Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет39/46
Дата15.03.2017
өлшемі3,99 Mb.
#9386
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46

Әдебиеттер 
 

http://platonovfest.com/programm/31
, Биография Филиппа Жанти. 
2 «Егемен Қазақстан» // №11 (28235) 18 қаңтар, 2014.  
3 А.Мұқан. Ортеке ІІІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі  // Театр. кз: ТҚО. – Бас. 12. − Алматы: Өлке, 
2013. – 15 б. 
 
References 
 
1 http://platonovfest.com/programm/31, Biografiya Filippa Zhanti. 
2 «Egemen Қazaқstan» // №11 (28235) 18 қaңtar, 2014.  
3 A.Mұқan. Orteke ІІІ Halyқaralyқ қuyrshaқ teatrlarynyң festivalі  // Teatr. kz: TҚO. – Bas. 12. − Almaty: Өlke, 2013. – 15 b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ш. Смайлова 

233 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
 
ӘОЖ 004.738.5 
 
Ж. Таубаев 
 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ІІ курс магистранты, 
Алматы қ., Қазақстан 
Ғылыми жетекші − ф. ғ. д. профессор Г. Б. Мәдиева 
e-mail: 
zharasxiansheng@mail.ru
 
 
Интернет қарым-қатынасындағы бейресми есімдердің топтастырылуының 
кейбір мәселелері 
 
Берілген мақала интернет қарым-қатынасындағы бейресми есімдердің топтастырылуының кейбір мәсе-
лелерін  қарастырады.  Мақалада  интернет  қарым-қатынасты  зерттеген  отандық  және  шетелдік  ғалымдарға 
шолу жасалды. Ономастика ғылымының  антропонимика саласы туралы да аз-маз айтылып, анықтама беріліп 
кетеді.  Өйткені  ол  тікелей  ресми  және  бейресми  есімдерге  қатысы  бар  және  соларды  зерттейтін  ғылым. 
Сонымен  қатар  автор  бейресми  есімдердің  пайда  болу  себептеріне,  ерекшеліктеріне,  бейресми  есімдердің 
түріне жататын лақап есім мен бүркеншік есімдерге де анықтама беріп, олардың айырмашылықтары туралы 
айта  кетеді.  Бүркеншік  есім  мен  лақап  есімдерге  бірнеше  мысалдар  келтіріліп,  қандай  мақсатта  сол 
бүркеншік  есім  немесе  лақап  есімнің  таңдалғаны  туралы,  қандай  мағына  беретіні  туралы  тоқталып, 
түсіндіріліп  өтеді.  Мақаланың  соңында  автор  интернет  қарым-қатынас,  бейресми  есімдер  туралы  өзінің 
қорытындысын айтады. 
Түйін сөздер: бүркеншік есім, лақап есім, қарым-қатынас, ақпарат. 
 
Ж. Таубаев 
Некоторые аспекты классификации неофициальных имен в интернет-коммуникации 
 
В  статье  рассматриваются  неофициальные  имена  в  интернет-коммуникации.  В  работе  дается  краткое 
определение термину “Интернет”. Проводится анализ взглядов и точек зрения отечественных и зарубежных 
исследователей относительно вопроса, особенностей и трудностей в интернет-коммуникации. Также дается 
определение  антропонимике,  так  как  этот  раздел  науки  ономастики  имеет  непосредственное  отношение  к 
изучению  официальных  и  неофициальных  имен.  Автор  подробно  останавливается  на  видах  никнеймов,  в 
структуре  псевдонимов,  и  иллюстрирует  это  различными  примерами.  Помимо  этого  определены  причины 
зарождения  псевдонимов,  никнеймов  в  интернет-коммуникации.  Приводятся  различные  примеры  и  дается 
ответ почему виртуальный коммуникатор выбирает именно тот псевдоним или никнейм для коммуникации. 
К этому еще автор дает определения к прозвищам которых выбрали различные виртуальные коммуникаторы. 
В конце статьи автор дает свое заключение относительно интернет-коммуникации и неофициальных имен. 
Ключевые слова: ники, псевдонимы, коммуникация, информация. 
 
Zh. Taubayev 
Some aspects of classification of unofficial names in Internet communication 
 
This article considers unofficial names (Nicknames) in internet communication. There are given a number of 
own and foreign scientists, linguists who dealt with the study of Internet communication and it’s pecularities. There is 
given definition of an onomastics because it studies features, pecularities of official and unofficial names. The author 
dwells on some types of classification of nicknames and gives examples of them. Apart from giving classification, 
also gives some reasons of appearing and why do many communicators choose and use nicknames, what do they 
mean or imply, is it quite important to have nicknames or just tendency among people. In addition to this the author 
gives structural features of nicknames and shows how are they various and different. Article ends with author’s 
conclusion regarding issue. 
Key words: nicknames, pseudonyms, communication, information. 
_________________________________ 
                                      
Сөз басында алдымен интернет сөзіне тоқ-
тала кететін болсақ, интернет (ғаламтор) деге-
німіз – компьютерлік  желілердің  ақпарат  ал-
масуға  арналған  бүкіләлемдік  қауымдастығы, 
бір-бірімен  телекоммуникация  арналары  ар-
қылы  мәлімет  алмасатын  әртүрлі  аймақтағы 
компьютерлік  желілердің  біріктірілген  та-
рабы. 
Интернет қарым-қатынас мәселелері, ерек-
шеліктері 
туралы 
шетелдік 
ғалымдар  
Интернет қарым-қатынасындағы бейресми есімдердің топтастырылуының кейбір мәселелері 

234 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
Ю.Д.  Бабаева,  Е.П.  Белинская,  А.Е.  Войскун-
ский,  А.Е.  Жичкина,  Д.В.  Иванов,  Д.И.  Кутю-
гин, J. Steuer, Sh. Turkle, K. S. Young [1, 72] 
және  отандық  Ә.С.  Рахымберлина,  Н.  Г.  Са-
ниязова және т.б. ғалымдар зерттеген.  
Интернет қарым-қатынастағы бейресми есім-
дерге тоқталмас бұрын олардың шығу себепте-
ріне  тоқталып  кетсек.  Интернет  қарым-қаты-
настағы бейресми есімдердің шығу себеп-тері: 
   - виртуалды әлемде жасырын, еркін түрде 
ақпарат алмасу үшін; 
   -  өзінің  орындалмайтын  арманын  тым 
болмағанда  виртуалды  әлемде    жүзеге  асыру. 
Мысалы,  тым  болмаса  виртуалды  әлемде  бел-
гілі  бір  керемет  әнші  болу.  Оны  белгілі  ән-
шінің  фотосын  және  сол  әншінің  есіміне  ың-
ғайлап  бейресми  есімін  таңдап  қою.  Арай  де-
ген  виртуалды  қарым-қатынасқа  түсуші  (ком-
муникант) “Аша Матай” жеген танымал әнші-
нің сүйіп тыңдайды, кейін өзінің аты ол әнші-
нің  атына  ұқсамаса  да  виртаулды  әлемде  сол 
адамға  ұқсау  мақсатында  бейресми  жасырын 
есімді қолданады. 
-  жекелеген  есімнің  ұзақтығы  және  оны 
айтудың қолайсыздығына, қиындығына, басқа 
тілден енген есімге байланысты қысқартылған 
бейресми есімді пайдалану. 
Негізінен  барлық  ресми  және  бейресми 
есімдерді  ономастиканың  бір  саласы  болып 
табылатын  антропонимика  саласы  зерттейді. 
“Антропонимика” (грек. anthropos – адам және 
onyma – есім) – адам  есімдерін  (антропоним-
дерді),  патронимдерді  (әкесінің  атын),  фами-
лияларды,  жалған  аттарды,  псевдонимдерді, 
криптонимдерді  (жасырын  аттарды)  зерттей-
тін ономастиканың бөлімі. Антропонимиканың 
зерттеу  обьектісі – антропонимдер,  яғни  ол 
ресми  және  бейресми  есімдердің  шығу  себеп-
терін қамтиды. 
Антропонимика ғылымына елеулі үлес қос-
қан  ғалымдардың  бірі  Бестужев-Лада  И.  В  өз 
еңбегінде  қазіргі  кездегі  бейресми  есімдердің 
бірнеше түрлерін бөліп көрсетеді: [2, 26] 
1. Квалитативті есімдер – субъективті баға 
берілген  есімдер,  олар  толық  немесе  қысқар-
тылған есім нұсқасы жасалады. 
2.  Аугментативті  есімдер – ұлғайтқыш 
жұрнақтардың көмегімен жасалған есімдер. 
3.  Пейоративті  есімдер – менсінбеушілік, 
кемсітушілік мағынасында жасалған есімдер. 
4.  Деминутивтік  есімдер – еркелету  мағы-
насында    кішірейткіш  аффикстері  арқылы  жа-
салған  есімдер. 
5. Гипокористік есімдер – ресми есімдердің 
қысқартылған түрі. 
6. Патронимдер – әкесінің атынан туында-
ған бейресми есімдер (лақап есім, тек, әкесінің 
аты). 
7. Лақап есім – қалжың немесе күлкі түрін-
де адамға қойылған есім (әдетте адамның кей-
бір  мінез-құлқына,  сыртқы  келбетіне, кәсібіне 
және т.б. қарап беріледі) [2, 26]. 
Жоғарыда аталған классификация негізінде 
біз  Интернет  қарым-қатынасындағы  бейресми 
есімдердің  классификациясын  жасай  аламыз. 
Өзімде  әлеуметтік  желіде  белсенді  отырған-
дықтан  көптеген  виртуалды  қарым-қатынасқа 
түсушілердің  бейресми  есімдерін  байқаймын. 
Олардың  көбісі  өзімнің  парақшамда  бар  та-
ныстарым,  ал  қалғандары  достарымның  дос-
тары немесе өзге сырттай танитын адамдардың 
бейресми  есімдері.  Бұл  жұмыста Vkontakte, 
Facebook, Mail.Ru секілді әлеуметтік желілерді 
қарастырып,  ондағы  коммуниканттардың  бей-
ресми  есімдерін  жоғары  аталған  классифика-
ция негізінде топтастырдық. 
1)  Аугментативті  бейресми  есімдерге  ке-
лесідей  бейресми  есімдерді  жатқыза  аламыз: 
Бибол – Биболды.  
2)  Пейоративті  бейресми  есімдерге  келесі 
бейресми  есімдерді  жатқыза  аламыз:  Қаржау-
бай – Коржик, Маржан – Морж, Моржик;  
3)  Демунитивті  бейресми  есімдерге  келе-
сілер жатады: 
Айгерім – Аконай,  Айкош;  Құралай – Ку-
ралайка, Бауыржан – Баука. 
4)  Гипокористік  бейресми  есімдер  келесі-
дей:  Толқын – Тоқа,  Маржан – Мако,  Бауыр-
жан – Баука, Раушан – Роша, Раука. 
5)  Лақап  есімдер  келесідей:  Азамат – Аю, 
әлеуметтік  желіде  күнделікті  киетін  бас  киі-
міне байланысты: Красная шапочка, Пижама,   
Дериваттарды  (лақап  есімдерді)  қысқарту 
арқылы жасау жолы есімнің басын, ортасын не 
соңын  қысқарту  арқылы  жасалады.  Бұл  дери-
ваттардың бірнеше түрі кездеседі: 
1) аферезис; 
2) синкопа; 
3) апокопа; [3, 47]. 
Осының  негізінде  Интернет  қарым-қаты-
настағы қазақ бейресми есімдерден мысалдар-
ды келтіруге болады: 
а)  аферезис – Бек (Жәнібек), Гули (Бақыт-
гуль), Бақыт (Гүлбақыт), 
Қайрош (Жасқайрат). 
ә)  синкопа - Гүлден  (Гүлдәурен) 
б)  апокопа – Арай  (Арайгүл),  Бақыт  (Ба-
қытгүл),  Рауа  (Рауа-Бану),  Кано  (Қанат),  Нұр-
сұлтан (Нур). 
Бұлардан бөлек бүркеншік есімдер болады. 
Ж. Таубаев 

235 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
Көп жағдайда бүркеншік есім мен лақап есім-
дерді шатастырамыз. Бүркеншік есім ол тұлға-
ның  өзі  қалап,  өзінің  бет-бейнесін  жасыру 
үшін  қоятын  бейресми  есім.  Ондай  есімдерді 
де  Интернет  қарым-қатынаста  кеңінен  кездес-
тіруге болады. Бүркеншік есім арқылы комму-
никант өзінің қандай тұлға екенін, қандай бол-
ғысы  келетінін,  табиғатын  көрсетеді.  Ол  бүр-
кеншік есім танымал не беймәлім болуы мүм-
кін.  Мысалы, “Злой  казах”, “Амал  жок”, “Ар-
манынан  айырылған  адам”.  Алғашында  қа-
рым-қатынасқа  түсуші  өзінің  суреткерлік  қа-
рымына сеніміне нық болмаған жағдайда бүр-
кеншік  есімдерді  қолдануы  мүмкін.  Сонымен 
қатар  “Амал  жоқ”, “Арманынан  айырылған 
адам”  деген  бүркеншік  есімдеріне  қарағанда 
өмірінде  белгілі  бір  нәрсеге  көңілі  толмаған-
дығы, көңілі қалғандығы немесе өмірден түңі-
ліп, өзіндік әлеміне кеткен адамды айтуымызға 
болады.  Демек  өзінің  ішкі  сезіміне,  түйсігіне 
сәйкес  бүркеншік  есімді  ойлап  табады.  Тағы 
бір “Wonderful life” деген бүркеншік есім. Қа-
зақшасы  “Ғажайып  өмір”.  Бұл  коммуникатор 
Vkontakte  әлеуметтік  желісінде  отырады.  Мен 
ол  адаммен  қарым-қатынасқа  түсіп,  оның  не 
себепті  ондай  бүркеншік  есімді  пайдаланға-
ныны  туралы  ақпарат  жинадым.  Нәтижесінде 
ол  қарым-қатынасқа  түсуші  адам  оны  әдейі 
бейресми  есіміндегідей  (бүркеншік  есім)  өмір 
сүргісі келгені үшін таңдағанын айтты. Ал ла-
қап  есімдерді  көбінесе  адамдар  қояды.  Оны 
коммуниканттың бет-бейнесіне, тұлғасына, дене 
бітіміне  байланысты  белгілейді.  Мысалы, “Қай-
қы бел”, “Ботақан”, “Түйе”, “Философ”, “Әнші 
балапан”, “Қара  аю” “Кірпі”, ”Қонжық”, ”Mad” 
және  тағы  басқалары.  Яғни  лақап  атты  инди-
видтің өзі емес басқа адамдар тақса, бүркеншік 
атты,  жасырын  атты  (криптонимдерді)  белгілі 
бір себептермен адамның өзі таңдап алады. 
Қорыта келгенде интернет қарым-қатынас-
тағы  бейресми  есімдердің  түрі  сан  алуан  деп 
айтсақ болады. Кейбір адамдар коммуникатор-
лар  лақап  есімді  таңдап  қойса,  кейбіреулері 
бүркеншік  есімдерді  таңдағанды  ұнатады.  Әр 
коммуникант  бейресми  есімдерді  белгілі  бір 
себеп-салдарларға,  мақсат-мүддеге  байланыс-
ты  қолданады.  Көп  жағдайда  коммуниканттар 
өздерін келесі жағдайдар үшін қолданады: 
- өздерін еркін сезіну үшін; 
- ой түбінде жатқан виртуалды армандарын 
орындау үшін бейресми есімдер қолданады; 
-  өздерінің  табиғатын  көрсету  үшін  және 
бүкіл виртуалды әлемге жариялау үшін; 
- өз есімдері ұзақ, айтуға өте қолайсыз бол-
ғандықтан таңдайды. 
Жалпы  интернеттегі  бейресми  есімдер  ту-
ралы кейбір адамдар  интернет қарым-қатына-
сының  дерті  десе,  кейбіреулер  оны  интернет 
қарым-қатынастың  сәні,  сонымен  ол  қызық 
және  онсыз  ақпарат  алмасу  болмайды  деп  са-
найды.  Өз  пікірім  бірінші  айтылған    пікірді 
яғни  дерті  дегенді  қолдаймын.  Өйткені  бей-
ресми  есімдерді  бет-перде  ретінде  қолданып 
іс-әрекет,  қарым-қатынас  жасағанда  шынайы-
лық  жойылады  деп  ойлаймын.  Адамдар  бір-
біріне сенуден қалады, адамдарға шынайы қа-
рамайды, тіптен сенің көңіліне кірбің ұялатуы 
мүмкін.  Өйткені  ол  коммуникатор  бейресми 
есімді қолданып отыр және оны тіптен тауып, 
жазалай алмайсын. Нәтижесінде өзіңе негатив-
ті, жаман әсер, сезім ұялатып, көңіл-күйіңе те-
ріс әсер етуі мүмкін. 
 
Әдебиеттер  
 
1  Аникина Т.В.  Имя  собственное  в  интернет-коммуникации // Известия  Уральского  государственного  университета.  
– 2010. – № 2 (75). – C. 71-76. 
2 Абдрахманова Т.М. Структура и семанитка неофициальных личных имен казахского, русского и немецкого языков: 
дис...канд. филол. наук. –  Алматы, 2007. – 170 с.  
3  Фоменко  О.А.  Неофициальные  имена  собственные  в  современном  американском  английском  языке:  лингвокуль-
турологические аспек. дисс... канд. филол. наук. – Краснодар, 2003. — 193 с. 
 
References 
 
1 Anikina T.V. Imya sobstvennoe v internet-kommunikatsii // Izvestiya Ural'skogo gosudarstvennogo universiteta. – 2010.  
– № 2 (75). – C. 71-76. 
2 Abdrahmanova T.M. Struktura i semanitka neofitsial'nyh lichnyh imen kazahskogo, russkogo i nemetskogo yazykov: 
dis...kand. filol. nauk. – Almaty, 2007. – 170 s.  
3 Fomenko O.A. Neofitsial'nye imena sobstvennye v sovremennom amerikanskom angliyskom yazyke: lingvokul'turolo-
gicheskie aspek. diss... kand. filol. nauk. – Krasnodar, 2003. – 193 s. 
 
 
 
 
Интернет қарым-қатынасындағы бейресми есімдердің топтастырылуының кейбір мәселелері 

236 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
 
 
 
ӘОЖ  81'38 
 
М. Тоқташбай 
 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің II курс магистранты, 
Алматы қ., Қазақстан 
Ғылыми жетекшісі – ф. ғ. д.  доцентi А. О. Тымболова 
e-mail: toktashbaeva90@mail.ru 
 
Образды салыстырулардың лингвопоэтикасы 
 
Образ – шығармашылық ой жемісі. Ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ да ие болады. Яғни, образ тек 
қана  ақиқатты  суреттеп  берумен  шектелмейді.  Өмір  шындығын  жинақтай  отырып,  жекелеген  оқиғаларды, 
құбылыстарды  бейнелей  отырып,  адам  баласын  толғандырып  келе  жатқан  мәңгілік  сауалдардың  мәніне  де 
үңіледі.  Образ жасауда  қолданылатын  көркем  сөздер  мазмұны  жағынан  ерекше  эстетикалық  құрылымға ие 
болады. Әрине, шығарманың өзегі соның мазмұн-мағынасында демекпіз. Образдарды бір- бірімен салыстыру 
үшін  кейіпкерлердің  жан  дүниесін,  көңіл-күйін,  іс-әрекеттерін,  әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктерін, 
типтік  бейнесін  қарастыру  керек.  Көбінесе  шығармалар  тіліне  образдың  ішкі-сыртқы  характерін  айқын 
көрсететін  диалогтар  мен  монологтар  тән.  Жалпы  образды  салыстыруда  кез-келген  жазушының  өзіндік  бір 
ерекшелігі көрінеді.   Сондықтан бұл мақалада образды салыстырудың лингвопоэтикалық ерекшеліктері жан-
жақты талданады.  
Түйін сөздер: образ, лингвистикалық поэтика, салыстыру, идеялық-эстетикалық таным, типтік бейне. 
 
М. Токташбай 
Лингвопоэтика образного сравнения 
 
Образ – творческий плод мысли. Образ обладает харектеристикой и тенденцией присущей мыслительной 
деятельности.  То  есть,  образ  не    ограничивается  только  лишь  описанием  истины.  Заставляет  задуматься 
смысл вопросов, которые на протяжении развития человечества помогают заглядывать в будущее, изображая 
явления, события,  присущие каждой отдельной личности, при этом, собирая воедино  правду  жизни.  При 
описании  содержания  образа  используются  художественные  слова,  которые  приобретают  особую  эстети-
ческую структуру.  Безусловно то, что актуальность произведения в его содержании.  Для того, чтобы срав-
нить  внутренний  мир  героев,  их  настроение,  действия,  социальные  и  психологические  особенности,  необ-
ходимо  рассматривать  еще  и  их  заданный  типический  образ.  В  большинстве  случаев  для  определения, 
которое  указывает  внутренний  и  внешний  характер  образа  в  произведениях  присутствуют диалоги  и моно-
логи.  Для  сравнения  общего  образа  присущего  любому  писателю  есть  своя  особенность.  Поэтому  в  этой 
статье обсуждаются особенности лингвопоэтического образного сравнения. 
Ключевые  слова:  образ,  лингвопоэтическая  поэтика,  сравнение,  идейно-эстетическое  познание,  типи-
ческий образ.  
 
M. Toktashbay 
Lingvopoetry of vivid comparison 
 
Character is a creative fruit of idea. Character possesses description and tendency of inherent cogitative activity. 
Id est, character is not limited only truths. Therefore the features of lingvopoetry of vivid comparison come into 
guestion in this article. It means, it is not limited describing only truths. It gathers the truths of life, certain events, 
describes phenomenon and the everlasting questions which people are considering about. The means of the words 
describing character is formed by unique structure. Of course, the core is in the meaning of the work. To compare the 
characters with each-other we have to search out the soul, mood and social psychological position of characters. 
Dialogues and monologues most show in and out characters of the characters. Generally,  to compare characters 
shows each author’s peculiarity.  
Key words: character, lingvopoetry poetics, comparison, ideological – aesthetic cognition, typical character. 
________________________________ 
 
Қазақ  тіл  білімі  ғылымында  тілді  тұтыну-
шы тұлға арқылы зерттеуге жіті көңіл бөлініп 
отырған  бүгінгі  таңда,  көркем  шығарманың 
тілі мейлінше қарастырылып келеді. Дегенмен, 
әдебиеттің  негізгі  үш  тегінің  (поэзия,  проза, 
драма)  бір – драмалық  туындылардың  тілін 
зерттеу  мәселесі  толық  шешімін  тапты  деп 
айта  алмаймыз.  Сондықтан  драмалық  шығар-
малардағы  образдар  тілінің  лингвопоэтикасын 
қарастыруды  жөн  көрдік.  Драмалық  шығар-
маларда  белгілі-бір  идеялық-эстетикалық  та-
ным образды суреттеуде көрініс табады. Жазу-
шы  көркем  образдың  тілі  арқылы  өмір  шын-
дығын,  қоғамдық  құбылыстарды,  табиғатты 
М. Тоқташбай 

237 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
адам тағдырын бейнелеп көрсетеді. Көркем об-
разда екі түрлі ерекшелік-жинақтау, жалпылық 
сипаттарды  топшылап  түйіндеу  және  даралау, 
жеке  қасиет – белгілерді  нақтылы  түрде  көр-
сету – осы екеуі іштей астасып, қабысып жата-
ды десек, олар да тек сөз арқылы сыртқа шы-
ғады. Көркем сөз дүниесіндегі жаңалықтардың 
бірі – образдар саласында. Образ тіл  элемент-
тері арқылы жасалады. Сондықтан образ – тіл-
дік тұлғалар мен тәсілдерде өзгерістер мен жа-
ңалықтар әкеледі. [1, 125] Образды салыстыру-
лардың  лингвопоэтикасына  тоқталмас  бұрын 
«Образ» деген терминнің мағынасын ашып ал-
ған дұрыс сияқты. 
Образ – шығармашылық  ой  жемісі.  Сон-
дықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ да 
ие  болады.  Яғни  образ  тек  қана  ақиқатты  су-
реттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын 
жинақтай  отырып,  жекелеген  оқиғаларды,  құ-
былыстарды  бейнелей  отырып,  адам  баласын 
толғандырып  келе  жатқан  мәңгілік  сауалдар-
дың  мәніне  де  үңіледі.  Образ – нақты  ұғым. 
Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құ-
былысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөл-
шектемей  керісінше,  оның  тұтастығын,  өзін-
дік бітімін сақтап қалады. Әдебиетте адам бей-
несін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі 
суретпен  ғана  бітпейді,  көркем  бейне  жасауға 
қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби 
тұлғаны даралауға дейін барады. 
Жинақтау  дегеннің  өзі – әдеби  тип  жасау 
әрекеті. «Типтендіру  деген  суреткердің  іс  жү-
зінде  өмір  шындығын  өз  дүние  танымы  тұр-
ғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, әлеу-
меттік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таң-
дап  іріктеуі  және  жинақтауы,  сол  арқылы  өзі 
жасап  отырған  көркем  бейнені  сомдауы,  тұл-
ғаландыруы,  даралуы  болып  табылады»  дейді 
академик З.Қабдолов [2, 89] 
Образ  жасауда  қолданылатын  көркем  сөз-
дер мазмұны жағынан ерекше эстетикалық құ-
рылымға  ие  болуы  тиіс.  Әрине,  бұдан  шыға-
тын қорытынды, шығарманың өзегі соның маз-
мұн-мағынасында  демекпіз.  Образдарды  бір-
бірімен  салыстыру  үшін  кейіпкерлердің  жан 
дүниесі,  көңіл-күйін,  іс-әрекеттерін,  әлеумет-
тік-психологиялық ерекшеліктерін, типтік бей-
несін қарастыру керек.  
Көбінесе шығармалар тіліне образдың ішкі-
сыртқы характерін айқын көрсететін диалогтар 
мен  монологтар  тән.  Оған  мысалды  Д.Исабе-
ковтың  «Ертеңгі  күту»  пьесасындағы  Тағай 
мен  Радиктің  мына  сөздерінен  алуға  болады. 
Бұл  диалогта  көптеген  лингвистикалық  ерек-
шеліктер кездеседі.  
Тағай: Арық қойдың етіндей сөзіңде маңыз 
жоқ,  бәрі  көпірген  көбік  «Жаман  ит  қораға 
қарап үреді», не жұрт пайдасын, не бас пайда-
сын  ойламайтын  қияли  сеніңше,  бәрінен  безі-
ніп,  мына  сен  сияқты  көрінген  көп  аттыдан 
көшеде таяқ жеп жүруім керек пе? Менің қыз-
метім, менің ғылыми  атағым, алар  сыйлығым, 
егер  ала  қалсам,  сенің  мойныңа  қамыт  боп 
киіліп,  бетіңе  таңба  боп  түсе  ме? «Семіздікті 
қой  ғана  көтереді»  деген  рас  екен-ау.  Мына 
басыңдағы  да  сол  семіздікті  көтере  алмаған-
дықтың кесірі.  
Радик:  Папа!  Сіз  бұл  сөзімді  өз  баламның 
сөзі деп ұқпаңыз, сырт адамның пікірі деп ұғы-
ныңыз.  Сонда  пайымдауға  жеңілірек  болады. 
Мен аялдамада тұр едім. Бір кезде дәл жаным-
нан сатыр-сұтыр  етіп, үш жігіт  жүгіріп  өтті. 
Жалт  қарасам,  олар  бір  жігітті  қуып  бара  жа-
тыр  екен.  Көшенің  қақ  ортасына    жеткенде 
олардың бірі әлгі жігітті өкшелеп кеп, аяғынан 
шалып  құлатты.  Ол  асфальтқа  ұшып  түсті. 
Әлгі  үшеуі  үш  жақтан  бір  жігітті  ал  кеп  теп-
кілесін.  Басынан,  белінен,  ішінен...  Аяу  деген 
ұғым үшеуінен мүлде алыс сияқты. Ата жауды 
да  адам  бұлай  қорламас  болар  еді.  Қан  деген 
тарау-тарау  боп,  асфальтпен  ағып  жатты. 
Папа, мен шыдай алмадым. Көзіме қан толып, 
әлгі  жігітке  ара  түсу  үшін  жүгіріп  бара  жат-
қанда, ертеңгі тірлік, милиция, әкемнің беделі  
дегендерді ұмытып кетіппін. Біреуді ажалдан, 
азаптан құтқару үшін ертең не болатынын ой-
лап,  арғы-бергісін  таразылап  тұру  керек  пе? 
Олардың біреуін келген бетте бір қойып, мұрт-
тай  ұшырғанымды  білем.  Әрі  қарай  не  бол-
ғаны  есімде  жоқ.  Көз    алдымнан  жарқ  еткен 
найзағайды ғана білем. Соның соңғысы... мына 
кимешек пе, сәлде ме, бірдеңе [3, 97]  
Бұл диалогтардан «Жаман ит қораға қарап 
үреді», «Семіздікті қой ғана көтереді» – деген 
мақалдармен, «көрінген  көп  аттыдан,  мұрт-
тай  ұшыру» – деген  тұрақты  сөзтіркестерін, 
«ажалдан,  азаптан,  кимешек,  сәлде» – деген 
синоним  сөздер  арқылы  автор  образдардың 
бейнесін  салыстыра  ашып  отыр.  Әкесі  мен 
баласының  арасындағы  ойлау  жүйесінің  екі 
басқа екенін аңғару қиын емес.  
М.Әуезовтің  «Еңлік-кебек»  пьесасындағы 
Еңліктің  мына  бір  монологы  кейіпкердің  өзі-
мен-өзі сөйлескендей күй кешіп, табиғатқа сыр 
шерткенін  көрсетеді:  Еңлік:  Асыға  ма  алып-
ұшқан  үмітім.  Бар  тілекпен  бір  сапарға  бет 
қойдым...Жазғырармысың, бұлдыр күн? Жазы-
ғым  бар  ма?..  Жазығым  бар  ма,  кінәлімін  бе, 
әлде  мен?  Атам,  анам,  туған  үйім  кеш  мені. 
Бауырыңда  өскен  балапан  бағын  тілеп  ұшам 
Образды салыстырулардың лингвопоэтикасы 

238 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
деді  қияға.  Кінәлімін  бе,  кәрі  тас?!  Ойласаң 
менің  мұңымды,  ұқсақ  керек  барымды!  Төк-
пеген  жас,  шешпеген  шер  бар  ма  еді  бау-
рыңда.  Игілік  пен  сәт  сәскеде  келтір  жалғыз 
арман  жанымды...  Жалғыз  тірек  жарымды!.. 
«Еңлік-Кебек» [ 1, 23] 
Сонымен  қатар  Д.Исабековтің  «Қараспан 
процесі»  пьесасы  тұрмыстық  драманың  негі-
зінде  жазылған  шығарма.  Бұл  пьесасында  ав-
тор  кейіпкерлерге  мынадай  сипаттама  береді. 
Ащы  юмормен,  астарлап  жеткізілген  бұл  су-
реттеулер  арқылы  кейіпкердің  қандай  адам 
екенін  білуімізге  болады.  Осы  сипаттаулар 
арқылы образдарды бір-бірімен салыстырады.  
Тауықшы  Молдабай  –  өз  ісіне  адал  беріл-
ген,  әділетсіздікке төзе алмайтын, ымырашыл-
дыққа  жанымен  қарсы  байырғы  колхозшы. 
Моральдық жағынан ұстамды. Атеист. Ислам 
дінін  жек  көреді.  Басқа  діндерді  мойында-
майды да, білмейді де. Колхоз орталығындағы 
1973, 1975, 1978 жылдардағы  жиналыстардың 
делегаты.  
Бөлімше  меңгерушісі  Құрал  Отыншиев – 
1975 жылдан бері бөлімше меңгерушісі. Сары-
ағаштығы  Қапланбек  зоотехтикалық-малдәрі-
герлік  техникумын  іштей  екі  жыл  оқып,  ал-
дыңғы жылы сырттай бітірді. Қабілетті ұйым-
дастырушы.  Қулығы  жоқ,  ақ  көңіл,  адал  аза-
мат.  Былтырғы  қуаңшылық  жылы  ауданнан 
келген  уәкілдің: «Құрғақшылыққа  қарсы  қан-
дай  шара  қолданып  жатырсыңдар?» - деген 
сұрағына  сасып  қалып: «Екі  рет  тасаттық 
бердік», – деген.  
 Оңғар  Оймауытов – Шымкенттегі  бір 
жылдық  бухгалтерлер  курсын  бітірген.  Бөлім-
шедегі  жолдастық  соттың  негізін  қалаушы-
лардың  бірі.  Арақтың  шаруашылыққа  тигізер 
зияны-91  мың 734 сом 57 тиын  екенін  дәл 
есептеп  шығарғалы  бері,  онымен  жау  боп 
кетті.  Үйлену  тойларының  өзін  де  ішкіліксіз 
өткізу  керек  деген  пікір  таратып  жүр.  Диета 
сақтайды.   
Көмешбай  Жидебаев – зоотехник.  Теория-
лық  білімі  болмағанымен,  жақсы  практик. 
Колхоз  малын  ұрықтандыруда  СЖК  әдісін 
алғаш  қолданғандардың  бірі.  Интернациона-
лист.  Антифашист.  Чили  патриоттарына  ын-
тымақтық білдірген митингіде сөз сөйлеп, түр-
меде отырған Луис Корваланға ақша салып жі-
беру  керек  деп  үндеу  таратқан.  Бірақ,  ақша 
салудың  реті  келмеді,  өйткені  Луис  Корвалан 
митингіден  бір  күн  бұрын  Москваға  біржола 
келіп қалған еді.  
Әліқұл  Тазабеков – колхоздың  ежелгі  мү-
шесі.  Қара  жұмыстың  қайсысына  болса  да, 
белсеніп кірісіп кетеді. Әдебиетті жақсы көре-
ді.  Бөлімшенің  өмірін  жырлайтын  тарихи  дас-
тан жазып жүр деген қауесет бар. Қазір оқушы 
дәптерімен  екі  мың  бес  жүз  бет  болыпты. 
Орыс  жазушыларын  қатты  құрметтейді.  Бір 
баласының атын  Мамин, бір баласының атын 
Сибиряк қойған  [57, 57] 
Сонымен  қатар,  автор  пьесада  қазақтың 
салт-дәстүрінде  бар  «жолашар»  ұғымын  да 
енгізген. (Кісі  шақырып,  жолашар  жасайық. 
Жұрт  шуылдап,  жолыңды  жу  деп  жатыр). 
Жолашар  дегеніміз – адам  бір  жаққа  кетуге 
жиналғанда,  артындағы қалған адамдарға жо-
лым болсын деп шай беріп, қонақ ету.  
«Аралдағы  адамдар»  пьесасында  мынадай 
бір ғибратты сөздер кездеседі:Сіздерден өтіне-
рім – қазіргідей  үлкен  өзгеріс  кезінде  өздері-
ңізді  алға  жетелейтін  лайықты  жетекшіні 
таңдай біліңіздер, қарғалар бұлбұл, мәстектер 
тұлпар,  түлкілер  арыстан  боп  кетіп  жүрме-
сін. Бәріміз өсірген бәйтерек кесел атаулыдан 
арылып келеді. Енді оған құрт түспесін бәріңіз 
қадағалаңыздар-деген  сөздерден  де  шендес-
тіре теңеуді көреміз. 
Жалпы  образды  салыстыруда  кез-келген 
жазушының  өзіндік  бір  ерекшелігі  көрінеді. 
Поэтикалық  драмадағы  образдар  жүйесі  шы-
ғарманың  терең  мазмұны,  тілдік  көркемдік 
құралдардың бай қоры арқылы жасалады. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет