Научный журнал


ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ



Pdf көрінісі
бет7/32
Дата15.03.2017
өлшемі2,29 Mb.
#9960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
36 
кіндіктерді  ашу  арқылы  оқушылардың  та-
нымдық  белсенділіктерін  арттыруды  зерт-
тей  келе,  Абықанова  Б.Т.  [17]  өз  зерттеу 
жұмысында  бүгінгі  таңдағы  компьютерлік 
технологияның  педагогикалық  мүмкіндік-
терін төмендегіше топтайды: 
1) компьютерлік технология хабарды 
шексіз  көлемде  игеруге  және  оны  анали-
тикалық өңдеуге мүмкіндік береді; 
2)  компьютерлік  технология  құры-
лымдық  мазмұндық  диалог  құру  арқылы 
көрінетін  коммуникативті байланысқа түсе 
алады; 
3)  компьютерлік  технология  вир-
туалды  кеңістіктегі  жүйе  құруға  және  та-
нымдық белсенділікті арттыратын компью-
терлік ойындар түріндегі танымдық үрдісті 
ұйымдастыруға жағдай туғызады; 
4) Web-сайт арқылы оқыту көмегімен 
оқушының  дүниежүзілік  әдістемелік  жүйе-
лермен танысуға мүмкіндік алуы; 
5)  интерактивті  жүйедегі  жұмыс 
арқылы кері байланыс жасау мүмкіндігі; 
6)  оқу  үрдісіне  компьютердің  енгі-
зілуі  оңтайландыру  есептері  деп  аталатын 
танымдық  ролі  зор  оқушылардың  қызығу-
шылығын  тудыратын  есептің  жаңа  түрле-
рін шешуге ықпал етеді; 
7)  қазіргі  ақпарат  көздері  компакт 
дискілер  мен  қуатты  процессорлар  құра-
мына  мәтіндік  ақпарат,  мультипликация, 
фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел 
ететін жаңа сапалы бағдарламалар жасауға 
мүмкіндік береді; 
8)  компьютерлік  технологияның  кө-
мегімен  атқарылатын  қызметтің  мазмұны 
жөніндегі  хабарлармен  жедел  алмасуды 
жүзеге  асыруға  болады  (интернет,  элект-
рондық пошта, видеоконференциялар); 
9)  мультимедиялық  технология,  вир-
туалды  лабораториялар  оқулық  материа-
лының  көрнекілігін  және  нақтылығын 
арттырады,  шығармашылықпен  жұмыс 
жасауына септігін тигізеді; 
10)  ілезде  өтетін  немесе  жүру  үрдісі 
ғасырларға  созылатын  үрдістерді,  адам 
денсаулығына 
зиянды 
ортада 
өтетін 
үрдістерді макро және микро әлемде болып 
жатқан  үрдістердің  параметрлері  мен 
сипаттамаларын  өзгерте  отырып,  оларды 
оқушылардың 
зерттеуіне 
мүмкіндік 
жасайды; 
11)  интернет  жүйесі  дүниежүзілік 
компьютерлік  жүйемен  өзара  байланыста 
болып,  кез-келген  тақырыпта  ақпаратпен 
қамтамасыз  ете  алады.  Мұның  энци-
клопедиядан  ерекшелігі  ақпараттар  легі 
толықтырылып, жаңарып отырады; 
12)  ақпараттық  коммуникациялық 
технология электрондық оқулықтың гипер-
мәтінін  барынша  толықтыра  түсуге  мүм-
кіндік  береді.  Электрондық  оқулықты  қол-
дану  оқушының  жоғары  белсенді  дүние-
танымын және өзіндік жұмыс аясын кеңей-
теді,  оқыту  үрдісін  саралауға,  жан-жақты 
ақпараттандыруға,  білім  мазмұнын  ізгілен-
діруге көмектеседі; 
13) компьютер  оқушылардың бойын-
да іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға 
септігін  тигізеді.  Ең  алдымен  компьютер 
оқушыларға  өз  іс-әрекеттерінің  нәтижесін 
көрнекі  түрде  көрсетуге,  өзін-өзі  бақылау 
мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді; 
14)  CD-ROM  интерактивті  дискілер, 
хабарландырудың  электрондық  тақталары, 
мультимедиалық  гипермәтіндер  сияқты 
жаңа  электрондық  технологиялар  Mosaic 
және  WWW  интерфейстің  көмегімен  оқу-
шыларды  оқу  үрдісіне  белсенді  түрде 
тартуға,  оқу  үрдісін  басқаруды  да  жүзеге 
асырады; 
15)  арнайы  бағдарламалар  арқылы, 
мысалы  Power  Point  оқушылардың  пәнге 
деген  қызығушылықтарын  туғызады,  яғни 
фотосуреттер көрсетіп, қосымша материал-
дар үшін интернетке сілтеме жасайды; 
16)  компьютерлік  технология  адам-
ның  танымдық  зерттеу  қызметінің  жан 
жақты  тәсілі,  көп  функционалды  мүмкін-
дігі  (есептеу,  тексеру,  музыкалық,  графи-
калық,  кең  көлемді  ақпаратты  сақтау  және 
өңдеу т.б.); 
17) 
электрондық  пошта  эконо-
микалық және технологиялық жағынан ти-
імді технология болып табылады және  оқу 
үрдісі кезінде оқу курстарының мазмұндық 
жағын  жеткізу  мен  оқытушының  оқушы-
мен кері байланысын қамтамасыз ету үшін 
қолданылады.  Электрондық  пошта  көме-
гімен «виртуалды оқу сыныптарын» құрас-
тыруға болады; 
А.Б.  Медешева  өз  зерттеу  жұмы-
сында  бастауыш  сыныптың  оқу  үрдісінде 
пайдаланылатын  ақпараттық  технология-
ның  мүмкіндіктерін  былайша  сипаттайды 
[18]: 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
37 
-  оқушының  қарекетін  жеңілдетіп, 
уақыт  көп  кететін  амалдарды  орындаудан 
босатады, қажет ақпаратты өзі іздеп табуға 
мүмкіндік алады; 
-  оқушы  қатесіне  оперативті  реакция 
көрсете 
отырып, 
қате 
жіберіп 
алу 
қорқынышынан  құтқарады,  оның  білімін 
бағалау  функциясының  көп  бөлігін  өзіне 
алады; 
-  оқушыға  өз  ырғағында  жұмыста-
нуға мүмкіндік береді; 
-  бағалау  көрсеткіштері  нақты,  дәл 
болады; 
- мұғалімнің бос уақыты көбейеді; 
-  мұғалім  сыныптағы  оқушылардың 
жағдайын  толық  көріп,  әрбір  оқушының 
қабілетіне  қарай  онымен  жеке  жұмыс-
тануына мүмкіндік ашылады; 
-  көрнекі  бейнелі  ойлауды,  қозға-
лыстық  және  ауызша  қарым-қатынас  ма-
шықтарын,  мақсатты  әрекеттерді  және 
әлеуметтенуді  дамыту  үшін  мүмкіндіктер 
туғызады; 
-  педагогикалық  қарым-қатынасты, 
интерактивті байланысты күшейтеді. 
ОҚАТ  қолдану  кезіндегі  қазіргі  оқы-
тудың  және  дәстүрлі  оқытудың  тұжырым-
дамалық  ерекшелігі  -  мұғалімдердің 
педагогикалық  іс-әрекетін  мәнді  түрде 
өзгеріске  әкелуі.  Жеке  тұлға  дамуының 
объектілік  парадигмасынан  субъектілікке 
көшу  тұлғалық  құндылықтарының  басым-
дылығын және оқушыға мұғалімнің педаго-
гикалық  іс-әрекетінің  жоғары  құндылығы 
деп  қарауды  жария  етеді;  баланың  бірі-
герлікке,  ішкі  бостандыққа,  белсенділікке 
және  шығармашылыққа  деген  құқығын 
мойындауды  бекітеді.  Сондықтан  оның 
негізгі мақсаты - тануда, қарым-қатынаста, 
тұлға аралық қатынаста, өз шығармашылық 
әлеуетін  жүзеге  асыруда  жеке  тұлғаның 
базалық  қажеттіліктерін  қанағаттандыру. 
Бұған  қоса  мұғалімнің  оқу  ББД-на  (білім, 
білік,  дағды)  қатысы  да  өзгереді:  олар 
оқытудың  басты  мақсаты  болмайды, 
әлеуметтік  мәнді  қасиеттер  (ойлау,  тілдік, 
сезімдік, тәртібі, коммуникативтік, физика-
лық,  шығармашылық  және  т.б.)  дамуының 
құралы  болады.  Білімі  үрдіс  баланың  даму 
табиғатын 
ескере 
отырып, 
жүзеге 
асырылады.  Сөйтіп,  бұл  айтылғандардан 
ОҚАТ қолдануға негізделген қазіргі біліми 
парадигма өз бетімен дамып, өз-өзін тежей 
алатын шығармашыл, жан-жақты біліммен, 
мәнді  қызығушылықпен  және  стандартты 
емес 
жағдаяттарда 
жауапты 
шешім 
қабылдай 
алатын 
үздіксіз 
дамыған 
ақпараттық  қоғамда  өз  орнын  таба  білетін 
жеке  тұлға  түріндегі  нәтижеге  бағдар-
ланғандығын  көре  аламыз.  Сол  себепті  де 
ОҚАТ  негізделген  оқу  үрдісін  бастауыш 
сыныптан  бастап  қолдану  өз  нәтижесін 
беретіні  сөзсіз.  Бұған  қоса  бүгінгі  күнгі 
практикаға  және  өз  тәжірибемізге  сүйене 
отырып,  бүгінгі  білім  беруді  жаңарту 
жағдайында  бастауыш  сынып  оқушы-
ларына  берер  басты  тиімділігін  келесі 
сұлбадан көре аламыз (3- сурет). 
 
 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
38 
Осыған  орай,  қазіргі  ақпараттық 
технологияларды бүгінгі ақпараттық қоғам, 
білімді  жаңарту  жағдайында  бастауыш 
мектептегі  оқыту  әдістемесіне  сәйкес 
қарастыру бізге оның келесі педагогикалық 
мақсаттары  мен  мүмкіндіктерін  ашуға 
мүмкіндік берді. 
Бастауыш  мектеп  әдістемесіндегі 
қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  пе-
дагогикалық мүмкіндіктері мен мақсаты. 
 
Мүмкіндіктері 
Мақсаты 


Қазіргі  ақпараттық  технология  оқушының  ынтасын 
арттырады.  Жұмыс  істеу  жаңалығы  ғана  емес, 
сонымен  қатар  оқу  тапсырмаларын  қиындық 
деңгейіне  қарай  реттеп  беру,  дұрыс  орындалған 
тапсырмаларды  көтермелеу  оқушылардың  ынтасына 
жағымды  әсер  етеді.  Сонымен  қатар  оқуға  деген 
жағымсыз  қарым-қатынастың  басты  себебін  – 
сәтсіздікті,  яғни  оқудағы  түсініксіздікпен,  мәнді  де 
түйінді мәселелермен  сипатталатын келеңсіздіктерді  
толық жоюға жағдай жасайды. Компьютерде жұмыс 
жасай  отырып,  оқушы  есептің  шешуін  қажетті 
көмекке  сүйену  арқылы  соңына  дейін  орындай 
алады. 
Қазіргі  ақпараттық  техноло-
гиялар 
арқылы 
бастауыш 
сынып  оқушыларының  оқуға, 
оқу  іс-әрекетіне  деген  ынтасын 
қалыптастыру  арқылы,  өзіне 
деген сенімділігін арттыруы 
Қазіргі  ақпараттық  технология  оқушыны  белгілі 
ойын  жағдайына  ендіре  отырып,  оқу  материалын 
көрнекі  суреттермен,  графикалар  негізінде  баяндай 
келе,  оқушыға  нақты  көмек  формасын  сұрай  білуге 
мүмкіндік  беру  арқылы  оқу  іс-әрекетін  басқару 
тәсілін нақты өзгерте алады. 
Қазіргі  ақпараттық  технология-
лар  жағымды  көңіл-күйге  құ-
рылған  ақпараттық  оқу  орта-
сында  жаңа  оқу  іс-әрекетін 
басқару құралы 
Қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен оқу 
үрдісін  икемді  басқара  отырып,  оқушылардың  іс-
әрекетін  бақылауды  сапалық  жағынан  өзгертуге 
болады. Барлық жауаптарды тексеруге, көп жағдайда 
жіберілген  қателіктерді  есепке  алып  қана  қоймай, 
оның  сипатын  анықтап,  дер  кезінде  оның  пайда 
болуына 
себепші 
болған 
себептерді 
жоюға 
көмектеседі. 
Қазіргі  ақпараттық  технология-
лар - тиімді бақылау құралы 
Қазіргі  ақпараттық  технология  оқушыларда  өз  іс-
әрекеттерінің  рефлексиясын  қалыптастырып,  өз  іс-
әрекет  нәтижесін  көрнекі  түрде  ұсынуға  мүмкіндік 
жасайды. 
Қазіргі  ақпараттық  технология-
лар  арқылы  өз  іс-әрекетінің 
нәтижесін  көре  білуге,  өз-өзіне 
сыни  көзбен  қарай  білуге 
дағдыландыруы 
Бастауыш  мектеп  жасындағы  балаларға  тән  сипат  – 
бұл қызығушылық, белсенділік, жаңа жағдайға, жаңа 
талаптарға  тез  үйрену  жылдамдығы  мен  икемділігі, 
ал  олар  оқушы  тұлғасының  көпжақты  дамуының 
алғы  шарттары  болса,  қазіргі  ақпараттық  құралдар 
осы  шарттарды  жүзеге  асырудың  бүгінгі  таңдағы 
негізгі құралы  болып табылады. 
Қазіргі  ақпараттық  техноло-
гиялар  арқылы  бүгінгі  ақпа-
раттық 
қоғам 
жағдайында 
бастауыш  сынып  оқушысының 
жеке тұлғасын дамыту 
Мұғалімнің сабақ жоспарын, конспект жазу, көрнекі-
әдістемелік  құрал  дайындау,  оқушылардың  өткен 
материалды меңгеруін тексеруін қатысты есепке алу 
және  есеп  жүргізу  үшін  мұғалімнің  педагогикалық 
іс-әрекет құралы; 
Қазіргі  ақпараттық  техноло-
гиялар 
бастауыш 
сынып 
мұғалімінің  педагогикалық  іс-
әрекетінің 
жаңа 
әмбебап 
құралы 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
39 
Шығармашылық  елестету,  жағдайға  байланысты  тез 
шешім қабылдау, қоршаған ортаны тану қабілеттерін 
дамытып,  қалыптастыру  үшін  бастауыш  сынып оқу-
шылары  үшін  интеллектуалды  дамыту  құралының 
жаңа түрі 
Қазіргі  ақпараттық  технология-
лар оқушыларды интеллектуал-
дық  дамуларын  қамтамасыз 
ететін зор танымдық  құрал 
Ақпарат  көздерінен  ақпарат  алмаса  отырып,  өз 
құрбылармен,  әріптестермен  Интернет  арқылы 
қарым-қатынас жасау  мәдениетін меңгерту  көзі. 
Қазіргі  ақпараттық  құралдар 
арқылы 
коммуникативтік 
қабілеттерін  дамыту,  тілдесу 
мәдениетін меңгерту 
Сауатты  түрде  іріктелген  компьютерлік  программа-
лардағы,  электрондық  оқулықтағы    ойындық  және 
оқу тапсырмаларының, оларды шешу құралдары мен 
тәсілдерінің  вариативтілігі  ойынды  таяудағы  даму 
аймағында 
орналастыруға 
мүмкіндік 
беріп,   
оқушының жұмыс істеуіне игі әсерін тигізеді. 
Қазіргі  ақпараттық  техноло-
гиялардың  орасан  зор  мүм-
кіндіктері 
арқылы 
білімді 
сапалы  да  мазмұнды  деңгей-де 
меңгерту 
Қазіргі  ақпараттық  технологиялар  ұжымдық  іс-
әрекетке  құрылған  оқыту  мен  жеке  оқыту  түрін 
ұйымдастыру  негізінде  өзара  тәжірибе  алмасу, 
мақсат  қоя  білу,  оны  жоспарлау,  жетудің  тиімді 
жолдарын таба білу,  өз-өзін тәрбиелеу мүмкіндігі 
Қазіргі  ақпараттық  техноло-
гиялар  арқылы  оқушылар-дың 
өз-өзін  ұстай  білу  мәдениетін, 
өзін-өзі  жүзеге  асыра  білу 
қабілетін дамыту 
Қазіргі  ақпараттық  технологиялар  арқылы  шексіз 
көлемде  түрлі  ақпарат  көздерінен  керекті  ақпаратты 
алып,  өңдеп,  сақтап,  тарату  мүмкіндігі,  ақпараттық 
іс- әрекеттің жаңа түрін меңгертуі 
Қазіргі  ақпараттық  технология-
лар  негізінде  оқушылардың 
ақпараттық  сауаттылықтарын 
қалыптастыру,  ақпараттық  қо-
ғамда  еркін  әрекеттене  білуге 
баулу 
Электрондық  оқулықтарда,  компьютерлік  програм-
маларда  оқу  тапсырмаларын  деңгейлік  негізде  құру 
арқылы  барлық  оқушылардың  өз  қабілетіне,  білім 
деңгейіне  қарай  дамуын  қамтамасыз  ету  арқылы 
олардың 
мүмкіндіктерін, 
даму 
деңгейлерін 
анықтауға мүмкіндік берілуі 
Қазіргі  ақпараттық  техноло-
гиялар  арқылы  оқушылар-дың 
өз  мүмкіндік  деңгей-лерін  көре 
біліп,  өз-өзіне  деген  сенімді-
лілігін  арттыру,  өзіндік  «мені-
нің» қалып-тасына ықпал  ету 
 
Менің  ойымызша,  ақпараттық  тех-
нологияның  жоғарыда  көрсетілген  мүм-
кіндіктері  мен  жетістіктері  оны  бастауыш 
мектеп  сабақтарында  қолдану  мүмкіндігін 
дәлелдеумен  қатар,  бастауыш  мектепті 
ақпараттандыру  болашағының  үміті  зор 
екендігін көрсете алады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Медешова А. Оқу ақпаратын ақпараттық 
технология  жағдайында  меңгеру.  // 
Бастауыш мектеп. – 2005. -№3 - 23б. 
2.  Кеңесбаев  С.М.  Білім  беру  жүйесінде 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  пай-
даланудағы мұғалімдердің рөлі - // Білім 
берудегі менеджмент – 2004. - №3 – 14 б. 
3.  Бектұрғанова  Р.  Ақпараттық  коммуни-
кациялық технология негізінде // Бастау-
ыш мектеп – 2004. - №8 – 11 б. 
4.  Түсіпова  А.  Ақпараттандыру  мәселелері 
хақында  //  Қазақстан  мектебі  –  2003  - 
№10 – 32 б. 
5.  Тұрсынбаев  А.  Болашақ  мұғалімдерді 
компьютерлік  технологияларды  пайда-
лануға  кәсіби  даярлау  –  Бастауыш  мек-
теп – 2004, №1 – 62 б. 
6. Жақияұлы Ж. Оқушының білім деңгейін 
тексеруде компьютерді пайдалану. // Ин-
форматика негіздері – 2002. -№2 – 25 б. 
7.  Мұхамбетжанов  С.  Информатика  пәнін 
оқытуда оқушының өзіндік танымдық іс-
әрекетін  қалыптастыру.  //Білім  берудегі 
менеджмент  - 2004. - №4 – 21 б. 
8. Мухлис К. Компьютерлік оқытуды қазақ 
тілі  сабақтарында  қолдану  //  Білім 
берудегі менеджмент – 2004. - №3 – 35 б. 
9.  Райымбекова  Д.  Жаңа  технологиялар 
негізінде. //Қазақстан мұғалімі. – 2003. – 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
40 
3 маусым. 21 б. 
10. Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер 
теориясы. – Алматы: Экономика, 2002. 
11.  Абыканова  Б.Т.  Компьютерлік  техно-
логияларды  пайдалану  арқылы  оқу-
шылардың  танымдық  белсенділігін  арт-
тырудың  дидактикалық  шарттары  /  Пед. 
ғыл.  канд.  дәреж.  алу  үшін  дайынд. 
диссерт Б.Т. Абыканова. – А., 2005. – 3 б. 
12.  Медешова  А.  Оқу  ақпаратын  ақпа-
раттық технология жағдайында меңгеру. 
//Бастауыш мектеп. – 2005. -№3 - 23б. 
13.  Кеңесбаев  С.М.  білім  беру  жүйесінде 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  пай-
даланудағы  мұғалімдердің  рөлі  //  Білім 
берудегі менеджмент – 2004. - №3 – 14 б. 
14.  Қазақстан  Ұлттық  Энциклопедиясы  –  І 
том, А-Ә. – Алматы: 1998 – 201 б. 
15.  Медешова  А.  Бастауыш  мектепте 
ақпарат туралы түсінік беру // Бастауыш 
мектеп. – 2004. №4 - 12б. 
16.  Бектұрғанова  Р.  Ақпараттық  комму-
никациялық  технология  негізінде  //  Бас-
тауыш мектеп – 2004. - №8 – 11 б. 
17. Түсіпова А. Ақпараттандыру мәселелері 
хақында  //Қазақстан  мектебі  –  2003  - 
№10 - 32б. 
18.  Кларин  М.В.  Педагогические  техно-
логии в учебном процессе. – М., 1989. 
19.  Қабдықайырұлы  Қ.  Оқытудың  педаго-
гикалық жаңа технологиясы. – А., 1999. 
 
 
 
УДК 37.014.5 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МҮСІНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ІСКЕРЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
Килыбаева Г.К. 
 
Қазіргі күннің талабы – білімді, өнер-
лі,  өнегелі  жас  ұрпақ  тәрбиелеу.  Әлемдік 
білім  беру  жүйесі  ХХІ  ғасырда  жаңа,  тың 
бағытта  дами  бастады.  Білім  берудің  маз-
мұны, мақсаты өзгерді. Қоғам, мемлекеттік 
болған  соң,  ең  алдымен,  білім,  тәрбие 
керек.  Сондықтан  да  елбасымыз  Н.  Назар-
баев өзінің Жолдауларында білім мен өнер, 
мәдениет салаларына айрықша көңіл бөліп, 
еліміздің  жарқын  болашағы  білікті  де 
парасатты  жастардың  қолында  екенін 
назардан тыс қалдырған емес.  
Елбасымыз 
Н.Ә. 
Назарбаевтың 
«Қазақстан-2030» 
Қазақстан 
халқына 
арналған  жолдауында  «Біздің  жас  мемле-
кетіміз  өсіп,  жетіліп,  кемелденеді,  біздің 
балаларымыз  бен  немерелеріміз  онымен 
бірге  ержетеді.  Олар  бабаларының  игі 
дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы 
нарықтық  экономика  жағдайында  жұмыс 
істеуге  даяр.  Олар  қазақ,  орыс,  ағылшын 
тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, 
жылдам  өркендеу  үстіндегі,  күллі  әлемге 
әйгілі,  әрі  сыйлы  өз  елінің  патриоттары 
болады»  деп  көрсетілгендей,  ертенгі  келер 
күннің  бүгінгіден  көрі  нұрлы  болуын 
ықпал  етіп,  азамат  қоғамын  алға  апаратын 
құдіретті күш –білім нәрі. 
Қай  мемлекеттің  болмасын  іргетасы, 
жарқын  болашағы  –  ұрпағы  екені  белгілі. 
Сол  ұрпақты  тәрбиелейтін  де,  жоғары 
саналы азамат ретінде қалыптастыратын да 
балабақша  мекемелері.  Еліміз  егеменді 
мемлекет  болып  құрылғалы  көптеген 
құжаттар  қабылданды,  соның  ішінде 
мектепке  дейінгі  білім  беру  саласы  да 
назардан  тыс  қалған  жоқ:  «Қазақстан 
Республикасының  Конституциясы»,  «Білім 
туралы»  Заң,  «Қазақстан  Республикасын-
дағы  бала  құқықтары»  Заңы,  «Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  2015  жылға 
дейін дамыту тұжырым-дамасы», т.б. 
Қазақстан  Республикасының  прези-
денті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жол-
даған  үндеуінде  21  ғасыр  деңгейінде  білім 
беру  мен  кәсіптік  даярлауға  басты  назар 
аудару  қажеттігіне  тоқталады:  «Болашақ-
тың  жоғары  технологиялық  және  ғылыми 
қамтылуы  үшін  кадрлар  қорын  жасақтау, 
техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді 
дамыту...  тәрбиеші  мамандығының  беделі 
мен абыройын көтеру...». 
Бүгінгі  таңда  қоғамымыздың  даму 
бағытында  жан-жақты  дамыған,  сауатты, 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
41 
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп 
отыр.  Мұндай  мақсаттың  баянды  болуы 
оқу-тәрбие  жүйесінің  үлесіне  тиетінін 
ескерсек,  жас  жеткіншектердің  білімді, 
білікті  болуына  мүсіндеу  өнерінің  алатын 
орны  ерекше.  Балалар  -  біздің  болаша-
ғымыз.  Сондықтан  балаларды  ерекше 
күтіп,  тәрбиелеу  керек.  Әсіресе,  ұлттық 
құндылықтарды  бойына  сіңіруіміз  қажет. 
Және  баланың  үйде  отырмай,  балабақшаға 
барғаны жөн. Өйткені, бала сыртқа шықса, 
айналадағы  ортаға  үйренеді,  мінезі  тұйық 
болмайды,  адамдармен  тез  араласады. 
Балабақша  ең  алдымен  баланы  тәртіпке, 
жауапкершілікке  үйретеді.  Мектеп  жасына 
дейінгі  баланың  әлеуметтік  дамуы  туралы 
зерттеулер  Б.Д.  Парыгин,  И.С.  Кон,  А.В. 
Мудрик, Г. Тарда, Т. Парсонс, Э. Эриксон, 
С.И. Гессен, Л.С. Выготский, В.П. Зинчен-
ко, Д.И. Фельдштейн, В.Т.Кудрявцева және 
т.б. есімдерімен байланысты. 
Даму  үдерісінде  бала  іс-әрекеттің  әр 
түріне  тартылып  (ойын,  еңбек,  оқу,  спорт 
және  т.б.),  қарым-қатынасқа  түсіп  (ата-
анасымен,  құрдастарымен,  бөгде  адамдар-
мен және т.б.), ерекше әлеуметтік тәжірибе 
жинауға  ықпалдық  ететін  белсенділікке  ие 
болады. 
Балалар  жер  шары  халқының  саны-
ның  басым  көпшілігін  құрайды.  Бала  да-
муы болашақ ересек адамның рухани және 
практикалық  іс  әрекет  аймағының,  оның 
бейнесі мен шығармашылық әлеуетінің да-
муының өзекті алғышарттары болып табы-
лады.  
Ендеше,  өркениетті  елдің  өскелең 
ұрпағына  терең  лайықты  білім,  жан-жақты 
тәрбие  берудің  қажеттігін  естен  шығар-
маған жөн. 
Қазақстан Республикасының ғылыми 
техникалық,  экономикалық,  ресурстық  жә-
не  рухани  дамуының  жаңа  деңгейіне  ба-
ғытталуда. Республика өміріндегі бұл өзге-
рістер, сөз жоқ, мектепке дейінгі білім беру 
саласына  соның  ішінде  балабақшада 
балаларды  дара  тұлға  етіп  тәрбиелеу  ісіне 
де әсерін тигізуде. 
Баланың  өмірге  қадам  басардағы 
алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтан 
да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы 
ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән 
салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай 
баланың  өмірінде  ойын  ерекше  орын 
алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке 
қатынасы,  психологиялық  ерекшеліктері 
осы  ойын  үстінде  қалыптасады.  Ойынды 
зерттеу  мәселесімен  тек  психологтар  мен 
педагогтар  ғана  емес,  философтар,  тарих-
шылар,  этнографтар  және  өнер  қайрат-
керлері  мен  бала  тәрбиесін  зерттейтін 
ғалымдар  да  шұғылданды.  Көптеген  бала-
лар  жазушылары  бала  ойынының  психо-
логиялық  мәнін  және  ойынға  тән  ерекше-
ліктерді  көркем  бейнелер  арқылы  сурет-
тегені де мәлім. 
Баламен  жұмыс  жасау  барысында 
оның  психологиялық  ерекшеліктерін,  даму 
заңдылықтарын,  механизмдерін  білу  өте 
маңызды.  Отандық  психология  атақты 
кеңес  психологтары  Л.С.  Выготский,  С.Л. 
Рубинштейн,  А.Н.  Леонтьев,  А.В.  Запоро-
жец,  П.Я.  Гальперин,  Д.Б.  Эльконин,  Л.И. 
Божович, В.С. Мухина, М.И. Лисина еңбек-
теріне  сүйенеді.  Сонымен  бірге,  балалар 
психологиясын  зерттеген  шетелдік  психо-
логтардың  концепциялары  да  үлкен  мән-
ділікке  ие.  Бұл  концепциялар  қатарына  В. 
Штерн,  К.  Бюлер,  Ж.  Пиаже,  А.  Валлон, 
Дж. Брунер еңбектерін жатқызуға болады.  
Балабақшада  жұмыс  жасайтын  тәр-
биешінің  балалардың  жас  ерекшеліктеріне 
байланысты  дамуын  жан-жақты  жақсы 
білуі,  балалардың  өмірін  және  іс-әрекетін, 
ойыншықтармен  және  заттармен  әрекет 
дағдыларын  қалыптастыруға,  тілді  меңге-
рудің алғышарттарын ұйымдастыруға мүм-
кіндік  жасайды.  баланың  мектепке  дейінгі 
жетекші  іс-әрекет  түрі  ойын  болып 
табылатыны белгілі. Соған байланысты ба-
лабақша  қызметкерінің  балалармен  жұмыс 
барысында  баланың  ойлауын,  тілін,  қия-
лын,  еске  сақтауын  дамыту,  қоғамдық 
мінез-құлық 
ерекшеліктерін 
меңгерту, 
сәйкес  дағдыларды  қалыптастыру  ойын  іс-
әрекеті арқылы жүзеге асыра алуы тиіс.  
Баланың балабақшаға келуімен  оның 
жаңа  ортаға  бейімделу  процесі  жүзеге 
асады.  Баланың  балабақшаға  келуімен 
кейбір  жағдайларда  көптеген  мәселелер  де 
туындап  жатады.  Бірақ  балабақша  қызмет-
керлерінің  баланың  жас  ерекшелігіне  сәй-
кес ойын іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырып, 
жетекшілік  жасауы  көптеген  мәселелердің 
тиімді шешілуіне жағдай жасайды.  
Н.П. Сокулина, Т.С. Коморова мүсін-
деу  технологиясы  -  бейнелеу  өнерінің  бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет