Начало. Окончание на 3-стр


– Өткен жылы «Ұлттық ғылы-



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.02.2017
өлшемі10,61 Mb.
#3530
1   2   3   4   5

– Өткен жылы «Ұлттық ғылы-

ми-техникалық ақпарат орталығы» 

АҚ-ы мен Springer халықаралық ба-

сылымдар компаниясы белсенді түр-

де ғылыми мақала жариялап, әлемдік 

ғылымның дамуына үлес қосқаныңыз 

үшін Орталық Азияның белді ғалымда-

рына арналған «Top Springer Author» 

сыйлығын тапсырды. Сыйлықтың 

ғылыми ортадағы салмағы мен келе-

шегіне тоқталсаңыз?

– Cыйлық Springer компаниясының 

беделді ғылыми журналдарына ең көп 

мақала жариялаған және жоғары сілте-

мелік көрсеткішке ие болған Орталык 

Азияның үздік ғалымдарына берілді. 

 

Жалпы бұл әлемдегі халықаралық сыйлық. 



Бұл жолы Алматы қаласында Орта Азия 

ғалымдарына берілді. Мемлекетіміздің 

қолдауының арқасында қазақстандық 

ғалымдар бірнеше жылдардан бері 

Springer, Thomson Reuters, Elsevier сын-

ды шетелдің танымал ғылыми мәліметтер 

қорын еркін пайдаланып, қазақстандық 

ғалымдар дүниежүзіндегі беделді ғылыми 

журналдарға ғылыми мақалалар жария-

лап, жоғары сілтемелік көрсеткіштерге 

ие болуда. Келешекте аталмыш сыйлық 

Орталық Азиядағы ғылымды дамытудағы 

маңызды сыйлықтардың біріне айналаты-

нына сенімдімін. Қазіргі уақытта Springer 

компаниясы дүниежүзіндегі ғылымның 

жан-жақты дамуына барынша жағдай 

физика бойынша 25-тен астам доктор-

лық және кандидаттық диссертациялар 

қорғалды. Шәкірттерімді бөліп-жарып 

аттарын атамай-ақ кояйын. Осы шәкірт-

терімнің 15-20-сы, енді бір 4-5 жылдан 

кейін Қазақстан емес, халықаралық дең-

гейдегі ғалымдар болатынына үмітім зор. 

– ЕҰУ-інде ғылымды бұдан әрі қа-

лай дамытуға болады? 

– Университетіміздің негізгі міндет-

терінің бірі еуразиялық аймақта жетек-

ші ғылыми орталық болу. Осы мақсатта 

универсиетіміздің тарапынан көптеген 

жұмыстар атқарылуда, онын нәтижесі де 

жаман емес. Мысалы, университетіміз 

QS рейтингі бойынша дүние жүзіндегі 

үздік 400 университеттің ішіндеміз. Ал 

енді, университетіміздің ғылымын бұдан 

әрі дамыту үшін меніңше, математика, 

жаратылыстану және техника ғылымдары 

бойынша университет ғылымын бірден 

және үлкен халықаралық деңгейге көтере 

алатын жеке ғалымдарға сүйену керек си-

яқты. Осындай жеке ғалым-тұлғалар ғана 

университет ғылымын шын жоғары дең-

гейге көтере алады.

Оның сыртында, әрине, универси-

теттің 2 мың оқытушыларына, атағына, 

ғылыми дәрежесі бар-жоғына қарамай, 

импакт-факторы нөл емес шетелдік жур-

налдарда жылына кем дегенде 2-3 мақала 

шығару керек деп қатаң талап қойылуы 

керек сияқты. Қазақ елі саяси тәуелсіздік-

ке жетті. Дүние жүзінде 30-50 елдің қата-

рындамыз. Бірақ бір маңызды сала бар. 

Ол – ғылым. Ғылым бойынша Қазақстан 

қазір 50-орыннан көрі, 100-орынға 

жақындау. Бұл мені қазақ ғалымы ретінде 

қанағаттандырмайды. 

Дүние жүзіндегі бірінші 20-30 мем-

лекеттің қатарына кіруіміз керек. Бізге 

ғылымда, қазақ ғылымы саласын тәуел-

сіздікке жеткізуіміз керек. Әзірше біз-

де ғылыми тәуелсіздік жок десем, көп 

қателеспеймін. Негізінен өз күшімізге, 

өз ғалымдарымызға сүйенуіміз керек. 

Қазақтың бұрынғы негізгі ұлттық кәсібі 

мал шаруашылығы болды дейік. Енді 

«Қазақтың негізгі ұлттық кәсібі – ғылым, 

ғылымпаздық» болуы керек. Отбасымда 



2015 ЖЫЛЫ «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК 

ҚОҒАМЫ МЕН SPRINGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСЫЛЫМДАР КОМПАНИЯСЫ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ 

ҒЫЛЫМИ МАҚАЛА ЖАРИЯЛАП, ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ОРТАЛЫҚ 

АЗИЯНЫҢ БЕЛДІ ҒАЛЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН «TOP SPRINGER AUTHOR» СЫЙЛЫҒЫН ТАПСЫР-

ҒАНЫ КӨПШІЛІККЕ МӘЛІМ. СОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ 

ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫК ФИЗИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ  МЕҢГЕ-

РУШІСІ РӘТБАЙ МЫРЗАҚҰЛОВТЫҢ БОЛҒАНЫ ЕЛІМІЗ ҮШІН ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ. БҮГІН БІЗ ТЕО-

РИЯЛЫҚ КОСМОЛОГИЯ ЖӘНЕ СОЛИТОНДАР ТЕОРИЯСЫН ЗЕРТТЕУШІ БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ РӘТ-

БАЙ МЫРЗАҚҰЛОВПЕН БОЛҒАН ӘҢГІМЕНІ ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА  ҰСЫНҒАНДЫ ЖӨН КӨРДІК.

жасап келеді. Қазақстан бұл бағытта көш-

басшылық қызметін атқаруда.

– Шәкіртсіз – ұстаз тұл демекші, 

қазіргі жастардың ғылымға деген 

көзқарасы қандай? Жолыңызды қуып, 

үміт артар азаматтарды атасаңыз?

– Иә. Шәкірттерім көп. Енді негізгі 

жұмысым – сол жастар келешекте жай ға-

лым емес, ғылым докторы емес, халықара-

лық деңгейде жұмыс жасай алатын білікті 

маман болса деймін. Менің жетекшілі-

гіммен теориялық және математикалык 

ды айтсам, зерттеулеріміздің нәтижесі 

туралы ойламаймын және  дұрыс жол-

да екендігіме сенімдімін.   Ғылымдағы 

жетістігімізді – өмірде, қоғамда пай-

далануды басқа адамдар ойлауы керек. 

Осы сұраққа басқа жағынан келсек, онда 

ғылымдағы алған нәтижелерімізді қоғам 

мойындап бағалай бастады. Мұны жоға-

рыда келтірілген мысалдардан, әсіресе 

Springer және Thomson Reuters берген 

сыйлықтардан көруге болады.



– Оқырмандарға түсінікті болу 

үшін әлемдік ғылыми ортада ғалымдар-

дың мәртебесін анықтайтын «Хирш 

индексі» туралы және ғалымдық рей-

тингті көтеретін «Импакт-факторлы» 

журнал төңірегінде айтып берсеңіз?

– Хирш индексі немесе H-индексі ға-

лымның ғылыми метрикасының көрсет-

кіші болып саналады. Бұл индекс ғылыми 

мақалалар мен осы мақалаға жасалған 

сілтемелер негізінде ғалымның, ғылыми 

топтың, ғылыми ұйымның немесе бүкіл 

бір елдің  ғылыми өнімділігінің сандық 

сипаттамасын көрсетеді. Әр нәрсенің, 

адамға жане тағы басқа субъективті 

факторға байланыссыз  өлшемі болуы. 

Мысалы, уақыттың өлшемдері – секунд, 

минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр, 

қашықтық өлшемдері – мм, см, метр, ки-

лометр. Ғылымды және ғалымды бағалай-

тын өлшемдер керек болды. Ғылымы да-

мыған, өркениетті елдер осындай өлшем-

дерді ойлап тапты: Хирш индексі, сілтеме 

индексі және импакт-факторлары бар 

журналдарда шыққан мақалалар саны. 

Шетелдерде ғалымның деңгейін осы үш 

өлшем бойынша  анықтайды. Бұл өлшем-

дер – адамның немесе басқа субъективті 

факторлардың қатысуынсыз есептеледі. 

Сондықтанда олар қазіргі кезде – ға-

лымдардың ең әділ, дәл бағалысы болып 

табылады. Сілтеме индексі белгілі бір ав-

тордың мақалаларына өзге авторлардың 

неше рет сілтеме жасағанын көрсетеді.  

Егер ғалымның ғылыми нәтижесі маңыз-

ды болса, оған сілтеме де көп болады. 

Маңызы жоқ, нәтижесі төмен мақалалар-

дың авторына сілтеме болмайды немесе 

өте аз болады. Импакт-фактор – ғылыми 

Thomson Reuters компаниясының Ғылыми-зерттеулер мен зияткерлік меншік саласындағы 

шешімдерді дамыту жөніндегі басқару директоры Дэвид Браунның  Орталық Азия бойынша «Ғылым 

көшбасшысы» сыйлығын табыстауы,  28  қазан,  2015  ж.

Springer баспа компаниясының мемлекеттік және академиялық секторларды дамыту саласының бастығы 

Анжела Тиммерманның «Top Springer Author 2015» сыйлығын табыстауы.  12  маусым,  2015  ж.


13

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 5-6 (210-211), 

наурыз, 2016 жыл

Рәтбай Мырзақұлов – 1954 

жылы дүниеге келген. 1979 

жылы қазіргі әл-Фараби атын-

дағы ҚазҰУ-дың физика факуль-

тетін бітірген. 

1981-1988 жылдар ара-

лығында Біріккен Ядролық 

Зерттеулер институтының 

Есептеу техникасы және авто-

матизация лабораториясын-

да (Дубна, Россия) ғылыми 

тәжірибе жинақтаушы ретінде, 

соңынан аспирант болып жұ-

мыс істеді. 

Біріккен Ядролық Зерттеу-

лер институтының аспиранту-

расын аяқтаған соң, 1988 жылы 

Мәскеудегі П.Лумумба атын-

дағы Халықтар достығы универ-

ситетінде теориялық және мате-

матикалық физика мамандығы 

бойынша  кандидаттық диссер-

тация  қорғады. 

Ғылымдағы өз тақырыбын 

тереңдете зерттеген ол, араға 

он үш жыл салып, 2002 жылы 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 

ғылыми кеңесінде «Спиндік 

жүйелер және сызықтық емес 

физиканың көп өлшемді соли-

тондық моделдерін зерттеудің 

дифференциалды-геометри-

ялық тәсілдері» деген тақы-

рыпта докторлық диссертация 

қорғады. Көп жылдар бойы 

АҚШ, Батыс Еуропа, Жапо-

ния, Ресей, Үндістан жане т.б. 

елдердің жетекші ғылыми орта-

лықтарында жұмыс істеді. Мы-

салы, АҚШ-тың Калифорния 

университеттерінде 1,5 жыл 

қыз мет  атқарды.



Біздің анықтама:

ҰЛТТЫҚ КӘСІБІ –

ДЕЙМІН»

да, жұмыста да осы туралы ойлаймын 



және сол бағытта қолымнан келгенше 

тірлік жасап жатырмын. 



– Жыл сайын әйгілі ғылыми-зерт-

теуге, мәдениет не қоғам дамуына зор 

үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін 

халықаралық сыйлықтардың ішінде-

гі ең танымалдарының бірі - Нобель 

сыйлығы. Отандық ғалымдарымыз-

дың ішінде осы сыйлыққа икемділері 

бар ма? 

– Жауабымды бір салыстырмалы мы-

сал келтіруден бастайын. Мағлұмат көзі – 

ағылшынша Википедия. Өзім жақсы сый-

лайтын құрметтейтін еврей  халқымен 

салыстырайын. Қазақ және еврей ха-

лықтары сан жағынан шамалас – екеуінің 

де     халық  саны  шамамен  плюс-минус  

15 млн. Яғни бұл – дүниежүзі халқының 

0.2 %. Жалпы Нобель лауреаттарының 

саны 850-ден асады.  Дүние жүзіндегі Но-

бель лауреаттарының 20 % -ы, яғни 170-

тен астамы  еврей ұлтының өкілдері екен. 

Әзірге бізде Нобель сыйлығының иегер-

лері жоқ. Бірақ XXI ғасырда қазақтан кем 

дегенде 21 Нобель  лауреаты шығады деп 

ойлаймын. Бұрын ата-бабамыздың негізгі 

кәсібі мал бағу болған дейміз. Ал ғылымда 

алдыңғы қатарлы халықтардың қатарына 

кіру үшін, қазақтың  негізгі ұлттық кәсібі 

– ғылым, ғылымдылық, ғылыммен айна-

лысу, ғылымды бағу болуы керек деймін. 



– Сіздің ғылымдағы табыста-

ры  ңыз дың 

сыры 

неде? 

– Ешқандай сыр жоқ. Тек тынбай 

еңбек жасау. Есімде 3-4 класстарда анам 

«Ұйықтаңдар, таңертең оқуға бара-

сыңдар, тұра алмайсыңдар» деп ұрсып 

ұйықтатын. Сол еңбек екен ғой. Оқудан 

келген соң, малға қараймыз, қора-қопсы-

ны тазалаймыз. Кешкі тамақтан кейін ұй-

қыға дейін алаңсыз оқу. Таңертең тұра ал-

май, шешеміздің күшімен тұрамыз. Күнде 

сол. Сол есіме түседі. 62-ге келдім. Әлі 

өзгермеппін: мектепте, университетте, 

аспирантурада және қазір де бір қалыпты 

және ұзақ еңбек етемін. Жемісін енді ғана 

60-тан асқан соң көре бастадым.

– Бос уақытыңызда немен шұғыл-

данасыз, мысалы хобби?

– Шынымды айтсам, басқа нәрсеге 

уақыт жоқ. Барлық уақытымды ғылыммен 

айналысуға жұмсаймын, жаратылысымыз 

солай болу керек. Елімізде және шетел-

дерде болып жатқан күнделікті жаңа-

лықтарды оқып отырамын. Ауылда қой 

баққанды жақсы көретінмін. Қой кезекті 

асыға күтетін едім. Қазір хоббим – тағы 

баяғы ғылым. 



– Кумир бар ма?

– Жоқ. Өзімде біреулерге кумир-

мін, идеалымын деп  ойламаймын.  Тек 

жұмыс кермін, ғылым саласында іздені-

стемін. Басқа нәрсені маңызды емес деп 

ойлаймын. 



– Ғылым  наградаларыңыздан 

 

басқа не берді?

– Ғылым – менің өмірім! Ғылым – 

менің өміріме мән-мағына берді және ба-

ла-шағамды асырауға мал берді. 



– Ғылым жолына түскеніңізге өкін-

бейсіз бе?

– Жоқ. Өмірді қайтадан бастасам, 

тағыда ғылымды - теориялық және мате-

матикалық физиканы таңдар едім.



– Нені армандайсыз?

– Арманым жоқ емес. Бір арманым, 

қазағымның саны 100-200 миллионға 

жетсе деймін. Бұл қазаққа, ата-баба-

мыз бізге аманат қылған, дүние жүзінде 

9-орындағы жерін және тәуелсіздігін 

сақтау үшін керек. Санымыз 100-200 млн 

болса, қазақтың қазіргі және болашақтағы 

көп проблемалары жоқ болып кетеді не-

месе өзінен-өзі шешіледі. Қазір қазақтың 

саны баска мемлекеттердің үлкен бір қа-

ласындай ғана. Мысалы: Токио, Пекин, 

Москва, Мадрас, Дели, Нью-Йорк қала-

ларының халық саны қазақтың санымен 

шамалас. Анамның балаларына (яғни, 

маған да) айтқан бір өсиеті, тапсырма-

сы бар: «Ит бол, шошқа бол – көп бол» 

деген.  Осы есіме түседі.  Отбасында 1-2 

бала болса, халық саны азаяды. Бала саны 

3 болса, халық саны тұрақты деңгейде қа-

лады. Қазақ көбею үшін әрбір отбасында 

кем дегенде 4 немесе одан да көп бала бо-

луы керек.

– Ғылымға қолдау бар ма?

– Ия қолдау бар. Жауабымды бір 

нақты мысал түрінде берейін. 2015 жыл-

дың 30 желтоқсанында Thomson Reuters 

мәліметтер қорына кіретін жоғары им-

пакт-фактор журналдарында 2015 жылы 

жариялаған мақалаларым үшін универ-

ситетіміз маған 9,5 млн. теңге көлемін-

де сыйақы берді. Ережеге сәйкес. Осы 

нақты қолдаудың бір түрі ғой. 



– Ғылымда «Мырзақұловтар  Ди-

настиясы» дегенді жиі естіп жүрміз. 

Мұның мәнісі неде? 

– Әулетімізде 18 адам теориялық фи-

зика және математика бағытында жұмыс 

жасайды немесе оқиды – осы «Мыр-

зақұловтар династиясы». Осы әулеттің 

көшбасшысы - өзіммін, менен кейін-

гілері 4 ғылым кандидаты, 7 философия 

докторы, кейінгі буынның бірі Лондон 

университетінде теориялык физика бой-

ынша магистратураны бітірді, бірі Назар-

баев университетін математика маман-

дығы бойынша биыл бітіреді, ал қалған 

буын физика және математика магистр-

лері және студенттері.  Балаларымның 

үшеуі ҚазҰУ-дың физика факультетінде 

мұғалім. Қалғандары ЕҰУ-дің механи-

ка-математика және физика-техника 

факультеттерінде қызмет етеді. Ата-ба-

баларымыздың кәсібі – Қызылқұмда мал 

бағу болса, қазіргі «Мырзақұловтар Ди-

настиясының» кәсібі – теориялық және 

математикалық физика ғылымы. Арма-

ным – әулетіміз, бала-шағам ғылыммен 

айналысса деп едім. Аллаға рахмет, осы 

арманыма жеттім. Осы тұста айта ке-

тейін: балаларымның шын ғылыми же-

текшісі өзіммін, менің басшылығыммен 

ғылым жасайды. Олар менің ғылымымды 

жалғастырып жатыр. Алла жазса, балала-

рым алдағы 5-10 жылда қазақ ғылымының 

жалауын халықаралық деңгейде көтеріп 

жүретін болады.



– Өзіңіз басқарып отырған «Жал-

пы және теориялык физика» кафедра-

сы туралы айтсаңыз.

– Бұл да бір әңгіме. 2006 жыл, қара-

ша айының басында бұрынғы меңгеруші 

министрлікке ауысып, кафедра меңге-

рушісінің орыны босады. Ертеңіне уни-

верситеттің басшылығына кіріп, осы 

кафедраның меңгерушілігін маған бер 

дедім. Алғашында басшылық қарсы бол-

ды: істей алмайсың, қағаздан бас көтере 

алмай қаласың, ғылыми жұмыстарыңа 

кері әсерін тигізеді деген сияқты уәждар 

айтты. Бұл дұрыс та еді.  Бірақ мен қайт-

падым, сұрай бердім. Менің аргумент-

терім: «теориялык физикадан» доктор 

болуға жеткен ақыл  кафедраны басқаруға 

да жетеді дедім. Оның үстіне 5-10 жылда 

кафедраны халықаралық дәрежеге кө-

теріп беремін деп уәде бердім. Бастықтар 

келісті. 2006 жылдың 13 қарашасынан 

осы кафедраны басқарып келемін. Биыл 

10 жыл болады. Уәдемді орындадым. Ка-

федрамыз қазір университет емес, бүкіл 

Қазақстандағы белгілі кафедралардың 

бірі. Өткен 2015 жылы, рейтинг бой-

ынша ЕҰУ-де бірінші орын алдық. Осы 

жетістіктердің барлығы оқу орнымыздың 

ректоры  Е.Б.Сыдықовтың ғылымға баса 

назар аударып, ғылыми қызметкерлер-

ге қамқорлық жасап, қолдау көрсетуінің 

арқасында десем,  артық айтқандық бол-

мас еді.

– Бұрын сізді, Мырзақұлов Рәтбай 

Мырзакулович деп айтушы едік. Қазір, 

Мырзақұлов Рәтбай Қағазович деп 

оқып қалып жүрміз. Бұл қалай? 

– Әкемнің аты-жөні – Қаражанов 

Мыр зақұл, анамның аты-жөні – Пәрме-

нова Қағаз. Құжаттарымда менің аты – 

жөнім: Мырзақұлов Рәтбай. Тегі (отче-

ство) деген жер бос тұр. Сол бос орынға 

анамның атын қояйын деп шештім. 

Туысқандар қарсы болды: мұндай қазақта 

жоқ, елге күлкі-мазақ боласың деді және 

т.б уәждер айтты. Білем, түсінем. Бірақ 

солай шештім. Құжатымда да әке-шешем 

бірге жүрсін дедім. Солай жасадым. Та-

рихта солай қалсын, қалады да. Ал осыған 

байланысты айтылған анау-мынау сөздер 

маған әсер етпейді. 

– Адамдардың бойынан қандай қа-

сиеттерді көргіңіз келеді?

– Адалдық, еңбекқорлық, шыншыл-

дық, ниет-пейілі дұрыс болу керек. Та-

биғатынан талғамы биік, көкірегі ояу 

адамдарды құрмет тұтамын. Тегі жақ-

сының әсте сөзі де жақсы, ол адамнан 

сіздің аларыңыз бар немесе оған қосар, 

бөлісерің бар. Осындай адамдармен 

жақынмын.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен  Жүніс  ОМАР

«Top Springer Author 2015» сыйлығымен құттықтауға келген әріптестермен бірге.  25 маусым,  2015 ж.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ректоры Е.Б. Сыдықовтың «ҚР-ның Конституциясына 20 жыл» 

мерекелік медалін табыстауы,  25 желтоқсан , 2015  ж.



14

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 5-6 (210-211), 

наурыз, 2016 жыл



Кітапхана 

Поэзия кеші

АҚИЫҚ  АҚЫН 

Астана қаласындағы жетекші жоғары оқу 

орындарының бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы 23 

мамырдағы бастамасымен құрылған болатын. 

Биыл осы білім ордасының құрылғанына 20 жыл. 

Университет бүгінде еліміздің білім ордалары 

арасында көшбасшы. Сонымен қатар, тек 

еліміздің білім-ғылым саласында емес, шетелдік 

білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Осындай 

жетістіктерге жетуде ұйытқы болып жүрген 

университет ректоры – профессор, қоғам қайрат-

кері Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың еңбегі орасан. 

Осы жылы университеттің 20 жылдығымен қатар

университет ректоры да 60 жасқа толып отыр. 

Ел азаматын осы мерейлі тойымен құттықтап, 

мықты денсаулық пен болашақта да жаңа 

жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!

Рухани 

қазына 

ордасы

Биылғы жылды  университет кітапханасы да жаңа 

серпінмен, жақсы бастамалармен бастады. Ғылыми 

кітапхананың  барлық оқу залдары ашық қолжетімді 

түрде оқырмандарға қызмет көрсетуде. Қорымыз 

жылдан жылға еселеніп өсіп келеді. Ғалым, оқытушы-

профессорлардың еңбектері мен ғылыми мақалалары 

кітапханалық-библиографиялық жіктеме бойынша 

енгізіліп, жүйелі түрде оқырманға қолжетімді. 

Қазіргі таңда, кітапханашы-библиографтар «ЕҰУ 

ғалымдарының еңбектері», «ЕҰУ баспасөз беттерінде» 

айдарлары бойынша кітапханалық-автоматтандырылған 

жүйеге енгізуде тынымсыз еңбектенуде. Кітапхана 

қорындағы материалдар бойынша жұмыстар жүргізіліп, 

қорда жоқ еңбектерін оқытушы-профессорлармен 

байланысқа түсіп, деректер базасындағы ғалымдардың 

еңбектерін толықтыру жұмыстарын жалғастыруда. 

«ЕҰУ баспасөз беттерінде» тақырыбы бойынша 1996 

жылдан бергі мерзімді басылым беттерінде ЕҰУ туралы 

жарияланған мақалалардың библиографиялық тізімдерін 

құрастырып шығару  жоспарлы түрде қолға алынып отыр. 

Мерекеге орай кітапхананың әр бөлімінде кітап көрмесі 

ұйымдастырылған. Мәселен, Ақпараттық-библиография 

бөлімі «Еуразия университеті – жаңа ғасырдың оқу 

ордасы» тақырыбында үш бөлімнен тұратын басылымдар 

көрмесін дайындады. Көрмеге университет тарихынан 

сыр шертетін баспасөз беттерінде жарияланған 

мақалалар мен  бүгінгі күнгі жетістіктері көрініс тапқан 

басылымдар қойылып, дәйекті сөздермен безендірілген. 

Әр ЖОО-ы өздерінің ғалымдарымен мақтана 

алады.  Қазіргі таңда білім ордамызда, көптеген 

ғылым докторлары, оқытушы-профессорлар, түрлі 

академиялардың мүшелері, ғылым кандидаттары, 

доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген 

ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге 

де танымал.  Университет бар жерде, міндетті түрде 

кітапханасы болары анық. Бүгінде тарихы тамырлас 

университет пен кітапхана бірге жасап келеді. Білімді 

де, білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлайтын – ұстаз 

болса, білім алу үшін ең қажет – кітап.   Кітап – білім 

бұлағы. Кітапхана – рухани қазынаның ортасы. 

Егеменді елдің ертеңін, болашақтың нұрлы жолын 

жалғастыратын  мамандар даярлайтын білім ордасы – 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

20 жылдығы құтты болсын!

Ұстаздар, оқытушы-профессорлар мен ғалымдардың 

іргелі ғылыми еңбектері көбейе берсін!  Кітапханамыздың 

қоры молая берсін! – демекпін.



Ә. И. ШАЯНДИНА 

«Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің 

дәстүрі бойынша шараның алғашқы бөлімінде ҚР 

еңбек сіңірген әртісі, әнші Кенжеғали Мыржықбай 

ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты 

қызықты  оқиғаларды айта келіп, «Жаяу Мұса» 

әнін  әуелете шырқады. Ал университет студенттері 

ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, жас әншілер 

ақынның сөздеріне жазылған әндерді нақышына 

келтіре орындады.

Кештің екінші бөлімінде Серік Тұрғынбекұлы-

на сөз берілді. Серік ақын өлеңдерін ерекше ша-

быттана оқып, қойылған сауал дардың барлығына 

өзіне тән шынайылығымен жауап беріп, залдан 

түскен репликалар мен жүргізуші еске түсірген 

кей оқиғаларға рахаттана күліп, сахна мен көре-

рмен залы ортасында тамаша көпір орнатты. Со-

дан да болар, залдан түскен сауалдар да сан түрлі 

тақырыпты қамтыды. Бірде махаббат, бірде жастар 

тынысы, бірде музей, енді бірде поэ зия мен аза-

маттық, атақ-даңқ турасында қойылған сауалдарға 

жауап берген ақын: «Мені бүгін құрметтеп келген 

студенттер қауымы, жас қауым, дос қауым, туыс-

бауыр лар Сіздердің алдарыңызға жетпістегі жігіт 

болып келіп тұрмын. Бүгін мен үшін жүздесу күні  

болып тұр. Күні кеше Алғыс айту күні болса, бүгін 

соның жалғасы сияқты. Сондықтан да мені құрмет-

теп, сыйлап келген халқыма алғыс айтамын», – деді 

өзінің жастарға айтар алғы сөзінде.  Содан кейін ол 

өзінің «Жүздесу», «Әйелдер әлемі», «Ащы мен 

тәтті» атты өлеңдерін оқыды. Әсіресе, ақынның 

ана, көктем, махаббат жайлы өлеңдері жиналған 

қауымның жүрегін баурап алды. Жүргізуші кешке 

келген ақындардың ішінен С.Тұрғынбекұлы елуге 

келгенде «Серік ақын сексенде» деп өлең жазған 

Бұл жолы «Кәусар» мәдени-

танымдық бірлестігі ұйымдастырған кеш 

«Махаббат-көктем» деп аталды. Мүмкін, 

ол Халықаралық әйелдер мерекесі 

қарсаңында өткеннен болар, кештің 

алдында оқу ордасының ректоры Ерлан 

Бәтташұлы Сыдықов қыз-келіншектерді 

көктем мерекесімен құттықтап, 

оларға сый-сияпат көрсетті.  Ал кештің 

құрметті қонағы, Халықаралық «Алаш» 

сыйлығының лау реаты, Қазақстанның 

еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет