Таза айналымкапиталы кәсіпорынға айналым активтерінің жылдамдығы төмедеген жағдайда(мысалы,дебиторлық міндеттемелердің жабылуы тежелген кезде немесе өнімді өткізуге байланысты қиын жағдайлар туындаған кезде),айналым активтерінің құнсыздануы немесе олардың жоғалтулары орын алғанда(мысалы, дайын өнімге бағаның төмендеуі, дебитордың банкротқа ұшырауы) үлкен қаржылық тәуелсіздікпен қамтамасыз ете алады.Таза айналым капиталының оптималды сомасы кәсіпорынның іскерлігінің ерекшеліктеріне, кәсіпорынның көлеміне, өнімнің өткізілу көлеміне,материалды-өндірістік қорлармен дебиторлық міндеттемелердің айналым жылдамдығына,салалық ерекшеліктері мен шаруашылық конъюнктурасына да байланысты.Кәсіпорынның қаржылық жағдайында оның шамадан тым көп болуы немесе шамадан тым аз болуы да теріс әсер береді.Бұл қаражаттардың жеткіліксіздігі кәсіпорынның банкроттығына әкелуі мүмкін,өйткені ол оның қысқа мерзімді міндеттемелерін жаба алмауының белгісі.Оның жеткіліксіздігі шаруашылық іскерліктегі шығыстардан, қамтамасыз етілмеген дебиторлық міндеттеменің өсуімен,негігі құралдардың қымбат объектілерін, алдын ала осы мақсатқа ақша қорын жинақтамай сатып алған кезде,сәйкес пайданың орын алмауында дивиденттердің төленуі,кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерін жабуға қаржылық қамданудың орын алмауынан болуы мүмкін.Ал оның мәнінің шамадан тыс үлкен болуы қорлардың тиімсіз қолданылуының белгісі.Оған мысал болып келесілер табылады: шаруашылық іскерлігінің қажеттілігінен жоғары мөлшерде несие алу немесе акциялар шығару, негізгі құралдарды сатудан айналым қаражаттарының жинақталуы немесе амортизациялық аударымдардың оларды жаңа құрылғыларға ауыстыру орын алмай тұрып жинақталуы,шаруашылық іскерліктен түскен пайданың тиімсіз қолданылуы.Біздің қарастырып отырған кәсіпорнымызда оның мәні біршама жоғарылаған.Оның динамикасының өсуі банктерден алынған несиенің көлемінің жоғарылауынан орын алып отыр.
Іскерлік белсенділік көрсеткіштеріне тоқталайық:
№3 кесте-іскерлік белсенділік көрсеткіштері (2005 жыл бойынша).