90
Қолы жетіп, алар ол мол асылды [1,1]!
Жүсіп Баласағұни еңбегінде: Алла әрбір нәрсені мақсатпен жаратқан. Соның ішінде
адамды Алла жердегі өзінің орынбасары еткен. Әрбір жататылғанның қызметі бар. Барлық
жаратылғандар Жаратушыға ұмтылады, оған қайта оралады. Өйткені, әлем Жаратушысымен
ғана мәнді. Табиғат, адам, рух, қоғам өзара үндестікпен, үйлесімділікпен жаратылған.
Сондықтан олардың арасындағы тепе-теңдікті сақтау адам баласының парызы саналады.
Жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар, сонын ішінде имандылық қасиеттерді жетілдіру,
яғни рухани кемелділік Жүсіп Баласағұни философиялық поэмасының негізгі өзегі. Өйткені
ол білікті, білімге ие адамдардан құралған қоғамның тұрақтылығы берік болатынына сенеді.
Осы мақсатта ақын қоғамның
әр топ өкілін мінез-құлыққа, қатынас әдебіне үйретіп, білім
жинауға талпындырады.
«Табынуымен таппас Алла әзір, құл,
Табынушы жолын білсең, нәзік жол» немесе:
«Алланың бар сүйініші білемін –
Құлшылықтың ішінде, ұлық, жүрерін.
Татқың келсе бар ләззатын ақтарып,
Түгел орында құлшылықтың шарттарын», – деген өлең жолдары Аллаға деген ниеттің
тазалығы мен амалдардың толық орындалуын ескерткендей.
Ал: «Жаратқан! – деп,
көзін тікті аспанға, –Ием сенсің!
Мен білмеймін басқаңды!» бұл шығармадағы білімі, білігі жетілген, танымы артқан, өз
қасиеттерін дамытып, кемелділікке ұмтылған, қоғамның әр мүшесіне сүйіспеншілікпен
қарайтын адамның Жаратушысына мойынсұнуы. Шынымен де өмір заңдылықтарына
мойынсұнып, өзіндік тәрбиені қолға алған адамның Алланы Хақ деп танудан басқа жолы
қалмайтыны анық. Бұл сол уақыттың және қазіргі ғылымы дамыған жиырма бірінші ғасырдың
ақиқаты. Қазіргі таңда адамзаттың – қай
діннің өкілі болмасын жалған, деструктивті
сенімдердің, радикалды діни ағымдардың шырғалаңына түсуі осы үйлесімділік шеңберінен
шығуда жатқандығы жасырын емес.
«Құтты білікте» айтылатын «Ораза, намаз ұстағанды, жақтырмай,
Жәдігөй деп
жаманатты тақты ұдай» деген дінсіздік науқаны үстем болған кенестік кезеңнің ықпалы қазақ
халқының, ата-дінімен қатар, дүниетанымына, бағдарына аз әсер етпеді. Өйткені, қазақы
таным, айналамен қатынас, адамгершілік, өнегелік қасиеттері исламнан бөлінбейтін дүние еді.
Сол себепті де жетпіс жыл ішінде халықтың рухы өшпегенімен, руханиятына тиген зардаптар
аз болмады [4]. Жүсіп Баласағұн ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне
мәлім болған, данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол
философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы, тіл білімі сынды ғылым
салаларын жетік меңгерген ғұлама. Оның есімін әлемге танытқан «Құтадғу білік» кітабы сол
замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түркі халықтарының тілінде
жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбегі еді. Сондықтан да кез келген аймақ өз тарихына
үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне енетін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын,
жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті.
Демек, «Мың бір түн», «Жолбарыс терісін жамылған батыр» секілді әлемдік әдебиет
үлгілерімен қатар, «Құтадғу білікті» де мәдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп
айта аламыз.
Жүсіп Баласағұн сияқты ойшылымыздың еңбектерімен сусындалып өскен жастарымыз
қазіргідей басқа жат діни ағымның жетегінде кетпейді деп ойлаймыз. Жастарды Әл-фараби,
Жүсіп
Баласағұн, Қожа Ахмет Иасауи, Махмуд Қашқари, Абай Құнанбаев, Шакәрім
Құдайбердіұлы сияқты бабаларымыздың
еңбектерін оқытып, тәрбиелеп өсірсек, нұр үстіне
нұр болар еді. Ислам елімізге неғұрлым берік орнықса, тәуелсіздік тұғыры соғұрлым мықты
болары сөзсіз. Ислам діні мен ұлы Даланың қайталанбас өркениеті ұлтымыз бойында
шыдамдылық, қонақжайлылық, үлкенді силау, басқаға құрметпен
қарау сияқты ұлттық