Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет30/35
Дата06.03.2017
өлшемі6 Mb.
#8395
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

ISSN 1991-3494                                                              
№ 5. 2014 
 
 
227 
Необходимо  внедрить  систему  комплексной  экспертизы  научных  проектов,  предусматривающую 
основные  элементы  независимой  экспертизы  из  международной  практики.  Глава  государства  в  своих 
выступлениях всегда  указывает,  что при решении  вопроса финансирования  научных проектов и  программ, 
решающим  словом  должны  обладать  члены  Национальных  научных  советов.  А  на  самом  деле  многое 
решается  в  Национальном  центре  государственной  научно-технической  экспертизы  (НЦ  ГНТЭ).  Это 
неполное соответствие установке Главы государства. Например, НЦ ГНТЭ не должен иметь права отказать 
авторам  и  возвращать  их  проекты  и  программы  назад.  Это  прерогатива  только  ННС.  В  случае  спорных 
вопросов в ННС необходимо пригласить экспертов, представителей НЦ ГНТЭ  и авторов научных работ. В 
НЦ  ГНТЭ  нет  крупных  ученых,  поэтому  надо  их  подчинить  ННС,  сделав  его  рабочим  органом.  Наиболее 
эффективным средством для объективного проведения конкурса научных проектов является дополнительная 
к  государственному  –  общественная  экспертиза.  Проведение  такой  экспертизы  целесообразно  поручить  на 
договорной  основе  Национальной  академии  наук  РК,  где  сконцентрирован  большой  потенциал  ведущих 
ученых страны по всем отраслям науки. Необходимо категорировать научные организации (НИИ, открытые 
лаборатории вузов и др.) с учетом их научного потенциала (остепененность научных кадров, эффективность 
научных исследований и их результаты, наличие собственных производственных (лабораторных)  площадей 
и  приборного  парка,  состоящего  из  современных  электронных,  прецизионных  приборов  и  т.п.).    
Рекомендовать  прямое  участие  научных  организаций  в  конкурсах  на  научные  гранты  и  программы  без 
надстроечных управленческих организаций -  холдингов, центров и др., которые должны содержаться за счет 
отчислений  от  входящих  под  управление  научных  институтов,  а  не  от  госбюджета.  Целесообразно 
систематически  проверять  эффективность  госбюджетных  средств  выделенных  для  внедрения  завершенных 
НИОКР в производство. Базовое финансирование (БФ) необходимо сохранить только для НИИ, являющимся 
государственным или приравненным к государственным согласно закону РК «О науке». Необходимо учесть, 
что  средства  базового  финансирования  попадающие  адресатам  напрямую,  не  подвержены  воздействиям 
коррупционного  характера.  Поэтому  целесообразно  расширить  структуру  БФ  добавив  к  ним  новые 
категории научных сотрудников и инженеров и увеличить в объеме. 
Қадірменді әріптестер! Біздің бүгінгі сессиямыз бәріміздің Ата-бабаларымыз 1456-65 жылдары құрылған 
Қазақ  хандығы,  яғни  Қазақ  мемлекетінің  бірінші  күнінен  бері  аталып,  тойланып  келе  жатырған  қасиетті 
Құрбан-айт  мерекесінің  қарсаңына  тура  келіп  тұр.  Сондықтан  баршаңызды  осы  мерекемен  құттықтап, 
отбасыларыңызға амандық-саулық, бақ-береке тілеймін. Бұл сессия жұмысына біздің шақыруымызды қабыл 
алып  келіп  отырған  ҚР  Президентінің  кеңесшісі,  белгілі  мемлекет  қайраткері  проф.  Құл-Мұхамед  Мұхтар 
Абрарұлына, осы қызметке келісімен ҰҒА-сына қамқорлық көрсетіп жүрген ҚР Білім және ғылым министрі 
Сәрінжіпов  Аслан  Бәкенұлына  ылтипаты  үшін  Сіздердің  аттарыңыздан  алғыс  айтып,  ризашылығымызды 
білдіруге рұқсат етіңіздер. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
228  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА  
ӨТКЕН БАСҚОСУ 
  
ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ҰЛАҒАТТЫ ӘҢГІМЕ 
 
Елбасының  Ұлытау  төріндегі  ұлағатты  сұхбаты  қазақ  қоғамында  серпіліс  туғызды.  Қазақтың 
арғы-бергі  тарихы,  тілі,  әдебиеті,  мәдениеті,  экономикасы  мен  болашағы  жайлы  айтқан  Нұрсұлтан 
Әбішұлының  келелі  пікірлеріне  еліміздің  әр  тарапындағы  зиялы  қауым  өкілдері  үн  қосып,  өз 
пікірлерін білдіруде. 
2014  жылы    4  қазанда  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясында  Елбасының 
кеңесшісі  Мұхтар  Құл-Мұхаммедтің  қатысуымен  өткен  басқосуда  Ұлытау  төрінде  көтерілген  басты 
мәселелер  ғылыми  тұрғыдан  талданып,  оның  ел  руханиятының  дамуына  қосатын  айрықша  үлесі 
туралы кеңінен сөз болды. Ұлттық ғылым академиясының жетекші академиктері мен корреспондент-
мүшелерінің қатысуымен өткен сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз. 
Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, 
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі: 
– Елбасымыз бұған дейін де Қазақстанның түрлі өңірінде болған сапарларында журналистерге сан алуан 
сұхбаттар беріп, сол өңірдің арғы-бергі тарихы мен болашақтағы дамуы жайлы талай мәрте келісті ойларын 
ортаға салған. 
Осыдан  бірнеше  жыл  бұрын  киелі  Түркістан  жерінде  зиялы  қауымның  басын  қосып,  қазақтың  тарихы, 
тілі,  руханияты  жайлы  тереңнен  толғаған  әңгіме  өткізген  еді.  Әсіресе,  дін  мәселесіне,  оның  ішінде  ислам 
дінінің  ұлағатына  қатысты  әлі  оңы  мен  солын  танып  үлгермеген  жас  ұрпаққа  қарата  ұлтымыздың  ұлы 
басшысы ретінде тереңнен толғаған тағылымды пікірлерін ортаға салған болатын. 
Жалпы, Елбасы – Қазақстанның ғана емес, бүкіл дүние жүзінің беталыс бағдарын, оның алда орын алуы 
әбден мүмкін қауіп-қатерлерін болжай білетін кемеңгер қайраткер. Сөзім дәлелді болуы үшін оның осыдан 
14 жыл бұрын, ХХІ ғасыр енді ғана басталғанда жарық көрген «Сындарлы он жыл» атты кітабында: 
«Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында, тіптен кейбір саясаткерлердің жұртшылық алдындағы 
мәлімдеулерінде  жаңа  мағына  жамылған  «исламдық  қауіп-қатер»  деп  аталатын  жаңа  сөз  жиі-жиі 
және үздіксіз қайталанатын болып жүр. 
«Исламдық  қауіп-қатер»  деген  ұғымды  еріннің  ұшымен  айта  салу  оп-оңай  болғанмен,  үрейлі 
қанатының кеңге жайылып бара жатқаны соншалық, енді  ислам тарапынан болатын мифтік қауіп-
қатер туралы емес, исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттігін сөз ететін кез келді», деп жазғанын 
мысалға келтірейін. Елбасының дәл осы болжамы айна-қатесіз келді. 
Тағы  бір  келелі  сұхбатты  еліміздің  шығысында,  бүкіл  түркі  жұртының  қасиетті  төрі  саналатын  қарт 
Алтайдың  бауырында  берген  болатын.  Онда  Елбасымыз  ғұн,  сақ  дәуірлерінен  бастау  алатын  қазақ  тарихы 
мен  мәдениетіне,  тіпті  ежелгі  сақ,  скифтердің  металл  қорыту  мен  оны  өңдеуге  қатысты  бұрын-соңды 
ғалымдар тарапынан тыс қалып келген ғылыми тұжырымдарын ортаға салған еді. 
Еліміздің батысында болған сапарында киелі Маңғыстау жерінде Нұрсұлтан Әбішұлы кең көсіле сұхбат 
құрып,  мұнайлы  түбектің  сан  ғасырлық  тарихы,  әулие  Бекет  атаның  тағылымы,  Маңғыстау  өңірінің  өсіп-
өркендеу перспективасы жайлы кесек-кесек ойлар айтқан. 
Елбасының  Астана  мен  Алматы  төрінде  отандық  және  шетелдік  журналистерге  берген,  Қазақстанның 
барлық  өңірлерімен  байланысқа  шығып,  көзі  қарақты  оқырмандардың  сауалдарына  жауап  қатқан  келелі 
сұхбаттары  әлі  күнге  дейін  есімде.  Тікелей  эфир  жағдайында  өткен  осындай  бір  сұхбат  үш  жарым  сағатқа 
созылып, онда Нұрсұлтан Әбішұлы 50-ден астам сұраққа жауап берген болатын. 
Мен мұның бәрін өз көзіммен көріп, тікелей куәгер болған соң айтып отырмын. 

ISSN 1991-3494                                                              
№ 5. 2014 
 
 
229 
«Бұл  ән  бұрынғы  әннен  өзгерек»  деп  Шәкәрім  атамыз  айтқандай,  Ұлытау  төріндегі  әңгіме  бұрынғы 
сұхбаттардан өзгерек болды. Оның бірнеше себебі бар. 
Біріншіден, Ұлытау  –  ешбір  әсірелеусіз  біздің  арғы-бергі  бабаларымызға  құтты  қоныс  болған  қасиетті 
мекен. Мұндай орындардың ерекше аурасы, қазақша айтқанда киесі болады. Тумысынан таза қазақша тәрбие 
алған  Елбасымыз  мұны  айрықша  сезеді.  Ұлтымыз  үшін  киелі  саналатын  орындардың  барлығын  қадірлеп, 
зиярат  етуді  ұмытқан  емес.  Міне,  осындай  киелі  орындар  адамға  қанат  бітіріп,  оның  ойына  ерекше  қозғау 
салады. Соны біреу түсініп, біреу ұғына алмауы мүмкін. Ұлттық тәрбиеге уызынан жарып өскен Елбасымыз 
–  ерекше  түйсігі бар адамдар ғана  қабылдай алатын осындай жайларды елден ерек сезіне білетін айрықша 
жан. Ұлытау төріндегі сұхбат осындай жағдайда дүниеге келді деп ойлаймын. 
Екіншіден, Елбасы  –  Ұлытау  өңірін  ерекше  жақсы  білетін  адам.  Оның  жастық  шағы,  азамат  болып 
қалыптасқан кезі Сарыарқа төрінде өтті. Дәл мағынасында Сарыарқаның шығысы Қарқаралы болса, батысы 
тура  осы  Ұлытау,  ал  екеуінің  ортасында  Қарағанды  тұр.  Қаныш  Сәтбаев  Қазақстанның  металлогениясын 
жасағанда Ұлытау-Жезқазған өңірін Орталық Қазақстаннан ешқашан бөліп қарамаған. Қаныш Сәтбаев қазба 
байлықтардың  кен  орнын  айқындайтын  геолог  болса,  Нұрсұлтан  Әбішұлы  –  сол  кендерді  қорытатын 
металлург.  Сондықтан  Сәтбаев  еңбектерін  бүге-шігесіне  дейін  білетін  Елбасы  –  Ұлытаудың  қасиетін  ғана 
емес, қазынасын да жақсы білетін адам. 
Үшіншіден, Елбасымыз Қазақстанның жаңа елордасын таңдау барысында Ұлытаудың да бар мүмкіндігін 
саралап шықты. Басқа біреу болса, «аудан орталығы қалай елорда болуы мүмкін» деп, бірден-ақ Ұлытаудың 
кандидатурасын ысырып тастар еді. Елбасы қазақ үшін ерекше киелі өңірдің бар мүмкіндігін таразыға салып, 
әбден зерттеген, тіпті оны соңғы турға дейін алып келген. 
Төртіншіден, Елбасымыздың  мен  білетін  кейінгі  20  жыл  ішіндегі  сұхбаттарында  Қазақстанның  өз 
ішіндегі  коммуникация  мәселесіне  айрықша  мән  беріп  келді.  Кешегі  Кеңес  Одағының  қордаланып  қалған 
мың  сан  мәселелері  орайымен  шешілгеннен  кейін  Елбасымыз  Ұлытауды  Қазақстанның  барлық  тарапымен 
бірдей  байланыстыратын  теміржол  салуды  қолға  алды.  Көп  жылдар  бойы  жүрек  төрінде  сақтап  келген 
ойының  жүзеге  асуымен  тұспа-тұс  келген  сапарда  Нұрсұлтан  Әбішұлы  төгілте  сұхбат  берді  және  оның 
бұрынғы сұхбаттардан өзгерек болуының сыры осында деп білемін. 
Ұлытау төріндегі әңгіме ата тарихынан басталды. Осында отырған көпшілігіңіз Нұрсұлтан Әбішұлымен 
түрлі жағдайда сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болдыңыздар. Мен айтпасам да, Елбасымыздың тарихтың асқан 
білгірі  екенін  жақсы  білесіздер.  Мемлекет  басшысы  осы  жолы  «Қазақтың  тарихы  өте  бай.  Оны  білуіміз 
керек» деп, бар қазаққа ой салатын, керек десеңіз парыз саналатын үлкен мәселені алға тартты. 
Шындығында,  Елбасымыз  1998  жылды  «Халық  бірлігі  мен  ұлттық  тарих  жылы»  деп  жариялап,  қазақ 
тарихының  Кеңес  Одағы  кезінде  зерттеуге  тыйым  салынған  талай  «ақтаңдақ»  беттерін  танып-білуге  зор 
мүмкіндік жасады. 
Бұл  іске  өзі  де  білек  сыбана  кірісіп,  1999  жылы  «Тарих  толқынында»  атты  кітабын  жариялап,  ұлт 
тарихының келелі мәселелері бойынша өз пікірін ортаға салды. 
Елбасымыз  өзінің  2003  жылғы  Жолдауында  «Мәдени  мұра»  атты  бірегей  мемлекеттік  бағдарлама 
жасауға тапсырма берді. Шынтуайтқа келгенде, бұл қазақ ғалымдары үшін бұған дейін жабық болып келген 
Қытай,  Иран,  Түркия,  Еуропа  және  Араб  елдері  архивтеріндегі  қазақтың  тарихын,  жоғын  түгендеуге 
арналған  бағдарлама  болатын.  Соның  нәтижесінде  мыңдаған  тарихи  құжат  Қазақстанға  оралып,  жүздеген 
ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланды. 
Ғылымда пікірталас болып тұрады. Дегенмен, ата тарихын кезеңдеуге байланысты Елбасы ұсынған «Ғұн 
дәуірі,  Көк  түрік  кезеңі,  Алтын  Орда  заманы,  Қазақ  хандығы  тарихы»  атты  дәуірлерді  тарихымызды 
зерттеймін деген әрбір ғалым басшылыққа алуға тиіс. 
Елбасының  тарихи  тұлғаларды  ардақтауға  арналған  еңбектері  ұшан-теңіз.  Егемендіктің  алғашқы 
жылдарында  Алматы  төрінде  Абылай  ханның,  Ақтөбеге  Әбілқайыр  ханның,  Елордада  алғашқы  Президент 
Әкімшілігі болған ғимараттың тура алдына Керей мен Жәнібектің ескерткішін орнатты. 
Қазақ хандары мен батырларына облыс және аудан орталықтарында орнатылған еңселі ескерткіштер өз 
алдына бір төбе. Тәуелсіздік жылдары Елбасы тарапынан тарихымыздың айтулы тұлғалары түгелдей дерлік 
ұлықталып, олардың есімін ел есінде мәңгі қалдыру үшін жасалуға тиіс шаралардың бәрі атқарылды. 
Ал біздер, тарихшылар, ең болмағанда Қазақ хандығының негізін салушы Керей мен Жәнібекке немесе 
ұлт тарихының ұстыны болған Қасқа жолды Қасымға, Еңсегей бойлы ер Есімге, тіпті есімі ұрпақтан-ұрпаққа 
аңыз болып жеткен әз Тәукеге арналған бірде-бір толымды монография жариялай алмадық. Тіпті, 1995 жылы 
басталған  бес  томдық  «Қазақстан  тарихын»  он  бес  жылға  созып,  әрең  аяқтадық.  Сондықтан  тарихшылар 
қауымы  алдағы  уақытта  қажет  болған  барлық  жағдайды  жасап  отырған  Елбасы  сенімін,  ел  үмітін  ақтап, 
жастарды  ата  тарихын  ардақтауға,  елін,  жерін  сүюге  шақыратын  толымды  шығармалар  тудырады  деп 
сенемін. 
Ұлытау  төрінде  қозғалған  екінші  үлкен  тақырып  – тіл  мәселесі.  Бұл  –  Қазақстан  сияқты  көп  ұлтты 
мемлекет үшін ұстараның жүзіндей қылпып тұрған тақырып. 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
230  
Бұған  келгенде  де  Елбасына  өкпе  айтудың  өзі  қиын.  Мен  еңбек  жолымда  өздеріңіз  авторы  болып 
табылатын  Қазақ  энциклопедиясынан  бастап,  кандидаттық  диссертациямды  «Орыс  энциклопедиясындағы 
қазақ  тақырыбынан»  қорғаған  адам  ретінде  көбінесе  энциклопедиялық  басылымға  жүгінемін.  Мәселен, 
Кеңес  Одағы  кезінде,  1985  жылы  жарық  көрген  «Демографиялық  энциклопедиялық  сөздікте»  1979  жылғы 
халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын қазақтардың пайыздық үлесі небәрі 36 пайыз, орыстардікі 40,8 
деп  көрсетілген.  Егер  дәл  осы  деректі  өңірлер  бойынша  алатын  болсақ,  еліміздің  солтүстігі  мен 
шығысындағы кейбір аудандар мен қалалардағы қазақтың үлес салмағы 5 пайыздан да аспайтын. Міне, соны 
Елбасымыз  өз  сұхбатында: «Кеңес  Одағы  кезінде  тікелей  орыстандыру  саясаты  жүргізілді» деп,  кеңес 
заманының сұрқай шындығын батыл түрде ашықтан-ашық айтып салды. 
Кеңес Одағы кезінде өз  республикасында отырып,  азшылыққа  айналған ұлт тек  қазақтар болды.  Еліміз 
тәуелсіздік алғанда Елбасына ұлт мәселесінде, түптеп келгенде тіл саясатында осындай «гордий түйінінен» 
де қиын мұра қалды. 
Қазір  мен  тәуелсіздік  тарихына  қатысты  архивтік  құжаттарды  қарау  үстіндемін.  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық Комитетінің бірінші  хатшысы  болып сайланғаннан кейін іле-шала,  Қазақ 
Кеңестік  Социалистік  Республикасының  1989  жылдың  22  қыркүйегінде  қабылданған  «Тілдер  туралы» 
заңында  қазақ  тіліне  жеке  дара  «мемлекеттік  тіл»  мәртебесі  беріліп,  орыс  тіліне  «ұлтаралық  қатынас  тілі» 
құзыреті  бұйырды.  Елбасымыз  Қазақстанның  бұдан  кейінгі  кезеңінде  орыс  тілді  саяси  күштердің  қаншама 
талап ету, күш көрсету, қоқан-лоққы жасауларына қарамастан өзінің ана тілі, баба тілі, қазақтың мемлекеттік 
тілін барлық қауіп-қатерден қорғап шықты. Тіл үйренуге керекті көптеген оқулықтар, әдістемелік кітаптар, 
сөздіктер,  тілашарлар  шығарылды.  Қазақ  мектептерінің  саны  2  есе  артты,  қазақ  тілінде  басылымдар, 
телеарналар саны көбейді. Нәтижесінде, сіздер мен біздер сұхбат құрып отырған кезде, қазақтың саны 65 
пайыздан  асты. Айтыңыздаршы,  осыдан  кейін  Елбасына  қандай  өкпе  болуы  мүмкін?  Өз  Отанында  айқын 
басымдылықпен  көпшілікке  айналған  қазақтар  ендігі  жерде  Елбасымыз  айтқандай,  «бір-бірімен  қазақша 
сөйлессе»,  балалары  мен  немерелерін  қазақ  мектебі  мен  қазақ  балабақшасына  берсе  олардың  қолын  кім 
қағады екен? Осы орайда,  қазақ тілі  туралы  биік мінбелерден  қызу-қызу сөз  сөйлейтін ұлттың бетке  ұстар 
зиялы  азаматтарының  балалары  мен  немерелерінің  әлі  күнге  дейін  орыс  мектебіне  баратынын  өкінішпен 
айтуға мәжбүрмін. 
Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  бері  Елбасы  жастарымызға  үнемі  әлем  халқының  басым  көпшілігі  еркін 
меңгерген  халықаралық  қатынас  тілі  –  ағылшын  тілін  үйренуге  ақыл-кеңес  берумен  келеді.  Өзі  де  барша 
қазақтарға  үлгі  болсын  деп  ағылшын  тілін  үйренді.  Кез  келген  әріптесімен  ешбір  аудармашысыз  ағылшын 
тілінде еркін сөйлесе  алады. Сондықтан Елбасының  «қазақ жастары  жаппай ағылшын тілін үйренуі керек» 
дегенін  ұлтқа  деген  қамқорлыққа  толы  үлкен  жүректен  шыққан  сөз  деп  білуіміз  керек.  Осы  заманғы 
ғылымда,  техникада,  медицинада  ағылшын  тілін  білмей  табысқа  жетемін  деу  бос  әурешілік.  Ендеше, 
Нұрсұлтан Әбішұлының бұл пікірі де барша қазақтың қолдауына әбден лайық деп білемін. Бұл істе сіздер, 
ғалымдар, қоғамға үлгі-өнеге болуларыңыз керек. 
Тіл мәселесі бойынша әңгімені тұжырымдап айтар болсақ, Елбасы өз тарапынан жасалуға тиіс нәрсенің 
бәрін істеді. Енді біз бүкіл ұлт болып ұйып, ана тіліміздің көсегесін бірге көгертуге ұмтылуымыз керек. 
Ұлытау  төріндегі  сұхбатта дін  мәселесіне айрықша  көңіл  бөлінді.  Ешбір  маймөңкелетпей,  турасын 
айтсақ,  Кеңес  Одағы  дінсіз  мемлекет  болды.  Мектептерде  жаппай  атеистік  тәрбие  берілді,  жоғары  оқу 
орындарының  студенттері  міндетті  түрде  «ғылыми  атеизмнен»  емтихан  тапсыратын.  Қазақстанда  жоғары 
білімді теологтар болмады. Сондықтан еліміз тәуелсіздік алып,  халық жаппай дінге бас қойғанда ел ішінде 
«аңқау елге арамза молда» болғандар көбейді. Кейін олардың орнын жат елдерде, өзге діни дәстүрде білім 
алған  радикалды  ұстанымдағылар  басты.  Діни  еркіндікті  пайдаланып,  олар  жастарды  өз  қатарына  тарта 
бастады.  Осындай  теріс  пиғылды  дінбұзарлардың  арандатуына  түскен  қазақ  жастарының  кейбірі,  ашығын 
айтқанда,  әлемдік  деңгейде  террористік  ұйымдар  ретінде  танылған  лаңкестер  қатарынан  бір-ақ  шықты. 
Жастарымыздың  ата  жолынан  адаспауы  үшін  Ұлытау  төрінде  Елбасымыз  ислам  діні,  оның  қазақ 
руханиятындағы өзгеше орны жайлы ағынан жарыла сөйледі. 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  –  ислам  дінінің  тарихын  да,  қағидаларын  да  жақсы  білетін,  «Құранды»  түрлі 
тәпсірлерімен (түсіндірмелері) тереңінен меңгерген адам. Елбасының түп нағашысы, яғни анасы Әлжанның 
әкесі үлкен дәмолла болған. Сондықтан әуелі әжесі Мырзабала, кейін ата-анасы оған бала  кезінен  «басыма 
келгенде оқырсың» деп, Құранның «Фатиха» және «Ықылас» сүрелерін жаттатқызған. Былайғы жұрт көзіне 
жария ете бермейтіні болмаса, ата-бабаларының басына келгенде, ораза, құрбан айттарда осы сүрелерді бір 
сөзінен де жаңылмастан қирағаттап оқып шыққанына талай куә болдым. 
Жалпы,  Елбасымыз  –  мұсылмандық  парызын  молынан  орындап,  бірнеше  рет  қажылықта  болған,  тіпті 
қасиетті  Қағбаның  ішіне  дейін  кіру  бақытына  ие  болған,  мұсылман  мемлекеттерінің  басшылары  ерекше 
сыйлайтын ізгі тұлға. 
Ұлытаудағы сұхбатта Елбасы дін тарихы, ислам дінінің қазіргі қазақ қоғамындағы орны, діни мәзһабтар, 
қасиетті «Құранның» ізгі қағидаттары жайлы жан тебірентерлік сөздер айтты. 

ISSN 1991-3494                                                              
№ 5. 2014 
 
 
231 
Аллаға мың шүкір, асыл дініміз халқымызға қайтып оралды. Жан дүниемізді, жүрегімізді тазартты. Соны 
қайдағы бір басбұзарлар лайлағысы келеді. Елбасы осылардан жастар жағы қашық болсын дейді. 
Қазақстанның  барлық  үлкенді-кішілі  елді  мекендерінде  мешіттер  салынды.  Астанаға  салынатын  «Нұр-
Астана» мешітінің орнын кезінде қаланың тура кіреберісінен өзі таңдап, «Елордаға кірген әрбір жан бұл қай 
елдің  астанасы  екенін  бірден  көрсін»  деген  сөздерді  айтқаны  әлі  күнге  дейін  есімде.  «Әзірет  Сұлтан» 
мешітіне орын таңдалғанда: «Астананың бас алаңы «Қазақ елі» монументі орналасқан дәл осы алаң болады. 
Әскери  парад,  мерекелік  шерулер  де  осы  алаңда  өтеді.  Дәл  осы  жерден  бүкіл  дүниежүзіне  хабар  тарайды. 
Ендеше, бас мешіт дәл осы алаңда орналасуға тиіс», – деп жаңа бәйтолланың іргетасын өзі қалаған болатын. 
Ұлытауда толғанған тағы бір тақырып – теміржол мәселесі. Ол – ешбір әсірелеусіз айтсақ, экономиканың 
күретамыры.  Әсіресе,  Қазақстан  сияқты  әлемдік  мұхитқа  шығар  жолы  жоқ,  Еуразия  сияқты  апайтөс  алып 
құрлықтың дәл ортасында орналасқан мемлекет үшін. 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  республика  экономикасын  бес  саусағындай  білетін  адам.  Өңірлерге  сапарға 
шыққанда,  өзі  біліп  тұрса  да,  жаңадан  тағайындалған  әкімдерді  сынау  үшін  облыс  экономикасының  даму 
болашағы, ішкі мүмкіндігі мен әлеуеті жайлы әдейі сұрақ қоятын кездері болады. Біліп жатса, риза болып, 
білмегендеріне әр проблеманы тайға таңба басқандай етіп көрсетіп, ақыл-кеңесін беретін. Сонда Елбасыны 
ең  көп  толғандыратын  мәселе  Қазақстанның  өз  ішін  бір-бірімен  байланыстыратын  дәл  осы  теміржол 
қатынасы еді. 
Шындығында,  Кеңес  Одағы  Қазақстан  байлығын  Ресейге  тасу  үшін  теміржол  атаулыны  сол  бағытқа 
қарай салды. Нәтижесінде жұртқа Қазақстанның бір өңірінен теміржол арқылы екіншісіне  келу үшін Ресей 
жеріне барып, екі рет қатарынан кедендік бақылаудан өтуге тура келетін. Осы келеңсіздіктің орнын толтыру 
үшін  ұзындығы  404  шақырымдық  «Хромтау  –  Алтынсарин»  жолы  төселді,  бұдан  кейін  ұзындығы  187 
шақырымдық  «Ақсу  –  Дегелең»  теміржолы  салынды.  Шар  стансасынан  Семейге  соқпай,  тура  Өскеменге 
бастайтын  «Шар  –  Өскемен»  150  шақырымдық  жолы  пайдалануға  берілді.  Жетісу  арқылы  Қазақстанды 
Қытаймен жалғастыратын 293 шақырымдық  «Жетіген  –  Қорғас» теміржолы  төселді. Биыл Өзен қаласынан 
Түрікменстан шекарасына дейінгі аралықта 146 шақырымдық «Өзен  – Берекет» жолы түсті. Қазір түрікмен 
ағайын бұл жолды Иранға дейін жеткізді. Жолдың ирандық бөлігі аяқталғанда Қазақстанның болат жолдары 
Қытай арқылы Тынық мұхитқа, түрікмен жері арқылы Парсы шығанағына, әрі қарай Үнді мұхитына, Ресей 
жеріне қарай тартылған жолдар арқылы Еуропаға, одан әрі Атлант мұхиты жағасына дейін жетеді. Ал мұның 
бәрі – қазақтардың бүгінгі ғана емес, болашақтағы буыны үшін молынан жетіп-артылатын нағыз нұрлы, баға 
жетпейтін қисапсыз мол қазына әкелетін жол. 
Осы  жұмыстардың  барлығы  атқарылған  соң  Елбасы  1036  шақырымдық  «Жезқазған  –  Бейнеу» 
теміржолына  кірісті.  Бұл  идеяны  Елбасы  тоқсаныншы  жылдары-ақ  айтқан.  Онда  жобаны  жүзеге  асыруға 
елдің әлеуеті жетіңкіремеді. Қаражатты қысқарту үшін жолды Бейнеуден тікелей Аралды екіге бөліп жатқан 
Көкарал  плотинасы  арқылы  салу  жөнінде  ақылға  мүлде  сыймайтын  «үнемшіл»  нұсқа  да  ұсынылғанын 
білемін.  Кейін  жолды  әлеуеті  күшті,  халқы  көп  Шалқар  арқылы  салуға  басымдық  берілген.  Қызылорда 
облысының әкімі болып қызмет атқарған кезде дәл осы жолды Арал өңіріне қан жүгірту үшін сол ауданның 
ең теріскейінде орналасқан Сексеуіл стансасы арқылы тартуға біз де ұсыныс жасаған болатынбыз. Қашанда 
бар  қазақтың  қамын  бірдей  ойлап,  таразы  басын  тең  ұстайтын  Елбасы  «Жолдың  Бейнеуден  басталар  тұсы 
Қызылорда  облысының  Сексеуіл  стансасына,  ал  Жезқазғаннан  бастау  алар  жолы  Ақтөбенің  Шалқарына 
тоғыссын» деген шешім шығарған. Ұлытау төрінде сұхбат болған күні осы жолдың соңғы қазығы қағылды. 
Бұл қарқынды даму жолына түскен Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау сияқты төрт облыстың 
экономикасының  дамуына  серпіліс  әкелетін  болады.  Қазақстанның  төрт  тарабы  бірдей  болат  жолмен 
байланысады. Бұл Елбасының Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы кезінен ойға алған, жүрек төрінде 
сақтаған  ізгі  арманы  еді.  Сол  арман  Ұлытау  төрінде  жүзеге  асты.  Бұл  Елбасының  жүрегін  айрықша 
қуанышқа бөледі. Қуаныш ағынан жарылған көл-көсір сұхбатқа ұласты. 
Кейбір күпті көңілмен қиғаш сұрақ қоюшылар: «Теміржол салғанда тұрған не бар екен?» деуі де мүмкін. 
«Бар болғанда қандай!»  дейміз  біз. КСРО  кезінде он бес  одақтас республика  (қазіргі 15 тәуелсіз мемлекет) 
жабыла  жүріп,  кеңес  заманындағы  ең  қымбат  жоба  –  әйгілі  «Байкал  –  Амур  магистралін»  (БАМ)  салды. 
Кеңес Одағы оны салуға 1938 жылы-ақ кіріссе де, әупірімдеп жүріп 1989 жылы әрең аяқтаған (басым бөлігі 
өткен  ғасырдың  70-80  жылдары  төселді).  Қазір  Ресей  тағы  да  миллиардтаған  қаржы  бөліп,  оны  қайта 
жөндеуге кірісті. Ғасырға созылған БАМ-ның ұзындығы – 4287 шақырым. 
Ал Жезқазған – Бейнеу жолы аяқталған соң Қазақстанда тек тәуелсіздік жылдары салынған теміржолдың 
жалпы ұзындығы 2430 шақырымға жетті. Ал Жезқазған  – Бейнеу теміржолы екі-ақ жылда салынды. Ешбір 
даңғыра,  дақпыртсыз  іске  асу  үстінде.  Тәуелсіздігін  осыдан  небәрі  22  жыл  бұрын  ғана  алған  жас  қазақ 
мемлекетінің  өз  күшімен  салынуда.  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығына  кіретін  елдердің  бәрін  қосып 
есептегенде,  бәрі  жиылып  дәл  осындай  көлемде  теміржол  құрылысын  салмаған  екен.  Міне,  бұл  –  Қазақ 
елінің нағыз өскендігінің, өркендегенінің, өз күші мен қуатына, әлеуетіне нық сенгендігінің көрсеткіші. Бұл – 
қашанда  сабырмен  қимылдайтын  көреген  Елбасының  ақылмандығының  арқасында  жүзеге  асып  жатқан 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
232  
жоба.  Бүгінгі  басқосуда  әйгілі  экономист  ғалымдар  отыр.  Сіздер  осыны  жеріне  жеткізе  талдап,  оның 
халқымызға тигізер көл-көсір пайдасын зерделейді деп білемін. 
Міне,  Ұлытау  төріндегі  ұлық  сұхбаттың  сыры  осындай,  ағайын.  Соны  халыққа  түсіндіретін,  жастарға 
жеткізетін,  санаға  сіңдіретін  осында  отырған  ғылыми  зиялы  қауым  –  сіздерсіздер.  Бүгінгі  әңгіме  осы 
төңіректе өрбиді деп ойлаймын. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет