Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет173/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   222
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
Рухани жаңғыру: ғылыми, білім беру және мәдени кеңістігі/
/Рухани жаңғыру: научное, образовательное и культурное пространство
Rukhany zhangyru: scientific, educational and cultural space
218
219
отбасын құру. Ғылыми білім деректерді 
жоғары деңгейде түсінуге мүмкіндік бере 
отырып теорияларды құрады.
Біздің дүниемен өзара қимылдарымыз 
эмоцияларға негізделген сезіммен тікелей 
байланысты және құмарлықпен өзгеріп оты-
рады. Мысалы, адам табиғатқа қарапайым 
түрде қарай отырып, оның пайдалы және 
пайдасыз тұстарын белгілеумен қатар, 
табиғатқа сүйсіне қарайды.
Нормалар мен құндылықтар дүниетаным-
ның маңызды құрамдасы болып табылады. 
Достық пен махаббат, отбасы мен жақын 
туыстары үшін адам жалпы мағынадан 
тыс өмірін тәуекелге салу, үрейді жеңу 
секілді қимылдарға барып, мұны өз міндеті 
ретінде санайды. Сенім мен қағидалар 
адамзат өміріне қоса өрілген негіз секілді. 
Сондықтан оның әрекеттерге ықпалы білім 
мен эмоцияларды қоса алғанда әлдеқайда 
жоғары болады.
Адам әрекеті оның тәжірибелік деңгейін 
құратын дүниетаным құрылымына енеді. 
Адам өзінің дүниеге көзқарасын тек ойы-
мен ғана емес, өзінің батыл әрекеттерімен 
көрсетеді.
Білім мен сезім, құндылықтар мен 
әрекеттер дүниетаным құрамдастарының 
мына ерекшеліктерін көрсетеді: танымдық, 
эмоционалдық, құндылықтық және әре-
кетшілдік. Әрине, бұл бөлініс шартты түрде 
алынған: құрамдас бөліктер ешқа-шан 
таза күйінде кездеспейді. Ой әр-да-йым 
эмоциялармен әрленеді, әрекеттер адам 
құндылықтарын жүзеге асырады. Шын-
дығында дүниетаным әрдайым біртұтас, 
ал оларды бөлшектерге бөлу тек зерттеу 
мақсаттарында қолданылады [1].
Дүниетаным – бұл жеке (мұнда тек ин-
дивид қана емес, даралық, әсіресе тұлғалық 
мәселесі тұрады) және қоғамдық сананың 
жоғары түрі. Дүниетаным қатынастар 
үшін бағдарлар ұсынады. Сондықтан ол 
біртұтастығын сақтап, даму мен жетілуге 
ашық болуы қажет. Адам өз дүниетанымы 
мен дүниеге қатынасы арқылы даралығын 
айқындап, үнемі дүниетанымдық өзіндік 
есебін жасап отыруы қажет. Дүниетаным 
дағдарысы санаға дүниетанымдық плю-
рализм мен релятивизм құндылықтарын 
енгізу арқылы түрткі болып, авторитарлық 
және тоталитарлық сана мен ойлауға жал-
ғыз қарсы әрекет болады [2]. Демек, ру-
хани дүниетаным негізі адамның жеке 
көзқарастарының қалыптасуына байланы-
сты. Қазіргі таңда қоғамдық құндылықтарға 
сәйкес өмір сүру үшін білімді болу аздық 
ететіні анық. Адамның рухани байлығы
білім дәрежесімен тең түсуі қажет. Жасыра-
тыны жоқ, көпшілігіміз білімді қалай бас-
қаруға, қалай тиімді пайдалануға болаты-
нын ғана ойлап қоямыз. Сонымен қатар, көп 
оқыған, білімімен өзгелерден ерекшеленіп 
тұратын зерек, білімдар әрі білімпаз азамат-
тарды жоғары бағалап жатамз. Дегенмен, 
білімдарлық адам рухани дүниетанымының 
көрсеткіші емес екендігін ұмытпағанымыз 
жөн.
Дүниетаным адамның дүние мен жеке 
мені қатынастарын айқындап, маңызды 
өмірлік сауалдарға жауап беретін сенімдер, 
мұраттар, білім мен қағидалардың ұйым-
дастырылған жүйесін қамтиды. Ол тұлғаның 
рухани әлемінің өзегі ретінде индивидтің 
әлеуметтенуі процесінде қалыптасатын 
түсіндірмелік, құндылықтық және қызметтік 
қырларын өзіне біріктіреді. Дүниетаным 
ғана қоршаған дүниеге қарсы тұра ала-
тын адам болмысын қоғамдық және ру-
хани субъект ретінде тікелей анықтайды. 
Дүниетаным адамның өткені, бүгіні мен 
болашағын байланыстырып, жеке болмы-
сын ретроспективті және келешегін болжау 
тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. 
Адам дүниетанымының қалыптасуына бай-
ланысты уақыт өте келе өз әрекеттеріне 
жауапкершілік алу дағдысы орын алып, 
дербестікті иеленеді. Қоғам жастардың 
дүниетанымының қалыптасуы процесіне, 
сенімдері, мұраттары мен қағидалары қа-
жетті құндылық нұсқауларының пайда бо-
луына мүдделі. Бұл өз кезегінде қоғамның 
шынайы болмысы шарттарында азамат және 
тұлға ретінде бейімделуіне мүмкіндік береді 
[3].
Мұндай шаралардың ұйытқысы ретінде 
жоғары мектепте даярланатын педагогикалық 
кадрлардың рухани дүниетанымын қа-
лыптастыру маңызды саналады. Орта 
мектептердегі болашақ мұғалімдердің ру-
хани дүниетанымын қалыптастыру жүгі 
осы жоғары мектеп өкілдеріне артылады. 
Жалпы бұл процесті табиғаттағы су айналы-
мы секілді өзіндік сызбасын жасап көрсек: 
Мұғалім (кешегі оқушы, кешегі студент 
(болашақ мұғалім) → Орта мектеп оқушысы 
(бүгінгі оқушы, ертеңгі студент (болашақ 
мұғалім) → Жоғары мектеп оқушысы 
(бүгінгі ізденуші (студент), болашақ 
мұғалім) →Мұғалім (кешегі оқушы, кешегі 
студент (болашақ мұғалім).
В.В. Трушков қалыптастырған тұжырым-
дама бойынша дүниетаным екі құрылым мен 
екі түрден тұрады: «Дүниетаным түрлері: жеке 
(тұлғаның) және қоғамның дүниетанымы. 
Ол қоғамдық сана, идеология, қоғамның биік 
арман-мұраттары, қоғамдық ұстанымдар 
түрлерінде көрініс табады. Дүниетанымның 
психологиялық 
және 
гносеологиялық 
құрылымдарын қарама-қарсы қойғанға 
қарағанда, олардың айырмашылықтарын 
ажырата білу керек. Психологиялық құры-
лым: бағалау жүйелері, адамның дүниеге 
қатынасы, өмірлік ұстанымдар таңдауында 
көрінетін білім, көзқарастар, құндылық 
бағдарларының жүйесі; білім, сезім, таң-
далған ұстанымдарға сенімділік, борыш, 
міндеттерді сезіну мен адамгершілік 
өлшемдерін біріктіретін сенімдер; арман-
мұраттар. Дүниетанымның қалыптасуына 
дүниетанымның гносеологиялық құрылым-
дарының мазмұнын айқындайтын білім 
маңызды рөл атқарады: физикалық жа-
ратылыстану-ғылыми, биологиялық, ма-
тематикалық, әлеуметтанулық, эстетикалық, 
экономикалық және т.б. Бірақ дүниетаным 
білімнің біржақты жиынтығы емес. Бұл 
дүниеге көзқарастардың біртұтас жүйесі, 
дүниеде болып жатқандарды қабыл-даудың 
тұжырымдамалық көріністері. Дүниетаны-
мның теориялық негіздері болып философия 
саналады» [4].
Философия студент пен қоғамда өмір 
сүретін болашақ азаматтың дүниетанымын 
қалыптастырады. Сондықтан оның мағы-
налық жүгі тек біліммен ғана емес, тәрбие 
беру бөлшектерімен де тығыз байланы-
сты. Атап өткеніміз жөн, философиялық 
білімнің әлеуеті өте жоғары. Мәселен, фи-
лософиялық түсіну әдісін ұстанатын оқыту 
бағдарламалары бастауыш сыныптарының 
көптеген көптеген пәндерінің негізіне 
айналған [5].
Адамның қоршаған дүниеге қатынасының 
жалпы формалары мен заңдылықтарын 
зерттейтін философия ілімін оқытуда қоғам-
дық қатынастарда туындаған көптеген мә-
селелерді сараптау арқылы орын алады. 
Философияның негізгі мәселесі адам болып 
табылғандықтан, сабақ жүргізу барысында 
философиялық антропология негіздеріне 
сүйенген жөн. Барлық философиялық мұраны 
түрлі авторларға тиесілі идеялар жиынтығы 
десек, әр тұжырымның өзіндік сипатқа ие 
ерекшеліктері болатындығын ұғынамыз. 
Студенттер бұл пән арқылы бір ғана ұғым-
ның космологиялық, психологиялық, физи-
калық, онтологиялық, гносеологиялық ас-
пектілерін қарастыруда түрлі түсініктер 
қалыптастыруына ықпал етеді. Ал, ойшыл-
дардың түрлі көзқарастары мен идеяла-
ры арқылы болашақ мұғалімдердің рухани 
дүниетанымын қалыптастыруға ықпал жа-
сай аламыз.
Б.В. Сафронов және Л.Н. Дорогова руха-
ни дүние құрылымын былайша сипаттайды: 
«Тұлғаның рухани дүниесіне алғашында 
жақындағанда оның келесі маңызды бөл-
шектерін немесе салаларын айта аламыз: 
1. Қоғамдық сананың теориялық деңгейін 
түрлендірушы рационалдық сала. 2. Сезімдік 
сала – адамның күнделікті өмірі процесіндегі 
индивидтің шынайылықты эмоционалды-
сезімдік, эмпирикалық игеруі. 3. Ерік ақыл 
мен сезімнің қоспасы ретінде алғашқы екі 
саланың тәжірибелік түрде жүзеге асыры-
луы [6]. Сонымен қатар, олардың пікірінше: 
«дүниетаным әрдайым тұлғаның өмір мәні 
туралы сауал бойынша шешімдерімен бай-
ланысты» [6, 68 б.]. Қарап отырсақ, атал-
мыш үш бөлшек өзара тығыз байланы-
сты. Мәселен, рационалдылық дүниені 
объективті және субъективті тануда ерекше 
орны бар ақылмен қалыптасады. Білім де 
осы рационалдылықтың маңызды бөлшегі 
екендігі анық. Ал білім өз кезегінде қоғам 
мен адамның рухани дүниетанымының 
көрсеткіші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет