Сурет
1.
инновациялық
процестер
модельдерінің дамуы
Инновациялқ процестер мен оның кезеңдерін
алғаш рет зерттеу 1950-1960 жылдарға тура келеді.
Бұл кездері сызықтық модель кеңінен таралып,
он басты міндеті ғылыми зерттеулер болатын,
сондықтан оны «технологиялық ұмтылыс» моделі
деген атауға ие болды (Technology push или Science
push) (1-сурет).
ЭКОНОМИКА
ЭКОНОМИКА
процестерінің тиімділігіне негізінен ғылым мен
техниканың даму деңгейі ықпал көрсетті. Сонымен
қатар, инновациялардың теориясы қалыптасып, ол
келешекте ғылымның, білім мен шығармашылықтың
экономка мен жалпы қоғамның дамуына қандай
ықпал көрсететіні зерттеле бастады. Инновациялар
теориясының қалыптасуы мен дауында үш кезеңді
ажыратуға болады: 10-30 жылдар – теорияның не-
«Ә
д
іл
ет
т
ің
»
ғы
л
ы
м
и
ең
б
ек
т
ер
і №
1
(
39
)
20
12
1
Сурет 2 алғашқы буынды инновациялық процестің сызықтық моделі
Дереккөздер: [7, б.8] негізінде автор құрастырған.
Берілген модель классикалық болып саналатын, оны ұзақ уақыт бойы өз жұмыстарында
М.И.Туган-Барановский, Й.Шумпетер, Н.Розенберг, А.Филипс дамытқан болатын. Олардың
пікірінше жаңа өнімдерді жасау идеясы ғылыми зерттеулер барысында пайда болатындықтан,
инновациялардың бастамасы болып тек қана ғылым мен технологиялар бола алады, ал
рыноктың бұл жерде әсері өте мардымсыз келеді. «Технологиялық ырғақ» моделінің кемшілігі
– барлық жаңа идеялар тұтынушыны міндетті түрде қызықтырып, ал жаңа білім міндетті түрде
инновацияға айналады деген көзқарас болды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, фундаментал-
ды зерттеулер нәтижесінің тек 5% өндіріске тікелей енгізіледі екен.
Инновациялық процестің екінші жаңа буыны (1960 жж. аяғы, 1970 жж. басы) да кезеңдерінің
сызықтық түрінде болғанымен, тұтынушыға бейім келеді. (сур.2). Мұндай инновациялық про-
цесс «сұранысты шақыру» деген атауға ие болды (Market pull или Demand pull). Бұл моделдің
жақтаушылары Г.Менш, П.Друкер болған еді.
Дегенмен, «сұранысты шақыру» моделінің де бірқатар кемшіліктері бар, ол тек тұтынушылар
сұраныстары ғана инновациялар көзі болып табылады дегенге саяды.
Шынында да, дәуірлік және негізгі инновацияларға негізінен «технологиялық ырғақ» моделі
сәйкес келеді, ал жақсартушы микроинновациялар мен псевдоинновациялар негізінен рыноктық
сұранысқа тәуелді келеді. Р. Росвелл, К.Фримен, және Н.Розенберг сияқты авторлардың зерттеу-
лері инновациялық процесте рыноктық факторлардың да, ғылыми-техникалық факторлардың да
маңызды екендігін көрсетті, бұл 1970 жылдары және 1980 жылдардың ортасында инновациялық
процестің үшінші буынды сызықтық емес моделдерінің пайда болуына әкеліп, ол аралас және
тізбекті модель деп аталды. (сур.3 және .4).
Сурет 1.2. инновациялық процестің екінші буынды сызықтық моделі – («сұранысты
шақыру»)
Дереккөздер: [7, б.9] негізінде автор құрастырған.
ЭКОНОМИКА
ЭКОНОМИКА
«Ә
д
іл
ет
т
ің
»
ғы
л
ы
м
и
ең
б
ек
т
ер
і №
1
(
39
)
20
12
1
Сур.3 инновациялық процестің сызықтық емес моделі – аралас модель
Дереккөздер: [7, б.12] негізінде автор құрастырған
Сур.4 инновациялық процестің сызықтық емес моделі – тізбекті модель
Инновациялық белсенділік бүкіл әлемде қарқына алуына қарай, инновациялық процестер де,
олардың саны мен кезеңдерінің реті де өзгеріске ұшырап отыр, осының нәтижесінде қазіргі за-
ман талабына сай, инновациялық процестердің жаңа моделдері пайда болып отыр.
Ғылыми қызметкерлер қазіргі кездің өзінде IV және V буынды моделдерді алға тартып отыр [7,
с. 24], олардың инновациялық процесс кезеңдері мұқият қарастырылып, субъектілер арасындағы
байланыстар мен өзара байланыстардың жаңа түрлері енгізіліп отыр. (Сур.5, 6).
Сур.5 IV буынды инновациялық процесс моделі – «құрастырылған» модель
Дереккөздер: [7, б.21] негізінде автор құрастырған.
ЭКОНОМИКА
ЭКОНОМИКА
«Ә
д
іл
ет
т
ің
»
ғы
л
ы
м
и
ең
б
ек
т
ер
і №
1
(
39
)
20
12
1
Инновациялық процестің сызықтық емес
моделдері алғашқы және екінші буын-
ды моделдердің біріктірілуімен жасалып,
технологиялық мүмкіндіктер мен рынок
талаптарының арасындағы байланысқа негізде-
леді. Әдеттегі моделдерге қарағанда сызықтық
емес моделдерге келесі түбегейлі ерекшеліктер
тән:
- біріншіден, сызықтық емес инновациялық
процесс сияқты, инновациялық ой да
инновациялық циклдің кез келген кезеңінде,
инновациялық қызметтің кез келген субъектінде
пайда бола алады;
- екіншіден, инновациялық процестің
сызықтық емес моделі жаңа ғылымның пай-
да болуы мен трансформациясы бұлыңғыр ке-
летін «технологиялық кеңістікте» емес, өзінің
жеке құндылықтары мен мүдделері бар, нақты
экономикалық субъектілерде іске асырыла ала-
тынын есепке алады;
- үшіншіден, сызықтық емес көзқарасқа
сәйкес, инновациялық процесте субектілерден
гөрі, олардың арасындағы қарым-қатынас ең
маңызды қызмет атқарады;
- төртіншіден, инновациялық процес-
терді реттеу механизмы, өйткені олардың
тиімділігі инновациялық процесске тартылған
субъектілердің
өзара
қарым-қатынасына,
сонымен
қатар,
ғылыми-техникалық
және инновациялық қызмет атқарылатын
институционалдық жағдайдаларға тура бай-
ланысты болғандықтан, олар аса маңызды
болып келеді. [8, С. 10]. Сондықтан, егер
сызықтық инновациялық процесті реттеу - ең
бастысы инновациялық қызметтің жеке субъ-
ектілерін қолдауды қажет етсе, сызықтық емес
инновациялық процесті реттеу субъектілер
арасындағы жүйе түзуші өзара қатынастарға
үлкен назар аударуды қажет етеді.
Осылайша, сызықтық емес инновациялық
процестерді түсіну және инновациялық
қызметтің жеке кезеңдері мен субъектілерінің
өзара қатынастарының қаншалықты маңызды
екендігін зерттеу барысында инновациялық
жүйелердің теориясы қалыптасты. Ұлттық
инновациялық жүйе концепциясының негіз-
гі тұжырымдарын неміс экономисті Ф.Лист
сонау 1841 жылы жариялағанымен, бұл жаңа
көзқарастың иесі деп К.Фриманды білеміз, ол
өткен ғасырдың 1980 жылдары (инновациялық
процесстердің сызықтық емес моделдерінің даму
мезгілі) ұлттық инновациялық жүйе түсінігін
енгізіп, оны жаңа технологиялар, өнімдер мен
қызметтерге айналатын жаңа білімді туындап,
танымал қылатын экономикалық субъектілердің
және қоғамдық институттардың (құндылықтар,
нормалар, құқықтар сияқты) өзара күрделі
қарым-қатынастар жүйесі ретінде алға тартты
[9, с. 37].
Ұлттық инновациялық жүйе концепциясының
пайда болуы, біздің пікірімізше, инновацияларды
қарастыруда жүйелі көрініс беріп, тәжірибелік
тұғырдан өте маңызды болып табылатындықтан,
инновациялық
процестер
теориясының
дамуының ең маңызды деген нәтижесі болып
табылады. Өйткені мемлекеттегі инновациялық
қызметтен алынатын толықтай синергетикалық
әсер тек ұлттық инновациялық жүйенің дамуы-
мен іске асырыла алады.
ӘДеБиет
1. Бажал Ю.М. Экономическая теория тех-
нологического прогресса: Учебное пособие /
Ю.М.Бажал. – К.: Заповіт, 1996. – 240 с.
2. Mensch G. Das Technologische Patt:
Innovationen überwinden die depression / G.Mensch.
- Frankfurt am Main: Umschau. Verlag, 1975. -
115 р.
3. Яковец Ю.В. Эпохальные инновации XXI
века / Ю.В.Яковец; Междунар.ин-т П.Сорокина
– Н.Кондратьева. – М.: ЗАО «Издательство
«Экономика», 2004. – 444 с.
4. Глазьев С.Ю. Теория долгосрочного технико-
экономического развития / Междунар. фонд эко-
номических реформ - М.: ВлаДар, 1993. – 310 с.
5. Осецький В.Л. Инвестиции и инновации: про-
блемы теории и практики. - К.: ІАЕ УААН, 2003.
- 413 с.
6. Чухно А.А. Информационная Постиндус-
тиарльная экономика: теория и практика. /
А.А.Чухно // Твори: у 3 т. - К. :НАН Украины,
КНУ им.Тараса Шевченко, 2006. - Т.2. – 512 с.
7. Rothwell R. Towards the Fifth-generation
Innovation Process / Rothwell R. // International
Marketing Review. – 1994. -Vol.11. - №1. - Р. 7-31.
8. Дежина И.Г., Салтыков Б.Г. Механизмы сти-
мулирования коммерциализации исследований и
разработок. – М.: ИЭПП, 2004. – 152 c.
9. Freeman С. Technology Policy and Economic
Performance: Lessons from Japan / Freeman С.. -
London: Frances Printer Publishers, 1987. – 168 p.
10. Гармашова Е. П. Развитие теории иннова-
ционных процессов. -М.: Молодой ученый. - 2011.
- №2. Т.1.- С. 90-94.
ЭКОНОМИКА
ЭКОНОМИКА
«Ә
д
іл
ет
т
ің
»
ғы
л
ы
м
и
ең
б
ек
т
ер
і №
1
(
39
)
20
12
10
Н
арықтық қатынастар субъектісінің өндірістік және
қаржылық қызметінің концепциясы – тәуекел про-
блемасы болып табылады.
Кез келген банк қызметінің табыстылығы банктің берген
несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне
тікелей байланысты. Несиенің уақытында қайтарылмауы
банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер не-
сиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналасып
отыруға тиіс.
Экономикалық сөздікте “тәуекел” сөзі қауіп, шығынның
болу мүмкіндігі немесе келтірілген зиян деген сөздермен
көрсетілген. Расында да экономикалық тілде “тәуекел” деген
сөз өндірушінің жарты ресурстарын жоғалту қаупі, белгілі
бір қаржылық немесе өндірістік ойды жүзеге асырған кездегі
пайданы алмай қалу немесе шығынның көбейіп кету қаупі деп
түсіндіріледі [3]. Тәуекелдің мәні – жоспарлаған қорытындыға
жетпеу мүмкіндігі. Сонымен қатар мүмкін болатын өткізіліп
алған пайда тәуекелі, яғни қаржылық зардап шегудің жана-
ма тәуекелі белгілі бір өндірістің тоқтап қалуы немесе бір
өндірістік шарадан құр қалумен анықталады. Бұл проблемаға
тереңірек үңілсек, онда мәселе тек шығын тәуекелі ғана емес,
пайда тәуекелі (жоспарланбаған қосымша пайда түсу) жайлы
да болуы мүмкін, өйкені жоспарлаған қорытынды көп пайда
табу деп те қаралуы мүмкін. Яғни, тәуекел өндірістік жоспар-
лау мен шешімнің қорытындысы ретінде - өндірушіге пайда
әкелмеуі (пайда әкелуі) мүмкін табыссыз (табысты) нарық
қатынастарының жағдайға байланысты сипаттамасы.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған неси-
есі бойынша қарызын немесе оған есептелінген процент-
тік сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты
банктің зиян шегуі сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне
жататындар:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- лимиттер белгілеу;
РАХЫМБЕКОВА А.Б.
Каспий Қоғамдық
университетінің
магистранты
несиелIК тәуеКелдI
басҚарудағы несие
саясатының ролI
ЭКОНОМИКА
ЭКОНОМИКА
«Ә
д
іл
ет
т
ің
»
ғы
л
ы
м
и
ең
б
ек
т
ер
і №
1
(
39
)
20
12
11
- несиелік ұсыныс пен қарыз алушының не-
сиелік қабілетін дұрыс бағалау;
- несиелік тәуекел деңгейіне байланысты
несиелерге рейтинг қою және белгіленген ли-
миттермен салыстыру;
- несиелер бойынша мүмкін болар зияндар-
ды ескере ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін
анықтау;
- несиелік шешімдерді қабылдау барысында
құзіретті бөлу – несиелерді авторизациялау;
- несиелік мониторинг;
- несиелік портфельді басқару;
- проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер
шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін
банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып,
материалдық қорлардың құралу қажеттілігін
зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі
мен өнімнің өтімділігін, ауылшаруашылық
өнімдерін, оның қайта өңдеуін және басқа да
шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несие мөлшері әр
түрлі жағдайларға байланысты болып келеді.
Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие ша-
масы қарыз алушының жасаған өтінішіне бай-
ланысты. Бірақ бұл өтініштегі несие мөлшері
несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен,
сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес кел-
меуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық
жағдайларға байланысты, соның ішінде:
- қарыз алушының төлем айналымындағы
алшақтық шамасына;
- несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-
материалды бағалылар қорына және олардың
өтімділік дәрежесіне;
- маржа деңгейіне;
- несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің
клиентке деген сенім дәрежесіне;
- банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Несиелерді авторизациялау – несиелік
тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін
анықтамалар және тексерулер процесін біл-
діреді.
Несиелік мониторинг – несие бойын-
ша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз
алушының несиелік қабілетінің өзгерісін
қадағалап отыруға байланысты шаралар
жүйесі болып табылады.
Несиелік қоржынды басқару – бұл банк
қабылдауға дайын болып отырған тәуекел
түрлерінің барлығы айқындауды және олардың
ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап
ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып та-
былады.
Несиелік қоржынды басқаруды іске асырудың
ортақ алғышарттарына жататындар:
- нақты қарыз алушылар мен олардың топ-
тары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін
белгілеу;
- несиелік рейтингпен байланысты бола-
тын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел
деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау
формасын жасау;
- әр түрлі салалар бойынша несиелеуді ди-
версификациялау;
- төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды са-
лаларды анықтау;
- жоғары тәуекел деңгейі бар салаларға
қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
- несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимиттерін белгілеу – неси-
елік қоржынды құруға бақылау жасауға
тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді
қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын бас-
ты тәсіл.
Проблемалық несиелерге:
- несиелік келісім-шартта көрсетілген
уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген
және қосымша келісім берілген несиелер;
- сақтандыру, кепілхат немесе кепілдеме-
мен қамтамасыз етілген несиелер бойынша
сақтандыру компанияларының, кепілхатты
және кепілдеме берушілердің банк алдындағы
міндеттемелері орындалмаған;
- несиелерге есептелетін пайыздың неси-
елік келісім-шартта көрсетілген күннен 30 күн
өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жата-
ды.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы
шараларға мыналар жатады:
- қарыз алушының қызметін қайта құру;
- несиені қайтару кестесін өзгерту;
- сыйақы мөлшерін төлеу тәртібін өзгерту.
Несие үшін төлейтін сыйақы мөлшерлемесі
– несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері,
жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем
мен сыйақы маржасының қосындысынан
құралады.
Тәуекелді қабылдау – банк ісінің негізі.
Кез келген банк оның қабылдаған тәуекелі
қадағаланатын, банктің мүмкіндігінің шегі-
ЭКОНОМИКА
ЭКОНОМИКА
«Ә
д
іл
ет
т
ің
»
ғы
л
ы
м
и
ең
б
ек
т
ер
і №
1
(
39
)
20
12
12
нен шықпайтын жағдайда ғана табысқа жетуге
мүмкіндігі бар.
Кесте 1. Банктің жүргізетін операцияла-
ры кезіндегі тәуекелдер түрі
тәуекел түрі
Сипаттамасы
1. Несиелік тәуекел
Банктің пайдасы
көлемінің тезарада
түсу мүмкіндігі және
қарыз алушы өндірістік
орынның несиені
төлей алмау жағдайы
(несиенің есептелген
проценттік сыйақысын
төлей алмауы)
2. Банктің
өтімділік тәуекелі
(балансталмаған
өтімділік тәуекелі)
Банктің акционер-
лік капиталы мен
пайдасына төнген
қауіп, яғни банк басқа
банктен несие алу мен
активтерін іске асыру
кезінде туындайтын
қиындықтар. Бұл
тәуекел банк қарыз
алушының неси-
елік қажеттіліктерін
қанағаттандыра
алмайтын жағдайда ең
қауіпті болып табы-
лады. Бұл жағдайда
актив өтімділігі мен
пассив өтімділігі бөліп
қаралады.
3. Проценттік тәуекел
Несие алушының
несиенің проценттік
мөлшерлемелерін
төлей алмау мүмкіндігі
кезінде туындайды.
4. Банктің өз
ұйымдық- өндірістік
шығындарын төлей ал-
мау тәуекелі (ағымдағы
шығындар тәуекелі)
Банк пайдасының
азаю мүмкіндігі,
ағымдағы шығындар
орнын толтыра алмау
жағдайы. Банктің
жүйелі жұмысының
жүргізілуінің жүзеге
аспауы.
5. Валюталық тәуекел
Халықаралық неси-
елі, валюталық, есеп
айырысу операция-
ларын жүзеге асыру
кезіндегі шетел валюта
курсының күтпеген
өзгерісі негізінде
шығынға ұшырау
тәуекелі.
6. Банктің төлем
қабілетінің
жоқтығының тәуекелі
Банктің өз
шығындарын ак-
ционерлік капитал
арқасында өтеуі. Басқа
қаржы көздерінің
жоқтығы (несиенің
қайтарылуы, басқа
несие көздерін тарту,
активтерді іске асыру).
Мұндай жағдайды
болдырмау үшін акти-
втер мен акционерлік
капиталдың дұрыс
қатынас коэффици-
ентін үнемі тұрақты
ұстап отыру қажет
(бұл коэффициент
капиталдың жеткілікті
capital-to-assets ratio
коэффиценті деп ата-
лады). Яғни, акционер-
лік капиталы барлық
актив шамасының
10%-н құрайтын банк
акционерлік капиталы
6% активті құрайтын
банкке қарағанда көп
қиыншылықтарды
көтере алмайды деген
сөз.
* автормен жасалынған зерттеулер
Аталған тәуекелдер түрлері бір-бірімен
тығыз байланысты. Бұл жерде несиелік
тәуекелдің басқа тәуекелдерге бастама бо-
лып тұрғаны анық көрініп тұр. Яғни несиелік
тәуекел банктің төлем қабілетінің жоқтығы
тәуекеліне және тәуекел өтімділігіне әкеледі
екен. Сондықтан да “банк денсаулығы” не-
сие процесінің дұрыс ұйымдастырылуына
байланысты. Бірақ аталған тәуекелдер іші-
нен проценттік тәуекел банкке тәуелді емес,
өйткені ол несие ресурстарының конъюктура-
сымен тығыз байланысты және банкке тәуелді
емес фактор ретінде қаралады. Дегенмен,
бұл тәуекел түрі банк нарықтық проценттік
мөлшерлемеге өткен кезде несиелік және басқа
тәуекелдер жағдайын қиындатады, ол әрине
банк жағдайына өз әсерін тигізеді. Сурет1 не-
сиелік тәуекелдің мүмкін болатын құрылымы
көрсетілген.
ЭКОНОМИКА
ЭКОНОМИКА
«Ә
д
іл
ет
т
ің
»
ғы
л
ы
м
и
ең
б
ек
т
ер
і №
1
(
39
)
20
12
1
Сурет 1. Несиелік тәуекелдің құрылымы
Кез-келген банктiң қызметiнiң табыстылығы
банктiң берген несиелерiнiң сапасына, яғни
оның қайтарымдылығы дәрежесiне тiкелей бай-
ланысты. Несиенiң уақытылы қайтарылмауы
банктiң зиян шегуiне итермелейдi. Сондықтан
да банктер несиелiк тәуекелдi басқару шара-
лармен уақытылы айналысып отыруға тиiс.
Несиелiк тәуекел–қарыз алушының банктен
алған несиесi бойынша қарызын не оған есеп-
телiнген сыйақысын өз уақытында қайтара
алмауына байланысты банктiң зиян шегуiн
сипаттайды.
Несиенi тиiмдi басқарудың негiзгi элементi,
жақсы дамыған несие саясаты болып табыла-
ды. Яғни оған келесi элементтердi жатқызуға
болады:
- несиелiк қызметтi ұйымдастыру;
- лимиттер белгiлеу;
- несиелiк ұсынысты бағалау және қарыз
алушының несиелiк қабiлетiн бағалау;
- несиелiк тәуекел деңгейiне байланысты
несиелерге рейтинг қою және белгiленген ли-
миттермен салыстыру;
- несиелер бойынша мүмкiн болар зияндар-
ды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесiн
анықтау;
- несиелiк шешiмдердi қабылдау барысында
құзiреттi бөлу-несиелердi авторизациялау;
- несиелiк мониторинг;
- несиелiк қоржынды басқару;
- проблемалық несиелердi қалпына келтiру;
Демек, займдарды беруде, оларды жүргiзуде
және басқаруда объективтi стандарттарды
анықтауда, яғни несиенi басқаруда-негiзгi
процестi несие саясаты жүргiзедi.
Несие саясаты дұрыс жасалған болса, сон-
дай-ақ, жоғарыдан нақты өңделсе және банктiң
барлық деңгейiнде жақсы түсiнiлсе, онда банк
басқарушыларының несие аймағында дұрыс
стандарттарды ұстануға, жұмыстың дамуына,
оны нақты бағалауға мүмкiндiк бередi, соны-
мен қатар артық тәуекелдi болдырмауға өз
үлесiн тигiзедi.
Несиелiк саясаттың болуы ең алдымен
үнемi өзгерiп отыратын күрделi экономикалық
жағдайларды және бұрын болған немесе болып
көрмеген сондай-ақ дұрыс көңiл бөлiнбеген
сұрақтарды шешуге бағытталады;
Тәуекел – бүгiнгi жағдайларды бағалауда
және оның болашақтағы дамуында нақты
ЭКОНОМИКА
ЭКОНОМИКА
«Ә
д
іл
ет
т
ің
»
ғы
л
ы
м
и
ең
б
ек
т
ер
і №
1
(
39
)
20
12
1
мәлiметтердiң өзгеруiнен туындайды. Бiрiншi
жағдайды табыс табу мүмкiндiгi болады, ал
екiншi тәуекелге бару болып табылады.
Егер, шетел тәжiрибелерiне сүйенетiн
болсақ, онда тәуекел жағдайының мазмұны
мен оны белгiлеу жағдайы әр уақытта өзгерiп
отырады. Бұған әр түрлi жағдайлар әсер етедi.
Оларды келесiдей топтарға бөлiп көрсетуге
болады.
- Бiрiншi топ. Қарыз құрылымының өзгеруi,
банктердiң,
әмбебаптылығы,
клиенттер
құрамының теңестiрiлуi, бәсекелестiктiң ше-
гiне жетуi.
- Екiншi топ. Процестердiң өсу өзгерісіне,
iшкi факторларға байланысты: Коньюктура,
ақша саясаты, банктiк емес бәсекелестердiң
көбеюiнен.
- Үшiншi топ. Клиент талаптарының
өсуiнен баға сезiмталдығының өсуiне және
банктiк қызмет көрсетуге сұраныстың
дифференциялдығының өсуiне байланысты;
- Төртiншi топ. Банк шығыстарының өсуi;
- Бесiншi топ. Банк тәуекелдерiнiң сандық
және мазмұндық жағынан өсуi;
- Алтыншы топ. Банктiң iшкi дамуына себебiн
тигiзетiн экономикалық өсу тоқыраушылық
тенденциясының қарқыны.
Тәуекелдi пайда болу себебi әр түрлi бо-
луы мүмкiн, оларды жүйелендiрiп iшкi және
сыртқы деп бөлуге болады. Тәуекелдiң пай-
да болуының сыртқы себептерiне мына
жағдайларды жатқызуға болады. Ол банк
қызметiмен немесе белгiлi бiр клиентпен бай-
ланысты емес, яғни оған саяси, әлеуметтiк,
сыртқы экономикалық, геофизикалық, рево-
люцияны, саяси тәртіптің тұрақсыздығын, ше-
телге төлемнiң алынып тасталуы, мемлекеттiң
iшкi экономикалық жағдайының тоқырауда
болуы, әр түрлi стихиялық апаты тәуекелi -
өрт, жер сiлкiнiсi, топан су басуды жатқызуға
болады. Сондай-ақ сыртқы себептерге
валюталық бағамның тұрақсыздығын, инф-
ляция, клиенттiң төлем қабiлеттiлiгiн, банк
клиентiнiң банкротқа ұшырауы; төлемнен бас
тартуы, белгiленген мерзiмде қарызды төлемеу,
келiсiм-шарт жасалғаннан кейiн клиенттiң
тауарының бағасының өзгеруi, құжат жасауды
және тауар қателiктердiң болуы, жалған ақша
немесе чекпен айырысу.
Ал iшкi тәуекелге негiзiнен банктiң
қызметiмен тiкелей байланысты тәуекелдi
жатқызуға болады, оған: несиелiк валюталық,
пайыздық, өтiмдiлiк, тәуекелi, факторингтiк
операциямен байланысты тәуекел, лизин-
гтiк операциялар бойынша тәуекел, бағалы
қағаздармен
жасалынатын
операциялар
тәуекелiн жатқызамыз.
Жоғарыда атап кеткен тәуекелдер бiр-
бiрiмен тығыз байланысты. Мысалы, соғыс
жағдайы болған кезде, жалпы сол мемлекет
экономикалық дағдарысқа ұшырайды, басқа
мемлекеттермен байланыс үзiледi. Яғни, ол
банк клиентiнiң банкротқа ұшырауына алып
келедi, (шет елдермен операцияны жүргiзушi)
банк балансы бұзылады, демек ол банктiң жа-
былуына әкеледi. Несиелiк тәуекелдiң пайда
болуына сыртқы, саяси және геофизикалық,
сондай-ақ әлеуметтiк катаклизм және
экономикалық тоқырау барлығы да өз ықпалын
тигiзедi. Ал iшкi әсер етушi факторларға
банктiң несиемен байланысты операцияларын
жатқызуға болады.
Несиелер бойынша банктердiң зиянға
ұшырауының өсуiне бiршама әсер ететiн
факторларға жасалынған талдау, батыстың
банкирлерiне мынандай қорытынды жасауға
мүмкiндiк бередi.
Дүние жүзiлiк банктiң мәлiметтерiне сәйкес,
несиелер бойынша банктердiң зиян шегуiнiң
басты себебiне, 67% iшкi факторлар, ал 33% -
ы сыртқы факторлар үлесi келедi (Кесте 2).
Достарыңызбен бөлісу: |