Национальное воспитание



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата27.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#10393
1   2   3   4   5   6   7   8

1)  демографиялық,  тілдік  қауымдас-

тық тар дың  көлемі,  олардың  өсу  қарқыны, 

таралу тәсілі (компактілі не дисперсті), басқа 

тілдердің иеленушілерімен араласу түрлері;



2) саяси және құқықтық, тіл мен сол тіл 

қол данылатын  институттардың  мәртебесі 

(статусы),  еңбек  нарығы  мен  тіл  мәртебесі 

ара сындағы өзара байланысында этникалық 

стратификацияның бар немесе жоқ болуы;

3)  этномәдени,  тілдің  тарих  пен  дінмен 

байла нысы, жазба дәстүрі мен сөздік байлы-

ғын да тілдің  әлеуеті;

4)  интеракционды,  тіл  иеленушілерінің 

комму ни кативтік  ұтқырлығы  және  муль-

ти линвизм  деңгейі,  диглоссия  мен  поли-

глоссияда  тілдің  функционалды  маман да-

нуы,  сонымен  қатар,  этникалық  топтар/тіл-

дік  қауымдастықтар  арасындағы  өзара  әре-

кет тесу;

5)  тематикалық  вариациялар,  тіл  таң-

дау да әртүрлі тақырыптардың әсері;



6) тілге көпшілік/жеке салада басымдық/

ар тық шылық  берілуі,  қарым-қатынас 

жасай тын  тілдер  арасындағы  тілдік  арақа-

шық тық (Haarmann 1986); [1]

Cонымен,  осы  мақалада  қысқаша  түрде 

Г.Шлеенің  тіл  және  этникалық  сәйкестікке 

қатысты  зерттеу  нәтижелеріне  тоқталып, 

ғалым ның  аталған  мәселеге  ұстанымдары 

ортаға салынды.



ӘДЕБИЕТТЕР:

1. 


Г.Шлее.  Управление  конфликтами:  теория  и  практика.  –  М,:Deutsch-Russischer 

Austauch,2004.-199c.



41

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

ӘОЖ37.062

А.Н. Тайбатанова 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 1­санатты мұғалімі, Қарабұлақ орта мектебі

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қарабұлақ ауылы

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ КЕПІЛІ

Мақалада Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі дуальды оқыту жүйесінің 

ма ңыздылығы жазылған.Дуальды білім берудің өзектілігі мен артықшылықтары жан-жақ-

ты зерделеніп берілген.



Түйін  сөздер:  дуальды  оқыту  жүйесі,  білім  беру,  студент,  оқытудың  практикалық 

әдісі, теориялық білім.

В статье сделан анализ дуальной формы обучения, которая создает предпосылки внедре-

ния  наиболее  эффективных  ее  элементов  в  системы  профессионального  образования  в 

Казахс тане.Переход к дуальному обучению способствует обеспечению личностного и про-

фес сионального самоопределения студентов и подготовке профессиональных кадров в соо-

т ветс твии с требованиями к их качеству со стороны работодателей.



Ключевые слова:дуальная система обучения, образования, студент, практические ме­

тоды обучение, теоретическая образования.

The article made an analysis of the dual form of education, which is a prerequisite of effective 

implementation of most of its elements in the system of vocational education in Kazakhstan. The 

transition to dual training contributes to personal and professional self-determination of students 

and training of professional personnel in accordance with the requirements for their quality by 

their employers.



Keywords:the  dual  system  of  training,  education,  student,  practices  training,  theoretical 

education.

Елбасымыз  Н.Назарбаев  өзінің  жыл 

сайын ғы  Халыққа  Жолдауында  білім  сала-

сына  ерекше  басымдық  беріп,  жастардың 

білім-біліктілігін  жетілдіру  үшін  барлық 

жағ дай жасауда «Қазақстан жолы-2050: Бір 

мақ сат, бір мүдде, бір болашақ» Стратегия-

сын да: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғы-

лым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, 

білім  мен  технологияны  күнделікті  өмір де 

шебер  де  тиімді  пайдалануға  тиіс.  Біз  бұл 

үшін  барлық  мүмкіндіктерді  жасап,  ең  қо-

лай лы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз ке-

рек…», - деп, еліміздің алдыңғы қатарлы жо-

ға р ы дамыған 30 мемлекеттің дамуына кіру 

үшін  нақты  мақсаттар  жүктеген  болатын. 

Сон дай-ақ,  таяудағы  2-3  жылда  дуальдік, 

тех никалық және кәсіптік білім берудің ұлт-

тық жүйесін қалыптастыру да қазіргі уақыт 

та ла бы  екендігі  айтылған.  Қазақстандық 

кәсіп тік  білім  беру  жүйесінде  қос  ба ғыт ты 

білім  берудің  ғылыми-теориялық  негіз де рі 

жан-жақты  зерттелуде.  Шет  елдік  тәжіри-

бе лерге сүйене отырып, білім берудің жаңа 

буын  мемлекеттік  стандарттарын  жасау ға 

жұмыс  берушілер  қатыстырылып,  дуаль-

дық жүйені кәсіптік білім беру үлгісіне ен-

гі зу дің  мүмкіндіктері  мен  алғышарттары 

қарас тырылуда.Мұндай  батыл  қадамның 

бас ты  бағыттарының  табысты  іске  асыры-

луы,  ең  алдымен,  тек  білімнің  сапасымен 

анық талатыны  белгілі.  Осы  негізде  қазіргі 

таң да білім мен ғылымды инновациялау мен 

модер низациялау  –  экономикалық  дамудың 

не гізгі бағытына айналды. 


42

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Осылайша, еліміздің дербес даму бағыты 

ай қын далып,  халықтың  тарихқа  деген  көз-

қа р асы  жаңа  қырынан  жаңғыра  бастаған 

бүгінгі  таңдағы  негізгі  міндеттердің  бірі  – 

«білім  беруді  жаңа  инновациялық  жолмен 

дамыту  болып  отыр».  Бұл  жердегі  инно-

ва циялық  процестерді  ендіру  енгізілген 

техно логияның  ерекшеліктерімен;  жаңа-

шыл дардың  инновациялық  әлеуетімен;  жа-

ңа  лықты  енгізу  жолдарыменөзара  байла-

ныс  негізінде  анықталады.  Енгізілетін 

жа  ңа  ин новациялық  оқыту  технологиясы 

кә сіптік қызметтің ерекше түрі болып та бы  -

л ады.  Инновациялық  оқыту  техноло гия сын 

меңгеру  үшін  педагогикалық  аса  зор  тә жі-

ри бені  жұмылдыруды  қажет  етеді.  Педа го-

ги калық  құбылысты  үздіксіз  жаңғыртуға 

жетелейді. Осы негізде жаңа технологияны 

игеру  мен  оны  әлемдік  тәжірибеден  үлгі 

алып, өндіріс саласында қолдана білу білім 

сала сының алдына жаңа міндеттерді жүктеп 

отыр.

Сондықтан да, соңғы жылдары еліміздің 



білім  жүйесін  әлемдік  стандарт  негізінде 

жаң ғырту мәселесі үнемі күн тәртібінен түс-

пей,  соның  ішінде  оқытудың  мерзімі  мәсе-

лесі  қозғалып,  орта  білім  жүйесін  жаңа 

технологияға  негізделген  білім  беру  стан-

дарттары  мен  жаңа  бағдарламалары,  оқу -

лықтар жобасы жасалып, олар барлық дең-

гей де талдану үстінде. Орта білім сала сын-

да ғы  осы  өзгерістер  педагогикалық  білім 

беру жүйесіне де өз әсерін тигізіп, педа го ги-

ка  лық оқу орындары білім нәтижелерін осы 

тұр  ғыдан қарастыруға бағыт алуда.

Осы бағытта бұл күндері білім беру сала-

сында көптеген модернизациялар жүргізіліп 

жатқаны баршамызға аян. Орта білім берудің 

12 жылдық моделі, кәсіптік және техникалық 

білім  берудің  мазмұнының  жаңартылуы, 

элек тронды оқыту, зияткерлік мектептер ар -

қы лы жоғары оқу орындарына дарынды шә-

кір т тер  дайындау,  жоғары  оқу  орындары на 

қойы латын  жаңа  талаптар,  магистрлар  мен 

PhD 


 

докторларды  дайындау  арқылы  уни-

вер  ситеттік  білімді  жаңа  деңгейге  көтеру 

бір  қа тар  инновациялық  жобаларға  бастама 

болып,  инновациялық  оқыту  әдісі  кеңінен 

қол  данылуда. Алайда, осымен ғана шектеліп 

қал май,  модернизациялануға  көшкен  қа-

зір гі  таңдағы  білімді  одан  әрі  дамытуды 

қа жет  ететін  ауқымды  жобалар  мен  әлем 

тәжі рибесіне  негізделген  инновациялық 

білім  берілуі  тиіс.  Мұндағы  негізгі  мақ-

сат  –  Қазақстан  Республикасындағы  прак-

тика лық  маңызы  бар  ғылым  мен  білімді 

да мы тудың басым бағытына сәйкес келе тін 

инновациялық  жобаларды  іріктеу,  аймақ та-

ғы ғылыми-зерттеулерді дамыту және аймақ-

тың  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  үшін 

ғылым мен білім жетістіктерін пайдала нуға 

жол ашу.

Осы  негізде  кадрларды  дайындаудың 

ма ман дандырылған  жүйесін  жасауда  ғы-

лы ми  техникалық  прогресстің  қазіргі  дең-

гейін  ескере  отырып,  білім  беру  саласына 

қойылатын  жоғары  халықаралық  талап тар-

ды  да  қанағаттандыру  мақсатында  елі міз-

дің  мұнайлы  аймақтарында,  кәсіптік-тех-

ни калық  білім  беру  саласына  жаңа  жүйе 

–  дуальды  оқыту  әдісі  бір  жүйеге  кел ті рі-

ліп,  қазіргі  қоғамға  ақпараттық-ком му ни-

к а циялық  технологияларды,  оның  ішінде, 

дуаль  дық  оқыту жүйесін ендіру осы салада 

нақты  біліктілігі  мен  мамандығы  бар  кадр-

лар ға деген сұранысты арттырады деп бол-

жам жасалуда.

Дуальдық  оқыту  жүйесі  бізге  не  бере-

ді  дей тін  болсақ,  кәсіптік  білім  беру  арқы-

лы  өнеркәсіп  өміріне  дайындық  жүр  гізу 

не гізінде,  білім  алушының  теория лық 

және  практикалық  дағдысын  қалып тас   ты-

ра тын  боламыз.  Мұндай  оқыту  әдісі  әлем-

нің  көптеген  ірі  дамыған  мемлекет тері  нің 

(Германия,  Австрия,  Дания,  Нидерлан ды, 

Швеция,  Англия,  Оңтүстік  Корея)  білім 

беру  жүйесінде  жүргізіліп,  сәтті  жүзеге 

асып  келеді.Әсіресе,кәсіптік  білім  беру дің 

әлемдік  тәжірибесінде  әлеуметтік  се рі к-

тестікті  жүзеге  асырудың  тиімді  жолы  ре-

тін де  Германияныңқос  бағытты  білім  беру 

–   дуальдық  жүйесі  кеңінен  қанат  жаюда. 

Әлем дік  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай, 

дуальды  оқыту  әдісі  арқылы,  білім  алушы-


43

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

лар ды  жан-жақты  дайындаумен  қатар,  ең-

бек  нарығындағы  жұмыссыздық  мәсе ле сін 

шешіп,  жас  маманның  жаңа  техноло гия ны 

ойдағыдай  меңгере  отырып,  сұра ныс қа  ие 

бола  алатындай  жұмыс  күшін  қалып тас ты-

ру ға қол жеткіземіз. Сондықтан да, дуальды 

оқыту жүйесі – өнеркәсіп саласына қажетті 

ма ман дарды даярлау мәселесін толық қана-

ғат  тандыратын  негізгі  жүйенің  бірі  болып 

табы лады. Әрі  білім беру мен кәсіпорын ара-

сында тығыз байланыстың орнауына да үлкен 

септігін тигізеді. Қазіргі уақытта елбасының 

арнайы нұсқауымен барлық отандық компа-

ния лар дуалды білім беру жүйесіне атсалы-

суда. Бұл компанияларға келген білім алушы 

өн дірістегі  тәлімгер  болып  табылады  әрі 

оған  жалақы  тағайындалып,  білім  алатын 

бо лады.  Сол  жерден  алған  кәсібінің  басқа 

меке меде жұмыс істеуі барысында мол пай-

да сы тиетіндігі айтпаса да белгілі.

Қорытындылайтын  болсақ,  дуальды 

жүйенің негізі – болашақ жас маманның оқу 

орны  мен  өндірісте  қатар  оқытумен  бірге, 

түлек  тердің жұмысқа орналасу көрсет кі шін 

жоғарылату.  Дуальды  жүйе  бойынша  білім 

алған  түлек,  ертең  жұмыссыз  қал май ды, 

себебі, олар жұмыс берушінің талаптары на 

толы ғымен  жауап  береді.  Теория  мен  тәжі-

рибені  ұштастыру  нәтижесінде, оқушы  оқу 

бағдарламасын  жақсы  меңгеріп  қана  қой-

май нағыз дайын маман болып, жұмыс бе ру -

шілердің  сұраныстарына,  талаптарына  сай 

даяр  кәсіптік-техникалық  кадрлар  болады. 

Және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерек ше-

лігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандар-

ды  даярлауға  тек  білім  мекемелерінің  ғана 

емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекеме-

лер дің де жауапкершілігін арттырады.Оқыту 

өн ді ріс қажеттілігіне барынша жақын. Есте 

қала тыны, дуальдық оқытудың қатысушысы 

ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, 

білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, бола-

шақ қызметкердің психологиясы қалып та са-

ды.

Демек,  бүгінде  дуальдық  оқыту  жүйесін 



қол  дану тәжірибесі  келесі артықшы лық тар-

ды ай қын дауымен ерекшеленеді:

- дуальдық жүйе оқытудың дәстүрлі түр ле-

рі мен әдістерінің негізгі кемшілігін: теория 

мен  тәжірибенің  арасындағы  алшақтықты 

жояды;


-  дуальды  жүйенің  механизмі  негізін-

де,оқушыларда  білім  алу  мен  дағдыға  ие 

бо луға үлкен мотивация туады, себебі олар 

білім сапасының жұмыс орнында қыз мет  тік 

міндеттерін  орындауына  тікелей  байла ныс-

ты л ығын сезінеді;

-  жұмыс  берушімен  тығыз  байланыс  ке-

зін  де  жұмыс  жасаушы  оқу  орны  болашақ 

ма ман дарға  қойылатын  талаптарды  ескеріп 

отырады;


- жұмыс берушілер өндіріс талабына сай 

білім  алушыларға  қойылатын  біліктілік  та-

лап  тарды  дайындауға,кәсіптік  стандарттар-

да,  дуалды  оқу  жүйесі  бойынша  модульдік 

оқу бағдарламаларын дайындауға қатысады;

- дуальды оқу жүйесімен оқыған оқушы 

бел гілі құзіреттерді меңгерген кәсіби маман 

болып қалыптасады;

-  жұмыс  берушілер  өздеріне  қажетті  ма-

ман дармен  қамтамасыз  етілу  мәселесін 

шешеді.

Осылайша, өндіріс орындары техникалық 



және кәсіптік білім беру мекемелерімен бірі-

ге  отырып,  өздерінің  талаптары  бойынша 

білім алып шыққан дайын кадрларды бірден 

жұмыс қа алатын болады.

Сөйтіп, дуальдық жүйеге көшуде ұтпасақ, 

ұтыл майтынымыз анық.  Себебі, біріншіден, 

ел ішінде жаппай орын алған жұмыссыздық 

мәсе лесімен  күресуде  басымдық  таныта-

мыз. «Жұмыссыздық мәселесі» – еліміздің, 

қо ға м ның  ілгері  дамуына  өзінің  теріс  әсе-

рін  тигізбей  қалмайды.  Мұның  салдары-

нан  тұрақты  жұмысы,  меншікті  баспанасы 

және мамандығы жоқ үлкен әлеуметтік топ 

пай да  бола  бастады.  Ал,  баспанасы  жоқ 

жан ның  әлеуметтік  көңіл-күйіде,  мемле-

кет  болашағына  деген  сенімі  де  жоғары 

бола  қоймайды.  Осы  тұста,  екінші  ұтатын 

жағы мыз,  ол  –  жеке  адамның  әлеуметтік 

мәсе лесін  шешу  арқылы,  халықтың  рухын 

көтеретін боламыз. Соның негізінде, ха лық -

тың  мемлекеттің  болашағына  сенімін  арт-

тырып,ел ішінде соны серпіліс жасауға жағ-

дай туғызамыз. 


44

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар.

2.  «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты 

қадам»

3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III қаулысымен бекітілген 



«Білім туралы» Заңы 

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен 

бекітілген  «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стан-

дарты»


Білім берудің қай түрі болмасын – тәрбие 

  

 



 

 

 



 

 Лев Николаевич Толстой



45

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

ӘОЖ 373.016:796 

Ғ.Қ. Хасенов

Алғашқы әскери дайындық

және дене шынықтыру пәннің мұғалімі.

 Көктал жалпы орта білім беретін

мектебі. Жаңаарқа ауданы Қарағанды

облысы

МЕКТЕПТЕГІ ДӘСТҮРЛІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫ МЕН 

ЖАҢАШЫЛДЫҚ 

Мақалада  оқушылардың  денсаулығын  сақтау,  нығайту  мақсатында  мектептегі  дене 

шынық тыру сабақтарын бейімдеу дене мәдениеті ұстанымдарын қолдану негізінде өткізу 

мәсе лесі  қарастырылады.  Мектепте  бейімдеу  дене  мәдениетін  қолданудың  мақсаты  дене 

шынық тыру сабағы барысында әрбір оқушының денсаулық жағдайын ескеру болып табыла-

ды. Автордың пікірінше, дене шынықтыру пәнін жүргізудің сыныптық-сабақтық жүйесінде 

барын ша оң нәтижеге қол жеткізу үшін сынып оқушыларын денсаулығының медициналық 

көрсеткіштері ұқсас топтарға бөлу керек.



Түйін сөздер: дене шынықтыру сабағы, бейімдеу дене мәдениеті, денсаулық, мектеп, 

оқушы, оқу үдерісі.

 

В статье рассматривается проблема проведения уроков физической культуры в школе на 



основе  использования  принципов  адаптивной  физической  культуры  в  целях  сохранения, 

укрепления  здоровья  учеников.  Целью  использования  адаптивной  физической  культуры 

в школе является учитывание во время уроков физической культуры состояния здоровья 

каждого ученика. По мнению автора, при существующей классно-урочной системе для до-

стижения оптимального результата на уроках физической культуры, необходимо разбивать 

класс на группы, близкие по медицинским показаниям.



Ключевые слова: урок физической культуры, адаптивная физическая культура, здоро­

вье, школа, ученик, учебный процесс.

In article the problem of carrying out physical education classes at school on the basis of use 

of the principles of adaptive physical culture for preservation, strengthening of health of pupils 

is considered. The purpose of use of adaptive physical culture in school is taking into account 

during physical education classes of a state of health of each pupil. According to the author, at the 

existing cool and fixed system for achievement of optimum result at physical education classes, it 

is necessary to break a class into the groups close on medical indications.

Keywords:  physical  education  class,  adaptive  physical  culture,  health,  school,  pupil, 

educational process.

Еліміздің қазіргі заманғы білім беру жүйе-

сін де  өз  мемлекетіміздегі,  сонымен  қатар 

әлем дегі  өзгерістерге  байланысты  бірқатар 

жа ңа шылдықтар  мен қайта құрулар жүзеге 

асы  рылуда.  Бүгінгі  таңда  мектептегі  білім 

бе ру үдерісі тек білім беруге бағытталған пе-

да гогикалық жүйе ретінде ғана емес, өзіндік 

әдіс  –тәсілдер  жиынтығының  көмегімен  бі-

лім алушыға ықпал ете отырып, әлеуметтік 

тұр  ғыда  бейімделген  тұлғаны  тәрбиелеуге 

ба ғыт талған толық мәнді кешен ретінде қа-

ра с тырылады.  Ол  тұлға  қазіргі  жаһандық 

әлем нің талаптарына сай жан-жақты білімді, 

бел сенді, білікті, бәсекеге қабілетті тұлға бо-


46

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

луы керек. Ондай тұлға өзінің сапалары мен 

қа  сие ттерін  көрсете  отырып,  оларды  одан 

ары дамыта алатындай болуы үшін, ең алды-

мен,  өз  денсаулығын  сақтап,  оны  барынша 

ны ғайтуға ұмтылуы тиіс [1].

Ұлт  денсаулығын  сақтау,  салауатты  өмір 

салтын  қоғамның  басты  құндылығына  ай-

налдыру – қазіргі кезде мемлекет ауқымында 

бүкіл халықты толғандыратын мәселеге ай-

налып  отыр.  Қоршаған  ортаның  өзгеруі, 

эко логиялық  жағдайдың  қауіп  тудыруы, 

күн делікті өмірдегі қиыншылықтар мен дағ-

дарысты  жағдайлар  әрбір  адамның,  соны-

мен  бірге  бүкіл  халықтың  денсаулығына 

зия  нын  тигізетін  факторлар  болып  табыла-

ды.  Осыған  орай  ел  тұрғындарының,  әсі-

ре  се  мектеп  оқушыларының,  жастардың 

ден саулығы  мәселесі  үкімет  тарапынан, 

ден саулық  сақтау  және  әлеуметтік  қорғау 

қыз метімен  айналысатын  арнайы  мекеме-

лер тарапынан үлкен  алаңдаушылық туды-

рып  отырған  мәселелердің  біріне  айналды. 

Қазір гі  кездегі  зерттеулер  нәтижелеріне 

сүйен сек, десаулығы бойынша бірінші топ-

қа  жататын,  яғни  дене  шынықтыру  және 

спорт пен  айналысуға  ешқандай  қарсы  көр-

сет кіштері  жоқ  балалардың  саны  азайып 

барады.  Жыл  сайынғы  Қазақстанның  жас 

азамат тарын  мерзімді  әскери  қызметін 

өтеуге шақыру науқаны барысында 18 жасқа 

тол ған жастардың арнайы медициналық ко-

мис сиядан өтуі де бұған дәлел болады. Ал ол 

жас тар  жаңа  өмірге  жолдама  алған  мектеп 

түлектері. 

Қоғамның  белсенді  мүшелерінің  ден сау-

лы ғының  негізінің  қалануы,  оның  нығаюы 

неме се  құлдырауы  балалардың  мектеп    қа-

быр   ғасында өткізетін уақыттарымен тікелей 

бай ланысты екені ешқандай күмән тудырмай-

ды. Сондықтан мектеп қабырғасында ден сау-

лық сақтау мәселесіне кешенді түрде қа рап, 

оның  мәні  мен  мазмұнын  айқындау  ба ры-

сында дене шынықтыру сабақтарының рө лі 

мен орнын нақты анықтау керек. Осы ған ор-

ай  мектепте  жасөспірімдердің  ден сау ығын 

сақ тау,  нығайту  мақсатында  дене  шынық-

ты  ру са бағын өткізуде жаңа идеяларға көңіл 

бө лу қажет.

Мектептегі дене шынықтыру сабақ тары-

ның  басты  мақсаты  оқушының  жан-жақты 

үй лесімді  дамуы  мен  оның  денсаулығын 

ны ғайту  екені  сөзсіз.  Ол  оқушының  жан-

жақ ты  дамуына,  күшті  де  қуатты  болып 

өсуі не,  ұзақ  уақыт  шағармашылық  еңбекке 

жарам ды  болып  қалыптасуына,  оны  Отан 

сүй гіштікке  дайындауға  бағытталған.  Дене 

шынық тыру  сабақтарында  оқушылардың 

жас  және  жыныстық  ерекшеліктерін  еске-

ре  отырып,  осы  заңдылықтарды  көрсететін 

жалпы  педагогикалық  ұстанымдар  бас шы-

лыққа  алынады.  Ол  ұстанымдарға  жат а-

тын дар:  жан-жақтылық,  саналылық  пен 

бел сенділік,  бірте-бірте  жасалатын  әрекет, 

қай таламалық,  көрнекілік,  жеке  даралық. 

Сабақ  барысында  дене  жүктемелерін  (нор-

мо тивтерді)  бірте-бірте  және  жоғары  дең-

гейге  арттыру  ұстанымы  олардың  көлемі 

мен  қарқындылығының,  оқушыны  дайын-

дау ға  қойылатын  талаптардың  бірте-бірте 

күр деленуінің үздіксіз арта түсуімен байла-

нысты  болып  келеді.  Сабақтарды  бір-бірте 

күр делендіру  оқушыны  дайындаудың  мүм-

кін діктері  мен  деңгейлеріне  сәйкес  келіп, 

олар дың  спорттық  жетістіктерінің  үздіксіз 

ар та түсуін қамтамасыз етуі тиіс. 

Алайда  дене  тәрбиесі  барысында  оқу-

шы лардың денсаулығын сақтауда жас және 

жыныс тық ерекшеліктерін ғана ескеру жет-

кілік сіз  болады.  Ол  үшін  мектептегі  дене 

шынық тыру  сабақтарын  ұйымдастыру  мен 

өт кізуге  өзгерістер  енгізіп,  бейімдеу  дене 

тәр биесін  қолға  алу  қажет.  Бейімдеу  дене 

тәрбиесінің  мақсаты  дене  шынықтыру 

сабақ тары  барысында  тек  белгілі  бір  дене 

жүк темелерін  (нормотивтерді)  тапсыруға 

ғана емес, оқушының денсаулығын сақтауға, 

оны барынша нығайтуға ұмтылу болып та-

былады. Ол әрбір оқушының жеке басының 

инди видуалды  мүмкіндіктерін  айқындауға, 

сабақ  барысында  оны  басшылыққа  алуға 

бағыт талған. 

Дене мәдениетінде адамның денсаулығын 

сақ тау  және  нығайту  мәселесімен    жаңа 

бағыт – бейімдеу дене мәдениеті айналы са-

ды. Оны дене мәдениеті, медицина, кор рек-



47

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

ция лық педагогика, денені қалпына келтіру 

және  т.б.  салаларға  байланысты  білімдер 

жиын тығын  қамтитын  бағыт  деуге  болады. 

Бейімдеу  дене  мәдениеті  барынша  кең  ма-

ғы  налы  ғылыми  және  әлеуметтік  феномен 

болып табылады. Оның мақсаты – тек ден-

сау  лықты  сақтау  ғана  емес,  сонымен  қатар 

білгілі  бір  себептермен  денсаулығы  нашар 

адам дарды  әлеуметтендіру,  олардың  өмірін 

жаңа сапалық деңгейге көтеру.

Мектептегі  бейімдеу  дене  мәдениеті 

тұжы рымдамасы,  ең  алдымен,  денсаулық 

сақ тау  жағдайы,  әдіс-тәсілдері,  құрал-жаб-

дық тары  мен  өскелең  ұрпаққа  білім  беру 

мен  тәрбиелеу  формаларының  біртұтас 

жүйе сін  қалыптастыруға  бағытталынуы 

тиіс. Әрбір білім беру мекемесіне оқушылар 

денсау лығының  объективті  жағдайлары  не-

гізін де  логикалық  тұрғыда  бірізді,  сауатты 

қалып тастырылған, алға қарай бағытталған 

ден саулық  сақтау  жүйесі  қажет.  Бұндай 

денсаулық  сақтау  жүйесі  неғұрлым  тиімді 

болу  үшін  оны  қалыптастыруда  төмендегі 

ұс таным дарды басшылыққа алу керек[2]:

1. Оқушылардың денсаулығының барлық 

-  дене,  психикалық  және  рухани-өнегелік 

жақ тарын  қамтамасыз  ететін  жағдайларда 

олар ды  оқыту  және  тәрбиелеу  мақсатында 

білім  беру  үдерісінің  барлық  құрылымдық 

бөлім шелерінің өзара бірлігін қалыптастыру, 

бар лық күштерді жұмылдыру. 

2. Білім беру үдерісін ізгілендіру (гумани-

за ция),  яғни  әрбір  оқушының  тұлғасына 

қоғам ның  ең  басты  әлеуметтік  құныдылғы 

ретінде мән беру, жоғары интеллектуалдық, 

мораль дық және дене құндылықтарын бойы-

на сіңірген азаматтарды тәрбиелеуге ұмтылу. 

3.  Білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жіктеу 

және дара ландыру, яғни білім алушылардың 

же ке  басының  ерекшеліктерін  ескере  оты-

рып, олар дың бойындағы қабілеттерінің то-

лық ашылуы мен дамуына жағдай жасау.

4. Білім беру үдерісін демократияланды-

ру, яғни мұғалімдер мен оқушылардың бел-

сен ділігін арттыру, бастамашылдықтары мен 

шығар машылық  іс-әрекеттерін  дамытудың 

алғы шарттарын  қалыптастыру,  білім  беру 

сала сында денсаулық сақтау технологиялар 

қалыптастыру және оларды іске қосуға мүд-

де лі болу. 

5. Ғылымилылық, яғни білім беру үдерісі 

субъек тілерінің  қызметін  ғылыми  тұрғыда 

ұйым дастыруды  қамтамасыз  ету;  білім 

алушы лардың денсаулығын сақтаудың зама-

на уи  педагогикалық  технологияларын  оқу 

үдері сіне енгізу.

6. Адамның антропологиялық тұтастығы, 

яғни  оның  психосоматикалық,  әлеуметтік-

мәде ни, рухани және дене бірлігі; әлеуметтік 

ор та  мен  тұлғаның  өзара  байланысы  мен 

өзара ықпалы.

Өскелең ұрпақтың дене тәрбиесі мәселесі 

ауқы мында бейімдеу дене мәдениеті белгілі 

бір кезеңдегі оқушылардың нақты денсаулық 

жағ дайына  байланысты  дене  шынықтыру 

дағдыларын  дамытуға  бағытталынады.  Бұл 

денсаулық  көрсеткіштері ұқсас оқушы лар-

дың  шағын  тобына  арнайы  дайындалған 

дене шынықтыру курсы деуге болады. Жал-

пы  бейімдеу  дене  мәдениеті  тұрғысындағы 

дене шынықтыру сабағының мақсаты - әрбір 

оқу шының  денсаулық  көрсеткіштерін  еске-

ре отырып, олардың денсаулығын сақтауға, 

ны ғайтуға бағытталған арнайы дене шынық-

ты ру жаттығулары кешенін дайындау, оларға 

қолайлы  спорт  түрімен  айналысуды  қолға 

алу.


Алайда  бұл  мәселені  нақты  іске  асы-

ру,  яғни  жалпы  білім  беретін  мектептерде 

бейімдеу дене мәдениеті курсын енгізу бір-

ша ма қиындықтар тудыратыны сөзсіз. Оның 

өзін дік  объективті  себептерімен  қатар  (ар-

найы материалдық-техникалық базаның бол-

мауы және т.б.), субъективті себептері де бар. 

Олардың қатарында жеке бір мекемеде, соны-

мен қатар жалпы білім беру жүйесінде оқу 

үдерісін ұйымдастырушылардың жаңашыл-

дық ты енгізуге құлықсыз болуын атап өтуге 

бола ды. Қазіргі заманның талабына сай кез 

келген  пән  бойынша  сабақ  өткізу  мұғалім 

тара пынан жалпы пәнді, соның ішінде жеке 

тақырып тарды шығармашылық тұрғыда қа-

ра  с  тыруды  талап  ететін  көпқырлы,  күрделі 

үде ріс.  Өкінішке  орай  дене  шынықтыру 


48

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

саба ғы  басқаларға  қарағанда  көп  өзгеріске 

түс пейтін  сабақ  болып  табылады.  Бұны 

мұғалімдердің  өздерінің  тарапынан  сабақ 

бары сына  жаңашылдықты  енгізуге  селқос 

қар ауымен,  сонымен  қатар  оқушылардың 

ден саулығын сақтауға мектептегі медицина 

қыз меткерлері  мен  әкімшіліктің  жеткілікті 

дең гейде  көңіл  бөлмеуімен  түсіндіруге  бо-

лады. 


Дене    шынықтырудың  сыныптық-сабақ-

тық  жүйесінде  барынша  оң  нәтижеге  қол 

жет  кізу  үшін  сынып  оқушыларын  денсау-

лы   ғының  медициналық  көрсеткіштері  ұқ-

сас топтарға бөлу керек. Осыған орай дене 

шынық  тыру  сабақтарын  денсаулық  жағ-

дайына  байланысты  алдын  ала  топ тас ты-

рыл  ған  оқушылармен  бір  мезгілде,  қатар 

өткіз ген дұрыс болар. Бұндай кезде әр топ-

пен жеке мұғалім жұмыс істеуі керек бола-

ды.  Бірақ  бұндай  өзгерістер  сабақ  кестесін 

дайын дауда,  міндетті  мектеп  құжаттарын 

толты руда, жаңашылдықты енгізуді негіз деу-

де  болатын  қиыншылықтардың  алдын  алу-

ды  қажет  етеді.  Сондықтан  көптеген  білім 

беру  мекемелерінде  оқушыларды  сауық-

тыру,  олардың    денсаулығын  нығайту  мақ-

са т ында  мектеп  бағдарламасына  енгізілген 

дене  шынықтыру  сабақтары  көбінесе  өз 

мүм кіндігін,  әлеуетін  толық  пайдаланбай, 

бір қалыпты өткізіледі. 

Сонымен, дене шынықтыру пәнін жүр гі-

зу де бейімдік дене мәдениеті тұрғысындағы 

жаңа шылдықты енгізу оқушылардың денсау-

лы ғын сақтауға, оны одан ары нығайтуға үл-

кен мүмкіндіктер беретіні күмән тудырмай-

ды. Жаңашылдықты енгізу нәтижесінде оқу-

шылардың  пәнге  деген  қызығушылығы  ар-

тып, білім сапасын көтеруге, сыныптан тыс 

спорттық  шаралармен  айналысуына  мүм-

кіндік туары да сөзсіз. Бейімдеу дене мәде-

ние тінің талаптарын сабақ барысында жүзеге 

асыру  оқушылардың  белсенділігін  артты-

рып,  олардың  спортқа  деген  бейімділігін 

қалып тастырады. Оқушылар салауатты өмір 

сүру  қажеттілігін,  адам  денсаулығы  дене 

шынық тыру дағдысын қалыптастыруға бай-

ланысты  екендігін  түсінеді.  Нәтижесінде 

оқу шылардың  жалпы  білім  сапасы  жоғары 

деңгейге  көтеріліп,  олардың  жан  жақты 

дамы ған  тұлға  болып  қалыптасуына  қол 

жет кізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет