ұғып қоймай, жүректен өткізіп, көкірекпен көріп тұрған
шақта көп нәрсеге басқаша
қарай бастадық. Нұржанның мұрасын халыққа танытуда 1997 жылы бұрынғы «Алаш»
атымен қайта шыққан ақынның толыққанды жинағының орны ерекше. Құрастырып,
алғы сөзін жазған Ақылбек Шаяхмет.
Кезінде Нұржан ақынға əлеуметтік мəселелерді жырлауға бағыт, кеңес берген
Ыбырай Алтынсарин екен. Ұлы
ұстаздың ақыл-кеңесін тыңдап, өзінің бағытын
анықтап
алған Нұржан ақын, кейіннен Ы. Алтынсаринге деген ризашылық сезімін
білдіріп, оған өлең де арнайды:
Жұртыңнан екі жая Тіне, Қармыс, Əр ерлер өз тұсында алған алғыс. Бүркіттей ұя
салған Римстанда, Талпынтып балапанын ұшты бір құс. Зәһарды
балдан тәтті
қылатұғын,
Халыққа қамқор ондай ер болмады тұс,
– деп, ақын Ыбырай атамыздың
күллі қазақ баласының оқып, білім алуына тигізген əсерін дəлелдей түседі. Ұлы
ағартушымен достық оған тіршілік мәнін терең тануға негіз болады. Ол енді өмір, қоғам,
адам деген ұғымдарға өзгеше қарай бастайды.
Ақын өлеңдері – халық тілінің қайнарынан нəр алған, соның нəріне суарылған
өлең. Оған Нұржан ақын өлеңдерінде мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің қолданылуы
дәлел. Ол жақсылық пен жамандық, арамдық пен адалдық, заман, салт-сана, оқу өнері,
надандық сияқты түсініктерді жыр-толғауларына арқау етеді. Əрине,
ақынның алған
білімінің заманасының көлемінен шыға алмай қалатын тұстары бар. Ол,
əсіресе, діни
Достарыңызбен бөлісу: