Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет18/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   222
Байланысты:
annotation141066

К
іріспе.
Бүгінгі дәуір – ұлттық 
бәсекеге, ақпараттық сайыстарға, 
гуманитарлық, психологиялық-әлеуметтік 
өзгерістерге толы ғасыр. Заманына сай ин-
теллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары 
дамы-ған, халықаралық деңгейге сәйкес 
білімі бар азаматты өсіру – мемлекеттіміздің 
ең маңызды стратегиясы. Сондықтан, ин-
теллектуалды ірі мемлекеттік позицияны 
сақтап қалу, тіпті ұлттық қауіпсіздік пен 
стратегиялық приоритетіміздің бірден бір 
шешімі болашақ ұстаз қолында.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ де-
сек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған 
келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамы-
ту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, 
тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. 
Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, 
білікті білімімен, ұйымдастырушылық 
қабілетімен, балалармен тіл табысудағы 
қасиетімен асқақ. Өз кәсібін қадірлеген ұстаз 
ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады. 
Бүгінгі қоғамға қажеті де осындай ұстаздар.
МРНТИ 14.01.11
М.А. НУРИЕВ
1
, Д.М. СОВЕТКАНОВА
2
, А.М. АЙНАКУЛОВА
3
1, 2, 3
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
(Алматы, Қазақстан)
ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БОЛМЫСЫ
Аңдатпа
Берілген ғылыми мақалада авторлар білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мек-
тепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық 
үйлестіруді шебер меңгерген психолог, педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім 
керектігін алға тартады. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Сондықтан, 
мұғалім – әрқашан да жай ғана кәсіби маман емес, өз кәсібін жетік меңгерген, техникалық 
және әдістемелік сынды қолжетімді құрал-жабдықтарды қолдана алатындай заманауи педа-
гог болуы шарт. Осыған байланысты, мақалада қазіргі заман педагогының әлеуметтік және 
кәсіби сипаттамалары, құндылық бағдары, әрі тұлғалық портреті сипатталады. Сондай-ақ, 
мақала авторлары мұғалім мамандығының қыр-сырын жан-жақты ашуға тырысқан. Автор-
лар тарапынан педагог болмысы мен мұғалім шеберлігіне қойылар талаптар ұсы-нылған. 
Мақалада мұғалімнің заманауи білім беру жүйесінің дамуына сәйкес, тұлғалық, адамгерші-
лік, психикалық, когнитивтік, әдістемелік және мәдени сипатын көрсететін кәсіби құ-
зіреттіліктерді қамтитын қасиеттерді меңгеруге бағдарланған «Қазіргі заман мұғалімінің» 
тұлғалық болмысы сарапталады.
Түйін сөздер:
 
педагог, мұғалім шеберлігі, білім, кәсіби дағды, тіл шеберлігі, коммуника-
ция, жаңа формация педагогы, кәсіби құзіреттілік.
mentioned paradigms, as innovative; conclusions are drawn about the need for a radical transition 
from the traditional model of education to a poliparadigmal, creative evolving, innovative, 
personally-oriented, dialogic technologies, ICT, SMART and STEAM technologies based on all 
possible uses.
Key words:
higher pedagogical education, competitive higher pedagogical education, innovation,
innovation process, competitiveness, paradigm, personality-oriented paradigm, cultural paradigm, 
competence paradigm, remote paradigm, SMART education, STEAM-education, technology.


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
Педагогиканың және психологияның әдіснамасы мен теориясы/
Методология и теория педагогики и психологии /Methodology and theory of pedagogyand psychology
20
21
лар мен конференцияларға тікелей немесе 
қашықтықтан қатысып отыруы. Қазіргі за-
ман оқу әдістерін жеке меңгеру де жаңа тех-
нологияларды өз сабағында жаппай қолдана 
алуына септігі тиеді.
2.3 Үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. 
Ой-өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды 
дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам 
басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан 
хабардар болуы қажет. Жан-жақты дамыған 
«толық адам» екеніндігі, оқушылардың 
қызыға қарайтын қасиеттерінің болуы. Әр 
сабағында оқушыларға тірі тарих сөйлеп 
тұрғандай әсер қалдыруы. Ол үшін білімі 
жетік, жаңа ҒТТ-ге сай жан-жақты жетілген 
рухани бай болуы керек.
Үшіншіден,
ақпараттық-технологиялық 
сауаттылығы жоғары маман болуы қажет. 
3.1 Жалпы сауаттылық мәселесі.
Педагог-
тың жалпы сауаттылығы – оның әлеуметтік, 
мәдени, саяси және экономикалық қызмет-
терге белсене араласуы және өмір бойы 
білім алуына ықпал ететін базалық факторы. 
Өз мамандығының мінсіз шеберлігіне жетіп, 
күнделікті өмір мен ғаламдық жаңалықтары-
нан қалыс қалмай, жан-жақты білімдар, 
танымдық көкжиегі кең, дүниетанымы бай 
педагогты – сауаттылығы жоғары мұғалім, 
ұстаз деп қабылдауға әбден болады. Ұлттың 
мінез-құлқына сай – бірден-бір базалық 
көрсеткіштер мен әлеуметтік-мәдени дамуы-
ның бет-бейнесі сол педагог-мұғалімнің 
жалпы сауаттылық көрсеткіші болып табы-
лады.
Жалпы сауаттылықтың өзін: функционал-
дық сауаттылық, діни сауаттылық, құқықтық 
және саяси сауаттылық деп ішнара бөлуге 
болады. 
3.2 Ғылыми сауаттылық.
Ұстаз қолында 
адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, 
жаңадан өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен 
жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңа-
лығынан сырт қалмай ізденісте болу үшін за-
ман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие 
керек. Сондықтан, мұғалімнің ғылыми сауа-
ты терең болуы керек. Ғылыми технология 
қарқынды дамыған заманға сай мұғалім де 
ғылыми технологиялармен қарулануы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет