Национальное воспитание



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата13.02.2017
өлшемі2,29 Mb.
#3989
1   2   3   4   5   6   7

ƏОЖ 37.0

Қ. Бөлеев

педагогика ғылымдарының докторы,

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры

Ж.Саурықова

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аға оқытушысы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДƏУІРІНДЕГІ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Мақалада Қазақстанда қазақ хандығы дəуіріндегі педагогикалық ой-пікірлердің зерттелуі 

бойынша жарық көрген ғылыми еңбектерге мазмұндық талдау жасалынған. Сонымен қатар, 

хандық дəуірде жазылған еңбектердің құндылығы, маңыздылығы жан-жақты сарапталды.



Түйінді  сөздер:  педагогикалық  ой-пікірлер,  қазақ  тəлім-тəрбиесі,  хандық  дəуірдегі 

педагогикалық  ой-пікірлер,  ақын-жырауларының  поэзиясындағы  педагогикалық  ой-

пікірлер, отансүйгіштік тəрбие.

В статье определены педагогические идеи периода казахского ханства на основе содер-

жательного анализа трудов ученых-педагогов Казахстана. А также проанализировано труды 

написанное в период казахского ханство



Ключевые слова: педагогические идеи, казахское народное воспитание, педагогические 

идеи в период казахского ханства, педагогические идеи в поэзии акын-жырау, патриотиче-

ское воспитание.

In the article pedagogical ideas are certain in the period of the Kazakh khanate on the basis of 

rich in content analysis of labours of scientists-teachers of Kazakhstan. And to analyze works writ-

ten in the period of the Kazakh Khanate



Keywords: pedagogical ideas, Kazakh folk education, pedagogical ideas in the period of the 

Kazakh khanate, pedagogical ideas in the poetries of акyn-ghyrau, patriotic education.

Ұлы  Жібек  жолының  бойын да  құ р  ыл-

ған қазақ хан    ды  ғы, қазақ хан   дары, ол ар         дың 

ше    ж іре   ле рі  жəне  қазақ  ба тыр  лары  ту р а    лы 

М.Х.Дулати,  Қ.Жалаири,  Ш.Уəлиханов, 

Ə.Диваев,  Ж.Көпеев,  Ш.Құдайбердиев, 

Е.Бекмұханов,  Қ.Жұмалиев,  Ə.Марғұлан, 

М.Ғабдуллин,  М.Мағауин,  Ж.Қасымбаев, 

І.Есенберлин,  т.б.  тари   хи  жəне  əд е     -

би  тұр  ғы  да  қа рас   тыр ған.  Ал  қазақ  хан   -

д ы   ғы  дə уі рін    дегі  пед а   гоги   калық  ой-пік-

ір  лер   дің  даму  тари  хын  Қ.Жарықбаев, 

С.Қалиев, 

А.Дүйсенбаев, 

Д.Əлиева, 

Е.Аяған,  С.Иманбаева,  Э.Құрманалиева, 

М.Налибаев,  Р.Молдақасов,  т.б.  зерт  теп, 

олар  бо й ы н     ша  бір  не ше  ең   бек  тер  шы  ғ ар  -

ғанын анықта   дық.

Қазақ 

ғалым-педа гогтары ның 



қа зақ 

хан   ды ғы  дəу ірін  дегі  пе д  а  гоги   ка    лық  ой-

пі  к і р  лер  ді  зерт  те уі  ХХ  ға сыр   дың 70- 

ші 


жыл       дары  нан  бас тау  алады.  Сол  кезең         де 

Қ.Жарық баев  тың «Из ис тории раз  вития пе-

да       гогичес     кой  мыс  ли  в  доре волюцион    ном 

Казахстане» атты əдіс те мелік нұс   қауы жə не 

«Аталар  сөзі – ақыл дың  көзі»  атты  мо   но г-

ра    фия  сы,  С.Қалиев тің  «ХV-ХІХ  ға сыр лар 

ақын-жырау лары ның  поэ  зия сын   да ғы  пе да-

гоги калық  ой-пікірлер»  ат ты  кө мек  ші  құр-

а лы,  ал  Қ.Жарықбаев  пен  С.Қалиев  тің  ав-

тор лы ғы  мен  «Қазақ  тəлім-тəрбиесі»  де  г ен 

ат    пен оқу құра  лы жар ық көр  ді. 

Қ.Жарықбаев  тың  бол а шақ  мұғ  алім    дер  ге 

ар  нал ған «Из истории раз вития педа гоги чес-


21

ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА

кой мысли в доре волюцион  ном Казахс тане» 

ат  ты  əдiс   те ме лiк  құр ал ын 1978 жы лы  шы-

ға р   ды [1]. Кiтап   ша   ның  екi н    шi  жəне  үш iн    шi 

пар а  граф тарында  «ХV–ХIХ  ға  сыр        лар  ақ ын-

жырау     лары  ның  шы   ғар      ма ла рын     да      ғы  пси   х о-

ло    гия  лық-пе да  гоги    ка   лық  идея лар»  та  қы     ры -

бы на  əдiс      теме лiк  ұсы ныс тар  жа са  л ын      ған. 

Он да хандық дəуір  де өмір сүр   ген ақын-жы-

рау лары  ның тəлім-тəр бие лік идея    ла ры олар  -

дың по эти   ка     лық шы ғар малары   н ан үзін ді  лер 

кел тіру  арқы лы  нақты  мысал дар  мен  тал   да-

нып берілген.

Қ.Жарықбаевтың «Аталар сөзі – ақы л      дың 

көзі»  атты  моно   графия    сы  ның  екінші  бө лім-

де XV ғасырда  қоғам  дамуы на  тү  бе     гей      лі, 

жа   ңа бет      бұрыс жа саған XIX ға сыр    дың ор      та-

сы  на  дейін   гі  үл   кен  ар а лық    тың  есеп   сіз  мол, 

тə лім-тəрбие  лік  мұра   ның  жек еле   ген  бет       те   рі 

тал    дау    ға алы на   ды [2]. Дəл ірек айт   сақ – осы 

бөлім   нің  ал  ға ш  қы  тарауын  да XV-XVII ға-

сыр   лар  да  өмір  сүр ген  ақын-жырау лар           дың 

(Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет) өр рух        ты, 

жауын   гер     л ік  па фос  қа  толы  тол ғау лары           н   ан 

туын    дай      тын  көш пен  ді  ата-баба лары       мыз     дың 

өзі н       дік  пси холо гия     сы,  тəлім     дік  мəні  зор  да-

на  сөз  дері  жай  лы  сыр  шертіле  ді.  Бө лім         нің 

келе   сі тар ау   ларын   да XVIII ғасыр   дағы қа  зақ-

тың қо  ғам    дық өмірі нің өкіл  дері Ақтамбер        ді, 

Шал,  Бұқар  жырау  шағар машылық  тарын       да 

кө  тер і  ліп  отыр  ған  көз қарас тар  ға  сол  ке      зең 

тұр    ғы  сы  нан баға бері ліп, бұла р дың қай-қай-

сы   сының  да  қазіргі  заман  талабымен  үн     дес 

жақ  тары жұрт шы лық назары на ұсыны ла  ды.

С.Қалиев  тің  «ХV-ХІХ  ға сыр   лар  ақ     ын-

жыр ау лары     ның  поэ   зиясын   дағы  пе  да   го  ги    ка-

лық ой-пікірлер» ат ты кө мек  ші оқу құр  а    л ын -

да  ХV-ХVIIІ  ғасырлар    да  өмір  сүр

 

   ген  ақ ын-



жыр   ау   лар  поэ  зия  сын  дағы  тəл ім-тəр   бие         лік 

ой-пікір   лер  көрі ніс      терін  жан-жақ  ты  қа      р ас -

тыра  оты рып,  оның  озық  үл  г і   ле   рін  бүг ін            гі 

ұр       пақ   ты  аб    зал  азамат  етіп  тəр бие леу    ге  пай-

да ла  ну жол     дар ын сөз ете ді [3].

Қ.Жарықбаев  пен  С.Қалиев   т ің  ав   т ор        лы-

ғы   мен  «Қазақ  тəлім-тəрбиесі»  деген  ат    пен 

оқу құр алы   ның ек ін ші тарауы «ХІV-ХІХ ға-

сы р     дың  бір ін  ші  жар тысын дағы  ақын-жыр-

ау   лар    дың  тəлімі»  деп  аталып,  он да  хан          дық 

дə  уір      де  өмір  сүр г ен  Асанқай ғы,  Қаз ту  ған, 

Доспамбет,  Шалқиіз,  Жиембет,  Ақтамбер-

ді, Үмбетай, Бұқар, Шал ақын-жырау лар    дың 

тəлім-тəрбие лік  ой-пікір  ле рі  қара с тырыл  ған 

[4].

Т.Əлсатов  тың  «Орта  ға сыр  дағы  қа зақ 



ғұл а ма лары ның  тəлім-тəрбиелік  идея    ла ры 

(ХV-ХVІ ғғ.)» атты оқу құралы толық   ты ры-

лып, «Қазақ  хандығы  тұсын да ғы  тəлім      дік 

ой  лар   дың  да муы»  де ген  атау   мен  моно   г ра-

фия  болып шық  ты [5]. Оны кіріс  пе ден, төрт 

тарау  дан  жəне  қорытын ды дан  тұра тын,  бір 

дəуір  дің педа гоги калық ой-пікірін қам ти  тын 

сүбелі еңбек деу ге болады.

Бірінші  тарауы  «ХV-  ХVІІІ  ға сырлар    да ғы 

қазақ  елінің  саяси-экономика лық  мə  де  ни-

ру ха ни  жағдаяттары»  деп  аталып,  онда  ел-

дің  əлеуметтік-экономи ка лық  жағ даят  т а ры 

жай   лы қыс  қа  ша мағ  лұмат, осы кезең дер   де гі 

ел    дің ру ха ни дамуы, «Кейін гі ортағасыр     лық 

қазақ  ой шыл  дары ның  тəлім-тəрбие  лік  жəне 

психоло гия лық көз  қарас    тары  (ХV-ХVІІІ ғғ.)» 

атты  екін ші  тарауын да  Ө.Тілеуқабылұлы, 

М.Х.Дулати  жəне  Қ.Қ.Жалайыр дың  тə    л-

ім-тəр  бие   лік  ой-пікірлері,  үшінші  «Жырау-

лар   дың  тəлім-тəрбиелік  та ғылым  дары»  ат-

ты  тарауын  да  жырау   лар дың  фило со   фия   лық 

көз      қарас тары тура   лы бір ер сөз, Асан Қайғы 

жы  р ау мен Бұқар жырау дың тəл ім-тəр  бие   лік 

ой-пікір лері,  ал  төртінші  «Қазақ  би  лері     н ің 

тə  лім-тəрбие лік  көз қарас  тары»  ат  ты  та  р  ау-

ын   да Төле би, Қазыбек би жəне Əйтеке би   дің 

тə лі м-тəрбие лік ой-пікір лері анық талған.

Т.Əлсатов  Қазақстан  рес пуб ли ка сы  жо   ғ-

ары  оқу  орын   дары  студен т    тер і не  а р     нал    ған 

«ХУ-ХУІІІ  ғ.ғ.  қазақ  ғұламалары  ның  тə лім-

тəр бие   лік ой-пікірлері» атты ар   наулы дə  р іс -

тің бағ дарламасы бірнеше оқу орын    дары     ның 

оқу-тəр  бие үр дісіне ен   діріл   ген. 

Р.Б.Молдақасов  тың «Қазақ хан ды ғы дəуі-

р ін дегі  пе да го  гика  лық  ой-пікірлер»  ат ты 

оқу  құралын да  қазақ  хандар дың,  ғұл а  ма-

лар    д ың,  ақын-жырау лар  дың  тəрбие  ту ра лы 

ой-пікірлері,  билер  дің  сөз  орам   дар ын дағы 

тəрбие лік тағылымдар, студент  тер ге ұсыны-

латын тапсыр ма лар мен кей  бір дерекна малар 

берілген [6].

А.К.Игибаева   мен  Н.Б.Игисинова  ның 

«Из ис тории пед а гогичес  кой мыс ли и обра-


22

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

зо ва ния в Казахстане» ат ты əдіс те ме  лік нұс-

қауында  Қазақстанда  ХV-ХVІІ  ға сыр лар-

дағы  қазақ  жырау лары ның  шығармаларын-

дағы білім беру мен тəрбие нің проблемалары 

баяндалған [7].

С.Иманбаева  ның  «Ұлттық  па  три  о тизм 

не гіз   дері»  оқу  құралын да  ХVІІІ  ға сыр    д а ғы 

ұлт   тық  ер   лік  мұра лары  болып  са на   ла     тын 

Абылай,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Наурызбай, 

Қанкелді,  Еспенбет,  Қасабай,  Гауһар, 

Жəнібек,  Қойкелді,  Райымбек,  Олжабай, 

Байғозы,  Көкжал,  Баян,  Жантай,  Өтеген, 

Жауғаш  қазақ  батыр лары   ның  ер  лік тері  ар-

қы лы  жас  ұр пақ  бойында  елге,  жерге,  От-

ан ға деген ұлт   жан  ды азамат тəрбие леу көз-

делген [8].

Р.А.Джанабаева  ның 

«Ха лық 

пе  да    го-

ги ка   сын дағы 

патриот тық-ерлік 

тəр  бие-

сінің  негіздері»  атты  оқу  құр а  лы     ның 

«Патриоттық-ерлік  тəрбиесінің  тео  рия-

лық-əдіснамалық  негіздері»  атты  бірін    ші 

бөлімін  де  Асанқайғы,  Ақтамберді,  Бұқар 

жыр  шы-жырау ларының  патриот  тық  тəр     бие 

тур а лы педа гоги калық ой-пікірлері олар       дың 

жыр лар ы на  тал дау  жаса лып,  мазмұн   дал    ған 

[9].

А.Қ.Дүйсен баев тың  «Ерлік  дəс     тү р       ле рі 



ар   қы   лы  оқу  шы лар    ды  отан    сүй гіш    тік  ке  тəр-

бие  леу      дің  пед а го ги  ка   лық  негіз   -дері»  оқу 

құр  а лын-    да  ор та  мек теп тің  оқу-тəр   бие  үр-

ді сінде  хандық  дəуірдегі  қазақ  ба тыр      лар-

дың ер лік дəс түр лері арқылы оқу шылар   дың 

отан  сүйгіш тік  қасиеттері  тəр бие сін  қалып-

тастыруды негіздеген [10]. 

Бірінші  бөлім  «Оқу шылар   ды  қазақ  ба-

тыр ла ры  ның  ер лік  дəс түрі  ар қылы  отан-

сүй гіш  тікке  тəрбиелеу  дің  теория  лық  негіз-

дері»  деп  атал ып,  онда  «патриот тық  тəр-

бие» ұғы мы ның даму ген езисі - оқушы лар-

дың  отан сүй гіш тік  тəрбие сін  жетіл   діру   дің 

тарихи-педагоги ка лық  кезең дері  екен  дігі, 

қазақ эт но  педагоги ка сын  дағы ер лік дəстүрі-

нің  педагоги калық  негіз  дері,  қазақ тың  көр-

кем  əде биеті  мен  тарихын да  сом далған 

батырлар дың  ерлік  өнегесі  оқу-тəр бие  үр-

дісіндегі  тəрбие  құралы  ретінде  екен дігі 

жəне қазақ батыр лары ның қаһар ман дық бей-

несі  ар  қы лы  оқу шылар    дың  отан  сүйгіш  т ік 

қасиет    тер  ін қалыптас тыру үр дісі  нің теория-

лық моделі жасалынған.

Екінші  «Қазақ  батырлары  н ың  ер  лік  дəс-

түрі  ар қылы  оқушылар  дың  отан  сүйгіш   тік 

тəр бие   сін  қалып   тастыру   дағы  əдіс  теме    лік 

жұмыс  тар» атты тарау   да оқу үр  дісін  де қазақ 

батырлары  ның  ер  лік  дəс түр   лері  ар қы   лы 

оқу  шылар   дың  от ан   сүй  гіш  тік  қасиет те рін 

қалыптастыру дың  педагогика лық  құра  лы 

ретін  де  жəне  мектеп тің  тəрбие  үрдісінде 

қазақ  ба тыр лары ның  ер  лік  дəс т үрі  ар  қылы 

оқушылардың  отансүйгіш тік  қа с иетте рі н 

қалыптастыру мəселе лері қарас тырыл ған.

Г.И.Чемоданованың  «Вос пи та ние,  шко-

ла  и  педа го гичес  кая  мысль  в  ис  тор ии 

Казахстана»  ат ты  оқу  құралы  ның  екін  ші 

тар ауы «Қазақстан да ХV ғасыр - ХІХ ға  сыр-

дың  бірін ші  жар ты сын   дағы  педаго  ги  к а   лық 

ой-пікір» деп ата лып, онда қазақ жырау  лары 

(Аса қайғы,  Шалкиіз,  Жиембет,  Бұхар)  поэ-

зия    сы   н ың  тəр бие  лік-қол  дан    балы  жəне  сая-

си-эсте т и  калық  маң ы зы,  қазақ  хал қы   н ың 

ағ ар ту сала с ын  дағы пат  ша  лық Ресей  дің сая-

саты сипат та лған [11]. 

Б.Иманбекова ның  «Қазақстан  дағы  пе-

да го ги  калық  ой лар  мен  білім  беру  тарихы» 

оқу  құра л ы  ның  үшін ші  тарауы «XIV-XVIII 

ғасыр  лар  дағы  қазақ  хан   дығы  дəуірін дегі 

педагогикалық  ойлар»  деп  ат алып,  он да 

көр сетіл  ген  кезең дегі  ақын-жырау лар  поэ-

зиясын дағы  педагогикалық  ой-пікір лер  дің 

дамуы баяндалған [12].

М.С.Елубаева ның  «Қазақ  ақын-жы рау-

лары   ның  тəлім-тəрбие  лік  мұра  ла ры»  оқу 

құралын  да XV-XVIІI  ғғ.  өмір  сүр  ген  ел 

өмірін    дегі  күр   делі  тари хи  оқи  ға лар   ға  үн 

қо сып,  өз  зам а н ы  ның  көкей   кес ті  мəсе  ле  ле-

рін  сурет  теп,  үне  мі  хал ық  жаны  н ан  та бы-

лып,  ел  бола шағы  үшін  замана  сал  ма  ғын 

өз  жыр   лары  на  ар  қау  ет  кен  ақын-жырау  лар 

поэ зиясын дағы  тəлім-тəрбие  көрініс тері-

не, оның ұлт  тық тұлға тəр биелеу дегі ор ны-

на тоқтал ған [13]. Сонымен, қазақ хан дығы 

дə уі рін дегі  педа го ги   ка лық  ой-пікір лер  бір -

шама  зерт   теліп,  нəтижесі  моно гра фия,  оқу 

құралы,  оқу-əдістеме лік  құрал  жəне  əдіс те-

мелік нұсқау  лар болып жарық көргені анық-

тал ды. Бұл ең бек тер қазақ пед а гогика  сының 


23

ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА

даму  ын  көр сету мен  қатар,  олар  ды  бола   ш-

ақ  мұғалім  дер  ді  дайын дау  да  оқы ты  ла   тын 

«Педа гогика тарихы» жəне «Қазақстан   дағы 

педа го гика  ғылы мы»  атты  пəн дер де  кені-

нен  пай даланып,  студент    тердің  патриоттық 

сезі мін  оятып,  оларға  ұлттық  тəрбие  беру-

дің құрам дас бөлігі отансүйгіштікке тəрбие-

леуге ықпал етері сөзсіз.

Əдебиеттер

1.  К  Жарикбаев.  Из  истории  развития  педагогической  мысли  в  дореволюционном 

Казахстане. Монография. Алматы: РУМК, 1978

2.  Қ Жарықбаев. Аталар сөзі – ақылдың көзі. Монография. Алматы: Қазақстан, 1980. 

3.  С Қалиев. ХV-ХІХ ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой-

пікірлер. Көмекші оқу құралы. Алматы: Рауан, 1990

4.  Қ. Жарықбаев, С Қалиев. Қазақ тəлім-тəрбиесі. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995. 

5.  Т.М Əлсатов. Орта ғасырдағы қазақ ғұламаларының тəлім-тəрбиелік идеялары (ХV-

ХVІ ғғ.). Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 1998.

6. 


Р  Молдақасов.  Қазақ  хандығы  дəуіріндегі  педагогикалық  ой-пікірлер.  Оқу 

құралы. Тараз: ТарМУ, 2000. 

7. 

А.К Игибаева, Н.Б Игисинова. Из истории педагогической мысли и образования 



в Казахстане. Методические указания. Усть-Каменогорск: ВКТУ, 2003. 

8.  С Иманбаева. Ұлттық патриотизм негіздері. Оқу құралы. Алматы: ҚазМемҚызПИ, 

2004.

9.  Р.А. Джанабаева Халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тəрбиесінің негіздері. 



Оқу құралы. Алматы, 2010. 

10.  А.Қ Дүйсенбаев. Ерлік дəстүрлері арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тəрбиелеудің 

педагогикалық негіздері. Оқу құралы. - Ақтөбе, 2008

11.  Г.И Чемоданова. Воспитание, школа и педагогическая мысль в истории Казахстана. 

Учебное пособие. – Петропавловск, СКГУ им.М.Козыбаева, 2009.

12. 


Б Иманбекова. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. Оқу 

құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010

13.  Елубаева М.С. Қазақ ақын-жырауларының тəлім-тəрбиелік мұралары (XV-XVIII ғғ.). 

Оқу құралы. - Тараз: ТарМПИ, 2011



24

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

ƏОЖ 37.373.(373.1)

М.А. Нуриев 

Қазақстан Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры

Ж.А.Сейсенбаева 

филология ғылымдарының кандидаты,

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры орынбасары

Д.М. Советканова 

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті 

Қазіргі даму кезеңіндегі бес функционалды 100 қадамды оқу процесіне ендіру 

жолдары

 Мақалада, елбасының соңғы сайлаудағы тұғырнамасы ретінде «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарының  күн  тəртібіне  көрсетілген  ғылым  мен  білімге  қатысты  ойлары  сараланады. 

Сонымен  қатар,  қоғам  дамуы  үшін  маңызды  əрі  ел  экономикасының  ғана  емес  ұлттың 

əлеуметтік,  мəдени-рухани  саласының  ілгерілеуіне  де  зор  ықпалын  тигізетін  біліммен 

ғылымның дамуына қатысты айтылған ойларын уақтылы білім беру үдерісіне енгізу жол-

дары көрсетіледі.

Түйінді сөздер: білім, ғылым, гуманизм, реформа, қоғам, стратегия.

 Статья посвящена новому плану нации, «100 конкретных шагов» по реализации пяти ин-

ституциональных реформ выдвинутый главой государства. Основываясь на пяти институ-

циональных реформах отдельное место выделяется системе образования где главной целью 

является – создание необходимых условий для получения образования, направленных на 

формирование, развитие и становление личности на основе национальных и общечеловече-

ских ценностей, достижение науки и практики.

Ключевые слова: наука, образование, гуманизм, общество, стратегия.

 Article is devoted to the new plan of the nation, «100 concrete steps» on realization of fi ve 

institutional reforms put forward by the Head of state. Based on fi ve institutional reforms the 

separate place is allocated to an education system where a main goal is – creation of the necessary 

conditions for education directed on formation, development and formation of the personality on 

the basis of national and universal values, achievement of science and practice.



  Keywords: science, education, humanity, society, strategy.

Еліміз дің  қазіргі  əлеумет тік-эко номика-

лық  даму  тен денция лары  оқу  ісі  жөнін-

дегі  рефор малар  ға  өзгеріс тер  мен  жаңа-

ша  көзқарас  тар  легін  алып  келуді  қажет 

етуде.  Сондық тан  да,  білім  беру  жүйе сі 

мен  білім  саласында  түбегейлі  реформа 

жа сап,  онда  келесі  тəрбиелене тін  буынды 

ұлт  патрио ты  етіп  шығару ды  мақ сат  тұту 

қарастыры луы  тиіс.  Білім  беру  саласын да 

біздің  уақытымызға  дейін  де  талай  рефор-

ма  жүргізіл ді.  Ал,  бүгінгі  рефор ма  өзі н ің 

ір гета сын  оқыту  үр  дісін дегі  білім  тəр бие -

нің  дамы ту  бағытын дағы  тұл ғалық-бағдар-

лы  сипат  алу  мазмұ нын  нақ тылайды.  Олай 

дейтіні міз  бұл  саладағы  əрекет  қоғам ның 

бір  жеке  мүшесі нің  тағдырына  қатысты 

емес,  еліміз дің  ертеңгі  күнгі  əлеуметтік 

күшіне,  тұрмыс  деңгейіне,  өркениеттілігіне 

əсер  ететін  кешенділігі  мен  сипатталады. 

Сондықтан, білім беру саласында қоғамның 

əр бір  мүшесі   нің  назарынан  тыс  қалмай тын 

мəселе лер  төңірегін де  түбе гейлі  өз геріс тер 


25

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

жасал ып,  рух ани лық  пен  адам гершілік ке 

негіздел   ген. Білім нің жаңа сапа сын қамтама-

сыз  ете тін  рефор малар ды  жүзе ге  ас ыру 

қоғам ның  даму ын  ілгерілете ті ні не  күман-

дану ға  бол май ды.  Даму  жолын дағы  қоғам -

да ең ал ды мен білім даму ға тиісті. Мəселен, 

жаңа қоғам дағы білім ге айырық ша көңіл ау-

дарар лық мə селе білім емес, оны мең геру ге 

деген  қабілет ті лік,  ес те  сақ тау  емес,  пси-

хиканың  не гізгі  механизмі-ойлау,  шыдам-

ды лық емес, оқу үр дісіне деген бел сен ділік, 

оқу  нəти желері не  жету  ар қылы  өз  ор нын 

анық тау  үшін  оқу.  Елбасы  Н.Ə.Назарбаев 

өзі нің Қазақстан халқы на жолдауын да бола-

шақ,  келесі  ғасыр да,  жаңа  мыңжыл дық қа 

өт кен  құн дылық тар  ту ралы: «Біз  өзіміз дің 

бола шағымыз ды  жəне  жас тарымыз ды  қан-

дай  күй де  көр гіміз  келе ді,  осы ны  айқын-

дап  алатын  уақыт  жетті.  Біз  не нің  ір гесін 

тұр ғызғы мыз  келе тін ін,  таң дап  ал ған  мақ-

сатымызға  алып  келе тін  өз  дамуымыз дың 

траектория сы,  даң ғылы  қандай  болуға  тиіс 

еке нін анық білу ге жəне ұғыну ға тиіс піз», - 

деген еді. Сондықтан, еліміз дің даму бағыты 

айқындал ған  уа қытта  білім  беру дің  маңыз-

дылы ғы мен оның мəнділі гіне көңіл бөлініп, 

сапа лы білім ге қол жеткізу де нақты міндет-

тер  қойылып,  бола шақ тағы  ат қары лар  іс-

шаралар ай шық тап алуымыз қажет. «Ал  дағы 

бір  неше  жыл  бойы  жүзе ге  асыруымыз ға 

тиіс «100 нақты қадам» жоспары – еліміздің 

«Қазақстан–2050»  Стра тегия  сын  жүзе ге  ас-

ыр ып,  əлем нің  əлде қайда  дамыған 30 елі-

нің қатары на кіруі үшін қажет. Бұл қадам дар 

ел дің  келе шек тегі  тұр ақ  ты  дамуы,  азамат-

тар дың  əл-ау қатын  арттыруы  жəне  сырт-

қы  орта дағы  қиын  жағ дайлар да  тұрақ ты 

дамуына бағытталған. Айта кету керек, бұл 

–  тек  еліміздің  эко номикасына  ғана  емес, 

əлеуметтік  ортаға  да  қатысты.  Бұл  міндетті 

жүзеге  асыру  үшін  бар л ық  негіз дер  бар. 

Бес  институционал дық  рефор маны  жүзеге 

асыруға  арналған 100 нақты  қадамның 

экономи калық  өсім  мен  елді  индус тирялан-

дыру ға  қатыс ты  бөлімдері – бұған  дейін 

қабылданған  бағдарламалардың  жал ғасы 

болып  табыла ды.  Сонымен  қатар,  Елбасы-

ның  соңғы  сайлаудағы  тұғырна масы  ретін-

де «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ның күн 

тəртібі не шығаруы ның өзі заман талабы   нан 

туындап,  он дағы  көрсетіл ген  əр бір  мəсе ле 

қоғам дамуы үшін маңыз ды əрі ел эко номика-

сының  ғана  емес  ұлттың  əлеумет тік,  мəде-

ни-рухани  саласы  ның  іл герілеуі не  де  зор 

ықпал ын тигізе тіні анық. Ал дағы мін дет он-

дай тапсыр маны көп ке соз бай əрі сапа лы əрі 

уақты лы  білім  беру  үд ерісі не  енгізу.  Соған 

орай, «Ұлт жоспары   ның «100 нақты қадам» 

бағ дарла ма сы  ая сын да  біз  үшінші  кезең 

-  ғылы ми  жұмыс тарды  өндіріс ке  ен гізу ге 

кірісуі міз ке рек. Бүгін гі таң да атал ған бағыт 

бо йын  ша бі лім беру сала сы  ның ал дын да екі 

үл кен мін дет ай қындалды. Бірін ші сі, ғылым-

ға негіздел ген эко номик аны қалыптастыру ға 

негіз бола тын 2 ин новациялық кластер құру. 

Екіншісі, ғылыми жəне ғылыми техникалық 

жұмыс  нəтижелер ін  коммерциялан дыру 

жүйесін құру [1]. 

Соң ғы жылдар да ғылым саласы на көп мəн 

бері ліп  келеді.  Біз  мұны  осы ған  дейін  елде 

екі мың нан аса қар жыландырыл ған ғылы ми 

жо балар ға  қарап  ай та  ала мыз. «Мемлекет 

бас шысы ның бес ин ституционал  дық рефор-

масын  жүзе ге  ас ыру  жөнін дегі 100 қадам» 

Ұлт жоспары на сəйкес Қазақстанда жоғары 

сыныптар  мен  ЖОО-да  ағыл шын  тілін де 

оқыту ға кезең-кезең мен көшу жоспар лан ған. 

Мұн дағы  бас ты  мақ сат - дая рлана тын  кад-

рлар дың бəсе келес тік қабіле тін ар т тыру жəне 

білім беру секторы ның экспорт тық əлеуе тін 

көтеру. Бұл жа ңашыл дық ЭЫДҰ (Экономи -

калық  ын тымақтас тық  жəне  даму  ұйымы) 

ел дері  стандарттары ның  негізін  де  адам 

капиталы ның  сапа сын  көтеру  мақсатында 

жоспарлан ған.  Осы  бағыт  аясында 12 

жылдық білім беруді кезең-кезеңі  мен енгізу, 

функциялық  сауаттылықты  дамыту  үшін 

мек теп тегі  оқыту  стандарттарын  жаңарту, 

жоғары  сыныптар  да  жан ба сылық  қар-

жыландыруды  енгізу,  табысты  мектептерді 

ынталандыру  жүйесін  құру  көзделуде. 

Назарбаев Университеті тəжірибесін ескере 

отырып,  ЖОО-дың  академиялық  жəне 

басқарушылық  дербестігін  кезең-кезеңімен 

кеңей ту,  ком мерция  лық  емес  ұйым дар-

дағы  жекемен шік  ЖОО-дарын  халықара-


26

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

лық  тəжірибеге  сəйкес  трансформациялау 

жалғасуы тиіс [2]. 

Тағы  да,  білім  беру  жүйе сін  жетіл діру-

де  ұлт тық  білім  беру  бағ дарына  көшу  аса 

маңыз ды  болып  тұр.  Себе бі,  білім - қоғам-

ды  əлеу мет тік,  мəдени-ғылыми  прогрес пен 

қамтама  сыз  ететін  ғажайып  құбылыс,  адам 

үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құн  ды  лық 

болып  табыла ды.  Оның  ең  негізгі  қыз    ме-

ті - адам  ның  мен талите тін,  адам гершілі  гін, 

шығар ма  шы лық  қабілетін  қалыптас тыру, 

дамы ту.  Осы ған  орай  егемен ді  елі міз  өзі-

н ің  дамуы  ның  ең  басты  алғы  шарты  ре  тін-

де білім беру жүйе сі нің білім ғасырын  да ғы 

мін  деті  «Ұлт тық  білім  беру  моделін»  жа-

с а п,  оның  ел басы  айтқан  «мəңгілік  ел  құн-

ды  лық  тарына»  негіздеу  болып  табылады. 

Бұл  жер де гі  ұлттық  білім  үл гісі нің  негіз гі 

ба ғы ты — адамды қоғам ның ең негізгі құн-

ды лы ғы ре тінде тану, оның қоғамдағы ор ны 

мен  рө лі не,  əлеу меттік  жағдайына,  психи -

ка   лық  да му  ерек  шелігі не  мəн  беру,  сол  ар-

қы   лы оның рухани жан-дүниесі нің баюы  на, 

сая   си  көз  қара сының,  шығарма шылық  ер -

кін  ді  гі мен бел сен  ділі гі нің, кəсіби іскер  лігі  -

нің  қалып  та суы  на  жағ  дай  жа сау,  мүм кін  дік 

бе ре  от ы рып  елін,  жерін  сүйетін  нағыз  па-

триот тəр биелеу. Ұл ттық білім бе ру моделін 

ұйым  дас тыру - мем лекеттің  баян ды  бола-

ша ғы ның кепілі болып табыла ды. Ол үшін, 

ең алдымен, қазіргі білім беру проце сін ұлт-

тық  білім  беру  моделін  елбасы  сая сатына 

негізделген  мəңгілік  ел  құндылықтары  мен 

толық тырыл ған тұжырым дама жа сау қажет. 

Ол  тұжырым дама  ның  ерек шелігі  мəң гілік 

ел ге негізделуі болып табылады. Қазақ жері-

нің  табиға тынан  бас  тап,  əл-ауқатын,  эко но-

ми касын, жер бай лығы ның артық шылық   та-

ры  мен  ерек шелік тері  толық  си пат тап,  осы 

не гізде  балалар  ға  өз  ел інің,  жері  нің  даму 

қар   қы нын  түсін діре  отыр ып,  оған  əр  бір 

тұл   ғаның  үлес  қосу  керек  ті гін  ұғын ды ру 

мүмкіндігі болады. Өйткені, елі міз  дің эко но-

ми  ка сын бəсе ке ге қабілет тілі гін арт 

Сонымен,  ел  болу  мəселесі,  ұлтты  сақ-

тау,  жер ді,  туған  атамекенді  қорғау – қазақ 

халқы үшін қашанда тарихи даму тұр ғы  сы

-

нан  маңыз ды  болып  келе  жат қаны  белгілі. 



Осы  атал ған  мəселе лер  еш қашан  да  күн 

тəртібі нен түс кен емес. Осы ған орай бүгін-

де  елбасы ның  бас шылы ғымен  «МƏҢ ГІЛІК 

ЕЛ»  патриот тық  ак тісі  жо басы  əзір лену де.

Еліміз дің мұра тына ай налған «Мəңгілік ел» 

идея сы - халық  тың  əл-ау қа тын  жақ сар тып, 

ын ты ма ғын ар ттыра тын, ел ді даму дың жаңа 

сатысы на жетелей тін жаңа қадам. Халық ты 

бір мақсат қа, бір мүд деге, бір болашақ қа үн-

деген Ел басы  ның жол дауларында ел хал қына 

үл кен жауап кер ші лік жүк тел  ген. Тарихи құн-

дылығы мыз  бол ған  тəуелсіз дік  идея сы ның 

негізін де сол ұлт тың тағ дыры, ұлы тұл ғалар-

дың ерен еңбегі жатыр. Тəуел сіздік  тің баба-

лар ымыз дың  сан  ғасыр ғы  ар маны мен  кел-

ге нін Ел басы  мыз əр дайым қазір гі ұрпақтың 

есіне  салып  отырады: «Мəңгілік  Ел»  идея-

сы  ның бас тауы тым терең де жатыр. Осы дан 

13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұрты-

ның  мұраты – Мəңгілік  Ел»  деп  өсиет  қал-

дырған.  Бұл  біздің  жалпыұлттық  идеямыз 

мемлекеттігіміз дің  тамыры  сияқты  көне 

тарихтан бастау алатынын көрсетеді [3] .

Ел  тағдырының  мəні  азаттықтық  қа  қол 

жеткі зіп,  тəуел сіз  мемлекет тілік   ті  сақ  тау 

бол са, осы жолда қан шама алаш зиялы лары 

тəуелсіз дік үшін күрес жолын жал ғас тыр ды. 

Кешегі кеңес тік кезең де де ғасыр ларға созыл-

ған  тарихы  бар  қазақ  елін  жоққа  шығаруға 

бағытталған  əрекет терге  тойтарыс  беріліп, 

«қазақ жері» деген ұғымның сақталып қалу 

жолында ерен еңбектер атқарылды.

Қазақстанды жар қын бола шақ қа жетелей-

тін  жастары мыз  баба лары мыз  аң сап  өт кен 

тəуел сіздік тің туын жық пай, жел біре те білуі 

тиіс.  Өйт кені,  бабаларымыз дың  ұлан  бай-

тақ  жерін  қалай  қорға ғанын,  бостан дық    ты 

қалай  аң сап-қадірле генін  біле міз.  Жас  тар 

сон  дай  текті  ұр пақ тың  ұр пағы  екен  дік  терін 

сезі ніп,  осы  «тəуелсіздік», «мəңгілік  ел» 

ұғым  дарын  сана ларына  сіңі ріп,  қас тер леу -

ге  мін  детті.  Өйт кені,  қазір гі  кездегі  жа һан -

да ну  үдер ісі,  қол жетімді  ақ параттар  легі 

жас тар дың  бойында  ақ парат тарды  елек  тен 

өт   кі зе  білу,  теріс  пиғылды  идеология ларға 

қар  сы  тұра  біле тін  иммуни тетті  қалып тас-

тыру ды қа  жет етеді. Жат пиғыл ды ағым дар -

дың  ық палына  еріп,  экстремистік  əрекет-



27

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

тер дің  қатарын  толықтыру шылар  осы  жа-

стар  болып  отырғаны  белгілі.  Жастар дың 

мұн  дай  əрекет ке  баруының  басты  се бебі 

ретінде  олар дың  білім,  сауат тылық  дең-

гейінің  төмен  дігін  айтуға  болады.  Бұ ған 

қарсы  тұра  білу дің  жолы  жастардың  діни 

сауатын  арт тыру,  олар ды  адам гершілік   ке, 

сүйіс  пеншілікке тəр бие леу, ұлт тық салт-дəс-

түрі мізді бой ларына сіңі ріп, дəріп  теу, олар-

ды  еліне,  жеріне,  дəстүріне,  дініне  жана-

шыр  аза мат  етіп  тəрбие леу  болып  табыла-

ды. Қазақ елі нің бірлігінің қалыптасуы мен 

өркендеуі дəс түрлі ұл т тық тəрбие мен рухани 

құндылықтар мен  сабақтасқан  түрде  жүзеге 

асады.  Сол  себеп тен  де  жас тардың  бойы-

на  қазақи  құн дылық тарды  сіңіріп,  қазір гі 

жаһан дық  даму  жағ дайында  олар ды  батыс 

мəдение тінің  негізі  нен  алыс татып,  өзіміз-

дің ру хани бай мұра мыз дың құн дылық  тары 

тұрғысы нан тəрбиелеу  - алда тұр ған бас ты 

міндеттердің  бірі.Елбасымыз  жарияла ған 

«Мəңгілік  ел»  идеясы  ның  көздегені  де  осы 

болатын, яғ ни, төл дəстүрімізді, əдебиетіміз 

бен  мəдениетімізді  жаңғырту,  дініміз  бен 

тілімізді өркендету.

  «Мəңгілік  ел»  идея   сын  жүзе ге  ас ы р-

ып,  од ан  əрі  дамытатын  жастар  бол  ған-

дық    тан  ол ар  ең  ал дымен  білімді,  ұлт  тық 

құн    ды лық   тар  мен  заман ауи  игіліктерді  өз 

бойы на  біріктіріп,  ұш тастыра  білген,  өз 

елі нің  на ғыз  жанашыр  азамат тары  ретінде 

қалып та суға  талпынуы  керек.  бұл  тұрғыда 

жасала нып жатқан жұмыстар жоқ деп кесіп 

айтуға  болмайды.  Бұл  күндері  еліміздегі 

жалпы  білім  беретін  мекемеле р де  Елба-

сы  Н.Ə.Назарбаев тың  бастамасы  бойынша 

құрылған    «Жас  ұлан»  балалар  жəне  жас-



өспірімдер  қозғалысы  дəстүрлі  үрдіс  алды. 

Ұйым  ның  мақсаты:  өскелең  жас  ұрпақ  тың 

бойында  патриоттық,  білім  мен  өзін-өзі 

жетілдіру ге деген құштар  лық, беріктік, Отан 

тарихына,  Тəуелсіз  Қазақстан  ның  бүгіні 

мен  болаша ғына  деген  жауапкер шілік ке 

тəрбиелеу. Бүгінде «Жас ұлан» бірыңғай ба-

лалар  ұйымына  республикамыз дың  бар лық 

мек тептерін де  бас тауыш  мектеп  тен  бас тап 

қабыл дап, осы бағытта жұмыстар атқаруда. 

Қорыта 


келе, 

ма қала мыз ды 

даңқ-

ты  жа зу  шы,  халық  қаһар  ма



 

ны  Бауыржан 

Момышұлы ның: «Жау дан  да,  даудан  да 

қорық   паған қазақ едім, енді қор қыны шым 

көбейіп жүр. Бірін  ші  ден, бесікке бөлеме-

ген,  бесігі  жоқ  елден  қорқам;екіншіден, 

немересі не ер тегі ай тып бере тін əжелер-

дің азаюынан қорқам; үшіншіден, дəмді, 

дəстүрді сыйламайтын ұрпақ өсіп келеді. 

Оның қолына қылыш бер сең, кімді болса-

да шауып тастауға даяр. Қолына кітап ал-

майды. Үйре ніп жат қан бала жоқ, үйретіп 

жатқан  əже,  ата  жоқ», - деген  көңіл дегі 

қаупі  нің  қазіргі  күндері  жап пай  көрініс 

алуы – жоғарыда  айтылған  ұлт  тық  құн-

дылықтар дан  сусындамай  өсудің  кесірі 

деп түйіндейміз. Сондықтан да, ана əлдиі не 

бөленіп, əже ертегісіне құлағын түріп өскен 

бала ның  қашан  да  тілі  жатық,  ойы  анық, 

ұлт тық  рухы  биік  болаты нын  жадымыз дан 

шығармағаны мыз абзал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет