6) Әр түрлі дақылдарға тыңайтқыштардың тиімділігі.
Аммиак селитрасын барлық а/ш дақылдарына қолдануға болады
Аммиак селитрасы басқа азотты тыңайтқыштар арасында әр түрлі топырақта егілген дақылдарға тиімділігі жағынан бірінші орын алады.
7) Тиімді қолдану тәсілдері: дозалары, мерзімдері, ауыспалы егісте енгізу әдістері, қолдану технологиясы, әртүрлі тәсілдерді пайдадануда тыңайтқыштардың салыстырмалы тиімділігі.
Аммиак селитрасын кез келген тәсілмен: себер алдында негізгі тыңайту, қатарлап немесе ұялап себумен бірге және үстеп қоректендіру ретінде қолдануға болады
Аммиак селитрасын кез келген мерзімде енгізуге болады: көктемде тұқымды себер алдында, өсімдіктің вегетациялық кезеңінде, күзде де топырақты жыртар кезде. Бірақ ылғалы мол аудандарда және суармалы жерлерге күзде қолданудың қажеті жоқ, өйткені оның нитратты азоты шайылып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |