Национальные стратегии развития тюркоязычных стран



Pdf көрінісі
бет40/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,46 Mb.
#6169
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58

Түйін

Мақалада  Қазақстан  Республикасының  бірінші  Президенті 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың ұлы саяси көшбасшы ретіндегі рөлі 

қарастырылады.

Summary

The role of the First President of the Republic of Kazakhstan Nursultan 

Nazarbaev as the outstanding political leader is considered in article.


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

404         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі



ТҮРКІЛІК РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ 

РЕПРЕЗЕНТАЦИЯЛАУДЫҢ ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ 

ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Б.М. Аташ,

Абай атындағы ҚазҰПУ магистратура және PhD 

докторантура институты, саясаттану және әлеуметтік-

философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы,философия 

ғылымдарының докторы

Бүгінгі адамзаттық прогресс аясындағы болмай қоймайтын 

беталыс  –жаһандану  ұлттар  мен  ұлыстар  үшін  ерікті-еріксіз 

түрде талап етілетін ашық қоғам мен сұхбаттастық ұстанымын 

жариялап,  əрбір  субьектілер  үшін  өзінің  жағымды  жəне 

жағымсыз қырларын паш етіп келеді. Жаһандануды қабылдаудың 

психологиялық  климаты  аясындағы  теориялық-бұқаралық 

санадағы  пікірлердің  бірі  –  этникалық  болмыс  тұтастығының 

дербестігі  жəне  оның  өміршеңдігі,  ұлттар  мен  ұлыстардың 

табиғи  бірегейлігінің  сақталу-сақталмауы  дегенге  келіп  саяды 

[1,10-12бб.]. Осындай түйткілді мəселеге сəйкес, стратегиялық-

футурологиялық  жоспарлар  аясында,  еліміздің  кейбір 

ғалымдары түркі халықтарының мəдени-рухани, экономикалық-

əлеуметтік  бірлігін  негіздейтін  жалпытүркілік  идея  жобасын 

ұсынып келеді[2, 2-9бб.; 3]. Бұл тұста, біз саяси бірлік немесе 

халықаралық деңгейдегі қатынастардың жобаларын емес, түркі 

халықтарының  мəдени-рухани  құндылықтарының  табиғи-

генетикалық,  тарихи  эволюциялық  арнадағы  бірнегізділігін 

басшылыққа  ала  отырып,  тұтас  рухани  құндылықтарын 

сараптау,  жүйеге  келтіру,  сұрыптау  мен  ілгерішіл  жақтарын 

қайта  жаңғыртудың  негізгі  бағдарларының  ғаламдық  кеңістік 

деңгейлеріндегі перпективаларын саралап өтпекпіз.



НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      405    



Біріншіден,  бұл  репрезентация  –  түркі  халықтарының, 

оның ішінде халқымыздың да тарихи рухани құндылықтарына 

сəйкес  келмейтін  жаһандану  жағдайындағы  əр  түрлі  жат 

психологиялық  ықпал  өрісі  аясындағы  идеологиялардан 

сақтану  үшін  қажетті  бағдар  болып  табылады.  Шындығында, 

қазіргі  адамзаттық  идеологиялық  кеңістік  арнасында,  əрбір 

қауымдастық  пен  ықпалды  күштер  өзінің  насихаттық-

психологиялық түсініктерін жалпыға, нақтырақ айтқанда, барша 

адамзатқа  тануға  ұмтылу  үстінде.  Мəселен,  еуропаландыру, 

қытайландыру,  америкаландыру  тəрізді  ықпалдармен  қатар  əр 

түрлі діндердің насихатшылдық əрекеттері жəне оның жағымсыз 

арналары өрістей түсуде. Осы орайда, бұндай идеологиялардың 

керітартпа жақтарынан қоғану үшін, біз, қазақ халқы жəне басқа 

да  түркі  халықтары  бұрынғы  тарихи  дəстүршілдік  қағидасын 

жəне оны қазіргі заманға сай қайта жаңғырту идеясын қолдауды 

ұсына аламыз. Себебі, əр түрлі болмыс-бітімімізге сəйкес келе 

бермейтін идеологиялардың ықпалынан алдымен, руханилықты 

бетке ұстау арқылы сақтана алатындығымыз тарихи тəжірибеде 

бірнеше рет дəлелденген нұсқа. 

Екіншіден,  түркілік  рухани  құндылықтарды  қайта 

жаңғыртудың  тарихи  қажеттілігі  мен  хронологиялық  жағынан 

да  мезгілі  келіп  жетті,  бұл  тарих  таразысы  мен  сұранысының 

обьективті шарты десек те болады. Кеңес үкіметі ыдырағаннан 

кейін түркі халықтарының егемендік алуы, Түркия мемлекетінің 

түркілік  идея  аясындағы  мəдени  ұмтылысы,  ұмыт  болып  бара 

жатырған  руханияттық  деңгей  т.б.  оны  қайта  жаңғыртудың 

уақыты  келгендігінің  обьективтілігін  ерікті-еріксіз  түрде  паш 

етіп  отыр.  Шынайы  тарихты  тану,  тарихи  өзіндік  сананың 

қалыптасып,  дамуы  бүгінгі  күні  осы  рухани  құндылықтарды 

қайта жаңғыртуды қалайды. 

Үшіншіден,  бұл  мəселенің  тағы  бір  өзекті  қыры  – 

жалпыадамзаттық  рухани  дағдарыстардың  пайда  болуы  мен 

қылаң беруі. Ол утопия ма, əлде өмірдің шындығы ма, немесе 

əлеуметтік  миф  пе  –  бұл  да  күрделі  мəселе.  Бірақ  көптеген 

зерттеушілеріміз  əлемдегі  рухани-моральдік  дағдарыстардың 

беталысына қарап, құлдырау деңгейінде екендігі жөнінде дабыл 

қағу  үстінде.  Мысалы,  кейбір  ғалымдарымыз  �тұтынатын 


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

406         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

адам�  дағдарысының  руханияттықа  жат  қылығын,  оның  тым 

тұрпайы  ерекшеліктерін  ашып  көрсетеді[4,334б.].  Егер  біз 

жалпыадамзаттық рухани дағдарысты анық сезіп келе жатырған 

болсақ,  сондай  беталыс  бар  екен  деп  пайымдасақ,  сөз  жоқ 

түркілік  рухани  құндылықтарды  қайта  жаңғырту  осы  сəттегі 

сұранып  тұрған  өмірдің  заңдылығына  айналады.  Түркілік 

тұтас  руханияттық  асқақтық  əлемдік  рухани  дағдарыстардың 

ықпалында болмауды жəне оған тиісті емес екендігін де паш ете 

алады, мүмкін ол əлемдік рухани дағдарысты тежеуде өзіндік бір 

орнын  айғақтап  бере  алатындай  үлес  қосуы  да  ықтимал.  Тіпті 

болмаса, жалпы адамзатты моральдік дағдарыстардан құтқарып 

қала  алатын  үлгі  жасап,  оны  ұсынуға  да  қабілетті  екендігін 

естен  шығармағанымыз  жөн.  Себебі,  түркі  халықтарындағы 

адамгершілік  пен  этика  дүниежүзілік  руханият  кеңістігінде 

бұрын  да  айтарлықтай  орын  алған  жəне  осы  сала  бойынша 

тарихта ықпалды-қозғаушы күш болды деп те айта аламыз. 

Төртіншіден, ол тек моральдік құлдырау ғана емес, адамзатты 

алаңдатып  отырған  экологиялық,  экономикалық  сияқты  жалпы 

дағдарыстарды да шешуге мүмкіндік ашатын өзіндік үлгілерін 

ұсынуға  құқықты  жəне  оның  іске  асу  ықтималдығы  да  төмен 

емес екендігін ескеруіміз керек. Мысалы, өркениетті елдердегі 

экономикалық-экологиялық  дағдарыстар,  артта  қалушы 

мемлекеттердегі  шабангдау  қозғалыс,  түптеп  келгенде,  орта 

деңгейдегі  дамып  келе  жатқан  түркі  халықтарына  болашақта 

осындай бір міндеттер жүктеген сияқты болып тұрады. Себебі, 

жақын  болашақтағы  экономикалық  өрлеу  перспективалары  да 

түркі халықтарының еншісіне молырақ тиеді деп айта аламыз. 

Бұл өз кезегінде, дайын рухани-моральдік өнімдерді де əлемге 

таратуға мүмкіндік береді деген сөз. 

Бесіншіден,  бүгінгі  таңда  адамзаттық  өрлеу  мен  ілгерілеу 

түркілік  өмір  салты  мен  руханияттық  деңгейіне  біршама 

қызығушылық  тудыруда,  ол  дүниежүзілік  мəдени  аренада 

айтарлықтай  беделге  де  ие  болып  келеді.  Мəселен,  қымыз  бен 

шұбат сынды сусындар, ою-өрнектер, ұлттық аспаптарымыз т.б. 

қайсібір  озық  қоғамның  талғамдарына  сай  келіп  құрметтеледі. 

Тіпті  болмаса,  қазақтардың  �жеті  атаға  дейін  қыз  алыспау� 

дəстүріне бүгінгі таңда əлем таң-тамаша қалуда десек те артық 


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      407    



айтқандық  емес.  Осы  орайда,  руханияттық  деңгейімізді  қайта 

сараптау,  оның  ғылыми-теориялық  негіздерін  реттеу,  алдымен, 

бұл  құндылықтарға  иелік  етуімізді,  содан  соң,  түркі-қазақтық 

экзотиканы  əлемге  қайтадан  таныстыруымызды  заманауи 

тұрғыдан талап етуде деп айта аламыз. 

Алтыншыдан,  бүгінгі  таңдағы  іске  асып  келе  жатырған 

жалпытүркілік 

экономикалық-саяси 

ынтымақтастық 

ұстанымының  іргетасын  құру,  теориялық  негіздерінің 

алғышарттарын  жасау,  тұтастық  идеясының  түпнегіздерін 

көрсету  үшін,  алдымен,  руханияттық  бірліктің  терең  тарихи-

мəдени  негіздерін  қайтадан  өрістету  туралы  концептуальді 

идеялар  қажет.  Бұл  –  рухани  құндылықтарды  қайта  сараптау 

арқылы өзіндік бір жаңа белестерді тани алады. 

Жетіншіден, түркі халықтарын тұтастай жəне оларды жекелей 

алғанда  да,  өзінің  тұғырлы  мəртебесін  əлемдік  саяси-мəдени 

аренада  анықтайтын  мезгілдің  келіп  жеткендігі  де  осы  рухани 

құндылықтарды сараптап, қайта жаңғыртып, ешкімге ұқсамайтын 

төлтума  ерекшеліктерімізді  əйгілеудің  бірден-бір  себебі  болып 

табылады деп айтуымызға болады. Бұндай заманауи талап түркі 

халықтарының  əлемдегі  орнының  салмақты  түрде  айғақталуы, 

дүниежүзілік  халықаралық  кеңістікте  өзіндік  мəртебесінің 

нығаюы сияқты мəселелер шеңберінде руханияттық деңгейімізді 

паш  ететін  мезгілдің  келіп  жеткендігін  əйгілеп  тұрғандай. 

Осы  орайда,  �Необходимо  научно-философское  осмысление 

тенденций  развития  культуры  этих  государств,  сохранения 

самобытности и специфики менталитета тюркских народов, как 

самоценного явления в общечеловеческой культуре�,- деген пікір 

де [5,17б.] біздің тұжырымдарымызды дəйектей түседі. Тарихтағы 

түркілік  бірлік  рухын  еске  алсақ,  өткенге  көз  жүгіртсек,  жер 

бетінде  бірнеше  түркі  тектес  халықтардың  империялар  құруы, 

шындап  келгенде,  зерттеушілеріміз  атап  көрсетіп  жүргендей, 

олардың тарихтың қозғаушы күші ретінде танымал болуы, əлем 

халықтары өркениетіне айтарлықтай ықпал еткендігі т.б. [6,105-

204бб.] шынайы тарихи əділ бағасын алуы тиіс. Тарихта түркі 

халықтары бірнеше рет империялар құрып, бірнеше рет ыдырап 

кеткендігіне көз жүгіртсек, келесі кезекте, ыдырау емес, бірлік 

қажет екендігі туралы алгоритм алынады. 


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

408         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

Сегізіншіден,  құндылықтарымызды  қайта  жаңғыртудың 

өзекті  мəселелерінің  бірі  –  олардың  руханияттық  кеңістік 

алаңынан  жоғалып  бара  жатырғандығы  мен  жоғалып  кеткен 

кейбір тұстарын қалпына келтірумен шартталады. Мүмкін, тек 

түркі  халықтарына  ғана  емес,  жалпыадамзатқа  игі  ықпал  ете 

алатын  руханияттық  деңгей  заманауи  сұраныстардан  туындап 

отырғандай  деп  болжамдауымызға  болады.  Бұл  шындығында 

да  солай.  Мəселен,  Ш.  Ибраевтың:  �Ал  адамзаттың  дамуына 

өлшеусіз  зор  үлес  қосқан  түркілік  мəдениеттің  орны  мен 

бағасын,  мазмұны  мен  даралық  сипатын,  құрамдас  бөлігін 

зерттеу – түркілерге ғана емес, жер бетіндегі адам баласы үшін 

қажетті  іс�,-деген  пікірі  де  [7,10б.]  жалпыадамзаттық  рухани 

дағдарыстарды  тежей  алатын  маңызды  күштердің  бірі  осы 

түркілік руханиятта жатыр деген ойды меңзеп тұрған сыңайлы. 

Тоғызыншыдан, бүгінгі таңда кез-келген мəселе саяси жəне 

капиталдық  арнаға  соқпай  кете  алмайды.  Осыған  байланысты 

түркілік  қауымдастықтың  саяси  қауіпсіздігі  мəселесіне  қайта 

оралуымызға  тура  келеді.  Бүгінгі  араб-мұсылмандық əлем  мен 

батыс  арасындағы  қайшылықтың  туындауы  түркі  əлемінің 

тұтастығының  болуы-болмауы  талғауы  үшін  ой  саларлық 

тəжірибе ғана емес, тағдырдың ескертуі мен іргелі түп мəселені 

туындататын  футурологиялық  жобаларды  қажетсініп  тұрған 

заманауи  өмір  шындығының  қатал  сынағына  дайындалуды 

ниеттейтін сыңайлы. Бұл қарсы тұратын физикалық-саяси күресті 

ғана емес, алдымен, рухани тұғыр мен рух қуатының өміршеңдігі 

қағидасына  сүйене  алатын  іргелі  тұғырнама  болып  табылады. 

Сондықтан,  түркілік  рухани  бірлік  идеясы,  түптеп  келгенде, 

адамзаттың рухани тұтастығы мен ынтымақтастығының шағын 

жобасын  жасап  беріп,  келешекте  осы  тұтастық  аясына  бүкіл 

əлемді біріктіретін орталық болып қалыптасуына мүмкіндік бар 

екендігін естен шығармағандығымыз жөн. 

Қорыта  айтқанда,  түркілік  рухани  құндылықтарды 

репрезентациялаудың мындай ілгерішіл-оңды перспективалары 

туындайды:  жаһандану  жағдайында  ұлттық  құндылықтар  мен 

түркілік  құндылықтарды  сақтап  қалудың  іргелі  тетігін  жасап 

беруы  ықтимал;  шынайы  тарихымызды  қайта  қалпына  келтіру 

мен дүниетанымымызды əйгілеудің негізін ұсына алады; тарихи 


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      409    



туыстық  қалпымыз  рухани  құндылықтарды  қайта  жаңыртудың 

субстраттық  іргетасын  құрай  алады;  əлемдік  саяси-мəдени, 

рухани-экономикалық  аренада  түркі  халықтарының  өзіндік 

беделін  əйгілеудің  қозғаушы  күші  болып  табылады;  əлемге 

түркілік рухани құндылықтарды паш етудің жəне оңды, тиімді, 

ұтымды  тұстарын  таратудың  негізін  құрауы  тиіс;  адамзаттың 

рухани құлдырау �жоспарында� өзіндік �мессия� ролін атқаруы 

тиіс екендігі жауапкершілігі жүктеледі т.б. 

�Біз  ұмытқан�  тарихты  реконструкцияласақ,  адамзат 

эволюциясында түптүркі-түркі мəдениетінің адамзат өркениетіне 

айтарлықтай үн қосқандығы хақындағы ойлармен келісу əбден 

болады.  Бірақ  адамзаттың  тарихи  тағдырынан  ешкім  де  �ақы 

сұрамайды�,  сондықтан,  түркілік  рухани  құндылықтарды 

жаңғырту мен оның жалпыадазматтық игіліктерін бүкіл əлемге 

тарату, мүмкін циклды қайта оралу үлгісі бойынша, тағы да түркі 

ұлысына əлем алдында үлкен жауапкершіліктер артып отырған 

тəрізді деп болжамдай аламыз. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Казахстан  в  глобальном  мире:  вызовы  и  сохранение 

идентичности // Адам əлемі, № 4 (50) 2011.  - С. 9-13.

2. Тайжанов А. Ғаламдасу: Түркілік таным мен тағылым//Жалын, 

№8, 2007, 2-9 бб. 

3.  Құсайнұлы  А.,  Башарұлы  Р.  Жаһанданудағы  ұлттық  идея//

Президент жəне халық. №5 (075), 2 ақпан, жұма, 2007 ж.

4. Абдраимова А.С., Мырзалы С. Рухани адамгершілік дағдарыс: 

себептері мен одан шығу жолдары//Шулембаевские чтение. Материалы 

международной  научно-практической  конференции,  посвященной 

75-летию доктора философский наук, профессора К.Ш. Шулембаева. 

2-4 марта 2012.-Алматы: КазНПУ им. Абая.-407 с-334-337бб.

5. Абаев Н.В., Аюпов Н.Г. Тенгрианская цивилизация в духовно-

культурном геополитическом пространстве Централтной Азии.-Часть2. 

Алматы, 2010.-200с.

6.  Әкім  Ж.  Қазақ  идеясы.  Түркі  өркениеті  негізінде.-Алматы: 

Өлке, 2006.-232 б.

7. Ибраев Ш. Халықаралық түркі академиясының құрылғанына 1 

жыл//Түркі əлемі, №12(116), 2011ж.


ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

410         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі



Резюме

В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  возрождения 

духовных  ценностей  тюркского  народа.  Автор  представляет  научные 

теоретико-методологические основы развития духовных ценностей, а 

также моделирует практические аспекты его реализации и прогнозирует 

перспективы. 



Summary

In the article the author considers the methodological problems of the 

revival of spiritual validity of Turkic people and organizes its functions, ty-

pes, Genesis, journey, means of subsistence, preemstvennost′i drivers and 

the purpose of the Renaissance. 


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      411    



ТҮРКИЯДА ОРТА АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ 

ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ҰЙЫМДАР ЖАЙЛЫ

А.А. Ерболаева,

Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің әлеуметтік-

психологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, 

әлеуметтану магистрі

Ж.Е. Турманова,

Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің әлеуметтік-

психологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, 

әлеуметтік жұмыс ғылым магистрі

Түркия мен Қазақстан арасындағы рухани үндестік, əртүрлі 

бағыттағы байланыстар үзілген емес. Екі ел арасындағы саяси, 

сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық байланыс жыл 

өткен сайын нығайып келеді. Оның үстіне түбіміз түркі деген ұран 

уақыт өте өміршең болып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың 

күшеюі басқа түркі елдеріне де үлгі болуда.

1991жылы  Тəуелсіздігімізді  алғаш  танып,  еліміздің 

аяқтан  тік  тұрып  кетуіне  қол  ұшын  созған  елдің  бірі  Түркия. 

Тəуелсіздігімізді  алғаннан  кейін  1992  жылдың  наурызында 

Түркия  Республикасы  мен  Қазақстан  Республикасы  арасында 

дипломатиялық  қарым-қатынас  орнату  туралы  хаттамаға  қол 

қойылды.  Осы  екі  ел  арасында  стратегиялық  жоспарланған 

экономикалық  байланыс  күшейе  түсуде.  Әлеуметтік  саяси 

позициясы мен ұстанған бағыттары, мақсаттары мен міндеттері 

сəйкес екі ел тарихи-мəдени жағынан да жақын туыстас. Оның 

үстіне Түркия мен Қазақстан Азия мен Еуропамен шектесетін, 

қос құрлықтың арасында жатқан ерекше көпір деуге болады. 

1990 жылдардың басында Кеңес үкіметі ыдырағанан кейін 

Орта  Азия  əлемдік  аренада  стратегиялық  маңызды  регионға 



ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

412         Түркітілдес елдер  әлеуметтанушыларының V Конгресі

айналған  болатын.  Түркия  елінің  региондағы  мемлекеттермен 

тарихтан  келе  жатқан  дін,  діл,  мəдениет  жақындығы  бұл 

мемлекеттерде сөзін жүргізуге мүмкіндік туған кезі еді. 

Түркия  мемлекеті  осы  жағдайды  жақсы  пайдаланып,  1991 

жылы  тəуелсіздігін  жариялаған  Қазақстан,  Қырғызыстан, 

Өзбекістан,  Түрікменстан  жəне  Азербайжан  мемлекеттерімен 

байланысын  мəдениет  саласында  бастаған  болатын.  Қысқа 

мерзім  ішінде  мемлекеттің  мəдениет  саясатына  жаңа  бағыт 

беріліп, байланыстар экономикалық, саяси бағыттарға ауысады. 

Экономика,  мəдениет,  білім  беру  саласындағы  екі  жақты  қой 

қойылған  құжаттардың  нəтижесі  табиғи  түрде,  Түркия  елінде 

жаңа  ұйымдардың,  əртүрлі  дəрежедегі  қорлардың,  зерттеу 

орталықтары  мен  университеттердің  жəне  ортақ  жобалардың 

ашылуына себеп болады. 

Жалпы алғанда, Түркияда Орта Азия мемлекеттерін зерттеу 

үшін құрылған ұйымдарды былай бөліп көрсетуге болады:

1)  Мемлекеттік ұйымдар немесе мемлекеттен қаржыланды-

рылған ұйымдар (ТИКА, ТУРКСОЙ, ЕКО, ТУРК-ПА);

2)  Университтерде құрылған зерттеу орталықтары;

3)  Тəуелсіз  стратегиялық  зерттеу  орталықтары  (АСАМ, 

ТАСАМ, ТУРКСАМ, УСАК жəне КОКСАВ);

4)  Үкіметтік емес ұйымдар (қорлар мен қоғамдық ұйымдар). 

Мысал ретінде ұйымдардың əрбір түріне қысқаша тоқталып 

өтелік. 


Орта  Азия  мемлекеттерінің  тəуелсіздігін  алғанан  кейін 

региондағы мемлекеттермен ресми байланыстарды жүргізу үшін 

құрылған  ең  маңызды  ұйымдардың  алдынғы  қатарына  Түрік 

ынтымақтастық жəне координация басқармасы кіреді (тур. ТіКА

 

– Türk İşbirliği ve Kalkınma Ajansı



). 

ТИКА  түркі  тілдерінде  сөйлетін  елдердің  барлығының 

дамуына жəрдемдесу мақсатында региондағы елдердің экономика, 

сауда, техника, мəдениет, білім беру салаларында ортақ жобалар 

мен бағдарламалар жүргізуі үшін 1993 жылы құрылады. 

Қазіргі  таңда  ТИКА  Еуропа,  Азия,  Африканың  37  елінде 

қызмет  көрсетіп  келеді.  Ай  сайын  жасалған  жұмыстарын 

Еуразия  Бюллетень  атты  мерзімдік  басылымын  шығаруда. 

Түркия мемлекеті үшін ТИКА əр мемлекеттің есебін дайындап 


НАЦИОНАЛЬНЫЕ СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ ТЮРКОЯЗЫЧНЫХ СТРАН

                  

 

 V Конгресс социологов тюркоязычных стран                      413    



береді.  Бұл  есептер  мемлекеттердің  территториясынан  бастап, 

бүкіл салаларын қамтитын маңызды құжат болып табылады. 

ТУРКСОЙ  –  (түр.  Türk  Kültür  ve  Sanatları  Ortak  Yöne-

timi)  –  Түркі  мəдениетін  жəне  өнерін  дамыту  халықаралық 

ұйымы. Мақсаты түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің 

арасында  достық  қатынастар  құрып,  ортақ  түркі  мəдениетін, 

тілін, тарихын, өнерін, əдет-дəстүрлерін зерттеп, жалпыға жария 

ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу, 

түркі  дүниесінде  ортақ  бір  тіл  мен  əліпби  қолданылуы  үшін 

тиісті  орта  жəне  жағдай  қалыптастыру.  Турксойға  1993  жылы 

12  шілдеде  Алматыда  келсімге  құрылтайшы  елдердің  өкілдері 

қол қойған. Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып 

тағайындалды. TУРКСОЙ ұйымының ресми қызмет тілі – түрік 

тілі. Бас кеңсесі Анқара (Түркия) қаласында орналасқан.

Тағы  бір  мемлекеттік  ұйымдардың  бірі  –  түркі  тілдес 

мемлекеттердің  Парламенттік  Ассамблеясы(ТУРК-ПА).  Бұл 

идея ортақ мақсаттарды жүзеге асырудың қозғаушы тетігі ретінде 

�ақсақалдар  алқасын�  құру  жөніндегі  ұсынысынан  туындаған 

болатын. 2008 жылы, 21 қараша күні Ыстамбұлда Түркі тілдес 

мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясын құру жөніндегі жəне 

�Ыстамбұл  Келісімі�не  Қазақстан,  Қырғызстан,  Азербайжан 

жəне Түркия қол қояды. 

Түркі  тілдес  мемлекеттер  басшыларының  Нахчыван 

кездесуінде  қабылданған  шешім  бойынша  Түрік  академиясы 

ашылады. Түркі академиясы – бұл алғашқы жəне бірегей ғылыми-

зерттеу орталығы деп танылады. Ғылыми-зерттеу орталығы түркі 

əлемінің рухани бірлігін нығайтудың маңызды буыны болуы тиіс. 

Ол жалпыадамзаттық өлшемдер арқылы түркі дүниесінің, сондай-

ақ бүкіл əлемдік өркениеттің бай ғылыми жəне тарихи мұраларын 

терең  ой  елегінен  өткізуге  жəрдемдесетін  болады.  Академия 

ежелгі  мəдениеттің  жазба  ескерткіштерін  қалпына  келтірудің 

өзіндік шығармашылық зертханасы болмақ деп күтілуде.

Бұрынғы Кеңестік түрік тілдес республикалар тəуелсіздіктерін 

алғаннан  кейін  алғашқы  ресми  сапарға  Түркия  бас  министрі 

Сүлеймен  Демірел  аттанады.  Сапарға  нақты  ұсыныстармен 

дайындалған бас министір түрік тілдес республикалардан жыл 

сайын 10 мың студентті түрік жоғары оқу орындарына қабылдау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет