Начало. Окончание на 3-стр



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата06.02.2017
өлшемі10,61 Mb.
#3530
1   2   3   4   5

Тұрғынбекұлы болды. 

Поэзия кешін әдеттегідей профессор 

Кенжеғали Мыржықбаев жүргізді.

Серік  ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ   бүгінгі  күннің   қоңырауы, өткенді  еске 

алушы, болашақтың  болжаушысы

 

Көпен Әмірбекке тілек-сөз беруі де жарасымды 

шықты.  Ол Серік ақынға арнаған өлеңін оқи оты-

рып, өзінің шынайы әзіл-оспағымен тыңдарманның 

көңілін бір көтеріп тастады.

Осыдан екі жыл бұрын университетте өткен 

кездесуде өмірден ертерек кеткен қарымды қа-

ламгер Әшірбек Сығай: «Серік шын мәнінде ақын, 

мінезімен, тұрпатымен, болмысымен, жүріс-тұры-

сымен, тіпті, бет-әлпетімен ақын. Есептің емес, 

нағыз шабыттың ақыны. Әдебиетті бүлдіретін 

арамшөптер. Сол арамшөптерден сақтану үшін 

Серіктердің денсаулығын тілеуіміз керек. Серік 

сияқты ақындар шын мәнінде бүгінгі күннің қоңы-

рауы, өткенді еске алушы, болашақтың болжаушы-

сы, мұндай шайырлар бүгінгі қоғамға, адами ортаға 

нағыз Алла тағаланың жіберген елшісіндей көрінеді. 

Біз қатар өсіп келе жатырмыз. Осы алдыңғы қатарда 

отырған азаматтардың қай-қайсысы да Серікті жақ-

сы көреді, бүгінгі кешке Серікті сынайын деп емес, 

Серіктің жырына құлайын деп келді, айызымыз қа-

найын деп келді», деп тамсандыра сөйлеген сөзі әлі 

есімізде. Шын мәнінде де осы Серік ақынмен өткен 

кездесу кешегі өмірден өткен серілердің жалғасын-

дай көрінді.

Кеш соңында университет ректоры Ерлан Бәт-

ташұлы Сыдықов жетпіске келген аңқыл 

даған 


ақиық ақынға оқу орнының сый-сияпатын көрсетіп, 

Серік Тұрғынбекұлына университеттің ең жоғары 

наградасының бірі «Күлтегін» медалін табыс етті. 

Мақсұтбек ОТАШЕВ


15

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 5-6 (210-211), 

наурыз, 2016 жыл



Еске алу кеші 

Тұсаукесер

Жақсының аты, 

ғалымның хаты өлмейді

Жырау кітабы оқырманын  тапты

Наурыз мерекесі қарсаңында 

«Информатика және ақпараттық 

қауіпсіздік» кафедрасының 

ұйым дастыруымен 

белгілі 

ғалым, техника ғылымының 

кандидаты, химия ғылымының 

докторы, Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты, профессор Тоқтарбай 

Сүлейменовты еске алу кеші өтті. 

Аталмыш іс-шараға ғалыммен 

көзі тірісінде қызметтес болған 

әріптестері, үзеңгілес жолдастары, 

балалары қатысты. Алғашқы 

сөз кезегін университетіміздің 

әлеуметтік-мәдени даму мәселелері 

жөніндегі проректоры Дихан 

Қамзабекұлы алып, Тоқтарбай 

Сүлейменұлы туралы естеліктерге 

тоқталып, ғалымға арналған ғылыми-

танымдық семинарды ашып берді. 

Кеш барысында ғалымның 

өмірбаяны, атқарған қызмет 

жылдарындағы жетістіктері 

баяндалды.   Тоқтарбай Сүлейменов 

алғашқы еңбек жолын ауыл 

мектебінде ұстаздықтан бастап, 1986 

жылы Мәскеу электрондық техника 

институтының аспирантурасына 

қабылданып, 1989 жылы академик 

В.М. Глазовтың жетекшілігімен 

кандидаттық ғылыми дәреже 

атағын алды.   Кейіннен Қазақстан 

Ғылым Академиясының химия-

металлургия және Қарағанды 

мемлекеттік медицина, сонымен 

қатар Қазақстан Республикасы 

Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек 

Бейсенов атындағы Қарағанды 

заң институттарында доценттік 

қызметтер атқарды. 

2004 жылы Мәскеудің ғылы-

ми мектебінде әйгілі ғалым 

Виталий Павлович Малышевтің 

кеңесшілігімен «Реттелмеген 

жүйелердегі таяу тәртіптің кванттық 

химиялық табиғаты» атты докторлық 

диссертациясын қорғады. 

Тоқтарбай Сүлейменовтің 

білім саласында атқарған еңбектері 

ескеріліп, 2005 жылы Қазақстан 

Республикасының Ғылым, техника 

және білім саласы бойынша 

Виталий Павлович Малышевтың 

жетекшілігімен «Қатты, сұйық 

және газ күйдегі денелер үшін ретсіз 

бөлшектердің бірыңғай теориясын 

әзірлеу, оны мыс пен мыс созбасын 

алу технологиясын жетілдіруге, 

өндіріс өнімдерінің көлемін ұлғайту 

және сапасын арттыруға қолдану»     

атты еңбегі Мемлекеттік сыйлықпен 

марапатталғандығы туралы айтылды. 

Ғалым 2009 жылдан бастап 

өмірінің соңына дейін Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің Ақпараттық 

технологиялар факультетіндегі 

Есептеу техникасы, Теориялық 

информатика кафедрасында 

профессорлық қызмет атқарды.   

2012 жылдан бері «Балқыманың 

ағуы мен үздіксіз құю желісіндегі 

температуралық өрістің үлестірілуін, 

сонымен қатар металл катанканы 

өндірудің компьютерлік моделін 

жасау» және «Магнит өрісі 

көмегімен электростанцияларының 

жылу алмасу жүйесінде қақты 

болдырмау әдістемесін жасау» 

тақырыбында екі ғылыми жобаға 

жетекшілік етті. 

Жобалар бойынша жасалған 

ғылыми-зерттеулер нәтижелерін 

жинақтап, монография түрінде 

баспадан шығарылуына және де 

осы еске алу кешін ұйымдастырған 

«Информатика және ақпараттық 

қауіпсіздік» кафедрасының доценті, 

т.ғ.к. Р.С. Ниязованың еңбегі зор. 

Ғалымды еске алу кешінде 

Ақпараттық технологиялар факуль-

тетінің деканы Ж.К. Нұрбекова, 

«Есептеу техникасы» кафедрасының 

меңгерушісі Н.Н. Ташатов, уни-

верситеттің ғылыми бөлімінің бас 

маманы М.А. Асылбаева, «Қазақстан 

инжиниринг» ЖШС-нің ғылыми- 

зерттеу жұмысы департаментінің 

директоры Т.З. Зебешов, «Ғарыштық 

техника және технологиялар» 

кафедрасының аға оқытушысы С.Р. 

Есенғали, А.К. Сәдуақасовалар сөз 

сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. 

"Еуразия-ақпарат"

Университетімізде қазақ ақын-

жырауларының биік тұлғасы, 

жауынгер жорық жыршысы 

Қалнияз  Шопықұлының «Қал-

нияз едім күнінде...» атты жыр 

жинағының тұсаукесер рәсімі 

болып өтті. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 

арналған шараны Еуразия ұлттық 

университетінің әлеуметтік-мәдени 

даму жөніндегі проректоры, 

белгілі алаштанушы ғалым, ҚР 

ҰҒА корреспондент-мүшесі Дихан 

Қамзабекұлы ашып, жиынға 

қатысушыларға ректор Ерлан 

Бәтташұлының жылы лебізін жеткізді. 

Алғашқы болып сөз алған ҚР 

Ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Өмірзақ Озғанбаев Маңғыстау ақын-

жырауларының бірегейі, Абыл, Ақтан, 

Нұрым сынды сөз жүйріктерінің 

замандасы, батыр, жауынгер – жорық 

жыршысы, арынды ақын Қалнияз 

жыраудың өмірі мен шығармашылық 

жолы туралы арнайы баяндама 

жасады. Ал Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері, филология 

ғылымдарының докторы, профессор 

Серік Негимов жинаққа ақынның 

туған жер, ел, отанға деген 

сүйіспеншілігі, елді аңсауы, туған 

жерді қорғау, ел қорғаған батырлар 

ерлігі топтастырылғанын баса айтса, 

тарих ғылымдарының докторы, ЕҰУ 

профессоры Жамбыл Артықбаев 

бұл кітапқа Қалнияз Шопықұлының 

жыр топтамалары, өлеңдері мен 

толғаулары, дастандары жинақталып, 

толықтырылып берілгенін тілге 

тиек етті. Ең маңыздысы сол, белгілі 

тарихшы-ғалым болашақта Жиделі 

Байсын жеріне арнайы экспедиция 

ұйымдастыру керектігін алға тартты.

Басқосу барысында Дүйсембі 

Әріпұлы, Қабиболла Сыдиықұлы, 

Мұханбет Жүнбасов секілді 

ғалымдардың тірнектеп жиған 

еңбектері де елеусіз қалмай, өткен 

жылы, яғни ақынның туғанына 200 

жыл толуы қарсаңында ақынның 

сүйегін Тәжік жерінен әкеліп, туған 

жері Маңғыстауға қайта жерлеуге 

ерекше үлес қосқан Қаржаубай 

Рәйімбаевке сөз берілді, ол болған 

жайды боямасыз айта келіп, соңынан 

өзінің арнау өлеңін оқыды. 

Жиынға қатысушылар кітапты 

құрастырған Еуразия ұлттық 

университеті журналистика және 

саясаттану факультетінің 1 курс 

студенті Кенжебек Сержанға үлкен 

алғыс білдіріп, жақсы істі жалғастыра 

беретініне тілек білдіріп тарқасты. 

Баспасөз  қызметі


16

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 5-6 (210-211), 

наурыз, 2016 жыл

    

Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

ДИРЕКТОР – 

БАС РЕДАКТОР

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Журналистер:

Жүніс  ОМАР

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Гүлзабира ШӘУЕНОВА

Техникалық редактор

Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші

Ербол  ЕРДЕНБЕК

Газет ТОО "Медиа-холдинг ERNUR" 

баспаханасында басылды.

Таралымы -1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, 

Қазақстан Республикасының 

Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс № 2312

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2-үй, 

347 бөлме. Тел: 709500, 31 325 (ішкі байланыс)

Shauenova_ga@enu.kz

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.

Бәрінен де сен сұлу!

Олар ел намысын қорғайды

«Дене  тәрбиесі  және спорт» мамандығының 3 курс студенттері,  апалы-сіңілі Александра 

мен Екатерина Немичтер  биыл Рио де Жанейрода  өтетін  олимпиадаға  жолдаманы  жеңіп  алды. 

Бразилияда өткен олимпиадалық іріктеу турнирінде үздік ондыққа кірген олар енді ел намысын 

қорғайтын болады. 

Синхронды жүзуден Қазақстан дуэт бойынша олимпиадаға 1996 жылдан бері қатысып келеді. 

Ең үздік көрсеткішті 2012 жылы Анна Кулкина мен Айгерім Жексембинова иеленген – 15-орын. 

Ал Немичтер олимпиадаға алғаш рет қатыспақ. Олар 2014 жылы Инчхондағы XVII жазғы Азия 

ойындарында Қазақстан құрамасы сапынан алғашқы жеңіс – қола медальға қол жеткізген болатын. 

Апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер бұл жеңісін Еуразия ұлттық университетінің 

20  жылдығына  арнаса, Рио де Жанейрода  өтетін  олимпиададағы  жеңістерін  Тәуелсіздіктің 25 

жылдығына арнаймыз деп отыр. 



Жеңістері  Жеңіске жалғассын!

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 

 

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында  

Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия  ұлттық 

университетінде  «Қыз Жібек-2016» 

байқауы  мәресіне жетті. 

Бұл дәстүрлі байқау  оқу орнында 2008 

жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға 

университетіміздегі 13 факультеттің  80-ге 

жуық үміткерлері қатысып байқаудың ақтық 

сынына оқу ордамыздың  ең сұлу, ең дарынды, 

ақылына көркі сай 14 аруы жолдама алған 

болатын.  

Әділ қазылар алқасының шешімімен «Қыз 

Жібек-2016» атағына және Гран-приге  тарих 

факультетінің студенті айдай сұлу аруымыз 

Рақымжан Набира Рақымжанқызы   лайық 

деп танылды. 1 орын – журналистика  және 

саясаттану факультетінің студенті Қайыргелді 

Гүлзат Русланқызына, 2 орын – физика-

техникалық факультетінің студенті Базарбаева 

Меруерт Сабыржанқызына, 3 орын – 

жаратылыстану ғылымдары  факультетінің 

студенті Серкебаева Салтанат Төленқызына 

бұйырды.


Жеңімпаздарға  бағалы жүлделер  алу  үшін  

дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.  

Қалған қатысушылар «Парасат  аруы», 

«Көктем аруы», «Өнерлі ару», «Креативті 

ару», «Инабатты ару», «Білімді ару», 

«Айрықша ару», «Интеллектуалды ару»,   

«Сымбатты ару», «Көрермен көзайымы» 

номинациялары бойынша  дипломдармен және  

бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау барысында  Қазақстанның  эстрада 

жұлдыздары Алтынай Жорабаева, Димаш 

Құдайбергенов, ағайынды Жүгінісовтер  сахна  

сәнін келтіріп, көрермендерге  көтеріңкі көңіл 

күй сыйлады..



Ж.ОРМАШҰЛЫ

Жарайсыңдар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет