Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары


 бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары



бет14/15
Дата20.12.2022
өлшемі133,11 Kb.
#58483
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

3 бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары
Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында оның барлық әлсіз және күшті жақтары анықталады.Осы дипломдық жұмысымның екінші бөлімінде қарастырған ЖШС «СП «FIAL» 2003-2006 жылдардағы ақпарат бойынша есептелген барлық қаржылық көрсеткіштерінің шамасы кері динамиканы көрсетеді.Бірақ бұл көрсеткіштердің арасында да оң динамикалар да байқалады.Оған кейбір мысалдар келтір келтірейік:
1.Автономия коэфицентінің өсуі кәсіпорынның капиталының жалпы сомасы мерзім ағымындағы пайданың көлемінің артуынан орын алған.
2.Ұйымның айналым қаражаттарының өсуі орын алған,ол негізгі құралдардың құнының жоғарылауынан және материады емес активтердің құнының өсуінен орын алған.Негізгі құралдардың өсуі ЖШС СП «FIAL» кәсіпорнының техникалық қамдану саясаттын жалғастырғанын көрсетеді.Ал, материалдық емес активтердің өсуі кәсіпорынның инновациялық саясатты таңдағанын көрсетеді,өйткені ол патенттерге,лицензияларға және басқа интеллектуалдық меншикке ақша қаражаттарын орналастырған.
3.Ұйымның сатып алушылар мен тапсырыс берушілер мен есептесуінің жақсаруы,дебиторлық міндеттеменің орта мерзімінің қысқаруы.
Бұл жерде оның жалпы іскерлігінің барысы мен оның нәтижелілігінің сипаты көрсетілген.Берілген кәсіпорын осы жылдар аралығында қаражаттың үлкен бөлігін аяқталмаған құрылысқа және алынған несиелер бойынша сомаларды өтеуге жұмсаған.
Жалпы менің өз ұсынысым бойынша, «Ұйымның қаржы-экономикалық жағдайы» деп аталатын статистикалық есептіліктің жеке формасын дайындау,ол міндетті түрде бухгалтерлік есептің ақпараттары арқылы толтырылып және өткен кезеңдер бойынша есептеліп дайын тұрған қаржылық көрсеткіштердің мәнінен құралуы қажет.Ол қосымша есептеулер жүргізіп жатпай-ақ көрсеткіштердің өзгеріс динамикасын байқау үшін қажет.
Қаржылық тұрақсыздықтың орын алуы,ЖШС СП ”FIAL” ұйымның тиімдірек жұмыс істеуіне кері әсер ететін себептердің бар екенін көрсетеді.[18]
Бұл ұйымның ары қарай дамуына бұл себептер тікелей немесе кері әсер етеді.Себептердің әсер ету мүмкіндігіне қарай екіге бөліп қарастыруға болады-кәсіпорынның басшыларымен жоғары білімді мамандардың іскерлігіне тәуелсіз және тәуелді.
Себептердің бірінші тобына,мысалы келесідей факторларды жатқызуға болады:инфляция,мұнай өнімдерін өңдеуге жүйелі түрде бағаның өсу барысында экономикалық негізделмеген бағаның шектелуі,кәсіпорынның жұмыс жасауы барысында оған керек тауарлар нарығында бағалық конъюктураның өзгеруі,салық қойылымдарының да тікелей немесе жанама түрде әсер етуі де кәсіпорынның жұмысында өз көрінісін табады.[19,32-37 беттер]
Себептердің екінші тобына келесілерді жатқызса болады:
1.Ұйымның іскерлігінің жұмысының әр түрлі басты шығындарының көлемінгің артуы, оларға жалпы шаруашылық шығындар, коммерциялық шығыстар,өнімнің өзіндік құнының айналым шығындарының өсуі.
2.Инфляцияның әсерінен,ақшалай қаражаттардың құнсыздануынан сақтану үшін ақшалай қаражаттарды өндірістік қорларға көптеп орналастыруы.Ал оның өз қатарында өтімділігі төмен.
3.Жоспарлау үрдісінің толық жетілдірілмеуінен қаржылық ресурстар мен іскерліктің нәтижесінің анық түрде жобаланбауы.Міндеттемелер мен жауапкершіліктің дұрыс бөлініп олардың дұрыс жұмыс жасауына қадағалаудың орындалмауы.Оның салдарына бар капиталды тиімді қолданбау жатады.
Бұлардың әрқайсысына тиісті талдау жасап жақсы технологиялық жоспар мен еңбек барысында жеңіп шығуға болады.
Жалпы ұйымның басшысына келесідей нұсқаулар ұсынуға болады:
1.Материалды айналым қаражаттарының құрамын және құрылымын тереңірек талдау жасауды ұсыну керек.Оның ішінде әсіресе ағымдағы активтердің келесідей элементтерінің тенденцияларының дамуына аса көңіл бөлген дұрыс.Оған шикізат,материалдар және тағы басқа осы типтес құралдар,дайын өнім мен қайта сатуға арналған тауарлар жатады.Қорлардың көлемінің жоғарылауы,қорларды игеруге байланысты ақшалай қаражаттардың аса үлкен ағымына әкеледі-оларды сақтауға кеткен шығындар,олардың орын ауыстыруына байланысты шығындар орын алады.Сондықтан ұйымның қаржы-экономикалық бөліміне бұған үлкен көңіл бөлу керек.
2.Ұйымның қаржылық-экономикалық бөліміне дебиторлармен есептесу барысына талдау мен инвентаризацияны жалғастыру қажет.Есептесуде сатып алушыларға аванс беру арқылы ақшалай қаражаттарды табудың мерзімін қысқартуға болады.Сонымен қатар дебиторларды несиелеудің белгілі шарттарын ұсынуға болады.Мысалы:
-Сатып алушы қаражатты тауарды алғаннан кейін үш күн ішінде төлесе 2% –дық жеңілдік алады.
-Сатып алушы тауарды сатып алғаннан кейін 3 күнннен 10 күн арасында өтейтін болса оның толық сомасын өтейді.
-сатып алушы тауар үшін соманы 10 күн көлемінде төлемеген кезде,соманы өтеу мерзіміне байланысты айыппұл өтейді.
Есептесудің мерзімін төмендету ұйымға дебиторлық міндеттеменің айналымын жоғарылату нәтижесінде келген қаражаттардың қорын қолдануға мүмкіндік береді.
3.Рентабельділіктің көрсекіштерінің лайықты деңгейіне қол жеткізу үшін кәсіпорынның операциондық іскерлігінің барлық стадиясындағы шығындардың көлемін, әсіресе тұрақты шығындардың көлемін төмендету керек.
4.Қолда бар меншікті қаражаттардың тиімді қолданылуы мен кәсіпорынның айналым активтеріндегі олардың қаржыландыру көздерінің көлемін жоғарылату туралы сұрақты қайта қарастыру керек.[20,96-108 беттер]
Екінші бөлімнің қорытындысы бойынша кәсіпорынға дұрыс жоспарлау мен басқаруды ұйымдастыру қажет.Ал оның негізгі әдісі нормалау болып табылады.Нормалау әдісінде тауарлы-материалдық құндылықтардың сәйкес қорын құруда ақшалай қаражаттарға деген оптималды қажеттілікті анықтайды.
Нормалау-жоспарлаудың басты бөлігі және келесі ерекшеліктерді ескереді:
-дайын өнімді өткізуге байланысты келісім шарттардың және оны өндіруге байланысты шикізаттарды жеткізудің салалық ерекшеліктерін ескеру.
-пайызбен немесе күнмен көрсетілген технологиялық нормалар негізінде қорларды оптимизациялау немесе минимизациялау.
Нормалау-ол норма көлемін қамсыздандыру және қорлардың сәйкес түрлері бойынша шнорманың өзін белгілеу.
Айналым қаражаттарын нормалау-өнімді өндіру мен өткізудің үзіліссіз іскерлігін қаматамасыз ету үшін ақшалай қаражаттардың жеткілікті мөлшерін қаматамасыз ету.
Айналым қаржаттарының кәсіпорынмен есептеген мөлшерлері ішкі бөлімдердің іскерлігіне бақылау ретінде қолданылады.Айналым қаражаттарына жоспарлық қажеттілікті ішкі және сыртқы факторларды ескеріп түзу есептеу,аналитикалық және коэфиценттік әдістер қолданылады.
Түзу есептеу әдісінде шикізат және материалға деген қажеттілік бір күнге деген материал мен шикізаттың қажеттігін күнмен көрсетілген қорлардың көлеміне көбейтіледі.
Аяқталмаған өндіріс бойынша өзіндік құнымен көрсетілген тауарлы-өнімнің бір күндік көлемін күнмен көрсетілген өндіріс циклының ұзақтығына және оны өндірістегі шығыс өсімінің коэфицентіне көбейтіледі.
Қоймадағы дайын өнім бойынша өзіндік құнымен көрсетілген өнімнің бір күндік шығарылымын күнмен көрсетілген қордың мөлшеріне,ал тауар бойынша тауар айналымының бір күндік айналымының көлемін күнмен көрсетілген мөлшерге көбейтеміз.
Аналитикалық әдісте есептік мерзім көлеміндегі материалдық ресурстардың нақтылы орташа қалдығын(өтімділігі төмендер ескерілмейді) келешек жылдағы өнімнің өту көлемінің қарқынына көбейтіледі.
Коэфиценттік әдіс-өнімді өндіру мен өткізудің көлемінің жоспарлы өзгерісін айналым қаражаттарының айналым жылдамдығына көбейту негізінде жаңа норматив көлемін анықтау.
Түзу есептеу әдісі ең дәл анықтайтын әдіс болып табылады.Бірақ сонымен қатар қажырлы еңбекті қажет етеді.
Айналым қаражаттарын нормалаудың барлық түрлері келесі формула арқылы есептеледі:
H=N*O
Мұндағы:H-норматив,N-қордың нормасы,O-бір күндік қорлар немесе бап бойынша немесе барлық кәсіпорын бойынша шығындар.
Бір күндік қорлар мен шығындар,әрине өндіріске деген шығындардың сметасы арқылы анықталады.Ал күн бойынша нормалар айналым қаражаттарының әр түрі бойыша әр түрлі анықталады.Жалпы кәсіпорын бойынша жиынтық нормативтер,яғни жеке нормативтердің сомасы ретінде айналым қаражаттарының жалпы бюджеті анықталады.
Өндірістік қорлардың нормативі келесідей түрде есептеледі:
Hnз=Nnз*Cnз,
Мұндағы:
Hnз-өндірістік қорлардың нормативі;
Nnз- өндірістік қорлардың нормасы;
Cnз-өндірістік қорлардың бір күндік шығыны;
Егер тәжірибеде өндірістік қорлар белгілі бір мөлшерде қарыз қаражат көлемінен құрылса,ал аяқталмаған өндіріс,әрине тек меншік қаражат есебінен құрылады.Аяқталмаған өндіріс қорлары өндірістік циклдың ұзақтығына және шығындардың өсу сипатына тікелей байланысты.
Аяқталмаған өндіріс бойынша нормативы келесі формула арқылы есептеледі:
Hhn=Nhn*Chn
Мұндағы: Hhn-аяқталмаған өндіріс бойынша норматив.Nhn- аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражаттарының нормасы.Chn-жалпы өнімді өндіруге кететін бір күндік шығын мөлшері.
Дебиторлық міндеттемелерді басқаруға келейік.Дебиторлық міндеттеменің көлеміне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
-өнім түрі мен,оның өту көлемі,клиенттердің төлем қабілеттігі,несиелік қарым-қатынастардың және төлемдердің өтелу түріне байланысты сатып алушыларды бағалау және топтау.
-дебиторлар мен есептесулерге бақылау жүргізу,дебиторлық міндеттеменің нақты жағдайына баға беру.
-инкассация коэфицентін ескере отырып ақшалай қаражаттардың ағымын талдау және жоспарлау.
Дебиторлық міндеттемені басқарудың негізінде басты екі бағыт жатыр:
1)өнімді өткізу саясатын өзгерткен кезде орын алатын қосымша пайданы бағалау;
2)дебиторлық және кредиторлық міндеттеменің мерзімін,көлемін салыстыру және оптимизациялау;
Салыстыру ақпараттары несие қабілеттігінің деңгейімен, төлемді кейінге қалтыру ұзақтығымен,жеңілдіктер стратегиясы,инкассация бойынша табыстар мен шығындар арқылы жүргізіледі.
Дебиторлық міндеттеменің нақты жағдайын бағалау,яғни үмітсіз қарыздардың қайту ықтмалдығын бағалау-айналым капиталын басқарудың басты мәселелерінің бірі.Бұл бағалау дебиторлық міндеттеменің пайда болу және мерзіміне байланысты жеке-жеке топтарға бөліп қарастырылады.Қаржылық менеджер бұл жерде кәсіпорында жинақталған статистика мен қатар сарапшы-кеңесшілердің да көмегіне жүгіне алады.[21,12-18]
Егер кәсіпорын қаражаттардың басым бөлігін ала алмайтыны анықталса,онда келісім шарт құру әдістерінің ішінде шарттары ыңғайлырақтарын таңдау қажет,яғни өтеу формасының жеңілдіктері мен ыңғайлы баға саясаты.
Жалпы бұл кәсіпорынның іскерлігі көптеген факторлардың тізбегіне байланысты:техниканың,жұмыс күшінің,капитал нарығының және т.б жағдайы.Осы барлық факторлар бір-бірімен белгілі бір тепе-теңдік дәрежеде болуы керек,бірақ әр бір берілген өндірістік факторлар комбинациясында қалғанының барлығының алға дамуын тежейтін факторлар бар.Біздің жағдайымызда дәл осы әлсіз фактор-капитал болып табылады.Яғни бұл жерде қалаған пайда көлеміне қол жеткізу мен шығындардың қажетті көлемін қаржыландыру мақсатында кәсіпорынның қаражат көздерінің рационалды құралуына көңіл бөлу керек.Бұл жерде екі басты сұрақты біріктіріп қарастырса болады:қаражат көздерінің рационалды құрылымы және дивиденттік саясат.Бір жағынан қаражат көздерінің қажет құрылымын анықтау,екінші жағынан тиімді дивиденттік саясатты құруды байланыстырудың түйіні меншікті қаражаттардың жеткілікті таза рентабельділігіне қол жеткізу мен дивиденттердің жоғары болуы қаражат көздерінің құрылымана тікелй байланысты.Меншікті қаражаттардың жеткілікті таза рентабельділігінің деңгейінде бөлінбеген пайданың ауқымды бөлігін меншікті қаражаттардың өсіміне қалдыруға бролады.Осылай,сыртқы-акцияларды эмиссиялау мен қарыз қаражат тартудың негізінде,ал ішкі-бөлінбеген пайда есебінен қаржылануы тығыз бір бірімен байланысты.Бұл екеуінің бірін-бірі алмастыра алады деген мағынаны білдірмейді,сырттан ақшалай қаражаттарды тарту ешқашан қолда бар мешікті қаражаттардың қолданылуын алмастырмауы қажет.Меншікті қаражаттардың жеткілікті көлемі ғана кәсіпорынның дамуын қамтамасыз етіп,оның тәуелсіздігін ұстап тұра алады, және сонымен қатар құрылтайшылардың арасында бұл кәсіпорынмен байланысты барлық тәуекелдерді қарастырып, серіктестер, жабдықтаушылар, клиенттер мен кредиторлардың алдында сенімін арттырады.
Меншікті қаражаттар кәсіпорынның стратегиялық қажеттіліктерін аумақты қаржыландыра отырып,нарықтың барық қатысушыларының алдында беделін жоғарылатады.[22,36-43 беттер]
Бірақ кәсіпорынның іскерлігі барысында тартылған қаражаттардың да маңызы зор. Қарыз қаражат акционерлік тәуекелді төмендетіп,акционерлер мен басшылар арасында қарым-қатынасты оңғайлатқанмен,құрылтайшылармен кредиторлар арасындағы қарым-қатынасты өршілендіре түседі.
Біріншіден,әрине басшылар өздеріне үлкен жалақы көлемі мен шығындардың үлкен бөлігін алғысы келеді,әрине бұның құрылтайшыларға ұнауы екі талай.
Екіншіден,басшылар кәсіпорынмен құрылтайшыларға қарағанда анағұрлым көп жұмыс жасайтындықтан оларға пайданың өзгеруі үлкен әсер етеді,ал құрылтайшылар болса тек өзінің салған қаражатының бөлігінің таза пайдасын қарастырып отырады.
Үшіншіден,басшылардың мақсаты олардың фирмада жұмыс істеу уақытына тікелей байланысты болғандықтан,олар көбінесе қысқа мерзімді жобаларды жүзеге асыруға тырысады.
Жалпы қазіргі таңда қаражат көздерінің ең тиімді құрылымын жасаудың келесідей критерилері басшылыққа алынады.
1.Кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналу қарқынын жоғарылату.Айналымның жоғарылау қарқыны сәйкесінше қаражыландыру көлемінің артуын талап етеді.Ол өзгермелі,тұрақты шығындардың артуымен,сонымен қатар дебиторлық міндеттемелер де өз қатарында өседі,сонымен қатар тағы басқа көптеген салдарларды өзімен бірге ала жүреді.Оның ішінде шығындар инфляциясы орын алады.Сондықтан кәсіпорынның айналымын ауқымды өсіру көзделгенде сыртқы қаржыландыру көздерін,яғни несие алған дұрыс,өйткені акцияны шығару шығындары,оны нарыққа алғашқы орналастыру шығындары және өтелетін дивиденттердің көлемі көп жағдайларда өздерінің сомасын өтемейді.
2.Айналым динамикасының тұрақтылығы.Тұрақты айналымды кәсіпорын пассивінде тартылған қаражаттардың салыстырмалы ауқымды бөлігін ауқымды бөлігін ала отырып,өзіне тұрақты шығындардың сәйкесінше көбірек бөлігін төлеп тұра алады.
3.Рентабельділіктің деңгейі мен динамикасы.Рентабельділігі жоғарырақ кәсіпорындарда орташа ұзақ кезең ағымында ұзақ мерзімді қаржыландыру деңгейі аз болатыны байқалған.Әрине кәсіпорын өз жұмысын одан әрі дамыту мен дивиденттерді өтеу үшін табысының көлемі жеткілікті болуына байланысты ол көбінесе өз қаражатын пайдаланады.
4.Активтер құрылымы.Егер кәсіпорында несиелерге кепіл болып табылатын жалпы мақсатқа бағытталған активтердің ауқымды бөлігі бар болса,онда пассивтердің құрамында тартылған қаражаттардың көлемін арттыру логикалық жағынан әрине дұрыс.Бұл жерде жылжымайтын мүлікпен айналысатын кәсіпорындар қаржылық тұтқаның нәтижесінің үлкен мәнін,ал шағын-мамандандырылған техника-экономикалық қарым-қатынастағы кәсіпорындарға өзінің қаражатымен қанағат тұтуға дәл келеді.
5.Салық салудың салмақтылығы.Пайдаға салық неғұрлым жоғары болса және салықтарды төлеуге байланысты жеңілдіктер мен амортизацияны есептеудің жедел әдісін қолдану мүмкіндігі неғұрлым төмен болса,онда кәсіпорын үшін несиеге пайыздық төлемдерді өзіндік құнға жатқызу үшін ұзақ мерзімді қаржыландыру мен айналысқан дұрыс болады.Яғни,салықтық төлемдер неғұрлым жоғары болса,кәсіпорын соғұрлым несиеге сұранысы жоғарылайды.
6.Кредиторлардың кәсіпорынға қарым-қатынасы.Ақша мен қаржы нарығындағы сұраныс пен ұсыныс деңгейі несиелік қаржыландырудың орташа шарттарын анықтайды.Бірақ кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық жағдайына байланысты несиенің ұсынылу шарттары өзгеруі мүмкін.Банктер өздері кәсіпорынға несие беруге бәсекелесте ме әлде несиені банктерге барып,сұрап жүріп алу керек пе-сұрақ осында.Бұл жерде әрине кәсіпорынның қаражаттардың қалаған құрылымын жасау үшін мүмкіндіктеріне байланысты.
7.Рейтингтік агентстволар мен сарапшылардың көзқарасы.Кәсіпорын басшылары үшін тәуекелдің ойға сыйымды мөлшері. Кәсіпорынның басшылары қаржылық шешімді қабылдауда қаржылық тәуекелдің мүмкін дәрежесін бағалау қажет.
Қол жеткізілген қаржы-шаруашылық жағдайдағы кәсіпорынның стратегиялық мақсатты қаржылық тұрақтамалары.Американдық оқымысты,қаржыгер Е.Ф.Бригхэм жазғандай: «фирма зерттеу бағдарламасын сәтті аяқтап жақын болашақта әр дайымға қарағанда пайданың жоғарырақ мөлшерін алу күтілуде,бірақ бұл пайда туралы инвесторлар бейхабар, сәйкесінше ол акцияның құнында өз көрінісін әлі таппаған.Әрине мұндай кәсіпоорын жаңа акциялар шығармайды,ол ұзақ мерзімді қаржы құралдары арқылы қаржылануды жөн көреді және ол бұл бағытты акцияның құнында жаңа пайда көрініп ол есепке алынбағанша жалғасады.» Кәсіпорын стратегиялық басқа кәсіпорынның құрамына кіруге мақсатталған жағдайда-бір кәсіпорын екінші кәсіпорынның құрамына кіргенде сатып алушы кәсіпорынның капиталының құрылым өзгерісі орын алады:біріншіден,көптеген жағдайларда кәсіпорынды қарыз қаражат есебінен сатып алады да,жаңа несие сатып-алушы кәсіпорынның капитал құрылымын өзгертеді,екіншіден,жаңа сатып алынған кәсіпорынның балансында қарыз қаражаттардың бар болуы сатып алған кәсіпорынның қаражат көздерінің құрылымына әсер етуі мүмкін.Соңғысы(әрине егер қаржылық тұтқаның дифференциалы теріс мәнді көрсетпесе) қаржылық тұтқаның нәтижесінің артуынан меншікті қаражаттардың рентабельділігі,акциалар бойынша дивиденттер және бөлінбеген пайданың көлемі де артуы мүмкін.
Бұл жерде кәсіпорынның салықтарын үнемдеудің жалпы және арнайы әдістерін қолдануды ұсынуды жөн көрдім.Оның жалпы әдістерінде ағымдағы операцияларды есепке алуда,біріншіден,кассалық әдісті қосымша құн салығын үнемдеу барысында ,ал есептеу әдісті корпоративтік табыс салығын үнемдеу барысында қолданған жөн.
Екіншіден,амортизацияны есептеудің сызықты емес әдісін қолдануға көшу керек,өйткені бұл әдіс шегеріске жатқызылатын амортизация жарналарын көбейтуге мүмкіндік береді.Ал бұл корпоративтік табыс салығын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден,амортизацияланатын мүліктің қолданылуының төменгі және жоғарғы шегінен,салықтарды үнемдеу мақсатында оның төменгі шегін таңдаған жөн.
Төртіншіден,техникалық құрал-жакбдықтарды лизингке алған дұрыс.Өйткені,біздің елімізде лизингтік жүйені дамыту мақсатында заңмен көптеген жеңілдіктер қарастырылған.
Бесіншіден,күмәнді қарыздарға арналған резервтің әр дайым болуы.
Алтыншыдан,дебиторлық міндеттемелермен міндетті түрде жұмыс жасау.
Дайын өнімнің сату бағасын дұрыс тағайындау.
Келісім шарт жасасқанда ондағы екі жақтың келісім шартты бұзуына байланысты санкцияларын анықтап ескеру.
Басқа кәсіпорындар мен келісім шарттар жасауда салықтарды оптимизациялауға біраз тоқтала кетейік.Онда келесідей аспектілер ескеріледі:
1.Келісім шартты жасасушы екінші жақты талдау(субьект қосымша құн салығын төлеуші ме? жоқ па?)
2.Екінші жақтың төлем көзінен салықтарды ұстауға құқығы бар ма? жоқ па?
3.Екінші жақтың осы қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар ма ? жоқ па?
4.Келісім шарттағы операциялардың жасалу мерзімін талдау.
5.Келісім шарттағы жауапкершілік шараларын талдау.
Ал салықтарды үнемдеудің арнайы әдісіне келесілер жатады:
Әрине біріншіден қатынастарды алмастыру әдісі,бұл әдіс бойынша келісім шарт түрін алмастыру мүмкіндігі қарастырылады.
Екінші,қатынастарды бөлу әдісін,бұл әдіс бойынша кәсіпорынның негізгі қорларына реконструкция енгізгенде оны модернизация немесе реконструкция деп көрсетпей,ремонт деп көрсетіп,шегеріске жатқызу сипатталады.23[36-43 беттер]
Қысқа және ұзақ мерзімді капитал нарығының жағдайы.Капитал мен ақша нарығындағы жағдай қолайсыз болған жағдайларда көбінесе қаражаттардың көздерінің құрылымын рационалды құруды кейінге қалдыру керек.
Бірақ тәжірибе көрсеткендей әрқашан капиталда тартылған қаражаттар мен меншікті қаражаттың рационалды деңгейін ұстап тұру мүмкін емес,оған:
1Қаржыландыруда-нақты тиімді қолдану үшін қаражаттардың көзін таңдау кәсіпорынның күрделірек стратегиялық және тактикаық мақсатттарына,нарықтардың барлық түрлерінің жағдайына,және іскерлдік ағымында әр түрлі қажеттіліктердің туындауына байланысты.Оперативті басқаруда-бастысы тартылған және меншікті қаражаттардың дәл тиімді қатынасына қол жеткізу емес,соған максималды ұзақ мерзімде жетуге тырысу орташа ұзақ мерзімде,мысалы бір жыл көлемінде сол деңгейде ұстап тұруға тырысу.
2.Ұзақ мерзімді қаржыландыруға көп жүгінудің қажеті жоқ.Өйткені бүгінгі нарық жағдайында бәрі өзгермелі,сәйкесінше тиімділікте ұстап тұру өте қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет