Наруыз күнi думан-тойды аталарымыз наурызнама атаған. Ұйытқысы, әрине, - жастар. Содан болар, ән мен би, ойын-сауық түннiң бiр уағына дейiн созылған. Халқымызда «Ақ боран», «Қалтырауық қамыр кемпiр» ойындары бар. Онымен қатар бұл күнi наурыз жыр, наурыз жұмбақ, наурыз айтыс, түрлi әзiл-қалжың, мадақтау өлеңдерi айтылады. Сең жүредi көктемде астан-кестең, Ақ атанның бауырын арқан кескен. Ұлы күнi ұлыстың бас қосқанда Өлеңiңдi айт, құрбыжан қатар өскен,