Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет124/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   131
Ойлау үрдісінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу. 
Талдау-жинақтау  түрі  әр  түрлі  формада  болады,  әр  дәрежеде  өтеді,  бірақ адам  қандай 
ой міндетін атқарса да ол әрдайым талдау-жинақтауды қолдайды. 
Талдау   –  бүтінді  бөлшектеп  майдалау,  мүшелеу,  қайсыбір  жақтардан,  жеке 
бөлшектерден,  белгілерден  бөліп  қарау,  ажырату,  абстракциялау.  Жинақтау  -  бөлшектерді, 
жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау. 


~ 230 ~ 
 
Талдау мен жинақтау ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой үрдісінің  екі 
жағын  құрайды.  Атап  айтқанда,  талдау  мен  жинақтаудың  өзара  байланысы  мен  өзара 
тәуелділігі ой үрдісінің мәнін, ядросын құрайды. 
Талдау мен жинақтаудың өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді: 
1.  Талдау  бүтіннің  бөлшектерін,  жақтарын,  белгілерін  ажыратуға  ғана  емес,  сонымен 
бірге  бүтіннің  осы  бөлшектері  арасында  болатын  байланыстарды,  тәуелділіктерді 
қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі әрі синтездеу болады. 
2. Талдау – жинақтау үдерістің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт беретіндігінен және 
жасалынған  жұмыс  нәтижесінде  тереңірек  және  толығырақ  танылатын  сол  негізді  танудың 
құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді. 
3. Ой үрдісінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның осы үш буыны 
бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады. 
4.  Ойлау  үрдісі,  яғни  талдау-жинақтау  әр  дәрежеде  өтеді  –  ол  не  заттарды  қолға  ұстап 
әрекет  ету,  оларды  практика  жүзінде  мүшелеу  және  біріктіру  түріне  жүзеге  асады,  немесе 
міндет көрнекі түрде қойылады. 
Талдау  –  жинақтау  ой  үрдісінің  негізі  бола  отырып,  жеке  сипатқа  не  әр  түрлі 
операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар: 
Салыстыру – бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын 
анықтау. 
Салыстыру  жолымен  оқушылар  әр  түрліліктің  жалпылығы  және  ұқсастықтың  әр 
түрлілігін оңай табады. 
Салыстыру – зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі. 
Топтау – бұл салыстырудан  барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы 
ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға бөлінеді. 
Жүйелеу  –  заттар  мен  құбылыстарды  топтастыру,  осы  топтың  ішінен  одан  кіші  топтар 
мен бөліктерді саралайды. Бұл – кішкене топтар да ортақ белгілер негізінде құрылады, бірақ 
ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді. 
Жалпылау   жалпылардың  ең  қарапайым  түрі  ұқсас  заттарды  олардың  кездейсоқ  ортақ 
белгісіне қарай біріктіру болып табылады. 
Нақтылау  дегеніміз–  жалпыланған  білімді  нақтылы  жеке  жағдайда  қолдану,  бұл  үшін 
осы  жеке  жағдайды  тағыда  талап,  оның  белгілі  ереже,  ұғым,  заңға  сай  келетін  белгілерін 
айрықшалау керек. / 2,3/ 
Оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамыту  үдерісінде  оқытудың  мынадай  үш  құрамды 
бөліктерін  ескеру  қажет  деп  есептелінеді:  мазмұндық,  амалдық-операциялық,  ой-түрткілік-
мотивациялық.  Мәселен,  оқытудың  мазмұндық  құрамдас  бөліктеріне  оқушылардың  білуіне 
тиіс  ұғымдар  жүйесі,  ережелер,  заңдылықтар жатады.  Бұл мәліметтер  оқытудың  бөлігі  -  оқу 
бағдарламалары мен оқулықта баяндалады. Оқытудың амалдық құрамдас бөліктеріне ақыл-ой 
қызметінің  тәсілдерін  меңгерту  жатқызылады.  Оларға  оқу  материалдарына  ең  бастыны 
ажырата  алуды,  деректерді,  құбылыстарды  салыстыру,  сәйкестендіру  мен  жалпылауды,  өз 
ойын  дәлелдей  алуды  және  ойлаудың  амал-тәсілдері  мен  әрекеттік  құрамды  бөліктерін 
жатқызады  да,  оқушылар  не  мақсатпен,  не  үшін  оқиды,  білім  мен  дағдылар  не  үшін  қажет 
деген  мәселелерді  түсіндіру  оқытудың  түрткілік-мотивациялық    аспектісін  құрайды.  Бұл 
ойлау  үдерісінің  үш  бөлігі  бір  -  бірімен  тығыз  байланысты.  Олар  білім,  біліктің  негізін 
қалайды.  Сондықтан  білімдерді  игерудің  тәсілдерін  қаншалықты  тиянақты  меңгеру  жүзеге 
асырылса, білім негіздері соншалықты берік қалыптасады, оқушы білім мен ол білімдерді алу 
жолдарының  қажеттілігін  саналы  түсініп,  білімді  тәжірибелік  жақтан  қолдана  білуге 
ынталанса, олардың ойлауы соншалықты жедел дамиды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде 
атаған  бағыттағы  бастауыш  сынып  мұғалімінің  мақсаты–психологиялық  ерекшеліктерін 
ескере  отырып,  кіші  мектеп  оқушыларында  зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  мен 
қалыптастыру үшін жағдайлар жасау. 


~ 231 ~ 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет