Нарықты зерттеудің негізгі әдістері



Дата27.03.2022
өлшемі390,41 Kb.
#28943
Байланысты:
Маркетинг СРО

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


НАРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ

Орындаған: Батырканова Назым

Топ: Эм-101

СӨЖ

ЖОСПАР

  • Нарықты зерттеу деген не?
  • Маркетингті зерттеулердің тәртібі
  • Маркетингтік зерттеулердің ақпарат көздері
  • Маркетингтік ақпараттың қалыптасуы
  • Маркетингтік зерттеулердің әдістері
  • Тұтынушылардың сұранысын талдау

Нарықты зерттеу деген не?

Нарықты зерттеу дегеніміз – әлеуетті клиенттермен тікелей жүргізілген зерттеулер арқылы жаңа қызметтің немесе өнімнің өміршеңдігін анықтау процесі. Нарықты зерттеу компанияға мақсатты нарықты анықтауға және тұтынушылардан олардың тауарға немесе қызметке қызығушылығы туралы пікірлер мен басқа да пікірлер алуға мүмкіндік береді.

Маркетингті зерттеулердің тәртібі


Маркетингтік зерттеулер дегеніміз –маркетингтің дұрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтер жинау, оларды өңдеу, талдау процесі болып табылады.

Маркетинг зерттеулерiнiң мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін.Ең бастысы ол зерттеулер әлуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс , олардың қажеттерін зерттеу , нысаналы нарықты таңдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақ сұранысты белгілеу болып табылады


Маркетингтік зерттеулердің ақпарат көздері


«Ақпарат» түсінігі латын тілінен аударғанда мағлумат беру дегенді білдіреді., заңды немесе жеке тұлғалар, белгілі бір құбылыс немесе процесс туралы мәлімет алу құралы, қарым-қатнас формасы.

Кәсіпорындарда ақпараттарды талдау, жинау және өңдеу тиімді маркетингтік шешім қабылдау үшін нарықтық процестерді бағалауды немесе талдауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.


Маркетингтік ақпараттардық қалыптасуы келесі мақсаттарға сәйкес болады:

  • Тікелей- кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау және болжау үшін пайдалы түрде жиналған ақпараттарды ұсыну, жүйелендіру және құрлымдау;
  • Аралық-уақытылы маркетингтік шешімдерді қабылдау мен интуитивті қортындыларды генерациялау үшін кәсіпорын жетекшісі жағынан жиналған мәліметтерді қарау, бағалау және топтастыру;
  • Соңғы-жетекшілік деңгейде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін нарықтағы кәсіпорынның ұстанымын бағалау, нарықтың даму заңдылықтары мен тенденцияларын , кәсіпорынның әрекет ететін маркетингтік органдарына құбылыстар мен нарықтық процестердің ықпалын анықтау.

Маркетингтік ақпараттар қағидалары:


1. өзектілік.

2. сенімділік.

3. релеванттылық

4. толық болуы

5. салыстырмалылық

6. қабылдау үшін қол жеткілікті болуы.

7. үнемділік

8. ақпараттарды пайдалану қолайлылығы.


Маркетингтік зерттеулердің әдістері


Маркетингтік зерттеулердің әдістері оны жүргізу мен ақпарат алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді.
  • Сандық әдістер деп – жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі сауалнамаларды жүргізуді айтады.
  • Сапалық әдіс — ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар және т.б. қолдануға негізделген.

Тұтынушылардың сұранысын талдау


Тұтынушы дегеніміз – өзінің жеке қажеттілігі мен жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар, өнім сатып алатын азамат немесе белгілі бір ұйым. Олардың заңға сәйкес, белгілі бір құқықтары болады. Осы құқықтары бірнеше тармаққа бөлінеді.

Келесі слайдта көрсетілген.


Күнделікті азық-түлік, киім, баспана, денсаулық сақтау, білім алу сынды қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған жағдайға арналған құқығы;

  • Күнделікті азық-түлік, киім, баспана, денсаулық сақтау, білім алу сынды қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған жағдайға арналған құқығы;
  • Адамның денсаулығына кері әсерін тигізетін тауарлардан тауарлардан, өндірістік процестер мен қызметтерден қорғануға арналған қауіпсіздік құқығы;
  • Тұтынушы сатып алып отырған тауардың сапасы, мерзімі, сертификаты туралы ақпарат, ресми дәлелдер алуға;
  • Монополиялы тауарға оның бағасының көңілге қонымды екеніне кепіл алуға, қаңты бір сомада сатылып отырған алуан түрлі тауарларды таңдауға құқығы;
  • Өзінің мүдделерін ескеріп, үкіметтік қоғамдық ұйымдарға тұтыну құқығына қатысты ұсыныстар беруге, тыңдатуға.
  • Өзіне сапасыз, қанағаттандырмаған қызмет көрсетілгенде шығынды өндіріп алуға құқылы.
  • Әрбір тұтынушы тауарлардың сапасын ажыратуға мүмкіндік беретін білімдер мен ілімдер алуға деген тұтыну біліміне құқығы бар.

ӘДЕБИЕТТЕР

  • Бесплатные шаблоны с сайта presentation-creation.ru
  • https://kk.delachieve.com
  • https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder21060/2%20%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%BC%D0%B0%D1%80%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%B3.pdf
  • https://kk.m.wikipedia.org
  • https://www.stud24.ru
  • http://elib.kstu.jz

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет