Научный журнал


ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата06.03.2017
өлшемі2,36 Mb.
#7980
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
131 
калық  негізгі  қағидалары:  студенке  ізгілік 
тұрғысынан  қарау;  оқыту  мен  тəрбиенің 
бірлігі;  танымдық  күшін  жетілдіру  жəне 
дамыту;  танымдық  жəне  шығармашылық 
икемділігін  дамыту;  жүйелі  жұмыс  істеу 
жəне тағы басқалары. Сондықтан жоғарыда 
айтылған  педагогикалық  технологияларын 
талдау  барысында  мына  факторлар  еске-
рілуі керек: 
- алынып отырған технологияның са-
бақтың  тақырыбы  мен  мазмұнына  сай 
болуы; 
-  тиімділігі,  жүйелілігі  жəне  тағы  да 
басқалары. 
Қазіргі  кезде  оқу  технологиясы  өзі 
техникалық  құралмен  оқытуды  қарасты-
рып, 
бүгінгі 
таңда 
педагогикалық 
технологияны  педагогикалық  тапсырма-
ларды шешумен байланысты, педагогтің іс-
əрекеті ретінде немесе алдын-ала жобалан-
ған  педагогикалық  процестің  тəжірибеде 
тұрақты  жəне  жалғастырмалы  шығаруы 
ретінде түсіндіріледі. 
2005-2010  жылдарға  арналған  Мем-
лекеттік бағдарламасына сəйкес, білім беру 
жүйесінде  Қазақстанның  Болон  процесіне 
енуіне  жағдай  жасалынады  жəне  оқу  про-
цесін  ұйымдастырудың  дəстүрлі  жүйесінің 
орнына  студенттердің  өздік  белсенді  жұ-
мыс  істеуін  ынталандыруды,  жеке  білім 
траекториясын  таңдауды,  мобильділікті, 
академиялық  еркіндіктің  кеңдігін  қамта-
масыз  ететін,  əлемдік  білім  кеңістігінде 
білім  беру  құжаттарын  тануға  мүмкіндік 
беретін  оқытудың  кредиттік  жүйесі  енгі-
зіледі. 
Кредиттік  жүйемен  оқытудың  басты 
ерекшелігі: əлемдегі білім берудің ең үздік 
технологиялық 
тəжірибелерін 
қолдана 
отырып, елімізге қажетті мамандарды сапа-
лы  дайындап  шығару.  Мұнда  бұрыннан 
қолданылып  жүрген  оқытудың  əдіс-тəсіл-
дерімен қатар жаңаша көзқарас тұрғысында 
студенттің  ізденуіне,  сапалы  білім  алуына 
жағдай туғызу қарастырылған. 
«Кредиттік  технология»  атауы  сту-
денттердің  оқу  жұмыстары  көлемінің  бі-
рыңғайланған  өлшеу  бірлігін  білдіретін 
«кредит»  сөзінен  шыққан.  Кредит  сөзінің 
мағынасы - сенім, яғни студентке сенім біл-
діру  арқылы  оның  білімін  көтеруіне,  өздік 
ізденісіне, əрбір өтілген тақырыпты шығар-
машылықпен  меңгеруіне  жол  ашу.  Кре-
диттік  оқыту  окытудың  бірізді  емес  (сы-
зықтық) жүйесіне жатады. Оқытудың біріз-
ді  емес  жүйесі  -  студенттердің  белгілі  бір 
деңгейде  (оқытудың  қосымша  түрі  мен 
таңдауы  бойынша  компоненті)  білім  алу 
процесін  жүйелі  түрде  жекелей  жоспарлау 
мүмкіндігін  белгілейтін,  оқу  процесін 
ұйымдастыратын тəсіл [7, 8, 9]. 
Оқытудың  бірізді  жүйесі  студент-
терге  оқытудың  логикасына  сəйкес  нақты 
мерзімде қатаң белгіленген көлемде жүйелі 
түрде кəсіптік білім бағдарламалары пəнде-
рін оқуды көздейді. 
Бірізді  емес  оқыту  жүйесінің  бірізді 
жүйеден айырмашылығы төмендегідей: 
-  оқу  жоспарындағы  əрбір  пəн  бой-
ынша  оқытушылар  мен  студенттердің 
еңбек  шығындарын  бағалау  үшін  кредит 
жүйесін енгізу; 
- жеке оқу жоспарын қалыптастыруда 
оқу жұмыс жоспарында қамтылған пəндер-
ді студенттер еркін таңдай алады; 
- жеке оқу жоспарын жасауға студент 
тікелей қатыса алады; 
-  оқу  орнында  профессор-оқытушы 
құрамы жеткілікті болған жағдайда студент 
өзі қалаған оқытушыны тандай алады, сту-
дент  кейбір  қосымша  кредитті  өздерінің 
қалаған уақыттарында алуға құқығы бар; 
-  студенттерге  оқу  траекториясын 
таңдауларына  көмек  көрсететін  эдвайзер-
лерді оқу процесіне қатыстыру; 
-  студенттердің  əр  пəн  бойынша  оқу 
жетістіктерін  бағалауда  баллды-рейтингтік 
жүйені қолдану. 
Оқу  процесін  ұйымдастыруда  орта 
кəсіптік  білім  берудің  білім  беруге  арнал-
ған  кəсіптік  бағдарламаларының  мазмұны 
орта  кəсіптік  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға  бірдей  міндетті  стандарттарына 
сəйкес  анықталып,  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламалары  арқылы  жүзеге  асыры-
лады. 
Оқу жоспары үш түрлі формада дай-
ындалады:  1)  типтік  оқу  жоспары,  2)  оқу 
жұмыс  жоспары,  3)  əp  студенттің  жеке 
білім  траекториясын  анықтайтын  жеке  оқу 
жоспары. 
Кредиттік  технологияның  негізгі 
ерекшелігі - студенттің жеке оқу жоспарын 
құруында.  Студенттің  жеке  оқу  жоспары 
дегеніміз  -  эдвайзердің  көмегімен  əр  оқу 
жылына  берілген  форма  бойынша  əрбір 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
132 
жеке  студенттің  білім  траекториясын  ай-
қындауы. Ал эдвайзср (Advisor) - оқыту ба-
рысында  білім  беру  бағдарламасын  меңге-
руде  жəне  (жеке  оқу  жоспарын  қалыптас-
тыруда) оқу траекториясын таңдауға көмек 
көрсететін, студенттердің мамандықтарына 
сəйкес  жетекшілік  қызметін  атқаратын 
кафедра оқытушысы. 
Студенттердің  өздік  жұмыстары  – 
оқу-əдістемелік  əдебиеттермен  жəне  нұс-
қаулармен  қамтамасыз  етілген,  тест,  бақы-
лау  жұмыстары,  коллоквиумдар,  реферат-
тар,  шығармалар  жəне  есеп  түрінде 
тексерілінетін  нақты  тақырыптар  тізімдері 
бойынша өз бетінше оқуға бөлінген жұмыс; 
студенттердің  категориясына  байланысты 
ол  СӨЖ  -  студенттердің  өздік  жұмыстары 
жəне  сабақ  кестесінде  белгіленген  аудито-
риядан  тыс,  оқытушының  басшылығымен 
студенттердің  өздік  жұмыстары  болып 
бөлінеді. 
Студенттердің 
өздік 
жұмыстары 
(СӨЖ)  студенттерден  өзін-өзі  дамыту  мен 
өздігінен білім алудағы қажеттіліктің туын-
дауына  сəйкес  жəне  алынған  білімдері, 
іскерліктері,  дағдылары  мен  компетенция-
ларының орнықтылығына жəне тереңдігіне 
əсер  ететін  оқу  процесінің  сапасын  интег-
ралды  бағалаудың  маңызды  факторы 
болады.  СӨЖ  барысында  студент  өз  бағы-
тын, ынтасын қорғай алатын жəне дəлелдей 
білетін,  еркін  сын  тұрғысынан  ойлау 
дағдысына  ие  бола  алатын  оқу  процесінің 
белсенді мүшесі болады. 
Оқытудың 
кредиттік 
жүйесінің 
мақсаты  бірыңғайланған  білім  дипломда-
рының  айқындығы  мен  танылым,  отандық 
білім  беру  жүйесінің  халықаралық  білім 
кеңістігінде үйлесуі болып табылады. Оқы-
тудың  кредиттік  жүйесінің  негізгі  міндет-
тері  -  білім  көлемін  бір  ізге  келтіру, 
оқытуды  барынша  даралау  үшін  жағдай 
жасау  жəне  студенттердің  өздік  жұмыста-
рының  рөлдері  мен  тиімділігін  күшейту 
[10, 11, 12]. 
Қазақстанның орта кəсіптік білім бе-
ру  жүйесіне  оқытудын  кредиттік  техноло-
гиясын  енгізудегі  басты  міндет  -  осы 
жүйенің  тұжырымдамасын  жасау  мақса-
тында  ұлттық  ерекшеліктер  мен  қажетті-
ліктерге  негізделген  кредиттік  жүйені 
қолданудағы  шетелдік  тəжірибені  мұқият 
зерттеп,  олардың  оң  жəне  теріс  жақтарын 
қарастыру қажет. 
Кредиттік  жүйе  бойынша  студенттің 
білімін бағалау баллдық – рейтингтік жүйе 
бойынша  жүзеге  асырылады.  Баллдық  – 
рейтингтік жүйе бойынша ағымдық, рубеж-
дік  бақылау,  өздік  жұмыстың  орындалуын 
бақылау,  қорытынды  ағымдық  аттестация 
өткізіледі. 
Рейтингтік  жүйе  қазіргі  Қазақстан-
ның  барлық  оқу  мекемелерінде  студент-
тердің  үлгерім  дəрежесін  бағалауда  қолда-
нылады.  Рейтингтік  жүйе  мақсаты  –  бар-
лық оқытылатын пəндер бойынша студент-
тердің  білім  дəрежесіне  объективті  баға 
беру.  Рейтингтік  жүйе  əрбір  топқа,  оқу 
жоспары 
бойынша 
берілген 
пəннің 
сағатымен  есептелінеді.  Пəн  бойынша 
білімнің  қорытынды  бағасына  семинарлық 
жəне  практикалық  сабақтар,  лаборато-
риялық  жұмыстар,  баяндама  конспект, 
реферат,  аудиториялық  бақылау  жұмыста-
ры  енеді  жəне  олардың  нəтижелері  ке-
зеңнен  өту  барысында  ұпайлары  есепте-
лінеді. 
Білімді  бағалаудағы  рейтингтік  жүйе 
студенттердің  өздік  жұмысына  бағытта-
лып,  студенттердің  өз  бетімен  оқуы,  өзін-
өзі тануы мен өзін-өзі тəрбиелеу қасиеттері 
дамиды.  Ол  үшін  студенттердің  өзіндік  іс-
əрекет  түрлерін  дұрыс  ұйымдастыра  алу 
мен  өзара  сəйкесуі  аса  маңызды.  Студент-
тердің  өздік  жұмыс  жүйесі  семестрдің 
алғашқы күнінен бастап ұйымдасуы қажет. 
Студенттердің  өздік  жұмысына  арналған 
тапсырмалар  кешіктіріліп  берілуінің  өзі 
студенттерді  селқостыққа,  жұмысқа  шы-
дамсыздығын,  психологиялық  ауыртпа-
шылығын,  семестрдің  басында  жеңіл 
болып, семестрдің соңында ауыртпашылық 
күшінің түсуін байқатады. 
Білімді бағалаудағы рейтингтік жүйе-
ні қолдану тəжірибесі тиімді нəтижені бере 
алады. Рейтингтік жүйенің ерекшелігі: 
-  Студенттердің  өздік  жұмыс  жасау 
дағдылары  дамып,  шығармашылық  потен-
циалы жоғарылайды; 
-  Сəттілікке  апаратын  жолдарды  сту-
дент  алдын  ала  жəне  нақты  біле  алады 
(қажетті ұпайлар санын жинау); 
-  Жинаған  ұпайлар  санына,  көлеміне 
байланысты студент пəннен немесе семест-
рлік емтиханнан босатылуы мүмкін; 
-  Студент  топтағы  рангтен  жоғары 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
133 
болуға тырысады; 
- Рейтинг жарысу элементін көрсетіп, 
оқудағы жағымды мəнге ие болады; 
-  Студенттің  семестр  бойы  атқа-
рылған жұмыстарын нақты бағалайды; 
-  Ағымдық  жəне  аралық  бақылау 
рөлдері ерекше орын алады, себебі студент 
осы  кезеңде  80%  ұпайды  алуға  мүмкіндік 
туады  жəне  студенттің  күнделікті  жүйелі 
жұмысқа деген стимулы пайда болады; 
-  Бұл  жүйе  студенттердің  оқу  іс-əре-
кетін жүйелі басқаруға ынта береді; 
-  Рейтингтік  жүйе  студенттердің  ақ-
параттық  оқыту  технологияларын  меңгеру 
дағдылары қалыптасады; 
-  Студенттер  өз  іс-əрекетін  страте-
гиялық түрде таңдауға мүмкіндік береді. 
Рейтингтік  жүйені  модульдік  жəне 
қашықтық  оқыту  технологияларында  қол-
дану тиімді болып келеді. Себебі, олар бір-
бірін  толықтырып,  оқыту  процесін  жетіл-
діруді қамтамасыз етеді [13, 14]. 
Модульдік-рейтингтік  жүйе  оқыту 
процесін  ұйымдастырудың  тиімді  əдістер-
дің бірі жəне студенттердің жұмысқа деген 
қызығушылығын  оятады.  Бұл  жүйе  оқы-
тудың  жетекші  мақсаты  ретінде  өзін-өзі 
жетілдіру  мен  өзін-өзі  дамытуына  репро-
дуктивті  білімді  алумен  байланысты.  Мұ-
ның  өзі  адекватты  (дұрыс)  өзін-өзі  баға-
лауы  дамиды  жəне  білімді  бағалаудағы 
объективтілікті  жоғарылатады.  Модульдік-
рейтингтік  оқыту  жүйедегі  жетекші  рөл 
төмендегі мақсаттармен байланысты: 
1)  Соңғы  алынған  нəтиженің  жоғары 
деңгейге жетуі; 
2)  Студенттің  жұмысқа  деген  ком-
фортты жылдамдығы; 
3)  Студенттердің  өз  мүмкіндіктерін 
анықтай алуы; 
4)  Оқыту  мазмұнының  оңтайлы  құ-
рылуы; 
5)  Оқытудың  түрлері  мен  форма-
ларының интеграциясы [5, 14]. 
И. Унт тұжырымдамасында өздік жұ-
мыс үшін дербес оқу тапсырмаларын орын-
дауға басшылық ету деп қарастырады. 
А.С.  Границкая  бойынша  сабақта 
ерекше сызықтық емес түрде құру: бірінші 
бөлім – барлығын оқыту, екінші бөлім – екі 
процесті қамтиды. Студенттердің өздік жұ-
мысы  мен  оқытушының  жекеленген  сту-
денттермен  дербес  жұмысы.  Тірек  схема-
ларын  пайдалану,  жұппен  жұмыс  жасау, 
бейімделген  көп  деңгейлі  тапсырмаларды 
орындау іске асырылады. 
В.Д.  Шадриковтың  айтуынша  əрбір 
студенттің  қабілетіне  қарай  оқытуды  көз-
дейтін алты деңгей үшін оқу жоспары, бағ-
дары  жəне  əлеуметтік  құралдар  жасалған 
қиындықтың  алты  деңгейі  барлық  сту-
денттерді  қамти  отырып,  əрбір  студенттің 
қабілетіне  қарай  бейімдеу  арқылы  оқу 
процесін ұйымдастыруды көздейді [5, 13]. 
Қазіргі  таңда  кредиттік  оқыту  жүйе-
сіндегі  студенттердің  өздік  жұмыстарын 
ұйымдастыру  рөліне  көңіл  бөлінуде. 
Сондықтан  біз  кредиттік  жүйеде  білім 
алатын  студенттердің бейнесін  сипаттауды 
жөн көрдік. Олардың дəстүрлі оқыту жүйе-
сінен  айырмашылығын  көрсету  жəне  білім 
беру  жүйесіндегі  кредиттік  оқыту  бары-
сында  студенттің  өздік  жұмысын  ұйым-
дастыру  мəселелерін  де  қарастыру  қажет. 
Олай  болса,  студенттердің  өздік  жұмыс-
тарын  ұйымдастыру  жəне  өздік  жұмысты 
орындауда  іскерлік,  дағды  мен  икемділік 
қасиеттерін қалыптастыру білім беру жүйе-
сінде маңызды орын алады. Кредиттік оқы-
ту  жүйесіндегі  студенттердің  іс-əрекетін 
төмендегі кестеден (4 кесте) көре аламыз. 
Студенттерге  жəне  оқытушыларға 
қойылатын  талаптардың  өзгеруі  педаго-
гикалық  процесті  ұйымдастыруда  негізгі 
мəселелердің бірі болып қала береді. Алай-
да, дəстүрлі оқыту жүйесінің қызметі жаңа 
дидактикалық  мазмұндарға  толықтырылып 
отыр.  Дəстүрлі  оқыту  жүйесінің  талапта-
рына:  ұйымдастыру  (жұмысты  жоспарлау, 
т.б),  дидактикалық  (оқу  материалдарын 
нақты  таңдау  мен  дайындау  іскерлігі,  оны 
айқын  жеткізу,  рухани  қажеттіліктері  мен 
танымдық  қызығушылықтарын  дамыту), 
перцептивті  (тəрбиеленушілердің  жандү-
ниесін  түсіну,  психикалық  ерекшеліктерін 
айқындау  жəне  эмоционалды  жағдайын 
объективті түрде бағалау), коммуникативті 
(студенттермен,  əріпестерімен,  білім  беру 
мекемесінің  қызметкерлерімен  педагоги-
калық  қарым-қатынасты  орнату  іскерлігі), 
суггестивті  (студенттерге  эмоционалды-
еріктік  əсер  ету),  зерттеушілік  (педаго-
гикалық  процестер  мен  жағдайларды 
объективті  бағалау  жəне  тану  іскерлігі), 
ғылыми-танымдық  (талғамдылық  саласын-
да  ғылыми  білімді  меңгеру  қабілеті)  жəне 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
134 
пəндік  (пəндік  оқытудың  кəсіби  білімі). 
Сондай-ақ  кредиттік  оқыту  жүйесін  енгі-
зуде  арнайы  талдаулар  мен  зерттеу  бары-
сында өзіндік ерекшеліктерді көрсетті. Бұл 
жүйенің  тиімділігі  көптеген  елдерде  кеңі-
нен таралған. 
 
1 кесте. Кредиттік оқыту  жүйедегі студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру  мен 
іскерлік, дағдыларын қалыптастырудағы білім беру моделі 
 
 
Кредиттік  жүйені  эксперименталды 
апробациядан  өткізуде  төмендегі  нəтиже-
лерге қол жеткізген: 
1)  Кредиттік  оқыту  жүйесінде  білім 
беру  процесін  ұйымдастырудың  əдісте-
мелік негіздері анықталды; 
2)  Білім  алушылардың  білімін  баға-
лау,  бағдар  жасау  жəне  есепке  алу  форма-
лары  өңделіп,  негізгі  критерийлері  айқын-
далды; 
3)  Студенттердің  оқу-əдістемелік  құ-
ралдары,  мамандықтар  мен  пəндер  бойын-
ша  оқу-əдістемелік  құралдардың  құрылы-
мы  мен  мазмұны  өңделіп,  ғылыми-əдіс-
темелік талаптары құрастырылды; 
4)  Аралық  жəне  қорытынды  мемле-
кеттік  бағдарды  жүргізудің  негізгі  форма-
лары қарастырылды; 
5)  Мемлекеттік  білім  беру  стандарт-
тың жаңа буындары өңделді; 
6)  Кредиттік  оқыту  жүйесіне  сəйке-
сінше  профессорлық-оқытушылардың  тəр-
биелік  жəне  ғылыми-зерттеу  жұмыстары, 
оқу-əдістемелік  жұмыстардың  көлемін 
есепке  алу  əдістемелеріне  негіз  болуы  [7, 
13]. 
Сонымен  кредиттік  оқыту  жүйесін 
қолдану  оқу  процесін  ұйымдастырудың 
басты міндеті болып табылады. Мұның өзі 
білім алушылардың өз бетінше (өздік)  
 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
135 
жұмыс  жасау  қабілетін  қалыптастырып, 
белсендіреді.  
 
ƏДЕБИЕТТЕР  
1.  Бабанский  Ю.К.  Оптимизация  процесса 
обучения. – М., 1997. 
2.  Беспалько  В.П.  Педагогика  и  прогрес-
сивные технологии обучения. - М., 1995. 
3. Бордовский Г.А., Извозчиков В.А. Новые 
технологии  обучения:  Вопросы  терми-
нологии // Педагогика. - 1993. - №5. 
4. Давыдов В.В. Теория развивающего обу-
чения. - М., 1996. 
5.  Қабдықайырұлы  Қ.,  Монахов  В.М. 
Оқытудың педагогикалық жаңа техноло-
гиялары. - Алматы, 1999. 
6.  Кусаинов  Г.М.  Новая  педагогическая 
технология: методология, теория и прак-
тика. - Усть-Каменогорск, 1997. 
7.  Мировые  образовательные  технологии: 
основные  тенденции,  проблемы  адапта-
ции  и  эффективность  //Материалы  респ. 
науч.  - метод. конф. - Алматы, 1997. 
8.  Питюков  В.Ю.  Основы  педагогической 
технологии. - М., 1997. 
9.  Воспитание  детей  в  школе.  Новые  под-
ходы и новые технологии. - М., 1978. 
10. 
Давыдов 
В.В. 
Философско–пси-
хологические  проблемы  развития  обра-
зования. - М.: «Педагогика», 1981. 
11.  Данилов  М.А.  Процесс  обучения  в  со-
ветской школе. - М.: «Учпедгиз», 1960. 
12.  Демин  М.В.  Природа  деятельности.  - 
М., МГУ. 1984. 
13.  Дьяченко  В.К.  Новая  педагогическая 
технология и ее звенья. Демократическая 
система  обучения  по  способностям:  мо-
нография. - Красноярск: КГУ, 1994. 
14.  Щуркова  Н.Е.  Новые  технологии  вос-
питательного процесса. - М., 1994. 
 
 
 
УДК 744 (075.8) 
ОБУЧЕНИЕ ИНЖЕНЕРНОЙ И КОМПЬЮТЕРНОЙ ГРАФИКЕ БУДУЩИХ 
СПЕЦИАЛИСТОВ НА ОСНОВЕ ТЕХНОЛОГИЧЕСКОГО ПОДХОДА 
УЧЕБНОГО ПРОЦЕССА 
Курманова Д.Т. 
 
Значительное  место  в  мировой  педа-
гогике  и  сегодня  отводится  развитию  тех-
нологического  подхода  учебного  процесса 
и  максимальному  использованию  их  обра-
зовательных  возможностей:  охват  аудито-
рии, увеличение информации и пропускной 
способности  технических  средств,  индиви-
дуализация  каналов  подачи  учебной  ин-
формации. 
В связи с повышением качества под-
готовки  будущих  специалистов  Казахстан, 
как  и  другие  страны  современного  мира, 
рассматривает сферу высшего образования 
как  приоритетную,  продукцией  которого 
является  интеллектуальный  потенциал,  оп-
ределяющий прогресс  науки,  техники, раз-
вития эффективных технологий. 
Таким  образом,  предстоит  большая 
работа  по  совершенствованию  системы 
высшего  образования.  Требуется  изменить 
подходы  к  подготовке  будущих  специали-
стов  на  основе  использования  образова-
тельных технологий. Одно из первых опре-
делений термина «педагогическая техноло-
гия» относилось к программированию обу-
чения (Б.Ф.  Скиннер,  США) –  это научное 
описание  педагогического  процесса  (сово-
купность  средств  и  методов),  неизбежно 
ведущего к запланированному результату. 
В  XX  веке  в  педагогике  проблеме 
технологизации  учебного  процесса  уделя-
лось  много  внимания.  В  результате  иссле-
дований  выделилось  несколько  направле-
ний  образовательной  технологии:  на  дея-
тельностной  основе  обучения,  т.е.  состав-
ление плана деятельности студентов на ка-
ждом  этапе  обучения;  на  концептуальной 
основе,  т.е.  определение  основной  идеи 
предмета,  разработка  межпредметных  по-
знавательных  задач,  формирование  меж-
системных  знаний  учащихся,  способов 
мышления;  на  основе  системы  укрупнения 
блоков,  т.е.  система  опорных  сигналов;  на 
основе  опережающего  обучения,  т.е.  пред-
варительная  подготовка  восприятия  уча-
щимися  нового  материала;  на  основе  про-

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
136 
блемной 
ситуации; 
на 
личностно-
смысловой  основе  построения  учебного 
процесса, 
т.е. 
эмоционально-
психологическое влияние  на  сознание  уча-
щихся;  на основе формулирования опреде-
ленной  ситуации  или  на  основе  игры;  на 
основе  диалога  преподавателя  и  обучае-
мых;  на  основе  коллективной  формы  обу-
чения.  Перечисленные  технологии  в  той 
или  иной  степени  реализуются  в  учебном 
процессе. 
Особое  место  занимает  научно  обос-
нованная  педагогическая  технология  ака-
демика  В.М.  Монахова,  посвященная  про-
блеме технологизации учебного процесса и 
функционирующая  во  многих  регионах 
России.  Монахов  В.М.  дает  определение 
своей  технологии:  «Педагогическая  техно-
логия  –  это  иерархинизированная  и  упоря-
доченная  система  технологических  проце-
дур  проектирования  учебного  процесса, 
неукоснительное  выполнение  которых  га-
рантирует  достижение  определенного  пла-
нируемого  результата,  в  рамках  нашей  те-
мы  –  это  государственный  образователь-
ный стандарт». Особенность этой техноло-
гии состоит в том, что впервые на практике 
рассматривается учебный процесс в целом, 
решается  вопрос  его  систематизации,  упо-
рядочивания,  целевого  оценивания  творче-
ской  работы  преподавателя,  предлагается 
четкая и рациональная система требований 
к знаниям и умениям учащихся. 
Если сравнить с общей идеей преды-
дущих технологий,  которые дают хорошие 
результаты  лишь  при  применении  их  в 
конкретной  части  учебного  процесса,  т.е. 
когда они используются при создании осо-
бых условий, то педагогическая технология 
В.М.  Монахова  в  достаточной  мере  уни-
версальна  и  применима  при  изучении  лю-
бого предмета, в то же время она дает воз-
можность не ограничиваться только требо-
ваниями  государственного  стандарта,  но 
создает условия для полного решения про-
блемы уровневого обучения, этими свойст-
вами  обосновывается  необходимость  ис-
пользования данной технологии  в учебном 
процессе.  В  Казахстане  технологическому 
подходу к обучению инженерной и компь-
ютерной  графике  в вузе посвящены  иссле-
дования Нəби Ы.А., Ақпанбек К. 
Для  выполнения  данной  технологии 
необходима  реализация  следующих  мето-
дологических принципов:  
- гарантированность образовательной 
подготовки студента на любом этапе учеб-
ного процесса; 
-  доверие  педагогическому  профес-
сионализму преподавателя; 
-  обязательность  норм  при  использо-
вании технологии обучения; 
-  объективность  педагогической  ин-
формации,  используемой  в  технологии 
обучения; 
-  модульное  проектирование  учебно-
го процесса; 
-  единство  содержательной,  процес-
суальной,  мотивационной  сторон  в  проек-
тировании технологии обучения; 
-  обязательное  достижение  каждым 
студентом базового уровня образования. 
По  данной  педагогической  техноло-
гии  преподаватель  определяет  содержание 
своего  предмета,  составляет  обязательный 
изучаемый  студентом  материал  в  виде  пе-
речня  вопросов,  формулирует  цели.  Со-
гласно  силлабуса  по  дисциплине,  препода-
ватель группирует цели и располагает их в 
технологической  карте.  Организация  и 
проведение  занятия  решаются  проектиро-
ванием в карточке занятия (КЗ). В карточке 
занятия  расписываются  содержание  заня-
тия, методы обучения, действие преподава-
теля  и  студента.  Тогда  весь  учебный  про-
цесс  в  целом  будет  представлен  в  виде 
сборника  карточек  занятий.  По  данному 
проекту  преподаватель  проводит  экспери-
мент.  Затем  делает  анализ,  насколько  цель 
занятия,  его  содержание,  действия  препо-
давателя  и  студента,  общий  ход  занятия 
отвечают  педагогическим,  психологиче-
ским,  физиологическим,  гигиеническим 
требованиям,  корректирует  допущенные 
недостатки.  После  такой  коррекции  в  тех-
нологических  картах  и  информационных 
картах  занятий  полностью  определяется, 
что  должен  знать  студент  по  данному 
предмету, т.е. проблема уровня знаний, со-
ответствующего  государственному  стан-
дарту  образования,  решается  сама  по  себе. 
Таким  образом,  технология  гарантирует 
соответствие уровня знаний студента, но и 
проверки  деятельности  преподавателя,  а 
также внесения корректировок в его работу 
и обмена опытом. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет