Негізгі бөлім.
Бүгінгі мұғалім – ана, бала
бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз,
оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріп-
теуші, таратушы. Сонымен қатар, мұғалім
жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін
жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қа-
сиеті бар, білімді де білікті, көп оқитын,
білімін күнделікті ісіне шебер қолдана бі-
летін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға
үйрете алатын білікті маман. Ғаламдасу-
ға байланысты «Ғаламтор» жүйесін же-тік
меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті
жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз
болу қажет. Бұл – бүгінгі күннің өмір талабы
[1].
Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызме-
тіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл
педагог-мамандардың кажеттігін мойындап
отыр. Себебі адам тағдырында мектептік
кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік ба-
стауында жетесіз педагог тұрса, одан келер
шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да,
педагог білікті маман, өз ісінің шебері бо-
луы керек. Педагог шебер болу үшін: өзінің
мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі
ретінде объективті бағалай алуы, кәсіби
мамандығына қажетті қабілеттерді, жал-
пы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті,
мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін
меңгеруі тиіс; өтіп жатқан интеграциялық
процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі
қарқынына бағыттала алуы керек.
Елбасы атап көрсеткеніндей, «Тек жоғары
сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш
мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп
шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға
білімдер жиынтығын беріп қана қоймай,
сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір
бойы үйренуге үйретулері керек» [2]. Бүгінгі
мұғалім білім беру үрдісінде оқушылардың
өз бетімен білім алуының, жаңалауының
қажеттілігіне, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі
жетілдіруде табандылықпен еңбек етуді жете
түсінетіндей жағдай жасауға бағдарлануға
міндетті.
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына
сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдар-
мен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа
тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті
бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы,
таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің
қоғамындағы саяси өмірге белсенді ара-
ласып, өз елі жеріне деген сүйіспеншілігі
негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.
Олай болса, бүгінгі қоғамның сұранысын
ескере отырып, өзіміздің тарапымыздан
ұстазға қойлар талаптарды жүйелеп ұсынар
болсақ:
Біріншіден
– мәдениеті жоғары дамыған
маман болуы керектігі:
1.1 Қазақ халқының және дүниежүзілік
тарихтан жүйелі хабардар болуы;
1.2 Қазақ философиясын терең түсініп,
одан нақты мысалдар келтіре алатындай бо-
луы;
1.3 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің даму
жолдарын дұрыс саралап, жаңа заман та-
лабына сай баға бере алатын, дүниежүзілік
әдебиеттен өзгешеліктерін түсініп, саралай
алатындай болуы;
1.4 Қазақ қандай мәдениет түрлерімен
мақтана алатындығы;
1.5 Бізде дамыған мәдениеттің түрлері
мен одан қандай тәлім-тәрбие алуға
болатындығы туралы мағлұматтардан хаба-
ры болуы.
Екіншіден
– Қазақстан экономикасы мен
оның даму жолдарының ерекшеліктеріне тал-
дау жасай алуы. Қазақстанның дүниежүзілік
қоршаған ортадан қандай жетістіктерімен
(брендпен) орын алады деген сауалға жауап
таба алуы.
Үшіншіден
– ұстаздың адами қасиетіне
қойылатын талаптар.
Төртіншіден
– білім, біліктілігіне
қойылатын талаптар.
Бесіншіден
– жан-жақты дамыған «толық
адам» екеніндігіне, оқушылардың қызыға
қарайтын қасиеттерінің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |