101
Жезқазған мысты кен орны адамзатқа үш мың жыл бұрын белгілі болған. Бұған куә
көптеген ашық жұмыстар кесіндері, балқыту пештері, жыныстар мен кен үйінділері. Бұрынғы
кен қазушылар жер қойнауынан 2 миллион тоннадан аса жоғары сапалы мыс кенін шығарған.
Уақыт өткен сайын мұндай өндірулер азайған. Қала тарихы комбинаттың тарихымен тікелей
байланысты. Жезқазғанның алғашқы тұрғындары құрылысшылар мен кеншілер болды.
Ғасырлар жылжып өтті. Тарихтар қойнауындағы Орталық Қазақстан ескерткіштерінің тарихи
маңыздылығын айғақтайтын тас бетіне салынған суреттер - петроглифтер алғаш рет ғылыми
айналысқа түсті. Қазақстан жеріндегі археологиялық зерттеулердің жаңа кезеңі Ғылым
академиясы құрылғаннан кейін жаңа қарқынмен жүрді. Осы кезеңнен бастап республикадағы
археологиялық зерттеулерге тарих институтының археология бөлімі жетекшілік ете бастады.
Академик Ә.X. Марғұлан бастаған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы
халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, көпшілік санасының өсуіне,
білім қорының молаюына зор ықпал жасады. Академик ағамыз өзінің тау суындай сарқыраған
ұшан еңбегінің арқасында «Қазақ археологиясының атасы» аталынып, есімі бүгінгі XXI ғасыр
жастарына да мәшһүр екендігін мақтанышпен айта аламыз.
Академик ағамыздың Ұлытау-Жезқазған өңіріне алғашқы сапары 1943 жылы қыркүйек
айында Кеңес Одағының Ғылым Академиясы Қазақ филиалы ұйымдастырған 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтеріліс басшысы А.Иманов туралы материал жинауға шыққан экспедицияның
оңтүстік бөлімінің басшысы ретінде басталды. Осы сапар барысында Әлкей Марғұлан Ұлытау
жерінде алғашқы археологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, Ұлытау тауының ең биігі -
Ақмешіт Әулиеде ескі қорған табады. «Ескерткіш жаныңда бақсылық діни-нанымның
белгілері байланған ақтық және ат құйрығының үзіктерінің табылуына қарағанда бұл оба
Дешті Қыпшақ даласына ислам дінінің таралу кезеңінде, яғни б.з. X ғасырда дүниеге келуі
мүмкін» деп жазған дерегін келтіреді. Ә.Марғұланның 1947 жылғы үшінші сапары кезінде
Ұлытау және Арғанаты таулары беткейлерінде көне тас мүсіндері зерттелінген. «Бес оба»,
«Үш оба», «Мұртты оба»деп аталатын ескерткіштер Ұлытау өңірінде көптеп кездеседі.
Зерттеу кезінде «мұртты обаларда» көмірдің, ағаштың күлдері табылды, яғни, бұл орындар
«құрбандыққа шалу» ғұрпын жасау үшін қолданылған деп пайымдай отыра, «Қаракеңгір
өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан қорғаннан қыш ыдыстар мен қарт адамның қисайтып
жерленген бас сүйегінің табылуын: археологтар Гейкель мен Бернштамның Талас өзені
бойындағы Кеңкөл қорымынан тапқан бас сүйектері мен бұл жәдігерлер ғұн заманына сәйкес
келуі мүмкін» - деген болжам жасайды Ә.Х. Марғұлан . Бұл ойлар, ежелгі қазақ жерінің елеулі
мәдениет орталығы болғандығын, онда, ондаған қалалар орнап, мыңдаған өнер иелерінің өмір
сүріп, еңбек еткендігін, олардың адамзат мәдениетіне материалдық және рухани байлықтар
жасағандығын баяндайды[4,8]
Дегенмен, Н. Ә. Назарбаевтың мақаласындағы «Архив 2025» айтып өткендей біз
осымен тоқтап қалмаумыз қажет. Ұлы даланың мұрасы мұнымен аяқталып қалмайтыны сөзсіз.
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен
мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен
өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне
баса мән беру керек. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі
зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде
цифрлық форматқа көшіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: