Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет44/46
Дата15.03.2017
өлшемі3,99 Mb.
#9386
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

Ключевые  слова:  общественная  политическая  лексика,  политические  эвфемизмы,  информация,  реце-
пиент, язык СМИ. 
 
The political euphemisms in the language of information programs 
 
This article discusses the main directions of modern linguistics in the study of the language of mass media. 
Author on the material of different informational texts of the state and independent analytical programs, and also 
newspapers and magazines, investigates political euphemisms of the mass media language, their meaning and the 
sense used in various contexts. The article also examines the using of particular political euphemisms in the language 
of television programs, political euphemisms in the language of mass media, and built synonymous lines based on 
these examples. Methods of impact on mass consciousness of TV viewers by means of using the political 
Г.А. Машинбаева 

261 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
euphemisms, and also function of the mass media language are considered, the possibility of pressure upon public 
opinion, types of multiple-valued reading of the texts and their understanding are studied. 
Thus, extensive using of political euphemisms indicates the high level of the culture language, the development 
of the colloquial genre in journalism and the mass media language. The author analyzes the research methods of the 
periodicals, the social character of articles, and formation of the mass consciousness through the media. The article 
examines the particular periodicals, euphemistic meaning of words and expressions used in journalism, moral and 
ethical meaning of words and expressions, and the nature of social and political influence of the media. The author 
analyzes the relationship between the language of media and the economic and social condition of the state, defines 
the boundaries of the using of euphemisms and political development of public opinion. 
At the end, author concludes that the using of euphemisms, as in literary texts and language of the media, shows, 
first, the richness of language, and secondly, the continuous improvement and diversifying of the cultural outlook of 
people. 
Key words: public political lexicon, political euphemism, information, recipient, the language of mass media. 
____________________________________ 
 
 
Грушиннің пікірінше: «Ақпарат дегеніміз – 
бұл  белгілі  бір  объектінің  немесе  оқиғаның 
жай-күйі  туралы  ақпарат  алушының  білімінің 
белгісіздігін жоюдың амалы» [1,5].  
Журналист  құнды  материалды,  яғни  ақпа-
ратты  құқықтық,  саяси,  эстетикалық,  діни,  эти-
калық,  көркем  қызметтегі  бағыттардан  алады. 
Бұл  құнды  категориялар  қоғамда  жасалады. 
Журналист  оны  мәніне,  халқына,  сұранысына 
қарай  нақты  факті  ретінде  қолданады.  Ол 
ақпарат  жасау  барысында  қалың  аудитория 
мүмкіншілігін  ескереді.  Бұл – басты  шарт.  Ол 
өз материалын қарапайым ауызекі сөйлеу тілі-
мен құрастырғанның өзінде «өліп қалды», «со-
ғыс басталды», «өртеніп кетті», «атып кет-
ті», «түрмеге  түсті», «бандит»,  «қарақшы» 
деудің  орнына  бүркемелеп,  басқаша  атайды. 
Мысалы: «өліп  қалды» – «қаза  тапты», «со-
ғыс  басталды» – «дүмпу  болды», «бас  көтер-
ді».  Сөздерді  бұлай  қолдануды  қазіргі  қазақ 
тілінде саяси эвфемизмдер деп атайды.   
Эвфемия  құбылысы  мен  табу  өзара  тығыз 
байланысты.  Әдетте  табу  дегеніміз – әлдеқан-
дай  себептермен  (наным-сенім,  саяси,  әкімші-
лік, т.б.) тыйым салынған атаулардың басқаша 
сөзбен  аталуы,  ауыстырылуы.  Адамның  өзге 
де заттар мен құбылыстардың аттарын өз аты-
мен  атамай,  басқаша  ат  беру  ең  алдымен  ерте 
замандағы мифологиялық ойлаудың формасы-
мен тығыз байланысты.   
Қазақ  тіліндегі  табу  мен  эвфемизмдердің 
тілдік табиғатын зерттеуге арналған Ә. Ахметов-
тың  «Қазақ  тіліндегі  табу  мен  эвфемизмдер» 
[2, 305], азербайжан тіліндегі табу мен эвфемизм 
құбылысына арналған Х.М. Джаббаровтың «Табу 
и  эвфемизмы  в  азербайджанском  языке» [3, 
27],  Н. Исматуллаевтың  «Эвфемизмы в совре-
менном  узбекском  языке» [4, 153] деген  ең-
бектерін,  И.Л.  Циртаутастың  «К  вопросу  о 
табу  и  эвфемизмах  в  казахском,  киргизском, 
узбекском  языках» [5, 23-31],  Ш.Ч.  Саттың 
«Табу и эвфемизмы в тубинском языке» мақа-
лаларын [6, 42-45 бб.] атап айтуға болады. 
Эвфемизмнің  тұрақты  белгілері,  бірінші-
ден, тыйым салынған сөздерді (мифологиялық, 
діни,  саяси,  әкімшілік,  идеологиялық,  т.б.) 
басқа атаулармен ауыстыру, екіншіден, белгілі 
бір  тілдік  ұжымда  айтуға  ұят  саналатын  сөз-
дерді (кейбір дене мүшелері, жыныстық қаты-
насқа байланысты атаулар, физиологиялық зат 
алмасумен  байланысты  атаулар,  т.б.),  үшін-
шіден,  сөйлеуші  ұғымында,  түсінігінде  «дө-
рекі», «әдептілікке»  жатпайды-ау  деген  сөз-
дерді басқаша сөздермен (қарапайым лексика) 
ауыстыру, төртіншіден, тыңдаушыға «жайлы», 
«жағымды»  болып  көрінетін  сөздерді  таңдау, 
талғау.  Міне,  бұл  аталғандарды  эвфемизм-
дердің  тұрақты  белгілері  деп  атауға  болады. 
Қоғамдық  сананың  өзгерілуі,  мысалы,  мифо-
логиялық  ойлау  жүйесінің  орнына  прагмати-
калық ойлаудың басым сипатқа ие болуы, сон-
дай-ақ  діни  сананың  орнына  ғылыми  сананың 
орнығуы  эвфемизмдердің  өзгеруіне,  ескіруіне, 
жаңарып-жаңғырып отыруына қатты әсер ете-
тін  фактор  екені  сөзсіз.  Сондай-ақ  эвфемизм-
дердің мағыналық-семантикалық тұрғыдан бірде 
көнеріп,  бірде  жаңарып  отыратын  ерекшелігі 
ең алдымен қоғамның әлеуметтік құрылымын-
дағы өзгерістермен де тығыз байланысты.  
Эвфемизмдер – тілдің  сөздік  құрамын 
байытады, синонимдік қатарын көбейтеді; 
–  функционалдық-стильдік  айырымдарды 
тереңдетеді; 
– тіл мәдениетін, адамның жеке мәдениетін 
қалыптастыруға әсер етеді; 
–  сөз  этикеті  нормаларын  қалыптастыруға 
ықпал етеді. 
 Міне,  бұл  айтылғандар  эвфемия  құбылы-
сын екі өлшемде – жан-жақты және тереңдете 
зерттеудің өзектілігін көрсетеді.  
Әдеттегі  эвфемизмдер  жеке  адамдар  ара-
сындағы  коммуникативтік  қолайсыздықты  бол-
Ақпараттық бағдарламалар тіліндегі  саяси эвфемизмдер 

262 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
дырмауды көздейді де, жеке бастық қатынасқа 
тән  сипатқа  ие  болады.  Ал  телеақпараттық 
хабарлардағы  эвфемистік  формалардың  әлеу-
меттік  сипаты  басым  болады.  Мысалы,  жеке 
коммуниканттар  арасында  адресатқа  «еңбек 
ардагері»,  «құрметті  демалыстағы  адам», 
«зейнеткер», «қария»  деп  сөйлеу  пенсионер 
деуден  әлдеқайда  сыпайы  форма  болып  табы-
лады.  
Ақпараттық хабарлар тілінде, әсіресе, мем-
лекеттің  сыртқы,  ішкі  саясаты,  экономиканың 
әлеуметтік  саласындағы  саясат,  қауіпсіздік, 
құқық қорғау, т.б. салалар эвфемизациялаудың 
объектісі  болып  табылады.  Әдетте,  жеке  бас-
тық  қатынаста  әлеуметтік  қатынаста  болсын, 
адамның  психологиялық  күйіне  ауыр  тиетін 
кейбір  сөздер  эвфемистік  форманы  қажет 
етеді. Мысалы, қылмыстық атаулармен байла-
нысты  көптеген  сөздер  эвфемизмдердің  қата-
рында қаралып жүр. Түрме, қамау тәрізді көрер-
мен психологиясына қолайсыз әсер тудыратын 
сөздер  арнайы  сөздермен  бүркемеленіп  бері-
леді. Яғни телеарналардан көрсетілетін бағдар-
ламаларда  журналистер  қамау,  қамауға  алу, 
түрмеге  отырғызу,  абақтыға  жабу  сияқты 
нақты  номинатив  терминдерді  көрермен  ал-
дында  қолданудан  қашқақтайды.  Олар  көрер-
менге  психологиялық  жағымсыз  әсер  қалды-
ратын  атауларды  өз  тілдеріндегі  арнаулы  тер-
миндермен атайды.  
  Отырғандардың  тәртібі  жақсы  болса, 
күніне 2-3 сағат  таза  ауаға  шығарылады 
(«Хабар», «Талап пен тәртіп», 21.10.05). 
Өмір  бойы  бас  бостандығынан  айрылған-
дар үшін арнайы камералар салуды біздің елі-
міз Ресеймен ақылдаспақшы («Хабар», «Талап 
пен тәртіп», 21.10.05). 
Рақымшылыққа  ілігу  үшін  қойылатын 
басты шарт олардың жасаған қылмысы ауыр 
қылмыс болмау керек («Қазақстан», 01.11.05).   
Осы  мысалдардағы  қамалғандар  сөзінің 
эвфемистік  сипатын  беретін  қатар:  «отыр-
ғандар», «бас  бостандығынан  айрылғандар» 
тіркестері арқылы «ұрды», «ұрлады», «соқты», 
«ұрлықшы»,  т.б.  жағымсыз  реңктегі  қылмыс-
тық  атаулар  бүркемеленіп  қолданылған.  Сөй-
лемде  түрмеден олардың қылмысы жеңіл бол-
са  шығарады  деуден  гөрі  «рақымшылыққа 
ілігу  үшін»  тіркесі  сияқты  саяси  эвфемизмдер 
қазіргі  теледидар  тілінде  кеңінен  қолданы-
лады. 
Сондай-ақ «салық төлеуден қашты», «адам 
өлтіргенді»  немесе  «ұрлықшыларды  ұстады», 
«ұрланған ақша», т.б. қылмыстық істерді тура 
мағынасында қолдану қай көрерменді болса да 
жалықтырады.  Мысалы  суыққолды  болған 
қаржылар,қымқырған  қаржы,  жемқорлыққа 
бой  алдырған – пара  алған  деген  эвфемистік 
форманың «ұрланған» деген формасын адресат 
қиындықсыз түсінеді. 
Бірақ  кейбір  ақпарат  таратушы  агент-
тіктерінің  хабарлауынша,  биліктен  кеткен 
шенеуніктердің көбі жемқорлыққа бой алдыр-
ған («Қазақстан»,  С. Дауылбай, 13.12.05). 
Жемқорлықтан  бірінші орын  полиция  қыз-
меткерлері  болып  отыр.  Одан  кейін  қара 
тізімде  жол  полициясы  мен  өрт  орталығы 
екен («Хабар», Арман Балтабайұлы).  
Мемлекеттік  басқару  жүйесі,  оған  қызмет 
ететін  идеологиялық  аппараттардың  қоғам-
дағы  гуманизмге  жат  қатігездік  іс-әрекеттерін 
анық  айтудан,  жалтарумен  байланысты  бүр-
кеме  эвфемизмдер  қолданылады.  Ондай  іс-
әрекеттерді  өз  атымен  атау  үрей  шақырып, 
қорқыныш тудырады. Сондықтан үрей, қорқы-
ныш, қолайсыздық туғызатын атауларды эвфе-
мизмдермен  бүркемелеу  негізін  іс-әрекетті 
былайғы  жұрттан  жасырын  құпия  органдарда, 
аппараттарда, мекемелерде жиі қолданылады.  
  Бұл  мәселенің  анық-қанығы  анықталған 
соң,  құзырлы  орындар  арнайы  шешім  қабыл-
дайды (Арман Балтабайұлы, 18.11.05). 
 Билік  басына  жаңа  адамдар  келгенімен 
билік  келбеті  өзгерген  жоқ  (Арман  Балтабай-
ұлы, 18.11.05). 
Көлік иесі техникалық қызмет көрсету ор-
нына  жол  полициясына  немесе  басқа  да  құ-
зырлы  мекемеден  анықтама  қағазын  әкелуі 
керек («Информбюро»,  Д.  Қонысбек,  Солтүс-
тік Қазақстан облысы, 31.10.05). 
 Мұндағы  «билік  басы», «құзырлы  орын-
дар», «құзырлы  мекемеден»  сияқты  мемлекет-
тік  орындар  атауларын  журналистер  сөздік 
қайталауларға жол бермеу мақсатында қолдан-
ған.  Осы  мысалдарға  ұқсас  журналистер  қыз-
мет,  мамандық  атауларын  да  халыққа  қара-
пайым  тілмен  түсінікті  етіп  жеткізуге  талпы-
нады. 
Ал  «қарға  қарғаның  көзін  шұқымайды» 
демекші,  алатаяқтылар  бұл  іске  немқұрайлы 
қарады («КТК», «Күндерек», Кенже Жұман). 
Оқиғаның  болған  жеріне  келген  тәртіп 
сақшылары  істі  лезде  тындырды («КТК», 
«Күндерек», Жазира Бегалы). 
Президент  қалам  тербегендерге  ел  қамын 
ойлауды  тапсырды  («Рахат»  арнасы,  Кенже 
Жұманұлы, 21.04.05). 
Бұл мысалдардағы «алатаяқтылар» – МАИ 
қызметкерлері,  «тәртіп  сақшылары», «құқық 
сақшысы»  –  полиция  қызметкерлері,  «қалам 
Г.А. Машинбаева 

263 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
тербегендер» – жазушылар  деген  мағынаны 
білдіреді. 
Теледидар  хабарларында  жиі  кездесетін 
«атқамінер  мырзалар», «депутат  мырзалар», 
«билік  басындағылар»  тәрізді,  яғни  ақпарат-
тың  нақтылығы  жоқ,  ешкімнің  аты-жөні  ай-
тылмайтын  сөз  топтарын  әмбебап  штамптар 
деп  атадық.  Штамптың  соңғы  типін  қолдану-
шылар  әлдекімді  сынаған  болып,  шындыққа 
ара  түскен  болып,  белгісіз  біреудің  көлеңке-
сімен күресіп жүреді. 
Жоғарыда  айтылған  перифраз  штамптар, 
әмбебап  штамптар  ақиқатты  боямалап  көрсе-
тудің, шындықты бүркемелеудің, ақиқатты ай-
налып өтудің эвфемистік формалары. Субъект 
(сөз  иесі)  белгілі  бір  мақсатпен,  себептермен 
ақиқатты  тура  айтпай,  айналып  өтеді  немесе 
шындықты  бүркемелейді.  Яғни,  ақиқат  шын-
дық  (денотат)  табуға  айналады.  Ал  жоғарыда 
сөз  болған  перифраз  штамптар,  жылтырақ 
штамптар,  әмбебап  штамптар  сол  табудың 
эвфемистік субституттары болып табылады.  
 Кейбір басшылар құр шөппен ауыз сүртіп, 
ел ахуалын түзеген сыңай танытады. 
 Бұл  мәселенің  нақты  түйіні – билік  ба-
сындағылардың шешімінде болса керек.  
 Елбасының  Жолдауын  жоғары  бағалаған 
депутат  мырзалар  ауыл-ауылға  үлкен  жауап-
кершілік арқалап қайтты. 
Сондай-ақ  бағалауыш  мәнде  қолданыла-
тын тіркестер теледидарлық хабар тілінде көп 
кездеседі.  Қоғам  өміріндегі  кез  келген  құбы-
лыс  әлеуметтік-идеологиялық  бағалаудың  ны-
саны  бола  алады. «Бағалау  дегеніміз = тіл  + 
ойлау + шындық немесе ақиқат (реальды өмір) 
трихотомиясының нәтижесі болса, ал бағалау-
дың  семантикалық  категориясына  бағалауыш-
тық  жатады.  Сондықтан  да  баға – адам  сана-
сында үнемі тоқтаусыз жүріп жататын процесс 
және  ол  адамның  ойлау  қабілеті  арқылы  іске 
асатын  интеллектуальды-психикалық  акт  бо-
лып  табылады» 
7,63  б.. «Атқамінерлер», «ат 
төбеліндей  шенеуніктер», «ұлықтар», «ортан 
қол шенеунік» тіркестері негативті әлеуметтік-
бағалауыштық  мәнде,  ал  «іс  басында  отыр-
ғандар», «лауазым  иесі», «төменгі  шенеунік-
тер» – позитивті  әлеуметтік-бағалауыш  мәнде 
қолданылатын тіркестер болып саналады.  
Бұл істің мән-жайын шешуде ауыл атқамі-
нерлері  де  дәрменсіз  болып  шықты («Қазақ-
стан», «Елден хабар», Ә. Шаймерден). 
Ат  төбеліндей  шенеуніктердің  халық  мүд-
десіне  тиіп-қашып  қарайтыны  көңілге  кірбің 
ұялатады («31 арна», «Информбюро»,  Шы-
нар). 
Ұлықтар  Астанаға  көшуден  неге  қашқақ-
тайды?  Астананың  суығынан  ба  екен,  әлде 
оңтүстік астананың той-думанын қимай ма? 
Мерзімді баспасөз, теледидар, радио хабар-
лары  тілінде  жиі  жұмсалатын,  тұрақты  қолда-
нылатын  сөз  орамдарының  ерекше  түрі  бар. 
Олар – эвфемистік  перифраздар.  Олардың 
біразы  мына  тәрізді:  «қанатты  метал» – 
алюминий, «қара алтын» – мұнай, «ақ алтын» 
–  мақта, «ақ  ұлпа» – қар, «дала  аруы» – 
жүгері, «теңіз  алыптары» – киттер, «қыр 
баласы» – ауыл  баласы, «солтүстік  еркелері» 
–  страустар, «алла  үйі» – мешіт, «саналы 
сандық» – компьютер, «темір  тұлпар» – 
машина, «Алтайдың  ар  жағынан  келген  қан-
дастар» – оралмандар, түрме т.б. 
Австралияның  оңтүстігінде  теңіз  алып-
тары (киттер) қырылуда («Хабар», 25.10.05). 
 Онсыз да ата-баба тәжірибесінен білетін 
қыр баласы осы кәсіптен мол пайда табамын 
деп  ойлайды («Елден  хабар»,  М.  Баймолда, 
10.11.05). 
Қария  қолындағы  қанаттылардың  қатер-
ден аман екеніне сенімді («НТК», 1.11.05). 
Ауыл  қара  домалақтары  кешкісін  жара-
пазан айтуға шықты («НТК»). 
Темір  тұлпарды  ерттеп  мінген  Гуля  апай 
мұнсыз жұмыс бітпейді дейді («Хабар», Руслан 
Оспанов, 08.03.05). 
Күнкөріс  үшін  осы  ауыр  темірді  қолға  ал-
дық  дейді  әйелдер  қауымы («Астана», «Осы 
сағатта», 14.04.06). 
 Кей аудандарда ақ ұлпаның қалыңдығы бір 
метрге жеткен екен («Оңтүстік астана», Данияр 
Меңлібеков, 24.12.04). 
Бұл  мысалдардағы  эвфемистік  перифраз 
сөздердің лингвистикалық дәрежесі осы күнге 
дейін  анық  емес.  Лингвистикалывқ  зерттеу-
лерде  бұл  газети  фразеологизмдер,  перифраз-
дар, газети  стандарттар, газети  штамптар 
әртүрлі аталып жүр. Кейбір зерттеулерде пери-
фраздар  «көркем  перифраздар»  және  «штамп 
перифраздар» делініп, парқы ажыратылып қа-
растырылып  жүр.  Саяси-әлеуметтік  іс-шара-
ларды нақты атамай, жалпылап жеткізу де ақ-
параттық  хабарлардың  үрдісіне  айналған. 
Осындай  сөздер  теледидар  лексикасының  бір 
бөлігін құрайды.  
Президент  журналистердің  сайлау  алды 
науқанында  журналистік  этиканы  сақтауға 
шақырды  (Арман  Балтабайұлы, «Хабар», 
21.10.05).  
Бүгін Азербайжан елінде үгіт-насихат нау-
қаны  аяқталды («Қазақстан»  С.  Дауылбай, 
04.11.05. 
Ақпараттық бағдарламалар тіліндегі  саяси эвфемизмдер 

264 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
Төрағаның  сөзіне  қарағанда  қол  жинау 
науқанында  бірқатар  заң  бұзу  оқиғалары  да 
тіркелген («Қазақстан»,  М.  Тұрмағамбетов, 
26.10.05).  
Саяси науқан  жақындағалы бері Путиннің 
төбесі көріне қоймаған соң, ол ойын ақи-тақи 
паш етті («Мезгіл», 24.04.04). 
Бірақ  қоғамда  ол  дәл  шешімін  таппай, 
басы ашық мәселе ретінде қалып қойды. 
Үкімет  елдегі  бұл  игілікті  істерді  қалта-
сынан  қаржыландырып  отыр    (Арман  Балта-
байұлы, 16.11.05). 
Кәсіпорын  болса  Нұралыға  көмек  қолын 
созудан бас тартып отыр екен.  
«Сайлау  алды  науқаны», «қол  жинау», 
«саяси  науқан» – сайлау  мәселесіне  қатысты, 
«бір  үстел  басына  жинау» – жиналыс  өткізу, 
«басы  ашық  мәселе»  –  белгілі  мәселе, «қал-
тасынан  қаржыландырып» – бюджеттен  тө-
леп отыр, «көмек қолын созудан» – көмектесу-
ден деген мағынаны білдіреді. 
Ақпараттық  хабар  тілінің  басым  бөлігін 
саяси  эвфемизмдер  құрайды.  Мұның  басты 
себебі,  саяси  қоғам,  халық  өмірінде  болып 
жатқан  әлеуметтік  мәселелерді  бағалауыштық 
мәнде  жеткізу,  екіншіден,  қоғамда  болып 
жатқан қылмыстық істер, кереғар қылықтарды 
халық  санасына  ишараттап  беру,  үшіншіден, 
журналистердің  уақыт  ұту  мақсатында  дайын 
қалыптарды қолдануы. Алғашқы аталған екеуі 
кейде  жаңа  ұғымдар  туындатып,  байыптап, 
дамытуға  әрекет  жасаса,  үшіншісі,  керісінше, 
тілдің  дамуына  кедергі  жасайды.  Қоғамдық 
өмірдің әр алуан саласына тән терминдер, но-
менклатуралық атаулардың эвфемизмге айналуы 
тележурналистердің меншігінде.   
 
Әдебиеттер 
 
1 Грушин Б.А. Массовое сознание: Опыт определения и проблемы исслед. – М.: Политиздат, 1987. – 367 с.  
2 Ахметов Ә. Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер. – Алматы: Мектеп, 1995. – 305 б. 
3 Джаббаров Х.М. Табу и эвфемизмы в азербайджанском языке: Автореф. дис. канд. филол. наук: 10.02.06. – Баку, 1972. 
– 27 с.  
4 Исматуллаев Н. Эвфемизмы в современном узбекском языке. – Ташкент: Фан, 1964. – 153 с. 
5 Циртаутас И. (Сиэтл, США) К вопросу о табу эвфемизмах в казахском, киргизском и узбекском языках // Советская 
тюркология. – 1976. –№ 4. – С. 23-31. 
6 Момынова Б. Қазақ газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. – Алматы: Арыс, 1998. – 131 б. 
 
References 
 
1 Grushin B.A. Massovoye soznaniye: Opyt opredeleniya i problemy issled. – M.: Politizdat, 1987. – 367 s.  
2 Akhmetov Ә. Қazaқ tіlіndegі tabu men evfemizmder. – Almaty: Mektep, 1995. – 305 b. 
3 Dzhabbarov Kh.M. Tabu i evfemizmy v azerbaydzhanskom yazyke: Avtoref. dis. kand. filol. nauk: 10.02.06. – Baku, 1972. – 
27 s.  
4 Ismatullayev N. Evfemizmy v sovremennom uzbekskom yazyke. – Tashkent: Fan, 1964. – 153 s. 
5 Tsirtautas I. (Sietl, SShA) K voprosu o tabu evfemizmakh v kazakhskom, kirgizskom i uzbekskom yazykakh // Sovetskaya 
tyurkologiya. – 1976. – № 4. – S. 23-31. 
6 Momynova B. Қazaқ gazetіndegі қoғamdyқ-sayasi leksika. – Almaty: Arys, 1998. – 131 b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г.А. Машинбаева 

265 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
УДК 81:001.12/.18 
         81'373; 001.4 
 
Г. Б. Мадиева
1

 
Д. Б. Мадиева
2
 
1
д. ф. н. профессор, 
2
докторант PhD Казахского национального университета им. аль-Фараби,  
Алматы, Казахстан 
e-mail: 
gmadi@mail.ru
 
 
К вопросу изучения эвентонимов: постановка проблемы 
 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  определения  эвентонимов  как  класса  имен  собственных  и  ставятся 
некоторые  проблемы  их  исследования.  В  ряду  хрононимов  выделяется  класс  слов,  которые  называют  не 
только  временные  отрезки,  но  и  события,  проходящие  в  этот  временной  отрезок,  т.е.  названия  событий.  В 
связи с этим, особое значение и интерес представляет специфический разряд онимической лексики – эвенто-
нимы,  которые  до  настоящего  времени  не  были  предметом  разностороннего  изучения  в  казахстанской 
ономастике.  Однако  эвентонимы  в  большей  или  меньшей  мере  в  настоящее  время  включаются  в  исследо-
вательское поле в зарубежной лингвистике. Анализ научной литературы позволяет представить обобщенное 
определение этого термина: эвентоним – имя определенного события (исторического, культурного, социаль-
ного). Более тщательное изучение этого термина и понятия, которое оно именует, даст возможность детали-
зировать  дефиницию  этого  термина.  С  этой  проблемой  тесно  связана  другая – проблема  определения  оно-
масиологического  статуса  эвентонимов.  Эвентонимы  могут  выполнять  характеризующую,  информативную 
роль,  не  являются  статическими,  они  подвержены  изменениям  в  связи  с  социальными  переменами,  рас-
ширением информационного пространства, возникновением новых событий и т.д.  
Ключевые слова: имя собственное, оним, хрононим, геортоним, эвентоним.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет