Зерттеу обьектісі: Ән сабағында музыканы тыңдаудың маңызы. Музыка сабағында іс-әрекеттер арқылы мектеп оқушыларын музыка арқылы тәрбиелеу.
Зерттеу пәні: Педагогикалық зерттеулер, мақалалар, әдістемелік құралдар, ғылыми–педагогикалық тұрғыдан қамтамассыздандыру. Музыка сабағында-ғы музыкалық іс-әрекеттер арқылы, мектеп оқушыларын музыкаға тәрбие-леудің музыкалы-педагогикалық және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеу мақсаты: Музыка пәні арқылы оқушылардың ұлттық музыкалық өнерге деген қызы-ғушылығын қалыптастыруда ғылыми – теориялық негіз-дерін анықтау.
Зерттеу болжамы: Музыка пәнін әдістемелік тұрғыдан сапалы жүргізу арқылы, тыңдаған музыкасынан тәрбиелік мәні тиімді болса, егерде музыка тыңдаудағы оқушылардың бойынан музыка дегенқұштарлық нышандары шоғырланды деп болжаймын. Оқушыларға музыка тыңдаудың мазмұнын қалыптастыра отырып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар берілсе сонда ғана оқушылар музыка тыңдауда нәтижелігі арта түседі.
- музыка сабағын жүргізудің ғылыми-педагогикалық және әдістемелік негіз-дері анықталса;
- музыка сабағының музыкалық мәдениеттілікке тәрбиелеу тиімділігінің өлшемдері, деңгейлері, көрсеткіштері анықталса;
- мектеп оқушыларына музыкалық білім беру арқылы музыкаға тәрбиелеудің әдістемелік, музыкалы-педагогикалық шарттары белгіленсе;
- музыка сабағындағы іс-әрекеттерді жүргізудің мазмұны құрылып, тәжіри-белік-педагогикалық тексерістен өткізіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілсе, сонда ғана музыкаға тәрбиелеудің нәтижелігі арта түседі;
Зерттеу міндеттері:Жалпы музыкалық білім беру арқылы оқушыларды музыка тыңдаудағы ғылыми–теориялық негіздерін анықтау. Мектеп оқушы-ларына қандай музыкалық дыбыстар бар екенін анықтаймыз және оны тәжірибелік эксперимент жұмыстары бақылаудағы жұмысының қорытынды нәтижесін шығарып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар беру.
- музыка сабағындағы әр музыкалық іс-әрекеттің жүргізу әдістеріне анықтама беру;
- музыкалық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін сипаттау, сараптамалау;
- музыка сабағындағы іс-әрекеттері жүргізудің жеке әдістерінің мазмұнын анықтау, оны тәжірибелік эксперимент жұмыстары арқылы бақылау;
- зерттеу жұмысының қорытынды нәтижесін шығару, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру;