Маркетингтi тиiмдi iске асыру үшiн фирма барлық күштерiн тұтынушының қажеттiлiгiн қанағаттандыруға шоғырландыруы тиiс.
Маркетингтi тиiмдi iске асыру үшiн фирма барлық күштерiн тұтынушының қажеттiлiгiн қанағаттандыруға шоғырландыруы тиiс.
Ал адам қажеттерi жиi өзгерiп тұрады. Сол өгерiстерге неғұрлым икемдi бейiмделген кәсiпорындар ғана рынокта көп уақыт сәттi өмiр сүре алады.
Сондықтан тұтынушыларды зерттеудiң маңызды бағыты олардың қажеттiлiктерiн неғұрлым толық, "түгендеу", талдау, даму бағытын анықтау болады.
Тауарларды таңдауға және сатып алуға әсер ететін факторалардың барлық түрін маркетинг жүйесінде анықтауға болады.
Тауарларды таңдауға және сатып алуға әсер ететін факторалардың барлық түрін маркетинг жүйесінде анықтауға болады.
1-суретте америкалық ғалымдар ұсынған сатып алушының мінез-құлқына әсер ететін факторалар көрсетілген. Маркетинг-микс факторлары сатып алу туралы шешімге әсер ететін күшті ынталандырушы болғанмен тұтынушының соңғы таңдау жасауына жеткіліксіз болып табылады.
Бұдан басқа оған психологиялық, әлеуметтік-мәдени, жеке тұлғалық, және жағдайлық факторлар әсер етеді.
Адам қажетi дегенiмiз жеке тұлғаның, әлеуметтiк топтың, отбасының және жалпы қоғамның өмiр сүруiн және қамтамасыз ету үшiн белгiлi заттарға, немесе қызметтерге мұқтаждық деген сөз.
Рынок жағдайында адам қажетi оның төлей аларлық сұранысы ретiнде әйгiленедi. Қажеттiлiк құрылымы жөнiнде толық бiлiп отыру үшiн оның дамуына әсер ететiн факторларды анықтау керек. Ол факторларға ұлттық, тарихи, рухани, географиялық , саяси, көптеген факторлар жатады.
Мысалы, жастар мен қарт адамдардың аяқ киiмге деген қажеттерi әртүрлi. Қажеттердi дұрыс зерттеп , айқындау үшiн оларды топтастыруға тура келедi.