Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет172/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   222
Байланысты:
annotation141066

Негізгі бөлім.
Зерттеу жұмысы бары-
сында «рухани дүниетаным» түсінігінің 
түп төркініне үңілуге тырысамыз. Жалпы 
дүниетаным категориясы философиялық 
түсініктерге негізделе отырып педагогика 
және психология ғылымдарында кездеседі. 
Дегенмен, «руханият», «рухани» категори-
ялары әлі күнге дейін толық зерттелмеуіне 
байланысты ол туралы ғалымдар пікірі әр 
түрлі. Рухани дүниетанымның құрылымы 
мен мазмұнының мағынасы адам мен 
қоғамдық санамен тікелей байланысты 
деп ойлаймыз. Дүниетаным категориясы 
Шығыс, Антикалық дәуір философиясын-
да кездеседі. Бірақ, әлемдік философияда, 
әсіресе, Батыс ойшылдары арасында руха-
ният, рухани дүниетаным түсініктеріне көп 
мән берілмегендігі байқалады. Сондықтан 
ұғымның құрылымы мен мазмұнын дү-
ниетаным түсінігі бойынша айқындағанды 
дұрыс көрдік.
Дүниетаным адамның рухани өмірінің 
түрлі қырларының синтезі ретінде қарасты-
рылады: бұл таным және адамның дүниені 
түсінуі. Дүниетанымның эмоционалды-
психологиялық қырларын көңіл-күй мен 
сезім деңгейінде дүниені сезінуі құрайды. 
Мәселен, бір адамдар оптимистік тұрғыдан 
дүниені сезінсе, келесілері пессимистік се-
зімдерді жақын тұтады. Дүниетанымның 
танымдық-зияткерлік қырларын дүниеге 
көзқарас құрайды.
Дүниетаным қоғамдағы адамдардың 
барлық өмірі секілді тарихи сипатқа ие. 
Дүниетанымның пайда болуы бірінші тұрақ-
ты адамзат қауымдастығының түрі болып 
табылатын рулық қауымның қалыптасу 
процесімен байланыстырылады. Оның пайда 
болуы адамның рухани дамуындағы өзіндік 
революция болды. Дүниетаным адамды 
жануарлар әлемінен бөлді. Адамзаттың ру-
хани дамуының тарихы дүниетанымның 
бірнеше негізгі түрлерін атап көрсетеді. 
Олардың қатарына мифологиялық, діни, 
философиялық дүниетаным жатады.
Дүниетанымның дамуындағы тарихи 
бірінші кезең ретінде мифологиялық дү-
ниетаным саналады. Мифология қоғамда 
қалыптасқан құндылықтар жүйесін бекітіп, 
мініз-құлықтың белгілі түрлерін қолдады 
және ынталандырды. Қоғамдық өмірдің 
алғашқы қауымдық түрінің әлсіреуіне бай-
ланысты миф өз құндылығын жоғалтып, 
дүниетанымның үстемдік етуші түрінен ай-
рылды.
Дүниетанымның маңызды сұрақтары 
(дүниенің, адамның пайда болуы, дүниеге 
келу мен өмір құпиялары және т.б.) басқа 
түсініктер бойынша беріле бастады. Мә-
селен, дүниетанымның діни түрі әлемнің 
тылсым күштеріне сенуге негізделсе, фило-
софиялық дүниетаным әлем, адам және 
олардың өзара қатынастары бойынша жал-
пы көзқарастардың жүйесін теориялық 
тұрғыдан түсіндірді.
Жоғарыда атап өткендей, тарихи про-
цестер көзқарасында дүниетанымның үш 
жетекші түрі ерекшеленеді: мифологиялық, 
діни, философиялық. Сонымен қатар, 
дүниетанымның заманауи дамуына бай-
ланысты күнделікті, ғылыми, гуманистік 
дүниетаным түрлері де атап көрсетіледі.
Мифологиялық дүниетаным (гректің 
mythos – аңыз, хикая) дүниеге байланысты 
эмоциялық-бейнелік және фантастика-лық 
қатынасқа негізделеді. Мифте дүниетаным-
ның эмоционалдық бөлігі ақылды, ойға қо-
нымды түсіндірмелеріне басымдық беріледі. 
Мифология ең алдымен адамның белгісіздік 
пен түсініксіздіктен туындаған табиғат, ауру, 
өлім құбылыстарын түсіндіруден бой түзеді. 
Өйткені алғашында адамзат үшін көптеген 
құбылыстардың шынайы себептерін түсіну 
тәжірибесі болмады. Барлық құбылыстардың 
себеп-салдарлық байланыстары ескерілмей, 
фантастикалық болжамдар көмегімен түсін-
дірілді.
Діни дүниетаным (латынның religio – 
діншілдік, киелілік) тылсым күштерге сенімге 
негізделді. Діннің мифтен айырмашылығы 
оның қатаң догматизм мен моральдық 
уағыздар жүйесінің әзірленуінде жатыр. Дін 
дұрыс, адамгершілік мінез-құлық үлгілерін 
таратады және қолдайды. Діннің адамдарды 
біріктірудегі де маңыздылығы үлкен, бірақ 
оның ролі екіжақты: бір конфессиядағы 
адамдарды біріктіре отырып, ол көбінесе 
түрлі сенімдегі адамдарды бөледі.
Философиялық дүниетаным теориялық 
жүйелердің көрінісі ретінде айқындалады. 
Философиялық дүниетанымның сипат-
тамалық белгілері ретінде оның логика-
лылығы мен дәйектілігі, жүйелілігі, жинақ-
таудың жоғары дәрежелілігі саналады. 
Философиялық дүниетанымның мифология-
дан негізгі ерекшелігі ретінде оның ақыл мен 
сананы жоғары қоюында деп ойлаймыз: егер 
миф эмоциялар мен сезімге сүйенсе, фило-
софия ең алдымен логика мен дәлелділікке 
негізделеді. Діннен философия еркін ойла-
умен ерекшеленеді: кез келген беделді иде-
яларды сынай отырып философ болып қала 
береді, ал дінде мұндай жағдай мүмкін емес.
Күнделікті дүниетаным парасатты мағына 
мен күнделікті тұрмыстағы тәжірибеге 
сүйенеді. Мұндай дүниетаным стихия-
лы түрде қалыптасқандықтан, күнделікті 
тұрмыстағы тәжірибені таза түрде түсіндіру 
мүмкін емес. Әдеттегідей, адам өзінің 
дүниеге көзқарастарын мифология, дін, 
ғылымның нақты әрі дәйекті жүйелеріне 
сүйену арқылы қалыптастырады.
Ғылыми дүниетаным объективті білім-
ге негізделе отырып, философиялық дү-
ниетаным дамуының заманауи кезеңін 
көрсетеді. Соңғы бірнеше жүзжылдықтар 
көлемінде ғылым нақты білімге жету тал-
пынысы барысында «тұманды» фило-
софиядан алшақтықты ұстануда. Деген-
мен, нәтижесінде ғылым адам және оның 
қажеттіліктерінен де алшақтады: ғылыми 
қызметтің нәтижесі тек пайдалы өнім ғана 
емес, жаппай қырып-жою қаруы, болжай ал-
майтын биотехнологиялар, бұқараны мани-
пуляциялау тәсілдері де жатады.
Гуманистік дүниетаным әрбір адам-
зат тұлғасының құндылықтарын, олардың 
бақытқа жету, бостандық, даму құқықтарын 
мойындауға негізделеді. Гуманизм форму-
ласына қатысты И.Кант түсінігін былайша 
қорытуға болады, адам өзге адам үшін пайда-
ланылатын құрал ретінде мақсатына жететін 
жаратылыс иесі емес. Адамды өз мүддесіне 
орай пайдалану адамгершілікке жат; әрбір 
адам өз мүмкіндіктерін ашуға және жүзеге 
асыруына барынша жағдай жасау керек. 
Алайда, мұндай дүниетанымды шынайы 
бар деп қарастырғаннан гөрі, арман-мұрат 
ретінде түсінген дұрыс сияқты. 
Дүниетанымның әрбір тарихи түрі матери-
алды, әлеуметтік және теориялық-танымдық 
алғы-шарттарға ие. Ол қоғамның дамуы 
деңгейіне негізделген әлемнің біртұтас 
көрінісін сипаттайды. Дүниетанымның 
түрлі тарихи түрлерінің ерекшеліктері за-
манауи адамдардың бұқаралық санасында 
сақталады.
Дүниетанымның құрамдас бөліктеріне 
келсек. Біздің дүниеге қатынасымыз түрлі 
білімді біріктіреді. Мәселен, тұрмыстық білім 
күнделікті өмірге бейімделуге көмектеседі: 
қатынас орнату, білім алу, мансапқа жету, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет