Научно-практическая студенческая конференция «студенческая наука и здоровье»


«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата14.02.2017
өлшемі2,84 Mb.
#4105
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ 
СТУДЕНТТЕРІНІҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ 
МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНУЫ 
Б.М.Мұхаметбек, Д.К.Жунусова,  А.Ж.Асанова  
Ғылыми жетекші: к.м.н. Тургамбаева А.К. 
 Менеджмент және маркетинг кафедрасы 
«Астана медицина университеті» АҚ Астана қаласы Қазақстан 
 Оқу  жылдарының  алғашқы  кезінен  –ақ  медицина  студенттері  мен 
болашақ  провизорлар  фармацевтикалық  өндіріс  өкілдерімен  кездесе 
бастайды.  [1].  Дәрілік  затты  өндірушілер  және  медицина  мен  фармация 
арасындағы  байланыс  орынды  әрине,  бірақ  бұл  қарым-қатынастың 
мағынасын,  кері  көзқарастың  қалыптасуына  алып  келетінін  студенттер 
толығымен түсіне бермейді. [2].  
Зерттеу  мақсаты.  Медициналық  университет  студенттерінің 
фармацевтикалық 
компанияның 
маркетингтік 
қызметі 
туралы 
ақпараттануын анықтау.  
Материалдар  мен  әдістер.    «Астана  медицина  университеті»  АҚ 
студенттерінің  ақпараттануын  білу  мақсатында  «қоғамдық  денсаулық 
сақтау»  факультетінің  3-курс  және  «жалпы  медицина»  факультетінің»  4-
курс  студенттеріне  ,  жалпы  есепте  65  студентке  сауалнама  жүргізіліп  , 
статистикалық талдау жасалынды.  
Нәтиже  мен  талқылаулар.    Сауалнама  мәліметтеріне  сәйкес, 
студенттердің  жартысы  (47,7%  )  дәрілік  заттарды  өндірушілердің 
сатылымды жоғарлату үшін ынталандыру жолдарын біледі,  10,8% сатушы 
өкілдерден  сыйлықтар,кеңсе  заттары)  алғанын    жоққа  шығармайды. 
Студенттердің көпшілігі(63,1% ) шетелдік өндірушілердің дәрілік заттары 
сапалы деп соларды сатып алады, тек  сауалнамашылардың 20 %  -ы ғана, 
дәрілік  затты  зерттеуді  фармацевтік  компания  қаржыландыратын  болса, 
медициналық  журналдағы    зерттеу  нәтижелері  үнемі  дәлелді  емес 
екендігін  біледі.  Тек  респонденттердің  жартысына  жуығы(46,2%)  
зерттеудің  дәлелді  нәтижелері  жарияланатын  дәлелді  медицина  бойынша 
вебсайттарды  сирек  қарастырады,  36,9%  -ы  бұл  сайттарды  мүлдем 
қолданбағанын  көрсетті.    Студенттердің  тек  жартысы  ғана  (50,8%  ) 
фармацевтік индустрияның  маркетингтік қызметі әсер ететінін біледі.  
 Қорытынды.  Зерттеу  мәліметтеріне  сүйене  отырып,студенттердің 
дәрілерді  қолданысқа  беру  бойынша  толық  ақпараттанбағанын,  тек  аз 
бөлігі  ғана  зерттеудің  нәтижелері  жарияланған  дәлелді  көздерді  білетінін 
байқауға болады.  
              Әдебиеттер: 1.Барбара Минтзес. Практическое руководство. «Как 
распознавать продвижение лекарств и как к нему относиться» 1994г.11-25б  
2.Ю.А. Белоусов, А.И. Вялков, Д. Белоусов «
Клинический проектный 
менеджмент» 2003г. 98-99б. 
 

 
167 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ 
ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДАРЫ 
Назарбеков Серікболсын Мейрамғалиұлы 
Ғылыми жетекшісі: профессор - Ж.Б.Базарбек  
Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті 
Қазақстан Республикасы 
     Қазақстан 
Республикасының 
радиациялық 
қауiпсiздiктi 
қамтамасыз 
ету 
саласындағы 
заңдары 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясына  негiзделедi,  "Атом  энергиясын 
пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-
ақ  Қазақстан  Республикасының  өзге  де нормативтiк құқықтық актiлерiнен 
тұрады.  Радиациялық  қауiпсiздiк  –  белгiленген  нормаларға  сәйкес 
қызметшiлерге,  халыққа  және  қоршаған  ортаға  радиациялық  әсерi 
шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен 
сипаттамаларының жай-күйі. 
Радиациялық  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  етудiң  негiзгi  принциптерi 
мыналар 
болып 
табылады:  
       нормалау  принципi  -  иондаушы  сәулелендiрудiң  барлық  көздерiнен 
азаматтардың  сәуле  алуының  жеке  мөлшерiнiң  жол  берiлетiн  шегiнен 
асырмау;  
       негiздеу  принципi  -  иондаушы  сәулелендiру  көздерiн  пайдалану 
жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда 
адам  мен  қоғам  үшiн  табиғи  радиациялық  ортаға  қосымша  сәуле  алу 
келтiретiн 
ықтимал 
зиян 
қатерiнен 
аспайды;  
       оңтайлыландыру  принципi  -  иондаушы  сәулелендiрудiң  кез  келген 
көзiн  пайдалану  кезiнде  сәуле  алудың  жеке  мөлшерi  мен  сәуле  алатын 
адамдар  санының  экономикалық  және  әлеуметтiк  факторларын  ескере 
отырып,  мүмкiндiгiнше  төмен  және  қол  жетерлiк  деңгейде  ұстау;  
     Қазақстан  Республикасы  азаматтарының,  Қазақстан  Республикасы 
аумағында  тұратын  шетелдiктердiң  және  азаматтығы  жоқ  адамдардың 
радиациялық  қауiпсiздiкке  құқығы  бар.  Бұл  құқық  иондаушы 
сәулелендiрудiң  адам  организмiне  белгiленген  нормалардан  жоғарғы 
радиациялық әсер етуiне жол бермеу жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу, 
сондай-ақ  иондаушы  сәулелендiру  көздерiн  пайдалануға  байланысты 
қызметтi  жүзеге  асыратын  азаматтардың  және  ұйымдардың  радиациялық 
қауiпсiздiктi  қамтамасыз  ету  жөнiндегi  талаптарды  орындауы  арқылы 
қамтамасыз етiледi.  
     Ғылыми  жұмысымның  мақсаты    -    Қазақстан  Республикасының 
радиациялық  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  ету  саласындағы  заңдарын  зерттеу 
болып табылады. Сол заңдардың түрлерін, қашан қабылданғанын, қандай 
мәселелерді қарастыратынын, қандай жеңілдіктер бар екенін көрсетеді... 
 
 

 
168 
 
ИТ ГИПОФИЗІНІҢ АҒЗАСЫРТЫЛЫҚ АРТЕРИЯЛАРЫ 
Б. А. Назархан, Е. Н. Бұрхан 
Ғылыми жетекші: м.ғ.к., қалыпты анатомия кафедрасының доценті 
Искиндирова А. М. 
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, 
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы  
 
Ит 
гипофизі 
келесі 
артериялар 
арқылы 
қанмен 
қамтамасыздандырылады:  ішкі  ұйқы  артериясының  үңгірлі  бөлігінен 
бөлінетін  вентралдық  гипофиздік  артериялар,  ішкі  ұйқы  артериясының 
милық  бөлігінен  және  артқы  дәнекер  артериялардан  бөлінетін  дорсальді 
гипофиздік артериялар.  
Вентралды  гипофиздік  артериялар  түрік  ершігінің  түбінің 
деңгейінде  ішкі  ұйқы  артериясының  медиальді  айналымы  тұсында 
бөлінеді. Вентралды гипофиздік артерияның көп бөлігі үңгірлі қойнаудың 
қуысында орналасқан.  
Әр  вентралды  гипофиздік  артерия  гипофизге  жақындағанда 
аденогипофиз  бен  нейрогипофизді  бөлетін  жүлдеге  краниалды  және 
каудалды  бағытталатын  екі  артериялық  тармақшаларға  бөлінеді.  Бұл 
артериялық  тармақшалар  қарама  –  қарсы  жақтан  келетін  аттас 
тармақтармен анастамоз жасай отырып гипофиздің «вентралды артериялақ 
анастамоздық  сақинасын»  түзеді.  Бұл  сақинаның  тармақтарын  екі  топқа 
бөлеміз: 
бірнеше 
жіңішке 
иреленген 
артериялық 
тармақшалар 
нейрогипофиз  қапшығын  тесіп  өтіп  гипофиздің  осы  үлесінің  тереңіне 
енеді.  Нейрогипофиздің  негізгі  артқы  бөлігіне  енетін  артериялық 
тармақшалар  капиллярларға  дейін  тармақталады  немесе  артқы  үлесінің 
шеткі қабаттарында кейбір тармақшалар доға тәрізді иіліп, өзара анастамоз 
түзеді.  «Гипофиздің  вентралды  артериялық  анастамоздық  сақинасының» 
ірі тармақтарының біреуі нейрогипофизге  ұсақ тармақшалар бере отырып, 
ростралды  және  жоғары  қалың  шелмай  қабатына  қарай  бағытталып, 
аденогипофиз  бен  нейрогипофиздің  суқұйғыштық  бөлігі  арасындағы 
шекарада  «делбелік»  немесе  «шарбақшалық  артериямен»,  сонымен  қатар 
ростралдық  және  каудалдық  гипофиз  артериялары  жүйесінен  «сабақтың 
ұзын артериясымен» анастамоз жасайды.  
Жоғарыда  анықталғандардың  барлығын  анатомиялық  тәжірбие 
жүзінде  негіздеуге  болады,  яғни  вентралдық  гипофиз  артерияларына 
инъекция  жасағанда  бояушы  зат  тек  нейрогипофизді  ғана  тегіс  бояйды, 
сондай  –  ақ  қарама  –  қарсы  жақтағы  төменгі  вентралдық  гипофиздік 
артерияға  және  ростралды  және  каудалды  гипофиздік  артерияларының 
бастапқы  бөліктеріне  енеді  (Д.А.Жданов  және  М.Р.Сапин  1972).  Яғни 
гипофиздік  артерия  тек  гипофиздің  артқы  үлесін  ғана,  яғни 
нейрогипофизді қанмен қамтамасыздандырады.  
 

 
169 
 
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ 
 
НАЙМАНГАЗИЕВА АҚБОТА 
 
Ғылыми жетекшісі:  оқытышы Н.М .Абешова 
 
Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті, Қазақстан 
республикасы. 
 
   Жер-су аттары дегеніміздің өзі ертеде сол өлкені мекендеген халық 
тілінің  көрінісі.  Топонимика  сол  жерді  мекендеген  және  иесі  болып 
табылатын  этностың  тарихын  ашып,  тілінен,  тұрмыс-  салтынан  мәлімет 
береді. Топонимикалық құрылымдық-сөзжасамдық жүйесін талдау жасап, 
лексика-семантикалық ерекшіліктерін анықтау.  
    Тарбағатай  ауданы  территориясындағы  Жақсы    Арғанаты,  Жаман 
Арғанаты  деп  аталатын  тау  сілемдері, Аягөз,  Дегелең атауларының  шығу 
төркіні  Т.Жанұзақов  пікірлеріне  сай  келеді.  Атаулардың  мағынасына 
келетін  болсақ,  «Арғанаты»  атауы  «бір-бірімен  жалғасқан  тау  тізбектері, 
қырат жоталары, «тау сілімдері» деген мағынаға жуық . 
 Жер-су  атауларының  шығу  тарихын,  атап  айтсақ,  Шар  өзені, 
Бақанас, Үржар және т.б қарастырылады. Шығыс Қазақстан топонимдерін 
жинақтап зерттеп келе, оны екі топқа жіктеуге болады: 
       1.Дара тұлғалы топонимдер       
         2.Күрделі тұлғалы топонимдер 
         Шығыс  Қазақстан  топонимдерін  морфологиялық  құрлымына 
саралап  жіктеу  барысындаатауыштық  қызметі  жағынан,  әсіресе,  есім 
сөздердің басым екені байқалады. Солардың ішінде ең көбі-зат есімдерден 
жасалған  топонимдер.  Зат  есімдерді  өзара  жіктегенде,  олардың  бірнеше 
лексика-семантикалық топқа бөлінетінін көреміз: 
         -Кісі есімінен қойылған топоним: Бөкенбай-елді мекен. 
         -Жер бедерін білдіретін топоним: Қараүңгір-елді мекені.  
         -Суға қатысты топоним: Қайнар- елді мекен           
Атау дегеніміз, мейлі, ол бір елдің немесе бір жердің аты, не адам 
аты  болсын  бәрібір,  сол  бір  объектінің  дәл  өзі  емес    бір  объектіге  қоғам 
тарапынан қойылған белгі және ол қалай болса, солай қойылған кездейсоқ  
белгі  емес,ең  қолайлы,  ең  лайық,  нысаналы  деген  соның  басты  бір 
өзгешелігіне ие болған, соның бір елесін беретін айшықты белгі. 
 
 
 
 
 

 
170 
 
ЭПИДЕМИЧЕСКАЯ ОБСТАНОВКА ПО ВИЧ/СПИД ПО РК И 
г. СЕМЕЙ ЗА 2013 г. 
Насибуллин Е., Вайгант Г. С, Миллер Д.Я, Саранбаева А.Е. – 
Студенты 421 группы ОМФ. 
Научный руководитель: зав. Каф. Детских инфекционных болезней и 
фтизиатрии, доцент Эфендиев И.М. 
Государственный медицинский университет г.Семей, Республика 
Казахстан 
Актуальность:  Одно  из  ведущих  мест  среди  групп  социально-
значимых инфекционных заболеваний занимает ВИЧ/СПИД. Оно входит в 
число  инфекций,  летальность  которых  составляет  100%,  при  отсутствии 
эффективного 
лечения. 
По 
последним 
данным 
число 
ВИЧ-
инфицированных составляет 34 миллиона человек. 
Целью  данной  работы  явилось  изучение  статистических  данных  о 
заболеваемости ВИЧ/СПИД по РК и г.Семей 
Общее  количество  ВИЧ-инфицированных  по  городу  Семей  на 
12.12.2013 г. 168 человек, из них мужчин  – 138, женщин – 30.Показатель 
распространенности  ВИЧ  инфекции  среди  детей  до  14  лет  –  3%,  среди 
взрослых  20-30  лет  –  29,7%,  30-60  лет  –  66,6%. Удельный  вес 
 
распределения случаев ВИЧ-инфекции по социально- профессиональному 
статусу в г. Семей: среди дошкольников  -4, среди школьников  – 1, среди 
заключенных  –  98,  остальные  составляют  65  человек.  На  12.12.2013г.  на 
учете  у  нарколога ВИЧ  -  инфицированных  состоят 46 человек,  из  них  42 
мужчины  и  4  женщины.  По  данным  за  12.12.2013г.  в  г.Семей  на  первой 
стадии ВИЧ находятся -84, на второй -49, на третьей -34, на четвертой -1 
человек.  Основными  путями  передачи  ВИЧ-инфекции  по  г.Семей 
являются: парентеральный, при употреблении инъекционных наркотиков – 
69%, половой:  гетеросексуальный – 25%, гомосексуальный – 2%, не ясной 
этиологии – 2%, вертикальный – 2%. 
Таким образом движущей силой эпидемии является - инъекционное 
употребление  наркотиков,  парентеральный  путь  инфицирования  составил 
в 2013 году 69%. В структуре ВИЧ- инфицированных преобладают лица в 
возрасте  от  30-60  лет.  Инфицированность  мужчин  (82%)  значительно 
выше  чем  у  женщин(  18  %  ).  ВИЧ  чаще  встречается  среди  осужденных 
(98%).  
 
 
 
 
 
 
 
 

 
171 
 
ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ПАРОДОНТ АУРУЛАРЫН ЕМДЕУДІҢ 
ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ 
Наурызбаева Ш.Б. 
Ғылыми жетекші: Абылқаирова Г.С. 
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті, Қазақстан Республикасы 
 
Өзекті  мәселесі:Қазіргі  кезде  стоматологияда  елеулі  мәселелердің  бірі 
пародонт  тінінің  аурулары  болып  табылады.  ДДҰ  мәліметтері  бойынша 
12-14  жас  аралығындағы  пародонт  деструкциясының  таралуы  55-95%. 

Пародонт аурулары асқорыту жүйесіне және баланың психо- эмоционалды 
жағдайына  қолайсыз  әсер  етеді.  Инфекциялық  және  басқа  факторларға  
деген  ағзаның  резистенттілігінің  төмендеуі  ағзаның  сенсибилизациясына 
алып келеді. 
Пародонт  ауруларының  жоғары  таралуынан  басқа,  ағымы  бастапқы 
кезеңдерде  симптомдары  нашар  айқындалуымен  сипатталады,  сондықтан 
көп  жағдайларда  науқастар  стоматологқа  кеш  қаралады  және  алынған 
мәліметтер  бойынша,  пародонт  аурулары  салдарынан  тістерді  жоғалту 
тісжегінің  асқынулары  себебінен  тіс  жұлудан    5-10  есе  жоғары  болады. 
Осылай  тістерді  жоғалту  науқастарға  сырт  -келбеттік,  әлеуметтік  және 
тұрмыстық  қолайсыздықтар  тудырады,  сонымен  қатар  ас  қорыту  жүйесі 
мен  ағзаның  басқа  жүйелерінің  бұзылыстарына  әкеледі.  Осындай  жағдай 
өте  маңызды  мәселе  болып  табылады,  бұл  сұрақты  шешуге  әлемнің 
көптеген медицина мен фармация мамандары жұмыла жұмыс істеуде.  
Жұмыстың мақсаты:Семей қаласындағы 12-14 жастағы 
жасөспірімдердің арасында қызыл иек қабынуын емдеу әдістерінің 
салыстырып, тиімдісін анықтау. 
Міндеттері:Қызыл  иек  қабынуын  емдеу  әдістерін    салыстыру 
мақсатында 12-14 жас аралығындағы  21 баланың қызыл иек жағдайы әр-
түрлі зерттеу сынамалары арқылы іріктеліп алынды. Іріктелген балаларды 
3  топқа  бөлдік.  Әрбір  топқа  арнайы  жеке  ем  тағайындадық.  1-ші  топ 
лазерлі сәуле арқылы, 2-ші топ Vector жүйесімен, 3-ші топ метрогил-дента 
препараты арқылы ем алды.  
Нәтижелері  мен  қортындылары:  Лазер  және  метрогил-дентамен 
емделген  топтың  емделу  уақыты  ұзаққа  созылды,  ал  Vector  жүйесімен 
емделген топтың уақыты қысқа және емі нәтижелі болды. 
Осылайша вектор жүйесін қызыл иек қабынуында қолдану тиімді екеніне 
көз жеткіздік. 
 
 
 
 
 
 

 
172 
 
БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДАҒЫ БАС МИ  
ҚАНАЙНАЛЫМНЫҢ БҰЗЫЛУЫ 
Несипбаева А.А., Слямханқызы Б.  
Ғылыми жетекші: профессор Дюсембаев А.А., к.м.н. Санбаев М.С.  
Семей  к.  Мемлекеттік медицина университеті, Қазақстан 
Республикасы  
Жедел бас ми қанайналым бұзылыстарының (ЖБМҚБ) кездесу жиілігі 
100000  балаға  шаққанда  2-ден  13-ке  тең,  оның  ішінде  бір  жасқа  дейінгі 
балаларда  60-70%  құрайды  (Евтушенко  С.К.,  2010;  Roach  E.  Golomb  M 
2008). 
Зерттеу  мақсаты.  Бір  жасқа  дейінгі    балалардағы  кездесетін  бас  ми 
қанайналымының  клиникалық  ерекшеліктерін  анықтап  және  себептерін 
зерттеу. 
Зерттеудің  түрі  және  материалдары:  Семей  қ.  мемлекеттік  медицина 
университетінің  Медицина  Орталығының балалар хирургия  бөлімшесінде 
2008  және  2013  жылдар  аралығында  жасы  бір  айдан  жеті  айға  дейінгі 
аралықтағы ЖБМҚБ-мен  42 нәресте емделген.  
Талқылау  нәтижесі:  ЖБМҚБ-ның  геморрагиялық  түрі  науқастарда 
зақымдалған  бас  миы  аумағына  байланысты    келесі  жиілікте  кездесті: 
қарынішілік  8(19%);  паренхиматозды  -  32(76,2
 );  мишықішілік  -  3(7%); 
субарахноидалды  24(57%);  субдуралды  19(45%).  Осылардың  ішінде,  бас 
миішілік  қан кету,  56% аралас түрде болады. Оперативті ем бас-миішілік 
гематоманың көлеміне, орналасуына  және науқастың жалпы жағдайының 
ауырлығына байланысты  жүргізілді.  
Операция 29(69%) сәби науқасқа жасалынды. Оның ішінде, 11(37,9%) 
жағдайда  бассүйекішілік  гематоманы  тесу  арқылы  сорып  алу  тәсілі 
қолданылды;  резекциялық  краниотомия  арқылы  гематоманы  алу  -
18(62,1%) орын алды.  Емнің барысында қанағаттанарлық нәтиже 34(81%)   
құрады,  ал  бала  шетінеуі  8(19%)    байқалды.  Қайтыс  болған  сәби 
науқастарда патолого-анатомиялық зерттеу барысында 5 (62,5%) жағдайда 
бас  миы  қан  тамырларының  мальформациясы  анықталған,  қан  құйылу 
себебі -1(12,5%) анықталмады. 
Қорытынды:  Бір  жасқа  дейінгі  балалардағы  ЖБМҚБ  клиникалық 
көріністері әрқилы, сонымен қатар бас ми қан айналуының бұзылу кезінде 
науқаста  жалпы  және  ошақты  ми  белгілері  басым  болып  табылады. 
Емделген  науқастардың  жартысынан  артығында  жедел  бас  ми 
қанайналымының  бұзылуына  аналардың  жүктілік  кезіндегі  қосымша 
аурулары,  жас  сәбилердегі  стресс  жағдайлар  себеп  болған.  Зерттелген 
науқастардың ішінде  ЖБМҚБ сәби балалар 74%, 1 аймен-2 ай аралығында 
кездескен.  ЖБМҚБ  ауруымен  қайтыс  болып  кеткен  нәрестелердің 
себептерін  сараптау  кезінде  байқалған  ерекшелік,  паталого-анатомиялық 
зерттеу 
нәтижесінде 
62,5%-да 
бас 
миының 
тамырларының 
мальформациясы әсер еткен болып табылады. 

 
173 
 
РЕЗУЛЬТАТЫ ХИРУРГИЧЕСКОГО ЛЕЧЕНИЯ ОСТРОГО 
ХОЛЕЦИСТИТА 
Несипбаева А.А 6 курс интерн  врач, «Общая Медицина.Хирургия»,  
Аймағамбетов М.Ж. д.м.н., доцент, зав. кафедрой интернатуры по 
хирургии 
ГМУ г.Семей, Республика Казахстан 
Острый холецистит является самым частым осложнением желчнокаменной 
болезни. Сегодня практически у 90% больных желчнокаменной болезнью 
выполняются лапароскопическая или мини-доступнаяхолецистэктомия. 
Целью  настоящего  исследования  является  изучение  результатов  мини-
доступных операций при остром холецистите. Материал и методы: Нами 
проведен анализ результатов хирургического лечения 50 больных с острым 
холециститом.  Возраст  больных  колебался  от  29  до  81  лет.  Средний 
возраст  составил  55,1±12,2  лет.  Женщин  было  30(60%),  мужчин  –  
20(40%).  Операции  выполнялись  из  мини-доступа  в  правом  подреберье 
длиной  от  3  до  5  см  при  помощи  универсального  ранорасширителя 
оригинальной 
конструкции 
(патент 
№19779) 
и 
электрода 
к 
триполярномуэлектрокоагулятору,  работающему  в  режиме  резания  и 
коагуляции  (патент  №20656),  разработанных  на  кафедре  интернатуры  по 
хирургии Государственного медицинского университета г. Семей. 
катаральный, у 22(44%) – флегмонозный, у 18(36%) - гангренозный 
холецистит.  В  первые  24  часа  от  начала  заболевания  госпитализированы 
14(24,6%) пациентов, в сроки от 24 до 48 часов – 8(16%), в сроки от 48 до 
72 часов – 18(36%), позже 72 часов – 21(42%) пациентов. Надо отметить, 
что  причинами  механической  желтухи  были  следующие  причины: 
холедохолитиаз  (2),  стеноз  терминального  отдела  холедоха  (1),  острый 
панкреатит (1), Синдром Миризи I типа (1). Распространённый перитонит 
в  2  наблюдениях  был  обусловлен  перфорацией  желчного  пузыря.  После 
предоперационной  подготовки  в  первые  24  часа  госпитализации 
оперированы  26(52%)  пациентов,  в  сроки  от  24  до  72  часов  -  14(28%)    , 
позже  72  часов  –  10(20%)  пациентов.  Результаты  и  обсуждение:  При 
помощи  разработанного  универсального  ранорасширителя  оригинальной 
конструкции и электрода к триполярномуэлектрокоагулятору оперированы 
48(96%) пациентов, всем пациентам удалось выполнить холецистэктомию 
из  мини-доступа.  Длительность  операций  (n=50)  колебалась  от  45  до  150 
минут,  в  среднем  составила  82±27,6  минут.  Через  6  часов  после 
холецистэктомии  больным  разрешали  вставать,  приём  жидкостей 
разрешали  через  12-24  часа.  Дренажи  при  не  осложнённом  течении 
послеоперационного периода удаляли через  24-48 часов. Выводы: Таким 
образом,  разработанный  универсальный  ранорасширитель  оригинальной 
конструкции  и  электрод  к  триполярномуэлектрокоагулятору  позволяет 
выполнить холецистэктомию из минимального доступа у 96% больных при 
остром калькулёзном холецистите и его осложнениях.  

 
174 
 
 
ЗЕЛЕНАЯ ЭКОНОМИКА 
Несипхан Арман Ержанович 
Научный руководитель: зам декана Гаухар Заманбековна 
Государственный медицинский университет г.Семей, Республика 
    Здраствуйте  я  член  партий  НурОтан  сегодняшная  актуальная  тема  мне 
очень  интересна.    Я  беру  в  основу  послание  президента        Республики 
Казахстан  Нурсултана  Назарбаева  к  цели  2050-го  года.  В  котором 
предоставил план вхождения в число 30-ти развитых стран мира. Переход 
от  коричневой  экономики  к  зеленой  экономике.  Стратегия  вхождения 
Казахстана в число пятидесяти наиболее конкурентоспособных стран мира 
включает в себя приоритеты, учитывающие интересы страны в процессах 
регионального  и  глобального  развития.  В  своем  выступлении  Глава 
государства  также  отметил,  что  главной  целью,  которая  должна  быть 
достигнута  Республикой  к  2050  году,  является  создание  общества 
благоденствия  на  основе  сильного  государства,  в  долгосрочной 
перспективе,  при  этом,  не  подвергая  будущие  поколения  воздействию 
значительных  экологических  рисков.  «Зеленая»  экономика  −  это  путь 
повышения  благосостояния  людей,  существенно  снижающий  обеднение 
окружающей  среды.  "Green  technology  of  Kazakhstan"  будет  создан  для 
решения  и  реализации  следующих  целей  и  задач:  ускорения 
инновационной  деятельности  и  развития  инновационного  экологического 
предпринимательства 
в 
Казахстане, 
способствующих 
решению 
экономических,  экологических  и  социальных  проблем  в  республике
участия  в  создании  регионального  инновационно-экологического  центра 
("Green technology of Kazakhstan"); 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
175 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет