ӘДЕБИЕТТЕР:
1 Энгельгардт В.А. Наука, техника, гуманизм //Вопросы философии. - 1980. - №7. - С.84-
93.
2 Панарин А.С. Искушение глобализмом. – М.: Русский Национальный Фонд, 2000. –
382 с.
10
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 3.37.37.01.
Ж.Н. Қалиев
ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының
жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к.
Қ.Б. Адиет
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
аға ғылыми қызметкері
«МӘНГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БІЛІМ
БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Мақалада «Адам және қоғам» білім саласы пәндері білім алушылардың жеке тұлғасын
қалып тас тырудағы рөлі қарастырылады. Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны аясын-
да «Адам және қоғам» білім саласы оқу бағдарламаларына талдау жасалып, білім алушы-
лар дың патриотизм, функционалдық сауаттылық, құзыреттілік, дағдыларын қалыптастыруы
қа рас тырылған.
Түйін сөздер: Білім беру, Мәңгілік Ел, Отансүйгіштік, құндылықтар, функционалдық
са у ат тылық, оқы тудың күрделендіру принципі, кіріктірілген, білімділік, дағды.
В статье рассматривается роль предметов образовательной области «Человек и общество»
в формировании личности учащихся. Проведен анализ учебных программ образователь-
ной области «Человек и общество» в рамках обновления содержания образования, также
было рассмотрено формирование навыков, компетентности, функциональной грамотности,
патрио тизма учащихся.
Ключевые слова: Образования, Мангилик Ел, патриотизм, ценности, функциональн
гра мот ность, спиральный механизм обучения, интегрировать, образованность, навык.
The article discusses the role of subjects of educational area «Human and Society» in formation
of students’ personality. Authors was conducted analysis of curricula of educational area «Human
and Society» in the framework of updating content of education, likewise was considered the
formation of skills, competences, patriotism, functional literacy of students.
Keyword: Еducation, Mangilik El, patriotism, value, functional literacy, spiral mechanism of
training, іntegrated, educated, skill.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір
мақ сат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында
барша қазақстандық тарды біріктіретін, ел
бола ша ғының іргетасын қалаған басты құн-
ды лықтар жасалды. Бұл құндылықтар уа қыт
сынынан өткен Қазақстандық жол тәжіри-
бесі.
- Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана-
сы;
- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбіт-
шілік пен келісім;
- зайырлы қоғам және руханият;
- индустрияландыру мен инновацияларға
негізделген экономикалық өсім;
- Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамы;
- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақ-
тығы;
- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және
бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге
жаһандық тұрғыдан қатысу [1].
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалып тас-
қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы
Жол дауындағы «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық
идея сын өмірде іске асырудың негізі мектепте
қа ла нуы тиіс. Орта білім беру жүйесінде
«Мәңгілік Ел» идеясы балалар мен жастарды
жо ғ а ры руханилық, азаматтық ұстаным,
әлеу меттік жауапкершілік қазақстандық
11
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
қо ғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын,
жаңа қазақстандық патриотизм мен бірігу
сезі м іне тәрбиелеуге бағытталған.
«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру ая-
сын д а қоғамдық-гуманитарлық циклді пән-
дер дің (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс ті-
лі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы) оқу
бағ дарламаларының базалық мазмұнына
Мемле кет басшысының 2014 жылғы 15 жел-
тоқ санда сөйлеген «Тәуелсіздік тол ға уы»
мә ті ні енгізілді. Пәндерді оқыту оқу шы лар -
дың рухани-адамгершілік қасиеттерін және
па т риот тық сезімдерін, «Мәңгілік Ел» жал-
пы ұлттық идеясын өмірде жүзеге асыру ұм-
т ы лысын, азаматтық жауапкершіліктерін
қа л ып т астыруға, ұлттық өзіндік сана және
тө зім ділікті дамытуға, зайырлы құн ды лық-
тард ы нығайтуға және жастардың тер ро-
риз м мен экстремизм идеологиясын саналы
түр де қабылдамау, этносаралық және мәде-
ние таралық байланыс жағдайында қарым-
қа ты нас жасау біліктілігін қалыптастыруға
ба ғыт талған.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер және
олар дың мазмұны: оқушы тұлғасының инте-
лек туалдық әлеуетін дамыту мақсатында
фило логиялық, тарихи және қоғамтанулық
білім беруді; бағдар бойынша базалық пән-
дер ді тереңдетіп оқытуды; қоршаған әлемді
түр лендірудегі қазақ, oрыс, шетел, Қазақстан
тари хы, дүние жүзі тарихы, адам және құқық
рөлі туралы түсініктерін қалыптастыруды;
oқу шылардың лингвистикалық, тарихи, кө-
рі ніс тік oйлауын қалыптастыруды, әр түр лі
өмір лік жағдайларға және бола шақ кәсіби
қыз метіне қажетті oқушы лар дың анали ти -
ка лық, практикалық, кoммуникативтік біл-
ік тері мен дағдыларын жетілдіруді; oқы -
туды бейіндендіруге жағдай жасауды және
oқушыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анық-
тау ға, өзін-өзі дамытуға даярлауды қам тама-
сыз етеді [2].
Сонымен қатар Елбасының «Тәуелсіздік
тол ғауы» еңб е гін білім беру ұйымдарында
оқу шы лардың пси хологиялық және жас
ерек ше ліктерін ескере отырып оқып білуге
ар нал ған әдістемелік ұсыныстар дайын дал-
ды, оларда оқытудың тиімді формалары мен
әдіс тері көрсетілген және оқушылардың аза-
мат тығы мен отаншылдығын қалып тас ты ру
мәселесіне ерекше назар аударылған. Осы-
ған орай Мемлекет басшысының «Тәуел-
сіздік толғауы» шығармасын кеңінен оқы ту-
ды ұйымдастыру ұсынылады [3].
Қазақстан Республикасындағы білімді
және ғылымды дамытудың 2016-2019
жыл дарға арналған мемлекеттік бағдар-
ла масы бағыттарын іске асыру аясында
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім ака-
де м ия сы мен «Назарбаев Зияткерлік мек-
теп тері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім
маз мұ нын жаңартуда алдымен «Назарбаев
Зият керлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін
рес публиканың жалпы білім беретін мек теп-
теріне жүйелі бейімдеумен тарату бойынша
жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Білім берудің тиісті дең гей-
ле рі нің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
бе ру стандарттары (бұдан әрі – ББ МЖМС)
әзір леніп, Қазақстан Республикасы Үкіме-
тінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қау-
лы сымен бекітілді.
Жаңартылған білім мазмұны аясында
қазақстандық патриотизм мен азаматтық
жауап кершілік, құрмет көрсету, ынты мақ тас-
тық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық,
өмір бойы білім алу тәрізді «Мәңгілік Ел»
құн ды лықтар жүйесі жаңа МЖМБС барлық
білім деңгейлеріне енгізілген [4].
12
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
«Мәңгілік Ел» құндылықтары
Білім беру стандарттарында анықталған
құндылықтар
Адалдық және патриотизм.
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы
Қазақстандық патриотизм және азаматтық
жауапкершілік
(Отанға және халқына деген
сүйіспеншілік, елінің жетістіктері үшін
мақтаныш, Қазақстан мүддесіне қызмет ету)
Еңбексүйгіштік.
Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамы.
Индустрияландыру мен инновацияларға
негізделген экономикалық өсім
Еңбек және шығармашылық
(өз жұмысын ұйымдастыру білу,
белсенділік, бастамашыл, адалдық,
жұмысқа әуесқойлық, үздік нәтижелерге
жету)
Азаматтық теңдік.
Толеранттылық.
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
Құрмет
(мақтаныш, ата-аналары, отбасы,
үлкендер, достары, адамдарға
қамқоршылық және жылы сезім)
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және
бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге
жаһандық тұрғыдан қатысу
Ынтымақтастық
(әртүрлі елдердің азаматтарымен,
жергілікті және мектептің қоғамында,
мұғалімдермен, достарымен командада
жұмыс істей білу қабілеті)
Адалдық.
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,
бейбітшілік пен келісім
Ашықтық
(іскерлік және жеке қарым-қатынаста
адалдық, академиялық адалдық, басқа
адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын
болу, ортақ мақсатқа жету)
Білім беру және білімділік
Өмір бойы білім алу
(білім мен дағдыларының өсуі, тұлғаның
потенциалын дамыту, экономикалық
білімін дамыту, ұлттың бәсекеге
қабілеттілігінің өсуі)
Сонымен қатар жаңартылған білім
мазмұны аясында «Мәңгілік Ел» жалпы ұлт-
тық идеясы академиялық пәндер, жобалау-
зерт теу және сабақтан тыс іс-әрекеттер, қо-
сым ша білім беру, таңдау курстары арқылы
мек теп мазмұнына енгізілетін болады.
Оқу бағдарламаларының мазмұны білім
алушы лардың рухани-адамгершілік қасиет-
терін қалыптастыруға, қазақстандық патрио-
тизм және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея-
сын іске асыруға тырысу, этносаралық және
мәдениетаралық байланыс жағдайында то-
лер анттылықты және қарым-қатынас жасау
білігін дамытуға бағытталады.
«Тарих» пәндері оқушыларды тарихи
оқиға лармен таныстырып қана қоймай, оған
қоса ғасырлар бойы Ұла Дала кеңістігінде
қалып тасқан ұлттық құндылықтарды, қазіргі
қоғам ның гуманистік идеялары мен демо-
кратиялық құндылықтарын иге руге, әлемнің
мәдени әртүрлілігін түсі нуге жетелейді. Пән
мазмұны ата-бабаларымыздың біре гей мә-
де ниетін, әлем тарихындағы Қазақстан ның
ала тын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік
өр ке ниеттің дамуына қос қан үлесін түсі ну ге,
толеранттылықты қалып тас тыруға мүм кін-
дік береді. «Қазақстан тарихы» пәні «Мәңгі-
лік Ел» жалпыұлттық бірік тіруші идея сын
жүзеге асыруда маңыз ды рөл ат қарады, өз
кезегінде ол, ұлттық және жалпы адам заттық
құн ды лықтарды қабылдайтын, адам дар құқ-
ықтары мен бостандықтарын құрмет тей тін
13
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
және Отанының дамуына өзіндік үлес қо-
су ды қалайтын тұлғаны тәрбиелеу арқылы
жүзе ге асады.
Пәннің мақсаты: Оқушылардың бойында
тари хи сана, қазақстандық патриотизм, толе -
рант тылық, өз елінің және басқа елдер дің
тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-баба-
ларының жетістіктеріне деген мақ та ныш
сезі мін қалыптастыру, ұлттық және жалпы
адам заттық құндылықтарды да ры ту, зерт -
теу шілік, ойлау, коммуникативті дағ ды лар-
ды дамыту.
Пәннің міндеттері: Адамзат өркениетінің
және Қазақстан территориясындағы ежелгі
заман нан бастап бүгінгі күнге дейінгі қоғам-
ның әлеуметтік, мәдени, саяси, эконо ми ка-
лық дамуының негізгі кезеңдері мен түр лі
халық тардың тарихи даму жолы ның ерек-
ше ліктері туралы білімін қалып тас ты ру;
әлем нің тарихи дамуы барысында қалып-
тас қан ұлттық және жалпы адамзаттық құн-
дылықтар жүйесі туралы білім беру; негіз-
гі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи даму
процестерінің мәні туралы түсінік қа лып-
тастыру; тарихи оқиғаларды, құбы лыс тар
мен процестерді және тарихи тұлға лар дың
қызметін тарихи контекстінде сын тұр ғысы-
нан талдау және баға беру дағдыларын қалып-
тас тыру мен дамыту; тарихи деректердің
нег із інде дәлелді пайымдау дағдыларын да-
мы ту; тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын
қалып тастыру мен дамыту (гипотезаларды
ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, дерек-
терді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыс-
ты ру, нәтижелер мен қорытындыларды шы-
ға ру, өзінің ұстанымын анықтау); қазіргі кез -
дегі саяси, әлеу меттік-экономикалық және
мә д ени процестерде бағдарлану үшін та ри-
хи білімдерін қолдана білу дағдыларын қа-
лып тас тыру; коммуникативті дағдыларды
қалып тастыру, соның ішінде, өз ойын ауызша
және жазбаша түрде анық білдіру, командада
жұ мыс істей алу, түрлі деректерден алынған
ақпараттарды, жарияланым мен электронды
құралдарды қоса алғанда, қолдану [5].
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
тәжірибесін жалпы білім беру мектептеріне
тарату тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда
кіріктірілген оқу бағдарламалары әзірленіп
жатыр. Заманауи талаптар тұрғысынан қара-
ған да, кіріктірілген білім беру бағдарламасын
әзір леуде қазақстандық мектеп пен әлемдік
білім беру тәжірибесінің озық жетістіктері
есепке алынады.
Кіріктірілген білім беру бағдар лама
лары ның ерекшеліктері: оқушыларға алған
білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді
шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау;
тіл дерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру;
пәндерді кіріктіру; жаңа пәндерді енгізу;
тереңдетіп және стандартты оқуға арналған
пән дерді жоғары сыныпта таңдау құқығы;
ЖОО-ға түсуге мақсатты түрде дайындалу;
жобалау іс-әрекеті; бағалаудың критерийлік
жүйесі.
Осыған орай «Назарбаев Зияткерлік
мек тептері» ДББҰ тәжірибесі негізінде
қоғам дық пәндерден де «Қазіргі әлемдегі
Қазақстан» эксперименттік кіріктірілген оқу
бағдар ламасы әзірленді. Кіріктірілген оқу
бағ дарламасындағы Аталған пәннің маңыз-
дылығы Заманауи Қазақстанның даму иде-
о логиясы мен ұлттық мүдделерді жүзеге
асы ру мақсатында саяси, экономикалық,
әлеу меттік, өркениеттік ұстанымдарын түсі
-
не ді, әрі елді өркендету жөнінде өзіндік аза-
мат тық позициясын қалыптастырады. Елі-
міз дің әлемдегі орны, оның тәуелсіз даму
мод елі және елді дамытуға бағытталған
ре фор малары мен стратегиялары туралы
білім дерін тереңдетіп, әлем елдеріне, халық-
аралық ұйымдар мен түрлі қоғамдық бірлес-
тік терге қатысты ұстанған ішкі-сыртқы сая-
са тындағы басымдылық бағыттарын, ұлттық
және аймақтық қауіпсіздік проблемаларын
түсінеді.
«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәнінің
мақсаты – елдің ішкі саяси және әлеуметтік-
эко но микалық, ұлттық мәдени және өрке-
ниет тік ерекшеліктерін, географиялық жағ-
дай ын назарға ала отырып, Қазақстанның қа-
зір гі әлемдегі орнын түсіну және бола шақта
мем лекеттің экономикалық, әлеуметтік, ғы-
лы ми-техникалық әлеуетін өсіру, оның сая-
си ықпа лын ұлғайту, халықтың әл-ауқат ын
арттыру, ұлттың зияткерлік және өне ге лілік
прогресін қамтамасыз ету жөнінде бір қатар
14
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
пәндердің синтезі негізінде қажетті білім-
дер мен дағдыларды қалыптастыру. Сын
тұрғысынан бағалау; негізгі ойды дамыту;
логикалық ойлау; ізденіс және зерт теу
жұмыстарын жүргізу; дәлелдемелер кел тіре
отырып, шешім қабылдау және бағыт тар ды
белгілеу; деректі таңдау, талдау. Бұл дағ ды-
лар оқушылардың функционалды сауатты
болуы на және Қазақстанның көшбасшылық
даму ына өз үлестерін қосуға мүмкіндік
береді. Аталған пәнді оқу арқылы оқушылар
келе сідей білім мен түсінікке ие болады:
Еліміз дің әлемдік қауымдастықтағы алатын
орны, саяси және әлеуметтік-қоғамдық
дамуы, мәде ниеті мен ұлттық құндылықтары,
эко но микасы мен қазіргі заманғы тарихы,
дүние жүзілік бәсекеге қабілеттілігі [6].
Бұл бағдарлама балалардың өздігінен
білім алу дағдыларын, талдау, өз көзқарасын
дәлел дей білу, командада жұмыс істеу, алған
білім дерін өмірде пайдалану қабілеттерін,
тіл дік және коммуникативтік дағдыларын
дамытады.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсекелестік ғасыры.
Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам
дамуы на ілесе алатындай білімді де тап-
қыр дара тұлғаның тағдыры барша педа-
гоги калық қауымның қолында екені даусыз.
Педа гогикалық қауымның қазіргі таңда
атқа рып жатқан істерінің арқасында жас
ұрпақ тың болашақта әлемдік деңгейдегі
сынақ тардан жоғары нәтиже көрсететініне
сеніміміз мол.
Қорытындылай келе, басты міндет
жасөспірім талабын қанағаттандыратын,
қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен
сабақтас келетін сапалы білім мен саналы
тәрбие жүйесін құру деп санаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жылғы 17 қаңтар, Астана
қ.
2. Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.
Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. –
82 б.
3. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау
курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығы.
4. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стан-
дарттарын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысы.
5. «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы». Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясын-
да негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. – Аста-
на, 2016. – 4 б.
6. «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» 11-12 сыныптарға арналған кіріктірілген оқу
бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Кембридж Халықаралық Емтихан
Кеңесімен бірлесіп құрастырған. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. - Астана, 2015.
– 3-4 бб.
15
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
ӘОЖ 372.65 943 271
З.Н.Утегулова
Абай атындағы ҚазҰПУ
Кәсіби бағытталған тілдер кафедрасының аға оқытушысы
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ
ОТЫРЫП ОҚЫТУ
Бір мезгілде білім жүйесінің жалпы білім стандартына сәйкес жүзеге асырылуы- дарын-
ды бала лардың қалыптасу, сонымен қатар олардың ауқымды іздену кезеңінен оларды қол-
дау дан басталуы керек. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үй-
ре ту және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Бұл
мақалада осы сұрақтарды жеке дара талқылап, керекті әдістерді ұсындым. Дарынды және
талант ты оқушыларға білім берерде ұстанатын бірнеше әдістерді пайдалану жолдары ұсы-
ны л ады.
Түйін сөздер: ізденімпаздық, тұлға, дарындылық, әдістер, ізденуші, тәжірибе, топтық
жұмыс.
Одновременно с реализацией стандарта общего образования должна быть выстроена
раз ветвленная система поиска и поддержки, талантливых детей, а также их сопровождения
в тече ние всего периода становления личности. Необходимо создавать как специальную си-
стему поддержки сформировавшихся талантливых учеников, так и общую среду для прояв-
ления и развития способностей каждого ребенка, стимулирования и выявления достижений
одарен ных ребят. В этой статьи мы рассмотрим эти вопросы, предлагая нужные методы.
Было предложено использования нескольких методов в обучении одаренных и талантливых
уче ников.
Ключевые слова: творческая личность, личность, методы, стажер, опыт, групповая
рабо та, практика.
Simultaneously with the implementation of the standard of general education should be built
an extensive search and support of talented children, as well as their support throughout the period
of formation of the person. It is necessary to create a special system of support formed of talented
students, and the general environment for the expression and development of each child’s abilities
to stimulate and identify the achievements of talented children. In this article we will look at these
issues by offering the necessary methods. It was suggested how to use some of multiple methods
in teaching talented students.
Keywords: creative person, personality, methods, trainee, experience, group work, practice.
ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке
ен жарлықты, керітартпалықты көтермейді.
Сон дықтан да еліміздің білім берудегі ұлт-
тық жүйесі өте қарқынды өзгерістер саты-
сын да тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат
– ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге
шыға руға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы
қа лып тасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқу-
шылардың белсенділігін арттыру, ізде ні м-
паз дыққа үйрету және білімді өз бетінше
алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәр-
бие леу керек. Баланың белгілі бір іс-әре-
кет ке белсенділігі жас кезінен байқалады.
«Дарын дылық» термині «дарын» сөзінен
шық қан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы
шар ты дегенді білдіреді. Дарындылық білім
16
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана
емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру
кезін де ғана дамиды. Мұғалім ретінде оқу
мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет
– талабы таудай дарынды жеке тұлғаны із-
деп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақ-
са ты – тәрбие мен білім халықтық бола
оты рып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау,
адам гершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-
жақ ты, саяси сауатты, өресі биік азаматтар-
ды тәр биелеу. Дарынды балаларды оқытуда
зерт теу әдісін қолдану қажеттілігі олардың
таби ғи қызығушылығының жоғарлығымен,
қор шаған ортасына деген құштарлығының
басым дылығымен түсіндіріледі.
Дарынды балаларды айқындауда кешенді
түрде әр түрлі әдістер қолданылады:
- Балаларды бақылау (сабақты, сабақтан
тыс);
- баланың ата-анасымен байланыс;
- арнайы психодиагностикалық тренинг-
тер;
- топтық шығармашылық жұмысқа ара-
лас тыру
-түрлі интеллектуалдық, пәндік олимпиа-
дар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, сайыс-
тар, спорттық жарыстар, т.б.
- педагогикалық консилиумда қарау.
-диагностика
жасағанда
пән
мұғалімдерінің, кітапханашы мен дәрігердің
пікірін ескеру.
- жаратылыстану және гуманитарлық
пәндерді тереңдетіп оқыту;
- кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар
беру[1];
Дарынды балаларды анықтау – нақты бір
бала ның дамуын талдауға байланысты ұзақ
мер зімді процесс. Дарындылықты бір реттік
тес тілеу процедурасымен анықтай салу мүм-
кін емес. Сондықтан да дарынды баланы бір
сәтте таңдаудың орнына оны арнайы бағ-
дарламамен оқытуда (қосымша білім беру
жүйесінде), немесе дербестендірілген білім
беруде (жалпы білім беретін мектеп жағ-
дайында) біртіндеп, кезең-кезеңімен анық-
тау ға күш жұмсау керек.
Тәжірибе барысында 5В011900 - «Ше-
тел тілі :екі шет тілі» мамандығының 2 кур-
сы, 205 тобында 7 модульді ескере отырып,
«База лық негізгі шет тілі» пәні бойынша іс-
тәжірибелік сабақ өткіздім. Сабаққа 16 сту-
дент қатысты. Төменде «Базалық негізгі шет
тілі» пәні бойынша іс-тәжірибелік сабаққа
жаса лынған қысқа мерзімді жоспарым
берілген:
LESSON 1 University: NIS KazNPU named
after Abai
Достарыңызбен бөлісу: |