H2SO4+NH3=(NH4)2SO4
Na2SO4+2NH3+2CO2+2H2O=(NH4)2SO4+2NaHCO3
3. Физикалық қасиеттері.
Әр түрлі (ақ, сұр немесе көкшіл) түсті, майда кристалды, суда жақсы еритін, ылғалды аз сіңіретін, физиологиялық қышқылды тұз.
4. Топырақтағы өзгеруі, олардың айналымы.
Аммиакты тыңайтқыштар топырақ ерітіндісінде тез ериді де топырақтың сіңіру кешеніндегі катиондармен алмасу реакцияларына түседі:
Ca NH4
(TCK) Ca + (NH4)2SO4 = (TCK) NH4 + CaSO4;
Ca
Мұнда тыңайтқыш құрамындағы аммоний иондарының біраз бөлігі топырақтың сіңіру кешеніне ауысып, оның жылжымалылығы азаяды. Сондықтан аммоний топырақтан шайылып кетпейді. Сонымен бірге сіңіру кешеніндегі аммонийді өсімдік жақсы сіңіреді.
Нитрификация құбылысы нәтижесінде аммиакты тыңайтқыштардың азоты нитратты формаға ауысады да топырақта азот қышқылы және күкірт немесе тұз қышқылдары пайда болады:
(NH4)2SO4 + 4О2= 2НNО3 + Н2SO4 + 2H2O;
Аммиакты азоттың нитратты формаға ауысуы топырақтың температурасы, ылғалдылығы, аэрация, орта реакциясына байланысты болады.
Пайда болған минералдық қышқылдар топырақ ерітіндісіндегі бикарбонаттармен және сіңіру кешеніндегі катиондармен әрекеттесіп, бейтарапталады:
Достарыңызбен бөлісу: |