Мысалы: І – сыныптағы «Сырлы да сазды әуен» тақырыбының тыңдауға ұсыныл-ған шығармалар: бесік жырлары, тұсау кесу, төрт - түлік малға арналған әндер мен күйлер, табиғат туралы Қазақстан сазгерлер шығармаларды І – сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты олардың қабылдауына жеңіл қарапайым да қысқа мазмұнды болыпкеледі.
Ал, ІІ – сыныпқа тыңдауға ұсынылған шығармалар мазмұны жағынан , құрылысы жағынан сәл күрделене түседі. Мысалы, «Жыл басы кім болады » атты Ш.Құлманова мен Р.Наурызбаеваның І - бөлімдік операсы, «Жетім бала» аңыз күйі, «Ақсақ құлан» Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол» ойландыратын мазмұнды шығармалар болып келеді.
ІІІ – сыныптаоқушылардың ақыл-ойы, санасының дамуы мүмкіндігіне орай халық шығармашылығындағы ән мен сөз өнерінің ұштаса отырып туындаған жыр, терме, айтыс, толғау күй тартыс сияқты шығармалармен, жыршы - термеші, күйшілермен танысады, оқушылардың өздерінің шығар-машылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне жол ашады.
ІҮ – сыныптахалық музыкасының жаңа түрде, жаңаша қырынан күрделі музыкаларда, Қазақстан сазгерлерінің шығармаларын, шет ел композитор-ларының шығармаларына ұласуымен танысып, музыканың жаңа формала-ларын меңгеріп күрделі түрлерімен танысады.
Музыканы қалай, түсіну туралы біраз өмірлік байқаулар мен зерттеулер жүргізген. Қандай да музыканы сезініп, түсіну үшін, оның кейбір көркемдік қасиеттерін, оның заңдарын, теорияларын, олардың жанрларға бөлінуін, т.б. жайларын білмейінше болмайды. Музыканы сүю, білу және түсіну үшін ең әуелі музыкалық сөздіктерді біле беру орынды болмақ. Кейбір адамдар: «Классикалық күрделі шығармаларды қаншама тыңдасақ та оны түсіне білу өте қиын», - дегенді айтады. Осы ойға жартылай келісе отырып, музыканы тыңдап қана қоймай, оны түсіне тыңдау үшін музыка көркемдігін білу керек. Музыканы тыңдап түсіне білетін адамдарға өз сырын мұқият, өмірді терең түсініп, халықтың ой - пікірін білдіруге жәрдемін тигізеді. Музыка өмірдегі адамның ішкі дүниесін танытып адамдарды ұйымшылдыққа, бірлестікке шақырып, оның алға қойған міндетін жеңіп шығуға жігерлендіреді. Өнердің музыкадан басқа салаларынан театрды, киноны және суретті түсініп қабыл-дау үшін де біраз уақыт еңбек сіңіріп үйрену керек. Музыканы тыңдау, оны түсіне білу - адам үшін рухани байлық. Музыканы ұға білген адам ғажайып сарайға еніп, керемет музыка сазынан ләззат алып, онымен тілдескендей сезінетіні, оның музыка тану ой - өрісі кеңейе беретіні сөзсіз екені анық. Біз жас кезімізден бастап өзара сөйлесу тілін білеміз. Бұл жетістік үлкен адамдардың жәрдемімен келетіні сөзсіз. Ал мектеп жасына келген соң, сөйлеу тілін біле тұрсақта ана тілін грамматикасын үйренеміз. Ал ана тілінің граматикасын жақсы білу тек бізге ойымызды анық айтып үйренуге және басқа адамдардың айтайын деген ойын тез түсінуге жәрдем етеді. Ал, ана есінде ұзақ сақталады. Құлағынан кетпей ызыңдап тұрғандай болады. Сезім суреттерін көзге елестетеді. Мелодия, негізінде әржақты болып келеді. Ол–музыканың негізі болғандықтан, басқа әсемдік беретін салалармен тығыз байланыста болады. [8]
Дыбыс деп мелодияның ең бір кішкене бөлігін айтамыз. Сондықтан өмір-де қандай дыбыстар бар екенін анықтағанымыз жөн. Біздің негізгі дыбыста-рымыздың барлығын фортепиано деп атайтын музыкалы аспаптан байқау қиын емес. Бұнда да төменгі дыбыс пен ең жоғарғы дыбыстарды кездестіруге бола-ды. Дыбыстар көп болғанымен олар оқтын - оқтын түрлі жоғарылықта қайталанып отырады. Музыкадағы ізгі дыбыстар жетеу, ал олардың өзіне тән аттары бар: «до – ре – ми – фа – соль – ля – си». Ал қалған дыбыстар көмекші дыбыстар деп аталады. Олардың аттары до-диез немесе ре-бемоль, фа-диез немесе соль-бемоль деп аталады. Осы айтылған дыбыстардың барлығының өзіне тән жоғарлығы болады. Қайсыбір музыкалық шығарма-ларда жай барабанның, тарелканың, бубналардың қосылуынан пайда болған дыбыстар қолданылады. Бұл дыбыстардан пайда болған үндер мелодия құру үшін қатыса алмайды.