Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет39/40
Дата22.12.2016
өлшемі7,17 Mb.
#26
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

ӘДЕБИЕТ 
 
[1]
 
Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. Алматы,1988.  
[2]
 
Богомолова Л. И. Сравнительный анализ двух педагогических технологий 20-х годов // История педагогической 
технологии / Под ред. М.Г. Плохова, Ф.А. Фрадкина. — М., 1992. 
[3]
 
Богуславский М.В., Корнетов Г.Б. О педагогических парадигмах // Магистр. 1992. № 5. 
[4]
 
Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. — М., 1995. 
[5]
 
Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы,Білім.2001. 
[6]
 
Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. — М.: Народное образование, 1998. 
[7]
 
Ильина Т.А. Развитие концепций педагогической техноло¬гии 
[8]
 
Попков В.А., Коржуев А.В. Дидактика высшей школы М., 2001  
[9]
 
 Педагогика профессионального образования. Под редакцией В.А. Сластенина М., 2004. 
[10]
 
 Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану: оқу құралы. – Алматы, 2009. 
 
REFERENCES 
[1]  Әbiev Zh. Zhaңa adamdy қalyptastyru. Almaty,1988.  
[2]  Bogomolova  L.  I.  Sravnitel'nyj  analiz  dvuh  pedagogicheskih  tehnologij  20-h  godov  //  Istorija  pedagogicheskoj 
tehnologii / Pod red. M.G. Plohova, F.A. Fradkina. — M., 1992. 
[3]  Boguslavskij M.V., Kornetov G.B. O pedagogicheskih paradigmah // Magistr. 1992. № 5. 
[4]  Bespal'ko V. P. Pedagogika i progressivnye tehnologii obuchenija. — M., 1995. 
[5]  Қaliev S. Oқushylardyң tұlғalyқ қasietterіn damytudyң pedagogikalyқ negіzderі. Almaty,Bіlіm.2001. 
[6]  Selevko G. K. Sovremennye obrazovatel'nye tehnologii. — M.: Narodnoe obrazovanie, 1998. 
[7]  Il'ina T.A. Razvitie koncepcij pedagogicheskoj tehnolo¬gii 
[8]  Popkov V.A., Korzhuev A.V. Didaktika vysshej shkoly M., 2001  
[9]   Pedagogika professional'nogo obrazovanija. Pod redakciej V.A. Slastenina M., 2004. 
[10]  Әlіmov A. Interbelsendі әdіsterdі zhoғarғy oқu oryndarynda қoldanu: oқu құraly. – Almaty, 2009. 
 
Эффективное использование интерактивной методики обучения 
иностранному языку в высших учебных заведениях 
 
Акынова Ж.М. 
akinova_01@mail.ru 
Казахский Государственный женский педагогический университет 
 
Ключевые слова. Информационные технологии, методика, обучение, иностранный язык. 
Аннотация. В статье затрагиваются важнейшие проблемы  современного мира в плане развития информационных 
технологий,  а  также    эффективное  использование      интерактивной  методики  обучения  иностранному  языку  в  высших 
учебных заведениях. 
 
 
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің 2 курс магистранты Ақынова Ж.М. 
 
Поступила 19.02.2015 г. 
 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
292  
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 2, Number 300 (2015), 292 – 296 
 
Capabilities and efficiency of the use of information  
and communication technologies in teaching foreing languages 
 
Turdalieva E.D,  Zh. M. Akynova, Tutkabekova K.S. 
akinova_01@mail.ru 
 
Kazakh National Technical University named after K.I.Satpaev, Almaty, Kazakhstan 
 
Key  words:  Foreign  language,  information  technology,    method,    computer  technology,  learning,  interactive 
method, internet.   
Abstract. This article examines the use of information and communication technologies as an effective way of 
possession of  foreign languages. The aim of the  using of information technologies  in    foreign language lessons is 
enhance  learning  of  foreign  languages  with  the  help  of  computer  technologies.  Development  of  students  speaking 
skills  using innovative technologies in teaching foreign languages. Effective ways of enhancing and development of 
students speech activities in the classroom lessons.  
 
Возможности и эффективности использования информационно-
коммуникативных технологий в обучении иностранным языкам 
 
Турдалиева Э. Д, Ақынова Ж. М, Туткабекова К.С. 
akinova_01@mail.ru 
 
КазНТУ  им. К.И. Сатпаева, Алматы, Казахстан 
  
Ключевые  слова:  Иностранный  язык,  информационные  технологии,  методика,    компьютерные 
технологии, обучение, интерактивный метод, интернет. 
Аннотация: Данная статья рассматривает использование информационно-коммуникатвных технологии 
одним  из  эффективных  способов  владения  иностранных  языков.  Цель  использования  информационно-
коммуникатвных  технологии  на  уроках  иностранных  языков  –  повысить  эффективность  обучения 
иностранных языков с помощью компьтерных технологии. Формирование навыков говорения студентов при 
использовании  инновационных  технологий  в  обучении  иностранному  языку.  Эффективные  методы 
использования  инновационных  технологий  как  один  из  эффективных  способов  активизации  и  развития 
речевой деятельности студентов на занятиях по иностранному языку. 
 
Қазақстан  Республикасының  «білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  – 
ұлттың  және  жалпы  адамзаттың  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар 
жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін 
көздейді. [1] 
Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат  – шет тілді  коммуникативті қалыптастыру және дамыту, 
оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі  заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, 
ғылыми-техникалық  және  мәдениет  дамуының  қайнар  көзі.  Қазір  шет  тілін  оқыту  әдістемесінің 
деңгейі  жоғары.  Тілді  оқытуда  интерактивтік  тәсіл,  ойындар,  екеуаралық  пікірталастар,  сонымен 
бірге  ақпараттық  технология,  интернет,  компьютер  қолданылуда.  Шет  тілін  терең  меңгертудің 
тиімді жолдарының бірі ақпараттық-коммуникациялық  технологияны пайдалану болып табылады. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
293 
Шет  тілі  сабақтарында  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  мақсаты  -  компьютерлік 
технологияларды қолдану арқылы шет  тілін үйретудің тиімділігін жоғарылату. Міндеттері: 
-шет  тілі сабағында жаңа ақпараттык технологияны қолданудың маңыздылығын суреттеу. 
-компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын шет тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету 
процесінде колдану, мүмкіндіктерін көрсету. 
-  видеофильдер  мен  мультимедиялык  ирезентациялар  арқылы  диалог  және  монолог  түрінде 
сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқасын ұсыну.  
Ж.А.  Қараевтың  [2]  пікірінше  "компьютерлік  оқыту  технологиясы  өзіндік  танымдық  іс-
әрекетті  дамытуға  арналған  методологиялық,  психо-лингвистикалық,  бағдарламалы-техникалық, 
ұйымдастырушылық  құралдардың  жиынтығы"  болып  табылады  .        Шет    тілін  оқыту  үдерісінде 
ақпараттық  технологиялардың,  әсіресе  қарым-қатынас  ортасын,  жалпы  тақырып  шеңберінде 
әріптестердің интерактивті өзара әрекет ортасын құрудағы маңызы ерекше. Ақпараттық білім беру 
технологиялары 
өз 
кезегінде 
қарым-катынас 
тәжірибесін 
игеруде, 
студенттердің 
лингвомәдениеттік  құзырлылықтарын  қамтамасыз  етуде  маңызды.  Ғалымдар  [3]  ағылшын  тілін 
оқыту  әдістемесін  зерттей  отырып,  компьютерлік  телекоммуникациялар  ағылшын  тілінде  тірі, 
шынайы 
қарым-қатынастарды 
ұйымдастыруға 
мүмкіндік 
беретінін 
айтады. 
Бұл 
телекоммуникацияның дидактикалық қасиеті шынайы тілдік орта кұру үшін керемет мүмкіндіктер 
туғызады. Шет  тілін оқытудағы ақпараттық бағыт ақпараттық тұрғыда білім беруді мақсат етеді, 
оның негізгі мақсаттары: лингвистикалык (тілдік және сөйлеу), тақырыптық, әлеуметтік мәдениет, 
оқу  дағдыларын  қалыптастыру.  Шет    тілін  оқытуда  ақпараттык  технологияны  қолдану  тілді 
үйренудегі  белсенділікті  қамтамасыз  етеді.          Осы  орайда  теориялық  талдау  мен  студенттердің  
шет тілін меңгеру іс-әрекетің ақпараттык технологиялар арқылы қалыптастырудың педагогикалық 
шарттарын  айтуға  болады.  Жоғары  білім  беру  мекемелерінде  шет    тілін  оқытуда  акпараттық 
технологияны қолданудың педагогикалық шарттарын төмендегідей: 
Бірінші шарт оқу-тәрбие үдерісінде қарқынды оқыту мақсатында студенттердің  танымдық іс-
әрекеттік  қызығушылықтарын  арттыру.  Егер  студенттер  жаңа  ақпараттык  технологияны  жақсы 
игеріп, шет  тілін үйренуге қызығушылыктары артса, онда шет  тілін білу мүмкіндігі де артады. 
Екінші  шарт  студенттердің  танымдык  кызығушылықтары  мен  қабілеттерін  ескере  отырып, 
компьютерлік технологияны қолдануды кезеңдеп жүзеге асыру. Шет  тілін оқытуда студенттердің  
білім  деңгейіне  сәйкес  төменгі,  орта,  жоғары  деңгейге  бөле  оқыту  үлкен  жетістіктерге  жетуге 
көмектеседі. 
Үшінші    шарт  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  жалпы  бағыттары  мен  ғылыми- 
әдістемелік  тұғырларын  сәйкестендірудегі  іс-  әрекеттерді  шығармашылықпен  үйлестіру.  Үшінші 
шарт  бойынша  ақпараттық  технологиялардың  түрлері  мен  бағыттарын  ғылыми-  әдістемелік 
сәйкестендіру іс-әрекеттерін шығармашылықпен үйлестіру түрлері карастырылды. 
Ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  студенттердің    тіл  меңгерудегі  іс-әрекетін 
қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық  моделі  мотивациялық,  танымдық,  іс-әрекеттік 
компоненттеріне негізделген. 
Мотивациялық компонент – студенттердің  ақпараттық технологиялар арқылы тіл меңгеру іс-
әрекетке  ұмтылуы,  қажеттігі,  білім  алуда  ақпараттык  технологияларды  қолдануға  танымдық 
кызығушылығы,  ынтасы,  өзіндік  тапсырмаларды  орындауда  жаңаша  оқу  жолдарын  табуға  деген 
ынтасы, шет  тілін меңгеруде мультимедиялық құралдар мен электронды оқулықтарды қолдануға 
деген кызығушылығы, шет  тілінде еркін сөйлеуге деген ынтасы мен ұмтылысы. 
Танымдық    компонент  -  танымдық  іс-әрекетті  қалыптастыру  мүмкіндігі,  ақпараттық 
технологияның маңызы мен қажеттілігін ұғынуы, ақпараттық сауаттылығының болуы, қолданатын 
ақпараттық технологиялардың түрлерімен таныс болуы және технологиялардың түрлерімен жұмыс 
істей  білуі,  шет  тілін  меңгеруге деген  белсенділігі,  оқу  материалдарын  өз қажетілігіне  қолдануы, 
студенттердің  ақпараттық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.  
Бұл  компонент  бойынша  ақпараттық  технологияны  оқу  үдерісінде  қолдану  жолдары  жүзеге 
асырылды,  мультимедиалык,  электрондық    оқулықтар  студенттердің  шет  тілін  үйрену  оқу  іс-
әрекетінің негізгі көзі болып табылады. 
Шет    тілі  сабақтарында  видеофильм,  мультимедиалық  презентациялар,  дыбыстарды, 
анимациялык  суреттердің  көмегімен  монолог,  диалог  түрінде  сөйлеу  кабілетін  қалыптастыруға 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
294  
болады.  Себебі,  шетелде  болмай-ақ  сол  елдің  тілінде  еркін  сөйлей  алу  қабілетіне  ие  болу  оңай 
емес. Сондықтан, оқытушынның  маңызды тапсырмаларының бірі – шет  тілі сабақтарында жаңа 
технологиялардың  түрлі  амалдарын  қолдана  отырып,  сөйлеудің  шын  ситуацияларын  құру  болып 
табылады. 
Ақпараттық ғасырда интеллектуалды қызметтің дамуы компьютер және қазіргі коммуникация 
құралдарымен  тығыз  байланысты.  Бұл  ақпараттық  технологияландыру  адамның  іскерлік 
белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда, ғылымның дамуына түбегейлі әсер 
етеді. Ақпараттық технология білімді өндеумен анықталып,  қоғамның материалдық және рухани 
жағдайын өзгертеді. 
Ақпарат-  бұл  бізді  қоршаған  әлемнен  алынған  сыртқы  ортадағы  кездейсоқтық  үдерістерге 
бейімделу  және  осы  ортадағы  өмір  сүру  әрекетінің  мазмұнды  белгісі,  белгісіздің  сырын  ашатын 
жаңалық,  хабарлама.  Ақпараттың  негізгі  маңызды  жағы  сапалы  және  сандық  байланыстың 
анықтылығында. 
И.А.Мегалова  [4]  өзінің  «Ресей  мен  шетел  жоғары  оқу  орындарында  шетел  тілінің  құзіретін 
қалыптастырудағы  жаңа  ақпараттық  және  коммуникативтік  технологиялары  (салыстырмалы 
анализ)»  зерттеу  жүмысында  қазіргі  кезеңде  шет  тілінің  кұзіреттілігін  қалыптастырудағы  жаңа 
ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды    қолдану  жолдарын,  атап  айтқанда  медиа-
модуль әдісі мен қашықтықтан оқытуды қарастырады.  
Педагогика  теориясында  жаңа  ақпараттық  коммуникациялық  технологияға  1980  жылы 
С.Пейперт [4] (S.Papert) ұсынған 3 көзқарас тиесілі: 
- сыншылдық; 
- скептикалық; 
- оптимистік. 
"Критикалык"  көзқарастағы  сыншылдар  оқытудағы  жаңа  ақпараттық  коммуникациялык 
технологиялардың (ЖАКТ) кері әсерлерін басып айтады: видео адам белсенділігіне кері әсер етеді, 
ЭВМ терең ойлауды тежейді, компьютерлендіру үдерісі қоғамды ізгілендіруге кері әсерін тигізеді, 
өйткені  адамның  жасайтын  барлық  іс-әрекетің  компьютер  жасайды  да,  адамның  ойының,  ой-
санасының өсуіне кедергі жасайды. 
Скептиктер  компьютерлендіру  идеясына  оң  көзқарас  білдіреді,  олардың  ойынша,  жаңа 
ақпаратгық  коммуникациялық  технологиялар  оқыту  үдерісін  жақсартады,  оқушының  ойлау  іс-
әрекетін арттырады.  
Оптимистер ЖАКТ келешегінен үлкен үміт күтеді, олар ЖАКТ студенттердің  ойлау үдерісін, 
ақпарат алу әдісін және де оқыту үдерісін түбегейлі өзгертеді деп санайды. 
Жаңа ақпараттық технология – оқытушылардың  өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру 
түрлерін  түбегейлі  өзгертуге,  студенттердің  жеке  қабілеттілігін  дамытуға,  оқытудағы  пән  аралық 
байланысты  күшейтуге,  оқу  үдерісін  ұйымдастыруды  үнемі  жаңартып  отыруға  мүмкіндік  береді. 
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі оқытушылар мен студенттерге  өз бетімен және 
бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуте шексіз мүмкіншілік туғызады. 
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісіне 
енгізуде оқытушы алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: 
1.  Өз  пәні  бойынша  оқу-әдістемелік  электронды  кешендер  кұру,  әдістемелік  пәндік  Web-
сайттар ашу; 
2. Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; 
3.  Бағдарламалау  ортасында  инновациялық  әдістерді  пайдаланып,  бағдарламалық  сайттар, 
құралдар жасау (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар); 
4. Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды камтамасыз 
ету.[4] 
Оқу - тәрбие үдерісінде телекоммуникациялық технологияларды қолданудың 2 жолы бар: 
• Студенттер мен оқытушыларды желімен жұмыс жасауға үйрету; 
•  Дайын  телекоммуникациялық  жобалармен  жұмыс  жасауды  ұйымдастыру,  пәндік  - 
әдістемелік Web -сайттар, Web-бетін кұру. 
    Телекоммуникациялық 
технологияларды  қолдану  оқытушының  білімін  өздігінен 
жетілдіруге  көмектеседі,  оқытушының  әдістемелік  шеберлігі  артады,  сондай-ақ  студенттердің 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
295 
шығармашылықтарының  қалыптасуына    өз  үлесін  қосады,  олар  әртүрлі  телекоммуникациялық  
жобалар байқауына қатысуына мүмкіндік алады. 
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдаланудың төмендегідей артықшылығы 
бар: 
•  білім мазмұнының заман талабына сай болуы; 
•  болашақта қажетті білімді толығымен алу; 
•  білімді өздігінен меңгеру; 
•  өзін-өзі бағалай алуы; 
•  өз күшіне сенімділіктің болуы; 
•  өз жетістігін көре алуы; 
•  студентті  ізденіске, шығармашылыққа бағыттауы. 
    Жаңа  ақпараттық  коммуникациялық  технологияда  жағдайында  студентке    экран  арқылы 
компьютер  жаңа  сабақты  түсіндіріп,  оқу  үдерісін  өзі  атқаруымен  сипатталады,  қашықтықтан 
оқытуды да жүзеге асыруға болады. 
Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  белгілі  бір  қашықтықта  отырып,  компьютерлік 
телекоммуникация  және  басқа  байланыс  орталықтары  көмегімен  оқып  үйрену  мақсатындағы 
ақпараттармен өзара тәжірибе алмасу тәсіліне негізделген. 
Жаңа  ақпараттық  коммуникациялық  технологияны  оқу-тәрбие  үдерісіне  ендіру  3  кезеңнен 
тұрады: 
1-кезең:  компьютердегі  бар  жекеленген  тақырып,  тақырыпшаларды,  гипермәтінді  қолдану, 
яғни «сіңіру» технологиясы. 
2-кезең: студенттің өзіне қажетті мәліметтерді алу, яғни «жинақтау» технологиясы. 
3-кезең:  монотехнология,  яғни  барлық  оқыту,  басқару,  бақылау  тек  қана  компьютерді 
қолдануға сүйенеді. 
ЖАКТ-ның тұжырымдық ережелері: 
• оқыту – студенттің  компьютермен жұмыс істеуі; 
• бейімдеу-компьютерлік бағдарламаны баланың жеке ерекшеліктеріне қарай ыңғайлау; 
• диалогтық сұхбаттасу – студенттің  компьютермен өзара қатынасы; 
• басқару - кез келген уақыттағы оқытушының енгізген түзетуі; 
• оқытушының нұсқау беруі, сыныпішілік желіні басқаруы,; 
• дидактикалық басқару - жеке және топтық жұмыстың тиімді үйлестіруі; 
•  психологиялық  басқару  –  студенттің    компьютермен  жұмысы  кезінде  қолайлы  жағдай 
туғызу; 
• бағалау – студенттердің алған білім дәрежесін анықтау. 
    Жаңа  ақпараттық  коммуникациялық  технология  оқытудың  әр  кезеңінде  де  (жаңа  тақырып 
түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны дағдыны тексеру) қолданылады. 
    Шет  тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті 
нашар  оқитын  студенттердің    өзі  компьютермен  жұмыс  істеуге  қызығады,  өйткені  кейбір 
жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.  
    Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Бұл жұмыстың басты мақсаты 
компьютер  желісін  және  мультимедиялық  -  электрондық  құралдарды  шет  тілі  сабағында  тиімді 
қолдану,  нақтылап  айтқанда  ағылшын  тілі  сабағында  презентацияларды  және  мультимедиялық  - 
электрондық  құралдарды  мектеп  қабырғасында  және  білім  беру  процесінде  терең  қолдану. 
Ағылшын  тілі  сабағында  компьютерді,  мультимедиялық  және  электрондық  оқулықтарды  және 
интерактивті тақтаны пайдаланғанда: 
• лексиканы оқып үйретеді; 
• сөйлеу ырғағын; 
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды; 
• хат жазуға үйретеді; 
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. 
   Жалпы,  шетел  тіліне  компьютерлі  технология  арқылы  оқыту  келесі  ерекшеліктері  арқылы 
сипатталады: 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
296  
1.  студенттің    оқытушымен,  парталас  көршісімен  жеке  қарым-қатынасқа  түсуіне 
мүмкіншіліктің болуы; 
2. тілдік және тілдік емес информация түрлі және кең көлемде пайдалана алу. 
Қорыта  келгенде  шет  тілі  сабағында  компьютер  және  т.б.  жаңа  ақпараттық  құралдарды 
пайдалану  заман  талабы.  Жаңа  замандағы  -  Жаңа  Қазақстанымыздың  дамып  келе  жатқан 
қадамында  оқу  процессіне  жаңа  ақпараттық  технологияларды  енгізілуі  де,  келешекте  компьютер 
заманы  болатынына  көз  жеткізеді.  Сонымен  бірге,    қазіргі  кезеңде  жоғары    мектептің  шет  тілін 
оқыту    үдерісінде  компьютерлік  технологияның  локальды  және  ғаламдық  жүйе  мүмкіндіктерін 
кеңінен  қолдануда.  Оның  ішінде  электронды  кітапхана,  электронды  басылымдар,электронды 
оқулықтар  және  т.б.  интернет  ресурстарын  жан-жақты  меңгеру  мүмкіндіктері  пайда  болды, 
қашыктықтан  оқыту  орталықтарына  шығу  жолдары  анықталды.  Оқытушылар    Web  -сервермен 
жұмыс жасауға мүмкіндік алып, өздерінің іс-тәжірибелерін және инновациялык технологияларын, 
басқа да ақпараттарды өздерінің Web - беттерінде, Web – сайттарында орналастыра алады. 
Жоғары оқу орындарында шет тілі сабағында  компьютерлік технологияны  қолдана отырып, 
студенттер  электронды пошта арқылы түрлі телеконференцияларға, халықаралық олимпиадаларға, 
байқауларға,  ғылыми  жоба  байқауларына  қатысаалады.    Шет  тілін    оқытудың  мультимедиалық 
технологиясын пайдалану студенттің  шығармашылығын, шет тіліне деген қызығушылығын және  
сөйлеу қабілетін  арттыруға өз үлесін қосады. 
 
ӘДЕБИЕТ 
 
[1]
 
http://kk.wikipedia.org/wiki.  Жаңа_білім_беру_жүйесі. 
[2]
 
Қараев Ж.А. // Оқытудың   компьютерлік   технологиясын   қолдану жағдайында Оқушылардың танымдық  іс-
әрекетін белсенді ету жолдары. Алматы. 1994. 
[3]
 
Выготский, Л.С. Педагогическая психология / Л.С. Выгодский М.: Педагогика-Пресс, 1999.- 536 с. 
[4]
 
Бұзаубақова К.Ж.  Инновациялық педагогика негіздері. Оқу құралы. -Алматы: Білім, 2009.-424 б. 
 
REFERENCES 
 
[1]
 
Wilga. M River. Interactive Language Teaching. -Cambridge University Press. 1987-25 
[2]
 
Still,  K. Merrdith. Democratic Pedagogy National Staff Development Manyal. Bratislava, Slovakia, 1995 
 
Шет тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндігі мен тиімділігі 
 
Турдалиева Э.Д., Ақынова Ж.М, Туткабекова К.С. 
akinova_01@mail.ru 
 
Тірек  сөздер:  Шет  тілі,  ақпараттық  технологиялар,  әдістер,  компьютерлік  технология,  оқыту,  интерактивті  әдіс, 
интернет.  
Аннотация.  Бұл  мақалада  шет  тілін  терең  меңгертудің  тиімді  жолдарының  бірі  ақпараттық-коммуникациялық  
технологияны  пайдалану  болып  табылатыны  туралы  айтылады.  Шетел  тілі  сабақтарында  ақпараттық  технологияларды 
пайдаланудың мақсаты - компьютерлік технологияларды қолдану арқылы шет  тілін үйретудің тиімділігін жоғарылату. 
Шет тілін оқытуда  инновациялық  технолгияларды  қолдана  отырып, студенттердің  сөйлеу дағдысын қалыптастыру. 
Шет  тілі  сабағында  студенттердің    сөйлесу  әрекеттерін  белсендіру  мен  дамытудың  сапалы  әрі  тиімді  жолы  ретінде 
инновациялық технологияларды  тиімді пайдалану әдістері.
   
 
Поступила 19.02.2015 г.     
 
 
 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
297 
МАЗМҰНЫ 
 
 
Еспаев С.С. Әлемдік экономика және Қазақстан: жаңа үрдістері, міндеттері мен ұсыныстары………………………….......5 
Сабден О.,  Аширов А. XXI ғасырдағы адамзат дамыуының концепциясы және азық – түлік қауіпсіздігі…………………15 
Днишев Ф.М.  Жаңа технологиялық қалыптарды дамытуға мемлекеттік-жеке мен шікәріптестік әдістері………………..30 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет