Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


«Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы»



Pdf көрінісі
бет148/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   157
Байланысты:
thesis147359

«Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «сананың ашықтығы» 
бағыттары арқылы мемлекеттің болашақ дамуының бағыттарын айқындаған. Басты
мақсаты- бәсекеге қабілетті адамдардың Біртұтас ұлтын құру. Осылайша «Болашаққа бағдар: 
рухани жаңғыру» Тәуелсіз Қазақстанның болашақ қадамдарының ұлттық идеологиялық маңызды 
іргетасы болып табылады [1]. 
Жаһандану дәуірінің негативті салдарларынан ұлтты сақтаудың дара жолы-«Ұлттың 
рухани коды» мәселесі екені айқын. Яғни технологияны дамытуға басымдық бере отырып,
ұлттың тілі, тарихы, өнері, әдет-ғұрпын сақтау аса маңызды мәселе. ХХ –ғасырдың басында Ұлт 
көшбасшысы Ә.Бөкейхановтың қазақ мемлекеттілігін Жапония үлгісінде құруды армандағанын 
білеміз. Жапония технологияның аса қарыштап дамыған орталығына айналып, ұлттық 
ерекшеліктерді толық сақтауда.
«Білім әлемдік, тәрбие ұлттық болуы керек» ұстанымы адамның құндылығы, рухани 
байлығы, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани 
салаға мән беру қажеттілігін айтып отыр . Отан – бұл тек жер, аумақ қана емес, ортақ 
дүниетанымдық құндылықтар, тіл, дәстүр, әдет-ғұрыптарға ие халық.
Ал қазіргі қазақстандық қоғам кең гуманитарлық эрудициясы дамыған және кәсіби 
шеберлігі жоғары зияткерлік әлуеті қалыптасқан кадрларға зәру. Бұл әсіресе ұлттық 
инновациялық инфрақұрылымды дамыту жағдайында маңызды. Саяси тәуелсіз болғанымызға 
28жыл толса да рухани тәуелсіздігіміз әлі ақсап тұрғаны-ащы шындық. Рухани жаңғыру бойынша 
ұлттық сананы рухани жаңғыртудың бағыттары негізінде қазақстандық даму үлгісі насихатталуы 
тиіс. Адамдардың санасында әлі күнге дейін тоталитарлық режимнің психологиялық кері 
белгілері сақталып келеді. Қазіргі кезде жиі байқалатын ысырапшылдық пен астамшылық, 
даңғойлық пен кердеңдікке қарсы «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты 
білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу қойылады.
Сондықтан,Отанын, халқын сүйетін , ұлттық нақышта тәрбиеленген жаңа қазақстандық 
жаңа буынды қалыптастыру қажет. Сондықтан қазақстандық азаматтардың бойында тарихи 
сананы қалыптастыру аса маңызды. Себебі сананың істен озық жүруі маңыздырақ. Қазіргі қоғам 
мен өткенді байланыстыратын тарихи сана өскелең ұрпаққа бүгінгі күнгі оқиғалар мәнін 
түсіндіреді. 
Тарихи сана - бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, 
әлеуметтік болжам, өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оған қоса оқу-тәрбиелік 
процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен 
патриоттың қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс. Сондықтан да «Қазақстан тарихы» пәні 
оқушыларды тарихи оқиғалармен таныстырып қана қоймай, оған қоса ғасырлар бойы Ұлы Дала 
кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарды түсінуге жетелейді. Қазақстан тарихы пәні 
мазмұны ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны 
мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді. 
«Қазақстан тарихы» пәні «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын жүзеге асыруда 
маңызды рөл атқарады, өз кезегінде ол, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды 
қабылдайтын, адамдар құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және Отанының дамуына 
өзіндік үлес қосуды қалайтын тұлғаны тәрбиелеу арқылы жүзеге асады [3]. 
Қазақстан тарихы пәні білім бағдарламасының міндеттері: Оқушыларға ұлттық және 
адамзаттық құндылықтарды дарыту және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру үшін 
оны негізге алу болып табылады. Бағдарлама құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық 
патриотизм және жауапкершілік, өмір бойы білім алу құндылықтарына негізделген. Сондықтан 
«Мәңгілік Ел» - жалпыұлттық идеясы Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларын 
тәрбиелеудің негізі болып белгіленген. 


343 
Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты-Оқушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық 
патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген 
мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту
зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту болып табылады. Қазақстан тарихы 
бойынша оқу бағдарламасында қолданылатын құндылықтарға бағытталған ұстаным 
қазақстандық патриотизмді, толеранттық сана, өз елінің тарихи өткеніне, ата-бабалар мәдениеті 
мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көздейді. Әртүрлі 
тарихи кезеңдегі өз елінің тарихын зерделеу арқылы оқушылар тарихи процестің біртұтастылығы 
мен сабақтастығын, оған қоса Қазақстан тарихын дүниежүзі тарихының бір бөлшегі екенін 
түсінеді. Оқушылар тарихи даму процесіндегі Қазақстанның халқы адамзаттың ілгеруіне өзіндік 
бірегей әрі ауқымды үлес қосқандығын түсінеді [3]. 
Бағдарлама бойынша мына оқу мақсаттары мемлекет идеологиясын толық қамтиды: 
5.2.2.6 көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу 
6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала Елі» 
ұғымын қолдану 
6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау
6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау 
6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру
6.2.3.2 Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына 
қосқан үлесін анықтау 
6.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи 
еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру 
7.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде 
құндылығын бағалау 
7.2.2.4 ұлттық киім үлгілерінің ерекшеліктерін анықтау арқылы қолданбалы өнердің 
жетістіктерін бағалау 
9.2.1.3 «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеясының маңыздылығын бағалау 
9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі 
тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау
9.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың 
қажеттілігін негіздеу [3]. 
Аталған оқу мақсаттарының пән бойынша жүзеге асырылуы механизмдеріне әртүрлі. 
Мәңгілік Елдің "Жалпыға ортақ еңбек қоғамы" мәселесі бойынша жаңартылған бағдарламада
оқушылар еңбек өнімділігін анықтайтын практикалық бағыттағы есептерді модельдейді және 
шешеді, күнделікті өмірден мысалдар келтіреді. "Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік 
өңірлік мәселелерді шешуге жахандық тұрғыдан қатысуы" бағытына сәйкес оқушылар Қазақстан, 
әлем және өзі тұратын аймақтың экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынады. "Тарих, 
мәдениет пен тілдің ортақтығы" бағытына сәйкес оқушылар Қазақстан мәдени құндылықтарын 
сақтау жөнінде идеяларды талқылап, зерделейді. Отбасының мемлекеттегі рөлі мен 
маңыздылығы туралы талқылау жасайды.
«Қазақстан тарихы» пәнін мемлекеттік тілде оқыту оқушылардың халқымыздың 
мәдениеті мен тарихына қызығушылығын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық фактілер мен 
тарихи құбылыстарды қазақ тілінде танып білуге, тарихи деректерді интерпретациялауға, уақыт 
пен кеңістікте бағдарлауға, түсіндіру және талдау сияқты дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. Оқушыларда ұлттық намыс, ел бірлігі және мемлекеттік мүдде деген ұғымдарды 
қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға үйретеді, ұлттық идеологияның қалыптасуының да 
негізгі қайнар көзін құрайды. Яғни, «Қазақстан тарихы» пәнін жаңаша оқытудың маңыздылығы 
арта түсуде. 
Қазақстан тарихы пәні ұстаздарына оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын, тарихи 
түсініктері мен сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамытуға жәрдемдесетін 
белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану талабы қойылады. Сонымен қатар сабақты жоспарлау 


344 
және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. 
Материал мазмұны Елбасы жариялаған «Мәңгілік Ел» идеясына сай болуы керек және 
қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге бағытталуы тиіс, яғни, Отанымыздың 
патриоттарын, зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен 
бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеу басты 
назарда. Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында бұл мақсаттарға және жоғары нәтижеге тек 
қана нақты, жүйелі, икемді құрылған сабақ жоспары арқылы ғана қолжеткізуге болады.
Әл-Фараби айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім адамзатты апатқа ұшыратады». Ал 
Қoғaмдық caнaны жаңғырту ұлттың мәдeниeті мен кодын сақтаған жағдайда мүмкін болады. 
Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті жаңғырту және сақтап қалу мәселелеріне баса назар 
аудару қажет. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеяға айналуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет