Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы Аяған ұстаздың аңғалдығын өмірмен байланыстырыңыз



бет41/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
48. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы Аяған ұстаздың аңғалдығын өмірмен байланыстырыңыз
Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – советтік замандағы қазақ халқының рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған, қазақ әдебиетіне соны құбылыс болып енген шығарма. Бұл сөзімді Н.Айтұлының «Өмірзая» романы – кеше ғана басымыздан өткен күрделі өмірдің айнасы» - деген пікірі нақтылай түседі. Роман атауының «Өмірзая» аталуы да тегін емес. Өмірзая – босқа өткен уақыт, ал уақыт ішіндегі құрбандық ғұмыр деген мағынаны береді. Автор Б.Мұқай романның бас кейіпкері – Аяғанның басынан өткен оқиғалары арқылы құрбандық ғұмырдың белгісін береді. «Романдағы Аяған қандай кейіпкер?», «Романда Аяғанның аңғалдығы қай оқиғалардан білінеді?» - деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Аяған Қуатов – Кеңес үкіметі кезеңіндегі таптаурын жүйеге, құлдық санаға қарсы тұрған, 35жастағы тарих ғылымының кандидаты. Коммунистік партияның хандық билік пен би-болыстарды теріске шығарып, байларды «халық жауы» ретінде танып тұрған кезеңінде, тарихи кейіпкерлерді жазуға, тіпті айтуға болмайтын кезеңде профессор Алдияр Ақпанұлының Кенесары туралы, Аяғанның ХІХ ғасырдың екінші жартысында ел күшін күрескен қайраткер Сыздық Кенесарин туралы еңбек жазып, оны аудиторияларда оқылуы үлкен қылмыс болып саналған-ды.
Аяған – Алдияр Ақпанұлы сияқты тек тарихшы емес, адамды бағалай білетін адамгершілігі мол, мейірімді, шыншыл тұлға. Ғалым әрдайым айналасынан әділдікті іздеп, сенуге тұрмайтын жандарға сенім артады. Кенесары Қасымұлының ұлы – Сыздық Кенесарин туралы еңбек жазған, Алдияр Ақпанұлының төл шәкірті Аяған қандай қиындық көрмеді? Нені басынан кешірмеді? Тарихи тұлға туралы еңбек жазып, үнемі әділдікті жақтаған аталмыш кейіпкер ғұмырында ауыр да азапты күндерді басынан кешіреді, ұстазы жүрген жолмен жүріп, ұстазы жеген опықты Аяған да жейді. Талай мәрте түрме көріп, талай жендеттердің соққысын алып, ауыр да азапты ғұмыр кешеді. Бұл романдағы басты кейіпкерлер – күрескер тұлғалар. Әділдік үшін арпалысқан алып тұлғалар сол күйінше әділдікке қолжеткізе алмайды. Сонау замандардағы Кеңестік идеологияның саясаты қазақ халқын талай есімдерден, талай бабаларымыздан айырдЫ. Бұл кезеңдегі бар шындық сол – Кеңес тұсындағы мықты қазақ азаматтарының атын атауға тыйым салып, олар туралы жазуға кесе көлденең тұрып алды. Осының барлығы қазақ үшін қан төккен батыр ұландарымыздың есімдерінің ұмытылып, елі үшін маңызын жойғанын қалаудан туындаған идея іспетті.
Қорытындылай келе, Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – қазақ әдебиетіндегі күрделі мәселелерді қамтыған үздік туынды. Аталмыш роман Кеңестік дәуірдің ащы шындығын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мақсат-мүддесі арқылы танылып, гуманизм, адамгершілік мәселелері шындық заңдылықтарына сәйкес бейнеленген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет