Нанокіріспе: «Төменнен-жоғары» әдістер. Олардың түрлерін келтіріп, рөлін түсіндіру



бет11/12
Дата06.10.2022
өлшемі1,39 Mb.
#41604
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Нанокіріспе

Электрохимиялық синтез.

  • Электрохимиялық әдіс - Ag нанобөлшектердің синтезінің ең танымал және жиі қолданылатын әдісі. Электрохимиялық синтез үшін арзан қарапайым екі электрод жүйесі қолданылды. Бұл әдістің басқа "төменнен жоғары" тәсілдерден артықшылығы-нанобөлшектердің тазалығы. Бұл әдіс икемді болғандықтан, электролит концентрациясы және қолданылатын токтың тығыздығы сияқты реакция параметрлерін бақылау арқылы бөлшектердің мөлшерін жақсартуға болады. Бұл әдіс Ag нанобөлшектердің синтезі үшін арзан химиялық заттар мен материалдарды пайдаланады.

  • Жақында металл нанобөлшектерін алуға олардың көптеген қолданылуына байланысты көп көңіл бөлінді. Олар ерекше физикалық және химиялық қасиеттерімен сипатталады, бұл жүйелерді оптоэлектроника, ақпаратты сақтау, катализ, биологиялық маркирокасында, фотоника, фотография және батарея өндірісінде қолдануға мүмкіндік береді.



  1. Детонациялық синтез.

Детонация - соққы толқынының фронтынан кейін жылдам экзотермиялық химиялық реакция аймағының дыбыстан жоғары жылдамдықпен таралуы. Соққы фронты мен реакция аймағы детонациялық толқынды құрайды.

  • Аумақта жылдам өтетін реакцияның заттың әрекеттескен қабатынан әркеттеспеген қабатына жылудың берілу салдарынан емес, бастапқы ортаның реакция өнімдерінің қысымы тудырған соқпа сығу және сәйкесінше қызу жолымен жүзеге асады. Сондықтан детонация бастапқы затпен салыстырғанда реакция өнімдері үлкен көлем алатын орталарда ғана мүмкін болады.

  • Детонациялық синтез - механикалық соққы-толқындық әсер ету әдісі, ол тез жүретін процесс болып табылады. Бұл процесс нанометр өлшеміндегі бөлшектерді синтездеуге динамикалық жағдай жасайды

  • Детонациялық синтез көміртектің әртүрлі морфологиялық формаларын, атап айтқанда нанокристалды Алмаз ұнтағын (наноалмаз) және наноұнтақты оксидтерді өндіру үшін қолданылады. (әр түрлі металдар: Al, Mg, Ti, Zr, Zn және т. б.)

  • Әдетте графит қоспаларынан алмаз наноұнтақтарын алу кезінде соққы толқынының ұзақтығы 10 - 20 мкс аралығында болады. Қысым 40 ГПа-ға жетеді. Алынған алмас ұнтағының құрамы мөлшері 50 нм-ден аспайтын дара кристалдар, сондай-ақ жеке кристалдардан тұратын мөлшері 5 мкм-ге дейін болатын шоғырлар мен көлемі шамамен 2 –100 нм болатын тығыз дәнекерленген агломераттар мен ерекшеленеді.

  • Конденсацияланған наноұнтақтардың детонациялық синтезінің екіге бөлінеді "құрғақ" және "сулы" синтезі және бастапқы материал ретінде оттегі балансы теріс көміртегі бар жарылғыш заттар пайдалынады. Алмаз нанобөлшектерінің" құрғақ " синтезі кезінде жарылыс өнімдері инертті атмосфераға таралады және газ фазасында салқындатылады, қазіргі уақытта мұндай процесс Алмаз наноұнтақтарын өнеркәсіптік алу үшін қолданылады. Жарылыс камераларының көлемі әдетте кемінде 2 м3 құрайды.








  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет