Тоқ ішектің төменгі бөліміндегі кідіріп қалған нәжісті жібіту және шығару үшін қолданатын тазалау клизмасын іш қату кезінде, улану кезінде токсикалық заттарды шығару үшін, операция және босанар алдында, ас қорыту жолдарын рентгендік және тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу алдында, дәрілік клизманы жүргізер алдында қолданады.
Тазалауклизмасынжүргізугеқарсыкөрсеткіш
Тоқ ішектің шырышты қабатының жедел қабыну аурулары және эрозиялы-жаралары, іш қуысының кейбір жедел хирургиялық аурулары (жедел аппендицит, жедел перитонит, асқазан-ішектен қан кету, іш қуысындағы мүшелерге операция жасағаннан кейінгі бірінші күні, жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі) тазалау клизмасын жүргізуге қарсы көрсеткіш болып табылады.
Тазалауклизмасынқою
Тазалау клизмасы жүргізу үшін резеңкелі Эсмарх кружкасын (ұшында тесігі бар сыйымдылығы 1-2 л) қолданады, оған ұштығы бар ұзындығы 1,5 метр резеңкелі түтікшені жалғайды. Түтікшенің ұшында кружкадан судың ағуын реттейтін шүмегі болады.
Клизма қою үшін қолданатын судың температуасы
Ересек адамға тазалау клизмасын қою үшін 1-1,5 л жылы су қажет (25-35 °С). Егер тоқ ішектің жиырылуын күшейту қажет болса (атониялық іш қату кезінде), онда неғұрлым төменгі темпертуардағы суды қолдануға болады. (12-20 °С). Керісінше, егер ішектің бұлшықет қабатын босаңсыту қажет болса (спастикалық іш қату кезінде), онда 37-42 °С суды қолданады. Тазалау клизмасының әсерін күшейту үшін кейде 2-3 ас қасық глицирин немесе өсімдік майын немесе балаларға арналған сабынның бір ас қасықтай мөлшерін суда ерітеді.
Сифондыклизманықоюғакөрсеткіш
Сифонды клизманы емдеу мақсатында улану, зат алмасу өнімдерімен улану кезінде
(мысалы,созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі), динамикалық және механикалық ішек өтімсіздігі кезінде (кей жағдайда операция алдындағы дайындық ретінде), сонымен қатар тазалау клизмасы нәтижесіз болған жағдайларда қолданылады. Сифонды клизманы ішек өтімісіздігін диагностикалау мақсатында (жуынды суда ауа көпіршіктерінің және нәжіс қалдықтарының болмауы оның симптомдарының бірі) жүргізіледі. Ішек өтімісіздігі кезінде шажырқай тамырларының тромбозы немесе эмболиясына күдік туса сифонды клизманы жүргізуге болмайды.