1. Саше А және Саше Б бір-бір пакетиктерін алып 1 литр суға екеуін де етітіп, операция немесе колоноскопияға дайындық ретінде кешкісін 1-2 сағат ішінде қабылдануы тиіс.
2. Таңертең операция немесе колоноскопия күні қалған екі Саше А және Саше Б пакетиктерін 1 литрге араластырып 1-2 сағат ішінде операцияға 1 сағат қалғанға дейін қабылданып болуы тиіс.
Қабылдау тәртібінің басқа тәсілі 2 литр суға барлық пакетиктерді кешкісін ерітіп, 1 литрін кешкісін, 1 литрін таңертең қабылдайды.
Мовипреп препараттарының артықшылығы – ол жергілікті әсер етіп, қан айналымға сіңірілмей, өзгермеген күйде шығарылады.
Жағымсыз әсерлері:
Ас қорыту жүйесі бойынша: диарея, жүрек айну, лоқсу, тік ішектегі жағымсыз сезімдер, іш кебуі.
Жүйке жүйесі бойынша: бас ауруы, айналуы, сирек жағдайда қалтырау.
Фортранс Преапараттың әсер етуі жоғары молекулярлы полимермен электролиттердің изотоникалық ертіндісімен қосылуына негізделген.
Макрогол 4000 (Фортранс препаратының негізгі компоненті) – асқазан мен ішек ішектегі судың сіңірілуіне кедергі жасап жиі дефекация арқылы ішек құрамының эвакуациясын жылдамдатады. Препарат құрамына кіретін электролиттер организмдегі су-электролиттік баланстың бұзылуына кедергі келтіреді.
Қабылдау тәртібі:
Фортранс ұнтақ түрінде 4 пакеттен тұрады.
1 пакетті 1 литр суға ерітеді. Препарат дозасын есептегенде 1 литр ерітілген затты дене салмағының 15-20 кг сәйкес келеді, яғни уақытша есеппен 3-4 литрдей болады.
Препаратты кешкісін қажет дозаны әрбір 20 минут сайын 200 мл-ден ішіп отыралы. Таңертеңгі қабылдауын операцияға дейін 3-4 сағат бұрын аяқтауы тиіс.