ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Вестник КАСУ
61
бүлінуі бар, денсаулығында ауытқуы бар
тұлға ретінде сипатталады.
Мүгедектілік, халықтың әлеуметтік
жайсыз жағдайының басты көрсеткіші
болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік
жетілгендігін, экономикалық толыққанды
жағдайын, адамгершілік ондылығына көр-
сетеді және мүгедек — адам мен қоғамның
өзара іс - әрекетінің бұзылуын сипаттайды.
Еңбекке қабілетін жоғалтуының және
өмір сүруін шектеуінің дәрежелеріне қарай
мүгедекті күш топқа бөлінеді. Мүгедек-
тіктің 1 тобын белгілеу үшін негіз болып
жалпы аурудың, жарақаттың немесе туа
біткен кемшіліктердің салдарынан еңбекке
қабілеттің айқын және тұрақты түрде
бұзылуы және тұрақты түрде бұзылуы
және бұлар кәсіптік еңбекті тоқтату немесе
еңбек жағдайларын елеулі түрде өзгерту
қажеттігіне алып келген жағдай, сонымен
қатар дербес жүріп-тұру, қозғалу, оқу,
өзіне-өзі қызмет көрсету, өзінің жүріс-
тұрысына бақылау жасау, адамдармен
қарым-қатынастарға түсу мүмкіндігінің
болмауы және басқа адамдардың көмегін,
күтімін, қадағалауын қажет ететін жағ-
дайлар табылады.
Мүгедектіктің 2 тобын белгілеу үшін
негіз болып аурудың, жарақаттың немесе
кемшіліктердің салдарынан еңбекке қабі-
леттің айқын бұзылуы және бұлардың дер-
бес еңбек ету қозғалу, оқу, адамдармен
қарым-қатынасқа түсу, өзіне-өзі бақылау
жасау және т.б. мүмкіндіктерді қиындатуы,
алайда соған қарамастан бөтен көмекті,
күтімді және қадағалауды қажет етпейтін
жағдайлар табылады.
Мүгедектіктің 3 тобы аурудың, жара-
қаттың немесе кемшіліктердің салдарынан
ағза функцияларының бұзылуына оңай
өмір сүру қабілеті шектелген тұлғалар үшін
тағайындалады. Аталған жағдайлар мұндай
тұлғалардың еңбекке қабілетін елеулі түрде
шектесе де, олар әрі еңбек ете алады.
Жұмыс берушілер 3 топ мүгедектері болып
табылатын тұлғаларды денсаулық жағ-
дайына қарай жеңіл жұмысқа немесе кө-
лемі аз жұмысқа не жоғары біліктілікті та-
лап етпейтін жұмысқа ауыстыруға мін-
детті.
Мүгедектігі бойынша зейнетақы алу
құқығы еңбекке жарамсыз болған барлық
азаматтар иеленеді. Заңдарда оны та-
ғайындаудың тек бір ғана негізгі – мүге-
дектік белгіленеді.
Заңдардағы
ережелер
бойынша
мүгедектіктің себептеріне қарай мүгедектік
бойынша зейнетақының және оны алуға
құқылы тұлғалардың келесі түрлері бар.
А) жалпы аурулардың,еңбек жара-
қатының немесе кәсіптік аурудың салда-
рынан орын алған мүгедектік бойынша
зейнетақы;
Б) 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;
В) туғаннан мүгедек жандар
Г) әскери қызметті өтеу барысында
орындалған жарақатың, контузия, ғазым,
науқастың салдарынан мүгедектігі туын-
даған мерзімді қызметті атқаратын әскери
қызметшілер қатарындағы мүгедектер;
ядролық объектілердің,азаматтық немесе
әскери мақсаттағы объектілердің не ядро-
лық объектілердегі апатты жағдайлардың
салдарын жою кезінде мүгедектігі туын-
даған тұлғалар;
Д) әскери қызметшілер (мерзімді
қызметті атқаратын әскери қызметшілер-
ден басқасы), ішкі істер органдары мен ҚР
бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің
басқарушымен қатардағы құрамындағы
қызметшілері - әскери қызметтегі міндет-
терді орындауға қатысты жоқ қайғылы
оқиғаның немесе әскери және қызметтік
борышты орындауға қатысы жоқ аурудың
салдарынан
орын
алған
жарақаттың
нәтижесінде мүгедектікке ұшырағанда;
Е) әскери қызметшілер (мерзімді
қызметті атқаратын әскери қызметші-
лерден басқасы), ішкі істер органдары мен
ҚР бұрынғы Мемлекеттік тергеу коми-
тетінің басқарушы және қатардағы құра-
мындағы қызметшілері - әскери қызметтегі
міндеттерді орындау кезінде мүгедектікке
ұшырағанда;
Ж) төтенше экологиялық жағдайлар-
дың, соның ішінде ядролық жұмыстарды
өткізу кезінде радиациялық әсер етудің
салдарынан мүгедек болғандар - себепті
байланыс анықталған жағдайда.
Мүгедектік еңбек жарақатынан туын-
дады деп, мына жағдайларда саналады:
1) еңбек міндеттерін орындау кезін-
де, сонымен қатар ұйымның, кәсіпорын-
ның, мекеменің мүддесіне байланысты
қандай да бір әрекеттер жасаған кезде;
2) жұмысқа бара жатқан немесе жұ-
ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Вестник КАСУ
62
мыстан қайтып келе жатқан жолда;
3) жұмыс уақыты барысында кәсіпо-
рынның, мекеменің, ұйымның аумағында
немесе өзге де жұмыс орнында, сонымен
қатар жұмысқа дейін не одан кейін;
4) мемлекеттік немесе қоғамдық мін-
деттерді орындау;
5) өмірді сақтауға, мемлекеттік,
ұжымдық немесе жеке меншікті қорғау ке-
зінде, сонымен қатар құқықтық тәртіпті
сақтау кезінде;
6) өндірістік тәжірибеден, өндірістік
оқудан өту кезінде немесе тәжірибе сабақ-
тары уақытында.
Еңбек жарақаты салдарынан мү-
гедектігі бойынша зейнетақы тағайындау
үшін негізгі құжат болып қайғылы оқиға
туралы акт немесе өзге де ресми құжат
табылады,бұл құжатта еңбек жарақатының
жұмыспен байланыстылығы көрсетілуі
тиіс.
Сонымен қатар, өндірістегі қайғылы
оқиғаны растайтын құжат болып соттың
үкімі еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік
инспектордың және өзге де лауазымды
тұлғалардың қайғылы оқиғаның себептері
туралы қорытындысы,қайғылы оқиғаның
себептері туралы қорытындысы,қайғылы
оқиғаның орын алғаны үшін кінәлі тұл-
ғаларды тәртіптік жазалау туралы бұйрық
та табылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Прези-
денті 1999 жылы 21 маусымда Қазақстан
Республикасындағы мүгедектердің әлеу-
меттік оралымдығы туралы заңға қол қой-
ған. Осы арқылы қоғамымыздағы ерекше
әлсіз бөлігіне әлеуметтік қорғау кепілдеме-
сі берілген.
Заңның негізін құрайтын үш принци-
палдық ережені айтып өту керек:
Бірінші - бұл мүгедектерде, білім алу
үшін белгілі бір жағдайларға ерекше
құқықтың болуы; қозғалыс құралдарымен
қамтамасыз етілуі; арнайы тұрғын-үй жағ-
дайларына; жеке үй құрылысына, қосалқы
шаруашылық және саяжай шаруашылығын
жүргізуге жер учаскелерін бірінші кезекте
алулары, және тағы басқа. Мысалы,
тұратын жерлер қазір денсаулығын және
басқа да жағдайларын есепке ала отырып,
мүгедек - балалары бар жанұяларға, мүге-
дектерге берілетін болады. Мүгедектер,
Қазақстан Республикасының Үкіметімен
бекітілген аурулар тізіміне сәйкес, жеке
бөлме түрінде қосымша тұратын жер алуға
құқылары бар. Ол артық деп саналмайды
және де бір реттік мөлшердегі төлеммен
төленеді. Тағы бір мысал, мүгедектерді
жұмыспен қамту үшін ерекше жағдайлар
енгізілуде. Меншік формасына байланыс-
сыз 30 адамнан көп жұмысшысы бар кәсі-
порын, мекеме, ұйымдар үшін мүгедектерді
жұмысқа қабылдауына квота белгіленеді -
жұмысшылардың орташа тізімді санына
пайыз, ретінде (бірақ үш пайыздан кем
емес);
Екінші бір маңызды ереже - бұл мү-
гедектердің,өмір қызметіне, мәртебесіне
және т.б. қатысты шешім қабылданатын
барлық процестерге белсенді қатысушы бо-
луға құқықтары. Бұл норманы бұзып қа-
былданған шешімдер соттық тәртіпте жа-
рамсыз деп танылады;
Үшінші ереже, арнайы мемлекеттік
қызметтерді құруды білдіреді; медициналы
- әлеуметтік экспертиза және реабили-
тация. Олар мүгедектердің тәуелсіз өмір
қызметін қамтамасыз ететін жүйені құ-
рады. Сонымен қатар, медициналы - әлеу-
меттік экспертиза мемлекеттік қызметіне
жүктелген функциялардың арасында -
мүгедектердің әлеуметтік қорғаудың әр
түріне деген қажеттілігін анықтау; кәсіби
ауру алған тұлғалардың кәсіби еңбекке
жарамдылығын жоғалтуының дәрежесін
анықтау;халықтың мүгедектелік деңгейін
және себептерін анықтау және т.б.
Заң мүгедектер проблемасын шешу-
дің негізгі бағыттарына ерекше назар са-
лады. Атап айтқанда, онда мүгедектердің
ақпараттық қамтамасыз етілулері, өмір
қызметінің кедергісі жоқ ортасын құрудағы
қажеттіліктері туралы айтылған. Мүге-
дектерді әлеуметтік қорғау жүйесінің өнер-
кәсіптік базасы ретіндегі реабилитациялық
индустрияны құру, мүгедектердің еңбегі
мен тұрмысын жеңілдететін арнайы құрал-
дардың өндірісін, сәйкесінше реабилита-
циялық қызметтерді беруді және де оларды
ішінара жұмыспен қамтуды білдіреді. Заң-
да медициналық, әлеуметтік және кәсіби
аспектілері бар мүгедектердің көп про-
фильді реабилитациясы бар кешенді жүйе-
сін құру жайында айтылған. Сондай-ақ мү-
гедектермен жұмыс істейтін кәсіби кадр-
ларды дайындау, оның ішінде мүгедек-
ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Вестник КАСУ
63
тердің өз ішінен дайындау проблемасы да
қозғалады.
Қазіргі кезеңде мемлекетімізде мү-
гедектердің санының көбеюі, денсаулық
сақтау, білім және әлеуметтік қорғау са-
лаларының осы мәселеге көңіл бөлініп
отыр. Жыл санап мүгедектерге деген қо-
ғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғам-
ның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды.
Еліміздегі халықты әлеуметтік жағынан
қорғау мекемелерінде 388700 мүгедек
есепте тұр екен, олардың 49100-і - 16 жасқа
дейінгі мүгедек - балалар.
Жарымжан адамдарға дәрігерлік-әле-
уметтік көмек беретін 73 интернат үйі бар,
онда 16500 еңбекке қабілетсіз азаматтар
және 2800 мүгедек - бала өмір сүреді. 3160
бала үйінде отырып, өз беттерінше білім
алады. Бұл мәліметтерді Пекин қаласында
БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөнінде
ұйымдастырған
семинарына
қатысқан
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми-
нистрлігінің Халықаралық байланыстар
бөлімінің бастығы Б. Төлегенова өз баянда-
масында келтірген. Оның мәліметтеріне қа-
рағанда, елімізде еңбекке жарамсыз аза-
маттарға әлеуметтік қолдау көрсететін 327
мекеме бар көрінеді. Бұл мекемелер 32700
адамға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Мү-
гедектерге жыл сайын республикалық бюд-
жеттен арнайы қаражат бөлініп отырады.
Қазір елімізде Үкіметтің арнайы қаулы-
сымен «2011-2012 жылдарға арналған мү-
гедектерді жан-жақты қамқорлыққа алу
бағдарламасы» жұмыс істеп жатыр. Мем-
лекет тарапынан жасалып жатқан түрлі
қолдауларға қарамастан, мүгедектердің
жағдайы ауырлау.
Мүгедектерді, демалыс және спорт-
пен айналысуды ұйымдастыру бойынша
нақты кепілдемелерімен қамтамасыз ету,
осы бағытта мүгедектермен жұмыс істеу
үшін, кадрларды даярлаудың тәртібі мен
жағдайын анықтау проблемаларын заңдық
тұрғыда шешу қажет.
XX ғасыр көрсеткендей, кез-келген
мемлекеттің ішкі саясатының негізгі ба-
ғыттарының бірі халықты әлеуметтік
қорғау жүйесі болып табылады.
Әлеуметтік көмекті қажет ететін топ-
тарға әлеуметтік көмектің қандай түрлері
бар екендігін және оның даму тарихы мен
атқаратын қызметтер түрлерімен танысып
шықтық.
Енді сөз соңында елімізге жаңа келіп
жатқан әлеуметтік жұмыстың Қазақстан-
дағы болашақ көрінісі өркениетті мемле-
кеттердің жағдайыңдағыдай болады деп
үміт артамын.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жұмағұлова Ғ.Б., Ахметов А., Ахметова
Г. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.
Оқу құралы. - Алматы: Заң әдебиеті. -
2005. - 360 б.
2. Сәрсенова Ж. Тәңірбергенова Г. Әле-
уметтану. - Алматы, 2000
3. Ғабдуллина Ғ. Құқық социологиясы. –
Алматы. - Заң әдебиеті.-2003
4. Биекенов К.Ү. Отбасымен әлеуметтік
жұмыс. - Алматы: Қазақ университеті. -
2003. - 130 б.
5. Икенов А. И. Жүсіпова А. Д. Әле-
уметтану негіздері. - Алматы: Эко-
номика. - 2004. - 208 б.
6. Основы социальной работы: Учебник /
Отв. ред. П.Д. Павленок. - М.: ИНФРА-
М, 1997.
7. Рамзей Р. Социальная работа: наука-про-
фессия: К развитию концепции // Со-
циальная педагогика и социальная рабо-
та за рубежом.- Социальная работа.-
Вып. б. - М., 1995
8. Амандықова С.К. Қазақстан Республи-
касының Конституциялық құқығы: Оқу
құралы.- Астана, 2001.
9. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен Қа-
зақстанның құқығы.- Алматы, 1997.
10. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан
Республикасының құқық негiздерi: Оқу
құралы. - Алматы, 2003. - 295 б.
11. Дулатбеков Н.О. ж.б. Мемлекет және
құқық негiздерi: Оқу құралы. – Алматы,
2002.
ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Вестник КАСУ
64
УДК 377.169.3
ТОЛЕРАНТТЫҚ ТҮСІНІГІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Саданова Ж.К., Орақбаева М.К.
Қазіргі кезде толеранттық мәселелері
туралы саясаттану, педагогика, медицина,
мәдениеттану, философия, психология,
мәдениеттану ғылымдары бойынша өткі-
зіліп жатқан көптеген ғылыми конферен-
циялар және дөңгелек үстелдерде талқы-
ланып жатқан өзекті тақырыптарының бі-
ріне айналды.
Толеранттық - бұл көпмағыналық
ұғым, оның негіздері сонау ерте кезден Ге-
раклит, Антифон, Аристотель, Сенек және
т.б. ойшылардың пікірлерінен бастау алған.
Толеранттық түсінігі туралы ең алғашқы
ойлар антикалық заманда басқа діндер мен
сенімдерді түсіну, қабылдау ретінде пайда
болады. Сократ индивидті космостан бөліп
алуға ең алғаш талпынады, ол тұлға аралық
қатынасты табиғаттан тыс күштердің
болжауы ретінде емес, тұлғаның ерік-
жігері мен мінезіне байланысты қарасты-
рады. Сократ, алғаш индивидтің әлеуметтік
мінез-құлқының феноменін, оның мінез-
құлқын анықтайтын мотивтерін түсін-
діреді. Платон мектептеріндегі шығарма-
ларда еңбектегі шыдамдылық жақсылық
үшін, қайғыдағы шыдамдылық жақсылық
үшін деп «төзімділік» түсінігін сипаттайды.
Бұл жерде қайғы рушылықты айтып тұрған
жоқ, керісінде сабырлық, өзін ұстай білу,
рухтың күшін баяндап тұр. Жалпы, Пла-
тонның көзқарасы бойынша, толерантты-
лық – ақыл-ойдың өзін-өзі қорғауы» деген.
Қоғамның табысты дамуы үшін төзімділік
міндетті екенін айтып өткен.
Аристотель бұл көзқарасты ары
қарай дамытып, құндылық аспектісін бөліп
көрсетеді: шыдамдылық – тәжірибелік
мінез-құлық қасиеті ретінде және дағдыдан
пайда болған этикалық қайрымдылық.
Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) «Нико-
маховая этика» атты еңбегінде: өзіне мейі-
рімділік көрсеткен адамға түсіністікпен қа-
райтын адамды жақсы деп есептеуге бол-
майды», «жақсы адам» өзгеге сондай
қарым-қатынас көрсеткен адам, ал бұл
қиын іс», − деп жазған.
Цицерон Марк Тулий tolerantia сөзін
адамзаттың істеріне төзімділікпен қа-
райтын, данышпанның рухына қатысты
қолданылды. Толеранттықты мазмұнды жа-
ғын Сократ ипен софисттер қарастырды.
Стоиктер мен эпикурейцтер үшін «шыдам-
дылықты» азапқа шыдаумен байланыс-
тырады, яғни, қатыгездік пен әділетсіздік
қайрымдылық жасауға мүмкіндік береді
және ерлік пен төзімділікке тәрбиелейді.
Кейін стоиктер (Сенека, Эпиктет, Марк
Аврелий) ерте кезде стоиктер мен эпику-
рейцтердің айтылған негіздемесін бірікті-
руге талпыныс жасады, «шыдам» түсінігін
ерлік үшін негіздеме деп түсіндірді
(Сенека) [2].
Рим императоры Марк Аврелий Ан-
тонионың (121-180 ж.ж.) «К самому себе»
немесе «Наедине с собой» деген шығарма-
ларында
əңгімелесушіге
толеранттық
қарым-қатынасты сипаттайтын жазбалар
бар: «Адамдарды сендіруге тырыс. Егер
олар көнбесе өзің əділет заңына қарсы
келме», «Оларға шын мейірім мен пайданы
көрсет, бірақ тітіркенбей, сілкінбей», «Өзі-
ңе айтылған нәрсені мұқиятты дауға дағ-
дылан және өзіңмен сөйлесіп отырған
адамның ойын толық қабылдауға ұмтыл.
Адамдардың басшылыққа алатын əдет-
ғұрпы мен күшін түсіну үшін мінез-құлқы
мен əдеттерін жақсы білу керек» [2].
Марк Аврелий шыдамдылықтың
адамгершілік құндылықтары: «әділеттілік,
ақиқат, ақылдылық пен ерлік» болып та-
былатынын мойындады. Толеранттық не-
гіздері ретінде әртүрлі мәдени принциптер
болды. Грек-рим өркениеті үшін негіз
болған діни сенімділік болды.
Н.В. Круглова өзінің «Толерант-
ность: генезис и типология» еңбегінде
тарихта толеранттық белгілерінің болуына
байланысты зерттеу жүргізді.
ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Вестник КАСУ
65
Сурет 1.1 – Толеранттықты түрлері
Яғни, автор толеранттықты екі типін
бөліп
көрсетеді:
христиандық
және
христиандықтан кейін деп. Христиандық
типтің өзі полистікі, имперлік деп екіге
бөлінеді. Полистік тип - антикалық демо-
кратияның тенденциясы басым азаматтық
қоғам үшін тән және сыни рационализм,
жоғары мәдениеттілік, жан-жақтылыққа
бейім, саяси плюрализм мен діни тәжіри-
бенің формаларының көптүрлілігін көрініс
тапқан. Имперлік типі діни плюрализм мен
айқындалған көпұлтты, көпмәдениетті, көп
дәстүрлікте саяси плюрализмнің болмауы
тән. Толеранттықты христиандықтан кейін
типі Реформация барысында қалыптасты.
Толеранттық идеялар 16 ғасырда
түпкілікті мойындаушылыққа ие болды.
Толеранттық
(tolerarе)
түсінігін
римдік авторлар алғаш енгізген, уақыт өте
келе христиандық әдебиеттерде кеңінен та-
нымал болады. Бұл ұғым бастауы ең
алдымен
«шыдау»,
«төзу»,
дегенді
білдіретін «tolero» етістігінен бастау алған.
Толеранттық түсінігінде адам өмірінің
қайғыру негізінде діни мағына қамтылған,
яғни, христиандық сана-сезім. Төзім хри-
стиандықтардың рақымшылдығының не-
гізінің бірі болып табылады. «Құдай шы-
дады және бізге әмір етті» деп христиан-
дық өмірдің ережесінің бірінде айтылған.
Негізінен «толеранттық» түсінігі ере-
тиктерді догматтары мен салт-дәстүрлеріне
төзі мүмкіндігімен байланысты қолданы-
лады. Демек, толеранттықты алғашқы фор-
масы дінге еріктілік болып табылады.
Толеранттық ұғымына «еркінділік», «
плюрализм» түсініктері жақын, Хри-
стиандықта толеранттық этикалық принцип
ретінде енгізіледі және өзінің мазмұнын
діни рақымшылық ретінде алды. Барлық
библиялық көз қайнарлары төзімділікке үн-
дейді. Христиандық авторлар үшін төзім-
сіздік жын-перінің тудырған нәрсесі, ол
адамда ашу, кекшілдік және өшпенділік ту-
дырады деген.
В.М. Золотухин өзінің зерттеуле-
рінде, төзімділік ерте христиандық этикада
(Августин, Григорий және т.б.) аске-
тикалық
нормативтік
идеал
арқылы
күнәден арылу мүмкіндіктерімен байла-
ныстыратынын айтқан. Бұндай жағдайда
адам құтқаруға үміттік пен Құдайға сенім-
ділікпен ғана қалады.
14-16 ғғ. бастап ғылыми білімдерге
қызығушылық туындағанда, моральдық ра-
дикализмнен моральдық компромисске жә-
не Құдайдың күнә өмірімен татуластыруға
ауысу қажеттілігі туындайды. Демек, ота-
ғасыда «төзімділікті» адам құдайды ауызға
алып, қайғы-қасіретке төзу ретінде қа-
былдады. Бұл жағдайда төзімділік пен төзу
адамға байланысты емес, адамға Құдай,
Шіркеу және басқа адамның төзімділік қа-
рым-қатынас мүмкіндігіне байланысты деп
ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Вестник КАСУ
66
түсіндірді. Осылайша ерте орта ғасырда
«толеранттық» термині біздің зерттеу мәсе-
лемізге қатысты қолданылмағанымен, құ-
дайдан өзге ешкім кіре алмайтын жабық
әлем ретінде қабылданды. Сондықтан то-
леранттық жақын адамға деген махаббат
және көнбістік түрлерінде көрініс тапты.
Біз христиандықтар үшін толерант-
тықты көптеген философтардың еңбектерін
қарастырдық, алайда Квинт Тертуллиан
ерекше орын алады. Квинт Тертуллиан
«Біреу Құдайды пір тұтса, басқасы Юпи-
терді» деген ой айтып, толеранттықты
негізі адамға парыз ретінде артатын, тепе-
теңдік болып табылады. Бұл тек төзім-
ділікке байланысты болады, оны жағымды
дағды және құтқарушы ретінде өзіңді
шыңдауың керек [1].
«Толеранттық»
түсінігіне
байла-
нысты екі негізгі түсіндірме қалыптасты:
төзімділік (patientia) және Исидора Се-
вильскийден бастау алған оны рухпен, жан-
мен байланыстырды. Әлеуметтік мағынада
«толеранттық» түсінігі сирек қолданылды
және негізінен еретиктерді дәстүрлері мен
догматтарына төзу мүмкіндігімен бай-
ланыстырды (Фома Аквинский в «Сумме
Теологии»).
Сонымен бірге Отағасыдағы хри-
стиандықта әлеуметтік және діни то-
леранттық «өзіне» құндылық ретінде емес,
ізгілік, қайрымдылық емес қақтығысты
болдырмаудың құралы ретінде қолда-
нылды. Сонымен «егер сенімсіз адамдар
мен еретиктерді жеңе алмасаң, қақты-
ғыстан қаш» деген толеранттықты қол-
данбалы сипаттамасы пайда болды. ТО-
леранттық туралы ойлардың тарихи дамуы-
на назар салсақ, Ежелгі Қытай, Ежелгі
Үнді, Ежелгі Греция және Рим империясы
басқа тайпалардың құдайы мен табы-
нушыларына олардың төзімділікпен қарау-
ында байқалды. Толеранттық түсінігіне
тарихи жақын ұғымдар болып қоғамдық
санада таралған. Олардың ақиқаттылығы
айдан анық, мысалы, «еркінділік» немесе
«плюрализм» ойы, өзінің нормативтік маз-
мұнының арқасында басынан бастап то-
леранттық бағытталған, ал толеранттық,
плюрализм сияқты, еркінділік принципі
Жаңа уақытқа сәйкес келетін және өзінің
әділдік ойларында өзінің заңдылық негізі
бар. Бұл идеялар орта ғасырдың фило-
софтарының ойларында қамтылған, олар
«дінді ішкі, ар ұяттың ісі, ретінде тү-
сіндірді, өйткені, шіркеу қанауына қарсы
тұрды». Олардың ішінде Пьер Абеляр и
Агорд из Лион. Толеранттық түсінігі біраз
уақыт көлеңкеге кетіп, Қайта Өркендеу
дәуірінде жаңа күшпен пайда болады.
Яғни, толеранттық философиялық мен құ-
қықтық негіз алып, ғылымилыққа бастау
алып толыққанды қалыптаса бастайды.
Қайта Өркендеу дәуірі сенім, наным
сұрақтары бойынша да бостандық кезеңі
болды. 1453 жылы философ Николай Ку-
занский «О согласии вер» трактатын жаз-
ды, онда барлық діндерде негізгі ұста-
нымдар тұтастығын сендіре көрсетеді. Ре-
формация кезеңінде қарсы тұрушылық кү-
шейді, протестанттар мен католиктердің
діни фанатизмі мыңдаған адамдардың өлі-
міне әкелді.
16 ғасырда Францияда «Толерант-
тық» түсінігі пайда болады, 1598 жылы
Нантский эдикт уақытынан бастап, төзім-
ділік туралы көптеген заңдардың шығуы
және француз протестанттары – гугенот-
тары діни өмірдің бостандықта көрінуіне
құқық пен жол берді.
Оның көрінуі діни соғыстардың дәуі-
рімен негізделген, онда католиктер мен
протестанттардың амалсыз келісімге келуі,
ымыраның көрінуіне ықпал етті. Көптеген
ғасырлар бойы созылған қанды діни со-
ғысты тоқтату үшін осындай қабылданған
шешім қоғамның құтқарушы әрекеті
болды.
Жаңа заманда төзімділік әлеуметтік
реңк береді және қандай да бір мәдени дәс-
түрдің өмір сүруімен байланыстырды. (Дж.
Бруно, П. Бейль, М. Монтень) [2].
Дж. Локктың толеранттық ойларын
жүзеге асыруда үлесі ерекше болды. Өзінің
«Послание о веротерпимости» пен «Опыт
веротерпимости» атты екі еңбегінде Джон
Локк төзімділіктің маңызды ойларын
толық және көлемді біріктірді. Д.Локк
(1632-1704)
өзінің
«Опыт
о
веро-
терпимости» (1667 ж.) еңбегінде то-
леранттық шексіз құқық береді. Толе-
ранттықтың апологеттік дәстүрі – билеу-
шінің діни істерге араласу құқығының бол-
мауы. Тұлғаның рухани ізденісіне қол сұғу,
өзге дінді мойындауға мәжбүрлеу дұрыс
емес. Бұл билік өкілі үшін оны ақырында
|