Нәжіс массаларын жұмсартатын (сұйық парафин, миндаль майы). Айдағыш зат жіңішке ішекке әсер етіп, нәжіс массаларын жұмсартып, организмнен шығуына көмектеседі. Әсері 5 сағаттан кейін байқалады, бұл препаратты көбінесе құрсақ бұлышық етін үнемі қатайтып ұстауға болмайтын науқастарға тағайындалады. Бір кемшілігі – препараттың активті компоненттері майда еритін витаминдердің сіңірілуін бұзады.
Ішек көлемін ұлғайтушы препараттар. Үнемі іш қатуы жиі болатын науқастарға тағайындалады. Әсер етуі 8-10 сағат байқалады. Бұл топқа: агар-агар, клечатка, теңіз капустасы, метамуцил.
Осмотикалық, тұз препараттары (дюфалак, форттранс, лавакол, магний сульфат және т.б.). Бұл заттардың активті компоненттері сұйықтықтарды ішке тарту арқылы нәдіс массаларын ерітеді. Тұзды медикаменттер ішектің барлық бөлімдеріне әсер етеді. Әсері 3-5 сағаттан кейін. Кемшілігі – су алмасу бұзылысы болу мүмкіндігі жоғары.
Ішек перистальтикасын стимуляциялайтын препараттар (гуталлакс, бисакодил). Препараттар клизманың орнына қолданылады. Жағымсыз әсерлері: асқазан спазмын, ауруын тудыру мүмкін. Бұл топқа сонымен қоса кастор майын жатқызады, бірақ ол тек жіңішке ішекке әсер етеді және басқаларға қарағанда жұмсақ әсер етеді.
Мовипреп. Ішектің моторлық қызметін күшейтетін препараттар тобына жатады. Тоқ ішектегі сұйықтықты ұстап тұру әсерінен ондағы қатты нәжіс массаларын жұмсартып, ішектің жеңіл босаңсуына алып келеді. Мовипреп ұнтақ түрінде 4 Саше (А және Б) пакетик формасында шығарылады.
Саше А құрамы:
Макрогол ішектегі нәжіс массаларында сұйықтықты ұстап, ішек перистальтикасын күшейтетін зат. Бұл компонеттердің артықшылығы нәжіс массаларын шығаруынан бөлек, ол организмдегі минералды тұздар мен электролиттерді ұстап, су-электролит баланс бұзылуының алдын алады.
Мовипрептің басқа анологты препараттардан айырмашылығы – тоқ ішекті тазалау үшін препарат көп сұйықтықты қажет етпейді. 3-4 литрдің орнына 2 литр суға препаратты ерітеді.