек, шғарманың тіл өрнегімен үндеспей селкеуленіп тұрады. 
Эксперессиялық-стильдік   қызметі   жағынан   да   фразеологиялық   сөз
орамдары біркелкі болып келе бермейді. Осымен байланысты бір алуан
фразеологизмдер   тілдік   қарым-қатынастың   белгілі   бір   саласында   ғана
жұмсалып, әдеби тілдің белгілі бір стильдік тармақтарына телулі болса,
кейбірі   барлық   салада   еркін   қолданыла   береді.   Осымен   байланысты
77

қазақ   әдеби   тілінің   айналымындағы   фразеологизмдерді   негізінен   үш
топқа   бөлуге   болады:   1)  кітаби   тіл  (книжная   речь)   реңкіндегі
фразеологизмдер,   2)  сөйлеу   тілі  (разговорная   речь)   реңкіндегі
фразеологизмдер,   3)  бейтарап  реңктегі   фразеологизмдер.   Бұлардың
ішінде бейтарап реңктегі фразеологизмдерде бағалауыштық (оценочный)
қасиет болмайды және сан жағынан да өзгелермен салыстырғанда аздау
болып   келеді.   Сондықтан   фразеологизмдердің   бұл   тобына   арнайы
тоқталып жатпаймыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет