Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет19/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   222
Қазіргі заман 
педагогының 
тұлғалық болмысы 
Кәсіби мамандығына 
құштарлық
 
Педагогикалық әдеп 
этикасы мен 
эстетикасы
 
Ақпараттық-
технологиялық 
сауаттылық
 
Өнерлілік, жан-
жақтылық, 
ойлаптапқыштық 
қасиет
 
Тиімді қарым-қатынас 
орната алуы
 
Нәтижелі жұмыс 
істей алуы
 
атауылының алғашқы әліппесі өркениет 
ұстазының тәлім сабағында күн сайын 
үйретіліп, үлкен «білім мұхитына» айна-
лып, рухы мықты, интеллектуалды ұрпақ 
тәрбилеп шығару [4]. Олай болса, осындай 
игі ниеттен туындаған ұстазға қойылар та-
лаптарды жүйелеп ұсынып көрелік:
Біріншіден,
педагогикалық әдеп этикасы 
мен эстетикасы жоғары дамыған маман болу 
керектігі:
1-тірек-сызба.
 Қазіргі заман педагогының тұлғалық болмысы
Алтыншыдан
– ұстазға тән лидерлік 
қасиеттерге ие болуы. 
Жетіншіден
– ұстаздықты таңдап алған 
оқушылардың дайындығы: 
7.1 Оқу орындарына қойылатын талаптар;
7.2 Оқытушыларды сараптап алу [4].
Осыған сәйкес, қазіргі білім беру үрдісіне 
және ұстаз біліктілігіне қойылып отырған 
талаптарды негізге ала отырып, педагог 
меңгере білуге тиісті негізгі қасиеттерді 
анықтап, төмендегі тірек-сызба арқылы [1 – 
тірек-сызбаға назар аударыңыз], мұғалімнің 
заманауи білім беру жүйесі дамуына сәйкес, 
тұлғалық, адамгершілік, психикалық, когни-
тивтік, әдістемелік және мәдени сипатын 
көрсететін кәсіби құзіреттіліктерді қамтитын 
қасиеттерді меңгеруге бағдарланған «Қазіргі 
заман мұғалімінің» тұлғалық болмысын бе-
руге тырыстық [3].
Мұғалім-Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекеті-
нің сан қырлылығынан ұстаз беделі деген 
ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді бо-
луының алғы шарттары: бірінші: балаға 
үлгілі болуы әрі үлгі көрсетуші болуы керек. 
Шынында да, ағарту орындарының алтын 
діңгегі – мұғалім. Жас ұрпақ мұғалімге қарап 
бой түзейді. Нағыз ұстаз қай ғасырда да ұстаз 
болып қала бермек. Ұстазға қойылатын та-
лап пен тілек қашан да ортақ. Ол – білімділік, 
имандылық, парасаттылық барлық ғылым 
1.1 Сыртқы мәдениеті келіскен, яғни, 
киім кию мәдениеті. Мұғалімнің келбеті: 
сыртқы мәдениеті, киім киюі, шаш сәндеу 
үлгісі, бет-әлпетін әрлеуі – әлем-жәлем 
емес, өзгеге өнеге болатындай ұстамды, 
классикалық түрде болып келуі – мұғалімдік 
мамандықтың ең басты эстетикалық сапалық 
белгісі.
1.2 Қарым-қатынас әдебі. Шәкіртпен, 
ұжым мүшелерімен, ата-аналармен қарым-
қатынасы, өзінің іс-әрекетін бақылауда ұс-
тап, есеп бере алуы – мұғалімнің этикалық 
әдебінің көрсеткіші. Жұмыстан тыс уақыт-
та да қарым-қатынас әдебін ұстануы ұстаз-
дың өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етуіне, 
шәкірттің мұғалім мамандығына, мұғалім-
нің өзіне деген қызығушылығын оятып
құрметін асыруға тікелей әсер етеді.
1.3 Сөйлеу мәдениеті, тіл шеберлігі, тілге 
шешендігі. Қашан да, кез келген уақытта 
не жағдай болса да тосылып қалмайтындай 
сөзге шешен, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, 
білімі жетік, жан-жақты интеллектуалды 
қаруланған тұлға иесі болуы. Ұстазға тән 
лидерлік қасиеттердің бойынан табылуы.
1.4 Ұстаздың адами қасиетіне қойылатын 
талаптар. Адамгершілігі жетік, рухани бай 
болуы. Керек кезінде оқушыға оның мұғалі-
мі ғана емес, сырласына айналуы қажет. 
Ол үшін оқушының жан дүниесін түсіне 
алып, оған адамгершілік тұрғысынан көмек 
көрсете алуы керек [3].
Екіншіден,
ұстаз адам – кәсіби маманды-
ғына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, 
барлық өмірін соған арнайтын маман болуы 
тиіс. 
2.1 Өз пәнін терең меңгеруі. Мұғалімнің 
бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүние-
де теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана 
лайық. Өз пәнін терең меңгеруі – оның ба-
сты қасиеті болмақ.
2.2 Кәсіби шеберлігін үздіксіз шыңдауы. 
Білім, біліктілігіне қойылатын талаптар. 
Алған базалық білімін күнделікті ғылыми 
жаңалықтармен толықтырып, кәсіби шебер-
лігін үздіксіз ұштап отыруы тиіс. Біліктілігін 
арттыратын курстарға, әртүрлі танымдық
ғылыми-әдістемелік жұмыстарға, байқау-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет