Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


«Қазақстандағы туризмнің артықшылықтары мен кемшіліктері» экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан талдап жазыңыз



бет39/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
46. «Қазақстандағы туризмнің артықшылықтары мен кемшіліктері» экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан талдап жазыңыз.
Туризм саласы – әлемнің көп елдерін экономикалық жағынан байытып, дамыған ел қатарына қосылуына себепші боп отырған сала. Адамдарға кейде өмірдің бітпейтін қарабаласынан бір ауық жаны жай тауып, көзі демалатын, басқа ұлт, басқа халқықтың мәдениетімен танысып, көңіл көкжиегін кеңейтетін дүние керек болады. Ол – сөзсіз, саяхат. Ал адамдар қандай жерлерге саяхаттағысы келеді? Әрине, туризм жақсы дамыған, адам үшін қолайлы әрі қаржы жағынан тиімді ел, қала, аймақты таңдайды. Елдің жағдайы нашар болуы мүмкін, бірақ саяхаттауға тұрарлық, туризм саласы өркендеген, өзіндік колориті бар елге әлем халқы ағылып барады. Жерінің үлкендігі бойынша әлем елдері ішінде 9-орынды алатын біздің кең-байтақ еліміздің туризм жағдайы қандай екен? Жеріміздің кеңдігін тиімді түрде пайдаланып жүрміз бе?
Қазақстанда туризм енді бой көтеріп келе жатқан сала. Біздің елдің «Швейцария тауларынан» кем түспейтін Көкшетау жері, Америка каньондарынан аумай қалған Маңғыстаудағы Үстіртіміз, қарасаң көзің тоймай, жаныңды мақтаныш кернейтін шығыстағы Алтай аймағының теңдесі жоқ табиғаты қандай көркем! Тек сол сұлулық пен байлықты игі іске пайдаланып, ел экономикасын арттырып, шетелдік турист санын арттыруға ықпал болатын туризмнің әлеуеті маңызды боп тұр. Мен ең бірінші артық тұстарын айтуды жөн көрдім.
Біріншіден, географиялық орнымыздың ыңғайлылығы, яғни Қазақстанға саяхаттауға келген турист шөлді аймақты да, толқыны тулаған көк теңізді де, аспанмен тірескен қарлы шыңдарды да, адам аяғы баспаған нулы орманды да, қамыспен қоршалған таулы көлдерді де көріп, жаңа жерлерді тануға мүмкіндік алады.
Екіншіден, салт-дәстүр, рухани құндылық. Қазақты әлемдегі ең қонақжай халық десек, артық айтпағанымыз. Сырттан келген кісіні жатсынбай, ет асып, тамағын алдына тосатын кеңпейіл еліміз кімді болмасын өзіне баурамай қоймасы анық. Бешбармақ, қазы-қарта, қымыз – сырттан келген туристті бей-жай қалдырмайтын ұлттық тағамдарымыз. Асханамыз үшін де турист екнші рет біздің елге ат басын тіремесіне кім кепіл? Мәселен, көп жандар нағыз пиццадан дәм тату үшін Италияға барады ғой, ал нағыз бешбармақтан ауыз тию үшін Қазақстанға келетін болады әлі.
Кемшілік тұстары артықшылығынан көп пе деймін. Баға, ұйымдастыру жағы – төмендеу. Жазда адамдардың демалу үшін Бурабай не Ақтау емес, Түркияға барғандарын көріп ішім ашиды. Өйткені Бурабайға кеткен ақшаға Түркияға үш рет барып келуге болады. Адам қажеттілігі үшін деген осы. Одан кейін өзіндік ерекшеліктерімізді таныта алмайтын идея,жаңашылдық, креативтің жоқтығы. Мәселен, Үнді халқы жағдайы жағынан ең төменгі ел қатарына жатса да, көшелері туристен босамайды, себебі олар ұлттық құндылығын, ұлттық салт-дәстүр, киімін жақсы жарнамалап, экономикаға пайда әкелетін салаға айналдырып отыр. Бізде күнделікті өмірде ою-өрнекпен көмкерілген заманауи үлгіде киімдер киіп, ерекше дәстүрлерімізді қолданып жүрсек, біздің де үнді халқы секілді болмай кетуімізге кім кепіл? Бәрі өз қолымызда. Кемшілік тұсын санамалап айтқым келмейді, өйткені мен Отанымды сүйемін, еліме жаным ашиды. Болашақ жастардың туризм саласын дамытып, біздің елге де ағылып шетелдіктер келетініне сенемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет