Натрий селитрасы


Әр түрлі дақылдарға тыңайтқыштардың тиімділігі



бет13/22
Дата07.01.2022
өлшемі36,96 Kb.
#18897
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
АЗОТ

6. Әр түрлі дақылдарға тыңайтқыштардың тиімділігі.

Аммиакты тыңайтқыштарды қолданғанда дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн.

Аммоний сульфатын барлық ауыл шаруашылығы дақылдарына қолдануға болады. Құрамында күкірт болғандықтан бұршақ және крестгүлдер тұқымдас өсімдіктеріне оң әсер береді. Күріш үшін аммоний сульфаты ең тиімді тыңайтқыштың бірі болып саналады.
7. Тиімді қолдану тәсілдері: дозалары, мерзімдері, ауыспалы егісте енгізу әдістері, қолдану технологиясы, әртүрлі тәсілдерді пайдадануда тыңайтқыштардың салыстырмалы тиімділігі.

Аммиакты (аммоний сульфаты) тыңайтқыштарды әр түрлі топырақтарға қолдануға болады. Бірақ физиологиялық қышқылды тыңайтқыштар болғандықтан, оларды бейтарап және сілтілі реакциялы топырақтарға енгізген тиімді. Қышқылды шымды-күлгін топырақтарда аммиакты тыңайтқыштардың тиімділігі төмендейді. Сондықтан енгізер алдында топырақтарды әктейді немесе аммоний сульфатына бор, әк, доломит қосып, бейтараптайды (1 ц тыңайтқыш: 1,3-1,4 ц CaCO3). Оның үстіне аммоний сульфаты қиын еритін 3 негізде алмасқан кальцийдің фосфатын жақсы еритін тұздарға айналдырады. Қара топырақты емес аймақта аммоний сульфатының» селитраға тиімділігі төмен болса; қара топырақты жерлерде жоғарыда аталған тыңайтқыштардың әсерлері бірдей болады.

Топырақтын қышқылды ортасына төзІмділігі жоғары дақылдарға (сұлы, күздік қара бидай, картоп) аммоний сульфатынын туғызған қышқылдығы әсер етпейді, ал қара, сұр топырақтар негіздерге қаныққан, бейтарап болса, қолданылған аммоний сульфаты натрий нитратына қарағанда төмен болмайды.

Аммоний сульфатын негізгі тыңайту, үстеп қоректендіру ретінде қолдануға болады. Аммиакты тыңайтқыштарды қатарлап себумен бірге қолдануға болмайды, өйткені топырақтағы аммонийдің әлсіз жылжымалығыштығы теріс әсер тигізе алады (топырақта аммиакты азот енгізген жерде жинақталады). Сондықтан оларды қатарлап енгізгенде жас өсімдіктер бойларына нашар сіңіреді. Өсімдіктердің алғашқы өсу кезеңдеріндегі тамырларының нашар жетілуіне байланысты олар азотты толық пайдалана алмайды. Оның үстіне аммиактың артықшылығы дақылдарды уландыруы мүмкін.

Аммоний сульфатын кез келген мерзімде енгізуге болады: көктемде тұқымды себер алдында, өсімдіктің вегетациялық кезеңінде, күзде де топырақты жыртар кезде, өйткені аммиакты азот әлсіз жылжымалы болғандықтан шайылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет